|
10-бап. Тiркеушi органның, Мемлекеттік корпорацияның және кепіл ұстаушылардың мiндеттерi
1. Қажеттi құжаттарды алған кезден бастап тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация:
1) өтiнiш берушiге табыс етiлген құжаттарды алғандығын растайтын, күнi, уақыты (сағаты, минуты) көрсетiлген қолхат беруге;
2) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне (оның iшiнде деректердiң компьютерлiк базасына) кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштегi деректердi енгiзуге;
3) өтiнiш берген адамға жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк беруге;
4) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді хабарлауға міндетті.
2. Осы Заңның 6, 9-3 және 9-4-баптарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу өтініш қабылданған кезден бастап екі жұмыс күні iшiнде жүргiзiлуге тиiс.
2-1. Жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеу жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгені туралы немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растау тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
3. Тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация ұсынылған жылжымалы мүлiк кепiлi туралы шарттың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 307-бабына сәйкестігін тек формальды белгiлер бойынша тексередi.
4. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация, үшінші тұлғаларды қоспағанда, осы Заңның 3-бабында көрсетілген, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастардың барлық қатысушыларына тиісті қолжетімділік болған кезде жазбаша нысанда немесе жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпарат беруді қамтамасыз етуге міндетті. Үшінші тұлғалар жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімінен ақпаратты кепіл беруші және (немесе) кепіл ұстаушы осындай сұрау салуды растаған жағдайда алуы мүмкін.
Бұл ретте жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпаратта жылжымалы мүлік кепілі туралы және кепіл туралы шарттың тараптары немесе кепіл шарттарын қамтитын өзге де құжаттар туралы мынадай деректер:
1) кепіл беруші мен кепіл ұстаушы туралы деректер, олардың деректемелері, оның ішінде мекенжайлары, банктік деректемелері, телефон нөмірлері, сондай-ақ электрондық мекенжайы (бар болған кезде);
2) негізінде кепiлдiк құқық қатынастары туындағын құжат туралы мәлiметтер;
3) кепiл туралы шарттың немесе кепiл талаптары қамтылған өзге де құжаттың жасалған күнi мен орны;
4) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және (немесе) жалпы сипаттамасы;
5) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу мерзiмi қамтылуға тиіс.
5. Кепіл ұстаушы кепіл берушінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындаған соң міндеттеме орындалғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден шығаруға арналған өтінішті тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Өтініш жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы жіберілуі мүмкін.
6. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация кепіл ұстаушы өтініш берген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде кепілді тіркеуден шығаруды жүргізеді және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы кепіл ұстаушыға және кепіл берушіге тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден шығарғаны туралы хабарлама не электрондық құжат түрінде тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауап жібереді
|
10-бап. Тiркеушi органның, нотариустың Мемлекеттік корпорацияның және кепіл ұстаушылардың мiндеттерi
1. Қажеттi құжаттарды алған кезден бастап тіркеуші орган, нотариус және (немесе) Мемлекеттік корпорация:
1) өтiнiш берушiге табыс етiлген құжаттарды алғандығын растайтын, күнi, уақыты (сағаты, минуты) көрсетiлген қолхат беруге;
2) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне (оның iшiнде деректердiң компьютерлiк базасына) кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштегi деректердi енгiзуге;
3) өтiнiш берген адамға жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк беруге;
4) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді хабарлауға міндетті.
2. Осы Заңның 6, 9-3 және 9-4-баптарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу өтініш қабылданған кезден бастап екі жұмыс күні iшiнде жүргiзiлуге тиiс.
2-1. Жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеу жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгені туралы немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растау тіркеуші органның, нотариустың және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
3. Тiркеушi орган, нотариус және (немесе) Мемлекеттік корпорация ұсынылған жылжымалы мүлiк кепiлi туралы шарттың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 307-бабына сәйкестігін тек формальды белгiлер бойынша тексередi.
4. Тіркеуші орган, нотариус және (немесе) Мемлекеттік корпорация, үшінші тұлғаларды қоспағанда, осы Заңның 3-бабында көрсетілген, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастардың барлық қатысушыларына тиісті қолжетімділік болған кезде жазбаша нысанда немесе жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпарат беруді қамтамасыз етуге міндетті. Үшінші тұлғалар жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімінен ақпаратты кепіл беруші және (немесе) кепіл ұстаушы осындай сұрау салуды растаған жағдайда алуы мүмкін.
Бұл ретте жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпаратта жылжымалы мүлік кепілі туралы және кепіл туралы шарттың тараптары немесе кепіл шарттарын қамтитын өзге де құжаттар туралы мынадай деректер:
1) кепіл беруші мен кепіл ұстаушы туралы деректер, олардың деректемелері, оның ішінде мекенжайлары, банктік деректемелері, телефон нөмірлері, сондай-ақ электрондық мекенжайы (бар болған кезде);
2) негізінде кепiлдiк құқық қатынастары туындағын құжат туралы мәлiметтер;
3) кепiл туралы шарттың немесе кепiл талаптары қамтылған өзге де құжаттың жасалған күнi мен орны;
4) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және (немесе) жалпы сипаттамасы;
5) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу мерзiмi қамтылуға тиіс.
5. Кепіл ұстаушы кепіл берушінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындаған соң міндеттеме орындалғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден шығаруға арналған өтінішті тіркеуші органға, нотариусқа және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Өтініш жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы жіберілуі мүмкін.
6. Тіркеуші орган, нотариус және (немесе) Мемлекеттік корпорация кепіл ұстаушы өтініш берген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде кепілді тіркеуден шығаруды жүргізеді және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы кепіл ұстаушыға және кепіл берушіге тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден шығарғаны туралы хабарлама не электрондық құжат түрінде тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауап жібереді
| |