- Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: 1940 жылдардағы және соғыстан кейінгі кезеңдегі халықтың тұрмыс жағдайы, экономикалық реформалар туралы түсінік беру.
- Дамытушылық: оқулықпен жұмыс жасай отырып, оқушыларға қоғамдағы өзгерістер туралы түсінік бере отырып, танымдық қабілетін дамыту.
- Тәрбиелік мәні: патриоттыққа және еңбексүйгіштікке баулу.
- САБАҚ ЖОСПАРЫ
- 1.Экономикалық реформалардың сәтсіздікке ұшырауы.
- 2. Еңбек ресурстарының өсуі.
- 3.Халық тұрмысы.
- 1. Соғыстан кейінгі кезеңде кеңес одағында экономикалық өзгерістер жүре бастады. Шаруашылықты басқару реформаларын жүргізуге Қазақстанда да қолға алынды. Орталыққа негізделген салалық министрліктер орнына аумақтық басқармалар – халық шаруашылығы кеңестері құрылды.
- Бірақ Қазақстанда одақтық министрліктерге бағынатын және әскери өнім өндіретін кәсіп орындар аумақтық партия ұйымының нұсқауларын тыңдағысы келмеді. Өйткені республика өнеркәсібінің басқару тұтқалары шеттен келгендер болатын. Олар одақ билеушілерінің нұсқауларын ұранға айналдырды.
- СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС
- ПАРТИЯ-"Партия" деген сөз латын тілінен шыққан. бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тұңғыш, алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған.
- РЕФОРМА-(лат. реформате — қайта құру, жаңғырту) – өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымды сақтап, кейбір институттарды қайта құру, өзгерту деген мағынаны білдіреді.
- 2. Еңбек ресурстарының өсуі.
- Соғыстан кейінгі жылдарда республикада жұмыс күші жетіспеді. Зауыттар мен фабрикада жұмыс істеп жүрген адамдардың кәсіби даярлығы төмен болды.
- Осыған байланыс ты республикада еңбек резервтері, мектептері және маман жұмысшылар дайындайтын училищелер ашыла бастады. Ресми мәліметтер бойынша, Қазақстанда 1940 жылы 634 мың жұмысшы, 912,000 мың шаруа болған.Ал 1945 жылы халық шаруашылығында істеп жүрген жжұмысшылар мен қызметшілер саны 1044 мың адам болса, 1960 жылы жұмысшылардың саны 2,2 млн асты . Шаруалардың саны 611,000 мыңнан асты. 1950 жылдардың екінші жартысында өндіріс техникасы мен технологиясын дамытуға көңіл бөлінді.
-
3. СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДА ХАЛЫҚ ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ. 1947 ЖЫЛЫ КАРТОЧКАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖОЙЫЛДЫ. 1947 ЖЫЛЫ АҚША РЕФОРМАСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ. ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ АЙЛЫҚ ТАБЫСЫ 1940 ЖЫЛҒЫ 29,8 СОМНАН; 1950 ЖЫЛЫ 62 СОМҒА; 1965 ЖЫЛЫ 97,4 СОМҒА ДЕЙІН ЖЕТТІ. 1958 ЖЫЛДАН БАСТАП ҚАЛАДАҒЫ ПӘТЕРЛЕРГЕ ГАЗ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ. 1950-1960 ЖЫЛДАР ІШІНДЕ АУРУХАНА САНЫ 2,4 ЕСЕ, ОЛАРДАҒЫ ТӨСЕК САНЫ 3,5 ЕСЕГЕ, АЛ ДӘРІГЕРЛЕР САНЫ 3,5 ЕСЕ АРТТЫ. 1965 ЖЫЛЫ РЕСПУБЛИКАДА 79 САНАТОРИЙ, 23 ДЕМАЛЫС ҮЙІ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРДЫ. БЕКІТУ СҰРАҚТАРЫ: 1.1940 ЖЫЛДАРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫС ЖАҒДАЙЫН КӨТЕРУДЕ ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛДЫ? 2.МАМАНДАРДЫҢ ЖЕТІСПЕУ СЕБЕПТЕРІ НЕДЕ ДЕП ОЙЛАЙСЫЗДАР? 3.КАРТОЧКА ЖҮЙЕСІН ҚАЛАЙ ТҮСІНЕСІЗ?
Достарыңызбен бөлісу: |