|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте
|
бет | 72/213 | Дата | 24.02.2018 | өлшемі | 14,34 Mb. | | #10655 |
|
«Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Заңның 5 бабының 1 тармағына сәйкес, Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінан жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.
Мемлекеттік монополия өз құрамын бойынша төмендегілерді қамтамасыз ету қажет болатын салаларда енгізіледі:
Қызметтің бұл түрі жеке секторға, атап айтқанда, нотариатқа тапсырыла алады. Халықаралық тәжірибені, атап айтқанда, Ресей Федерациясының тәжірибесін зерттеу келесі нәтижені көрсетті. ҚР «Нотариат туралы» заңнамасының Негіздеріне сәйкес, жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік кепілдігі туралы хабарламаларды тіркеу нотариат функцияларына жатады. Бұл мақсаттар үшін, нотариаттың бірыңғай ақпараттық жүйесінде жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік кепілдігі туралы хабарламалардың тиісті тізілімі жұмыс жасайды. Осыған байланысты жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу бойынша қарым-қатынастарға қатысушыларды нотариустармен толықтыру ұсынылады.
|
16-бап. Өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу және тiркелген кепiлдiң тоқтатылу тәртiбi
1. Өтiнiш берушi тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтiнiш беру арқылы өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру) және тiркелген кепiлдiң қолданысын тоқтатуды тiркейдi.
Өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу тәртiбi заңдармен белгiленедi.
|
16-бап. Өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу және тiркелген кепiлдiң тоқтатылу тәртiбi
1. Өтiнiш берушi тiркеушi органға, нотариусқа және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтiнiш беру арқылы өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру) және тiркелген кепiлдiң қолданысын тоқтатуды тiркейдi.
Өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу тәртiбi заңдармен белгiленедi.
| 1 бәсеке бойынша тексеріс
«Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Заңның 5 бабының 1 тармағына сәйкес, Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінан жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.
Мемлекеттік монополия өз құрамын бойынша төмендегілерді қамтамасыз ету қажет болатын салаларда енгізіледі:
Конституциялық құрылыс;
Ұлттық қауіпсіздік;
Қоғамдық тәртіпті сақтау;
Адам құқықтары мен бостандықтары;
Халық денсаулығы.
Қызметтің бұл түрі жеке секторға, атап айтқанда, нотариатқа тапсырыла алады. Халықаралық тәжірибені, атап айтқанда, Ресей Федерациясының тәжірибесін зерттеу келесі нәтижені көрсетті. ҚР «Нотариат туралы» заңнамасының Негіздеріне сәйкес, жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік кепілдігі туралы хабарламаларды тіркеу нотариат функцияларына жатады. Бұл мақсаттар үшін, нотариаттың бірыңғай ақпараттық жүйесінде жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік кепілдігі туралы хабарламалардың тиісті тізілімі жұмыс жасайды. Осыған байланысты жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу бойынша қарым-қатынастарға қатысушыларды нотариустармен толықтыру ұсынылады. |
|
17-бап. Тiркелген кепiлге өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу туралы және оны тоқтату туралы өтiнiш
…
3. Өтінішпен бірге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шарт (оның ішінде тапсыру актісі немесе одан үзінді көшірме (төлнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі) қоса беріле отырып, меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы туралы не құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) ұсынылуға тиіс, бұл тіркеуші орган немесе Мемлекеттік корпорация өтініште қамтылған мәліметтерді тексергеннен кейін, тіркелгені туралы белгі қойылып өтініш берушіге қайтарылады.
Үшінші тұлғалар немесе мемлекеттік органдар тарапынан тіркелген ауыртпалықтардың, тыйым салулардың, мүлікке иелік етуге өзге де шектеулердің болуы, жаңа кепіл ұстаушы бұл жөнінде хабардар етілген жағдайда, мәміле бойынша талаптарды басқаға беруді мемлекеттік тіркеу үшін кедергі болып табылмайды.
|
17-бап. Тiркелген кепiлге өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу туралы және оны тоқтату туралы өтiнiш
…
3. Өтінішпен бірге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шарт (оның ішінде тапсыру актісі немесе одан үзінді көшірме (төлнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі) қоса беріле отырып, меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы туралы не құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) ұсынылуға тиіс, бұл тіркеуші орган, нотариус немесе Мемлекеттік корпорация өтініште қамтылған мәліметтерді тексергеннен кейін, тіркелгені туралы белгі қойылып өтініш берушіге қайтарылады.
Үшінші тұлғалар немесе мемлекеттік органдар тарапынан тіркелген ауыртпалықтардың, тыйым салулардың, мүлікке иелік етуге өзге де шектеулердің болуы, жаңа кепіл ұстаушы бұл жөнінде хабардар етілген жағдайда, мәміле бойынша талаптарды басқаға беруді мемлекеттік тіркеу үшін кедергі болып табылмайды.
| |
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|