|
31-бап. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi
1. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгiнiң:
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының мәселелерi бойынша өтiнiш жасаған адамдарға консультация беруге;
2) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi туралы ақпарат беруге және еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсетуге;
3) бос жұмыс орындары бар жұмыс берушiлер мен жұмысқа орналасқысы келетiн адамдар туралы мәлiметтер қалыптастыруға;
4) жұмыскерлердiң жұмыс берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн ескере отырып, оларды iрiктеудi жүзеге асыруға;
5) халықаралық шарттар бар болған кезде, бiр елден екiншi елге жұмысқа орналастыру үшiн жұмыскерлер жинауды жүзеге асыруға;
6) өтiнiш жасаған адамдар кейiн жұмысқа орналастырылатын кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыруға;
7) адамдарды шет елде жұмысқа орналастырылатын жағдайда, оларды әкетуге рұқсат құжаттарын ресiмдеуге;
8) халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жіберген адамдарды әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу бойынша конкурстарға қатысуға;
8-1) жоқ;
9) халықты жұмыспен қамту орталықтарынан еңбек нарығының жай-күйі туралы тегін ақпарат алуға;
10) жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру, кәсіптік оқыту мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен, халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, жұмыс берушiлермен өзара iс-қимыл жасауға құқығы бар.
|
31-бап. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi
1. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгiнiң:
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының мәселелерi бойынша өтiнiш жасаған адамдарға консультация беруге;
2) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi туралы ақпарат беруге және еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсетуге;
3) бос жұмыс орындары бар жұмыс берушiлер мен жұмысқа орналасқысы келетiн адамдар туралы мәлiметтер қалыптастыруға;
4) жұмыскерлердiң жұмыс берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн ескере отырып, оларды iрiктеудi жүзеге асыруға;
5) халықаралық шарттар бар болған кезде, бiр елден екiншi елге жұмысқа орналастыру үшiн жұмыскерлер жинауды жүзеге асыруға;
6) өтiнiш жасаған адамдар кейiн жұмысқа орналастырылатын кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыруға;
7) адамдарды шет елде жұмысқа орналастырылатын жағдайда, оларды әкетуге рұқсат құжаттарын ресiмдеуге;
8) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жіберген адамдарды әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу;
8-1) осы Заңда көзделген, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сонымен қатар бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыруды жүзеге асыру;
9) халықты жұмыспен қамту орталықтарынан еңбек нарығының жай-күйі туралы тегін ақпарат алуға;
10) жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру, кәсіптік оқыту мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен, халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, жұмыс берушiлермен өзара iс-қимыл жасауға құқығы бар.
| 1 бәсекелестік бойынша тексеріс Тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтары жұмыспен қамтуының белсенді шараларын іске асыратын субъектілері боылп табылады. Осымен бірге жұмыспен қамтуын жеке агенттіктеріне жұмыспен қамтуының белсенді шараларын іске асыруы бойынша функцияларын тапсыруды ұсынамыз. |