|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте
|
бет | 1/213 | Дата | 24.02.2018 | өлшемі | 14,34 Mb. | | #10655 |
|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте
№
|
Қолданыстағы редакция
|
Ұсынылатын редакция
|
Негіздеме
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-XIII Азаматтық кодексі
|
|
33-бап. Заңды тұлға ұғымы
...
2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл талап жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.
3. Жоқ
|
33-бап. Заңды тұлға ұғымы
...
2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады. Бұл талап жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды
3. Мемлекеттік органдарға, мемлекеттік және қаржылық ұйымдарға жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың құжаттарында мөрдің қойылуын талап етуге тыйым салынады.
...
|
Халықаралық Банктің «Doing Business»
«Кәсіпорындар ашу» индикаторы
Қазақстан Республикасының Бүкіләлемдік банктің DoingBusiness рейтингісінің «Кәсіпорындар ашу» индикаторы бойынша позицияларды жақсарту мақсатында
|
|
49-бап. Заңды тұлғаны тарату негіздері
….
2. Соттың шешiмi бойынша заңды тұлға төменде көзделген жағдайларда таратылуы мүмкін:
….
4-1) жоқ
|
49-бап. Заңды тұлғаны тарату негіздері
….
2. Соттың шешiмi бойынша заңды тұлға төменде көзделген жағдайларда таратылуы мүмкін:
…
4-1) құрылған мақсаттарға қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның ішінде заңды тұлғаның қызметін жүзеге асыру мүмкін емес немесе айтарлықтай қиын болған жағдайда, заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының) талабы бойынша
|
Бәсекелестік бойынша тексеру.
Мәселені жасалған корпоративтік келісім аясында щещу мүмкін болмаған жағдайда, тараптар бірыңғай шешімге келе алмағанда және дауды шешудің басқа жолы болмағанда, заңды тұлғаны тарату үшін қатысушының сотқа жүгінуге құқығын орнату ұсынылады.
|
|
61-бап. Шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың:
…
5) жоқ
|
61-бап. Шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың:
…
5) қатысушы өз әрекетімен (әрекетсіздігімен) серіктестікке маңызды залал келтірген не болмаса басқа да жағдайда оның қызметін және ол құрылған мақсаттарға қол жеткізуін, оның ішінде заңда немесе серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген өз міндеттерін бұза отырып, айтарлықтай күрделендірген жағдайда, оның қатысу үлесінің нақты сомасын оған төлеумен сот тәртібінде серіктестіктен басқа қатысушыны шығаруды талап ету.
Осы құқықтан бас тарту немесе оны шектеу маңызсыз.
|
Бәсекелестік бойынша тексеру.
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың серіктестіктер қатысушылары арасындағы корпоративтік дауларды қарастыру кезінде осы соттардың шешімдерімен серіктестіктердің жарғыларына өзгерістер енгізу арқылы олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзылғаны туралы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысушыларынан ҮЕК-ға жолданымдар түседі.
Осы жолданымдарды зерттеу барысында заңды тұлғаға зиян келтіруі мүмкін серіктестік арасындағы дауларды шешу мүмкін болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 82 бабының және Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның 34 бабының нормаларына сәйкес серіктестік қатысушыларының бірі басқа қатысушының үлесін сатып алу туралы мәселе көтеру керек. Бұл ретте ҚР заңнамасы аталған нормалармен шектеледі. Заңнама қатысушылар арасындағы «шешілмейтін жағдай» - deadlock деп аталатын корпоративтік дауларды шешу тәртібі мен механизмдерін қарастырмайды. Салдарынан - сот қараулары, серіктестіктер қатысушыларының шағымдары, меншік иелерінің заңды құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігінің жоқтығы.
Осы орайда заңнамалық деңгейде шаруашылық серіктестіктер мен акционерлердің қатысушыларының әрекеттері (әрекетсіздіктері) серіктестікке елеулі зиян келтірген немесе қызметі мен серіктестік құрылған мақсаттарға жетуін елеулі қиындататқан, оның ішінде заңмен немесе серіктестіктің құрылтайшылық құжаттарымен қарастырылған өз міндеттерін дөрекі бұзған қатысушыларды (акционерлерді) шығару туралы талаптармен сот органдарына жүгіну құқықтарын бекіту ұсынылады.
|
|
41-1 бап. Жоқ
|
41-1-бап. Корпоративтік шарт
1. Шаруашылық серіктестігінің қатысушылары немесе қоғамның акционерлері өздерінің корпоративтік құқықтарын жүзеге асыру туралы өзара корпоративтік шарт жасауға (жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестік қатысушыларының құқықтарын жүзеге асыру туралы шарт жасауға) құқылы, соған сәйкес олар осы құқықтарды белгілі бір мәнде жүзеге асыруға немесе оларды жүзеге асырудан тартынуға (бас тартуға) міндеттенеді, оның ішінде серіктестіктің қатысушыларының жалпы жиналысында белгілі бір мәнде дауыс беру; қоғам акционерлері, серіктестікті немесе қоғамды басқару бойынша өзге де әрекеттерді келісіп жүзеге асыру, белгілі бағада немесе белгілі бір жағдайлар туындаған жағдайда оның жарғылық капиталындағы үлеске (акцияларға) үлес алу немесе адалау не болмаса қандай да бір жағдай туындағанға дейін үлестерін (акцияларды) адалаудан тартыну.
2. Корпоративтік шарт оның қатысушыларын серіктестік немесе қоғам органдарының тапсырмаларына сәйкес дауыс беруге, серіктестіктің немесе қоғамның органдарының құрылымын және олардың құзіретін анықтауға міндеттей алмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі қағидаларға қайшы корпоративтік шарт талаптары маңызсыз.
Корпоративтік шарт серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысында оның тараптарының дауыс беру міндетін белгілейді; серіктестік жарғысына енгізу үшін қоғам акционерлерін; қоғам және оның құзіреті, осы Кодекске және жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестік туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңдарға сәйкес шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар және қоғам жарғысымен олардың құзіреті құрылымын өзгертуге жол беріледі.
3. Корпоративтік шарт тараптар қол қойған, бір құжатты толтыру жолымен жазбаша нысанда жасалады.
4. Корпоративтік шарт жасаған шаруашылық серіктестігінің немесе қоғам акционерлерінің қатысушылары серіктестікке және қоғамға корпоративтік шарт жасау фактісі туралы хабарлауға міндетті, сонымен бірге оның мазмұнын жариялау талап етілмейді. Осы міндет орындалмаған жағдайда корпоративтік шарттың тараптары болып табылмайтын, серіктестік немесе қоғам акционерлері қатысушылары оларға келген шығынның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Егер басқа жағдай заңмен белгіленбесе, қоғам қатысушылары жасаған корпортавтік шарттың мазмұны туралы ақпарат жариялауға жатқызылмайды және құпия болып табылады.
5. Корпоративтік шарт тараптар ретінде оларға қатыспайтын тұлғалар үшін міндеттер құрмайды.
6. Корпоративтік шартты бұзу шаруашылық серіктестік немесе қоғам органы корпоративтік шарт тараптарымен сәйкес шешім қабылдау кезінде шаруашылық серіктестігінің немесе қоғамның барлық қатысушылары болып табылған жағдайда, шаруашылық серіктестік немесе қоғам органының шешімін жарамсыз деп тану үшін негіз болып табылмайды.
Шаруашылық серіктестік немесе қоғам органының шешімін осы тармаққа сәйкес жарамсыз деп тану, осындай шешімнің негізінде жасалған үшінші тұлғамен шаруашылық серіктестігінің немесе қоғамның мәмілелерінің жарамсыздығына әкелмейді.
Осы шартты бұзуда корпоративтік шарт тараптары жасаған мәміле корпоративтік шартта көзделген шектеулер туралы екінші тарап білген немесе білуі тиіс жағдайда корпоративтік шарт қатысушысының талабы бойынша сотпен жарамсыз деп таныла алады.
7. Корпоративтік шарт тараптары шаруашылық немесе қоғам жарғысының қағидаларына оның қайшы келуімен байланысты оны жарамсыз деп танылуына сілтеме жасауға құқылы.
8. Корпоративтік шарттың тараптарының бірінің шаруашылық қоғамының жарғылық капиталындағы үлесіне (акцияларына) құқығын тоқтату, осы шартта басқа да жағдай көзделмесе, қалған тараптарға қатысты корпоративтік шарт әрекеті тоқтатылмайды.
|
Бәсекелестік бойынша тексеру.
Заңды тұлғаның қатысушылары (акционерлері) арасында туындауы мүмкін корпоративтік дауды сотқа дейін реттеу мақсаттарында. Корпоративтік келісімшарт аясында заңды тұлғаны басқару барысында қатысушылар (акционерлер) арасында туындайтын өзара қарым-қатынастарды реттеу ұсынылады.
Корпоративтік келісімшарт мзмұны бойынша қарапайым серіктестіктің келісімшартына жатады.
|
|
82 бап. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң қатысушысынан үлестi мәжбүрлеп сатып алу
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестіктiң қатысушысы заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында белгiленген серiктестiк алдындағы өз мiндеттерiн бұзған жағдайда серiктестiк жалпы жиналыстың шешiмiне сәйкес сот бойынша осындай қатысушының үлесiн серiктестiктiң қатысушымен келiсiмiнде белгiленген бағамен мәжбүрлеп сатып алуды талап етуге құқылы. Келiсiмге қол жетпеген жағдайда мәжбүрлеп сатып алынатын үлестiң бағасын сот белгiлейдi
|
Бап 82. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң қатысушысынан үлестi мәжбүрлеп сатып алу
1. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестіктiң қатысушысы серіктестікке немесе оның қатысушысына салдарды жою қиын немесе мүмкін емес, серіктестікке және (немесе) оның қатысушысына айтарлықтай залал келтіретін, (заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында белгiленген серiктестiк алдындағы өз мiндеттерiн бұзған жағдайда, серiктестiк жалпы жиналыстың шешiмiне сәйкес сот бойынша осындай қатысушының үлесiн серiктестiктiң қатысушымен келiсiмiнде белгiленген бағамен мәжбүрлеп сатып алуды талап етуге құқылы. Келiсiмге қол жетпеген жағдайда мәжбүрлеп сатып алынатын үлестiң бағасын сот белгiлейдi.
2. Серіктестіктің жарғылық капиталының жиынтығында оннан кем емес пайызын құрайтын серіктестік қатысушылары өз міндеттерін қатаң бұзған не болмаса өз әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) серіктестіктің қызметін мүмкін емес немесе айтарлықтай күрделендірген қатысушыны сот тәртібінде серіктестіктен шығаруды талап етуге құқылы.
|
Бәсекелестік бойынша тексеру.
Баптың қолданыстағы редакциясы серіктестіктен қатысушыны шығару туралы талаппен сотқа жүгінуге қатысушылардың құқықтарын қарастырмайды.
|
|
291-бап. Борышты депозитке төлеу арқылы мiндеттеменi орындау
...
Жоқ.
|
291-бап. Борышты депозитке төлеу арқылы мiндеттеменi орындау
…
3. Осы баптың 1 тармағында берілген салдардың негізінде орындала алмайтын, құнды қағаздар нарығында жеке міндеттің орындалу ерекшеліктері заңнамалық актілерде белгіленеді.
|
Халықаралық Банктің «Doing Business»
Бұл түзетулер инвесторлардың (акционерлердің) құқықтары мен мүдделерін қорғау жүйесін күшейтуге, акционерлік қоғамның қоғамның акциялары бойынша дивидиенттерді төлеу тәртібін оңтайландыруға, мажоритарлық акционерлер тарапынан теріс пайдаланудан миноритарлық акционерлерді құқықтық қорғау механизмдерін енгізуге бағытталған. Сонымен қатар, бұл түзетулер бағалы қағаздарды ұстағыштардың тізілімдер жүйесінде көкейкесті мәліметтері жоқ акционерлерге қоғамның акциялары бойынша дивиденттер есептеу және төлеу мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
|
|
307 бап. Кепiл туралы шарттың мазмұны мен нысаны
1. Кепiл туралы шартта кепiл нысанасы, кепiлмен қамтамасыз етiлетiн мiндеттеменiң мәнi, мөлшерi немесе ең жоғары сомасы және орындалу мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Егер кепіл нысанасы жылжымайтын мүлік болған жағдайда кепіл туралы шартта оның бағасы көрсетілуге тиіс. Кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасы болып табылатын жылжымалы мүліктің және (немесе) жылжымалы мүліктің жекелеген санаттарының (машина жабдығын және материалдық айналым құралдарының қорларын қоса алғанда) кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы болуы мүмкін.
Кепіл туралы шартта кепiлге қойылған мүлiк тараптардың қайсысында екендігі және оны пайдалануға болатындығы көрсетiлуге тиiс.
Жоқ
|
Бап 307. Кепiл туралы шарттың мазмұны мен нысаны
1. Кепiл туралы шартта кепiл нысанасы, кепiлмен қамтамасыз етiлетiн мiндеттеменiң мәнi, мөлшерi немесе ең жоғары сомасы және орындалу мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Егер кепіл нысанасы жылжымайтын мүлік болған жағдайда кепіл туралы шартта оның бағасы көрсетілуге тиіс. Кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасы болып табылатын жылжымалы мүліктің және (немесе) жылжымалы мүліктің жекелеген санаттарының (машина жабдығын және материалдық айналым құралдарының қорларын қоса алғанда) кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы болуы мүмкін.
Кепіл туралы шартта кепiлге қойылған мүлiк тараптардың қайсысында екендігі және оны пайдалануға болатындығы көрсетiлуге тиiс.
Кепіл мәнінің бағасы теңгеде беріледі және басқа жағдай Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбеген жағдайда, тараптар келісімімен анықталады. Шетел валютасында міндеттемені қамтамасыз ететін кепіл мәнінің бағасы теңгеде және кепіл туралы шарт жасалған күнге валюта айырбастау нарық бағамы бойынша міндеттер валютада беріледі.
|
Халықаралық Банктің «Doing Business»
«Несиелер алу» индикаторы
Редакциялық түзету
ҚР АК 307 бабы 1 тармағының үшінші бөлігі 5-ші түзетулер пакеті аясында осы бапқа өзгерістер енгізу кезінде қате жойылды.
|
|
309 бап. Кепiл ұстаушының құқығы қолданылатын мүлiк
1. Кепiл мәнi болып табылатын затқа кепiл ұстаушының құқығы (кепiл құқығы), егер шартта немесе заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, оның керек-жарақтары мен бөлiнбейтiн жемiстерiне де қолданылады.
Шартта немесе заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда кепiл құқығы кепiлге қойылған мүлiктi пайдалану нәтижесiнде алынған бөлiнетiн жемiстерге, өнiмге және кірістерге, сондай-ақ кейіннен иемденген активтер мен ауыстырылған активтерге қолданылуы мүмкін.
…
|
Бап 309. Кепiл ұстаушының құқығы қолданылатын мүлiк
1. Кепiл мәнi болып табылатын затқа кепiл ұстаушының құқығы (кепiл құқығы), егер шартта немесе заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, оның керек-жарақтары мен бөлiнбейтiн жемiстерiне де қолданылады.
Шартта немесе заңнамалық актілерде басқа да жағдай көзделмесе, кепіл ұстаушының құқығы (кепіл құқығы) кепіл мүлкін пайдалану нәтижесінде алынған жеке жеміс, өнімдер және табыстар, сонымен қатар бұдан әрі активтерге және ауыстырылған активтерге таралады.
…
|
Халықаралық Банктің «Doing Business»
«Кәсіпорындар ашу» индикаторы
Қазақстан Республикасының Бүкіләлемдік банктің DoingBusiness рейтингісінің «Кәсіпорындар ашу» индикаторы бойынша позицияларды жақсарту мақсатында
|
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексі
|
|
9-бап. Жер үшiн төленетiн төлемдер
…
8. Жер учаскесі ұлттық компания мәртебесі бар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны бойынша есептелетін баға бойынша жарғылық капиталының (меншігінің) төлеміне берілуі мүмкін.
Бұл ретте жер учаскесін ұлттық компания мәртебесіне ие әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың меншігіне ресімдеу жарияланған акциялар шығарылымы мемлекеттік тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.
…
|
9-бап. Жер үшiн төленетiн төлемдер
…
8. Жер учаскесі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны бойынша есептелетін баға бойынша жарғылық капиталының (меншігінің) төлеміне берілуі мүмкін.
Бұл ретте жер учаскесін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың меншігіне ресімдеу жарияланған акциялар шығарылымы мемлекеттік тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.
…
|
ӘКК
Мәртебені жоюға байланысты «ұлттық компания мәрбтебесі» тіркесін жою.
Жер учаскелерін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталын төлеуге жіберу мүмкіндігін ұсыну.
|
|
14-бап. Орталық уәкілетті органның құзыреті
1. Орталық уәкілетті органның құзыретіне:
…
2-1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
…
2-3) жоқ;
…
|
14-бап. Орталық уәкілетті органның құзыреті
1. Орталық уәкілетті органның құзыретіне:
…
2-1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
…
2-3) орталық уәкілетті орган бекіткен тәртіпте топырақты агрохимиялық зерттеу бойынша ұйымдар таңдау;
…
|
Бәсекелестік бойынша тексеру 1
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министр м.а.-ның 2015 жылғы 27 наурыздағы «Ауылшаруашылыққа арналған жерлерді оңтайлы пайдалану ережелерін бекіту туралы» № 268 бұйрығының 11 тармағына сәйкес ауылшаруашылыққа арналған жерлердің құнарлығының және ауылшаруашылық тауар өндірушілердің талаптарды орындаудың мониторингісі агрохимиялық қызметпен және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясымен жүргізіледі. Осылайша, топырақты агрохимиялық тексеруге монополия орнатылды, оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің «Агрохимиялық қызметтің Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» РММ жүргізеді. Монополияны алып тастап, орталық уәкілетті органның құзыретін топырақты агрохимиялық зерттеу жүргізетін ұйымды таңдау уәкілеттігімен толықтыру ұсынылады.
|
|
27-бап. Мемлекеттiк меншiк құқығын iске асыру
…
ұлттық компания мәртебесі бар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталының (меншігінің) төлеміне берілуі;
…
|
27-бап. Мемлекеттiк меншiк құқығын iске асыру
…
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталының (меншігінің) төлеміне берілуі;
…
|
ӘКК
Мәртебені жоюға байланысты «ұлттық компания мәрбтебесі» тіркесін жою.
Жер учаскелерін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталын төлеуге жіберу мүмкіндігін ұсыну.
|
|
43-бап. Жер учаскесiне құқық беру тәртiбi
…
6-1. жоқ
|
43-бап. Жер учаскесiне құқық беру тәртiбi
6-1. Жергілікті атқарушы органның аукцион өткізу қажеттілігіне байланысты сұратылатын жер учаскесінің аукционы жер учаскесіне құқық ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылданған сәттен бастап тоқсан күнтізбелік күннен кешіктірмей өткізілуі тиіс.
|
Жаппай шығындар
Көп жағдайда жерлерді тек сауда (аукциондар) арқылы беру мүмкін болу себебінен кәсіпкерлерге жер беруден бас тартады. Бұл ретте аукционның өзі өткізілмейді, себебі оларды өткізу әкімдіктің міндеті емес, құқығы.
Аукционды өткізу тікелей әкімдікке байланысты. Аталған міндетті заңмен бекіту осы саладағы сыбайлас жемқорлықты барынша азайтады.
Ағымдағы заңнама нормалары кәсіпкерлерге өздерінің кәсіпкерлік бастамасын жүзеге асыру мүмкіндігін бермейді, бұл соңында Қазақстан экономикасының даму процесінің және экономикалық дағдарыстан тезірек шығуының тежелуіне әкеледі.
Статистика көрсеткендей, бизнеса өкілдері жер учаскелерін сауданың аукцион түрі арқылы алуға қызығушылық білдіріп отыр.
Ақтөбе облысы мысал бола алады, мұнда 2016 жылғы бірінші тоқсан ішінде 1 аукцион өткізілді, оның аясында 20 жер учаскелері сатылды. Жергілікті атқарушы органдары жер учаскелерін сату арқылы 9 млн. 415 мың теңге мөлшерінде табыс алуды көздеген, бірақ сатылған жер учаскелерінің нақты құны 75 млн. теңгеден асып кетті.
Ақтау бойынша да ұқсас, жер бойынша аукционнан 70 млн теңге түсіру жоспарланғанда, нәтижесінде 180 млн. теңге алынды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|