|
18-бап. Лицензиялық шарт
…
4. Лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар жазбаша нысанда жасалады және уәкiлеттi органда тiркелуге жатады. Жазбаша нысанның немесе тiркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
...
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе уәкілетті органға шарт материалдарын өз атынан беретін шетелдiк заңды тұлғалар, шартты тiркеуге байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының тiркелген патенттiк сенiм бiлдiрілген өкілдері арқылы жүзеге асырады.
Уақытша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген оның азаматтары Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде хат-хабар алмасуға арналған мекенжайларын көрсеткен жағдайда, шартты тiркеуге байланысты құқықтарды патенттiк сенiм бiлдiрілген өкілдерсіз жүзеге асырады.
…
|
18-бап. Лицензиялық шарт
…
4. Лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар жазбаша нысанда жасалады және уәкiлеттi органда тiркелуге жатады. Жазбаша нысанның немесе тiркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
...
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе уәкілетті органға шарт материалдарын өз атынан беретін шетелдiк заңды тұлғалар, шартты тiркеуге байланысты құқықтарды патенттiк сенiм бiлдiрiлген, Қазақстан республикасының резиденті болып табылатын өкілдері арқылы жүзеге асырады.
Уақытша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген оның азаматтары Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде хат-хабар алмасуға арналған мекенжайларын көрсеткен жағдайда, шартты тiркеуге байланысты құқықтарды өкілдерсіз жүзеге асырады.
…
| 1 бәсеке бойынша тексеріс Заңда патенттік сенімді тұлғалар туралы ережелер бекітілген, оларға ҚР заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті орган мен сараптамалық ұйым алдындағы өкілдігіне құқық берілген. Алайда Заңда Қазақстан Республикасынан тыс өмір сүретін жеке тұлғалар, жәнее шетелдік заңды тұлғалар патенттерді алу және оларды күшінде сақтау бойынша істерді жүргізуді, аппеляциялық кеңеске наразылықтарды танытуды және оларды қарастыруға қатысуды тек ҚР патенттік сенімді тұлғалар арқылы жүзеге асыратыны айтылған. Сонымен қатар, біздің пікірімізше, жоғарыда аталған ережелер қарастырылып отырған салада бәсекелестіктің шектелуінің пайда болуының әлеуетті факторлары болып табылады, себебі олар патенттік сенімді тұлғаларға ерекше құқықтық мәртебе және Қазақстанда жеке және заңды тұлғалардың мүдделерінің өкілдік ету бойынша артықшылықтарды береді, Қазақстан Республикасынан тыс өмір сүретін жеке тұлғалардың және шетелдік заңды тұлғалардың өкілдігі бойынша қызметтерді алуда баламасыздықты белгілейді. |