|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте
|
бет | 2/213 | Дата | 24.02.2018 | өлшемі | 14,34 Mb. | | #10655 |
|
|
43-бап. Жер учаскесiне құқық беру тәртiбi
…
14. Жергілікті атқарушы органдар жер учаскесін алған адамдардың тізімдері бар ақпаратты тұрғындар үшін қолжетімді орындарда арнайы ақпараттық стендтерде тоқсанына кемінде бір рет орналастырып отыруға міндетті.
|
43-бап. Жер учаскесiне құқық беру тәртiбi
…
14. Жергілікті атқарушы органдар жер учаскесін алған адамдардың тізімдері бар ақпаратты тұрғындар үшін қолжетімді орындарда арнайы ақпараттық стендтерде жер учаскесін ұсыну негіздемесін, мақсатты тағайындалуын, аумағын, орналасқан орнын, құқық түрін, жалға алу мерзімін көрсете отырып, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың интернет ресурстарында және сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында.
Осы тармақтың қағидалары осы бапта, 44, 44-1 және 45 баптарында көзделген тәртіпте ұсынылған жер учаскелеріне, сонымен қатар осы Кодекстің 48 бабына сәйкес саудаға (конкурстар, аукциондар) шығарылатын жерге таралады.
|
Жаппай шығындар
Бизнес үшін ең ауыр қиындықтардың бірі жер учаскелерін беру процесінің ашық еместігі болып табылады.
Жер учаскелерін беру процесінің транспаренттігін көтеруге мүмкіндік беретін қосымша шара коммерциялық мақсаттарда берілген жер тізімдерін жариялау бойынша заңнама жүзінде реттелген талап болып табылады.
Құқық қолдану тәжірибесін талдау жергілікті атқарушы органдардың жер учаскелерін беру туралы ақпаратты жариялау талаптары тиісінше орындалмайтынын көрсетті.
Осылайша, Жер кодексінің 43 бабы 14 тармағы жергілікті атқарушы органдарға кемінде тоқсанына бір рет халыққа қолжетімді жерлердегі ақпараттық стендтерде жер учаскесін алушы тұлғалардың тізімдері бар ақпаратты орналастыруды міндеттейді.
Бірақ бұл норманы жергілікті атқарушы органдар жалпы тәртіппен, яғни Жер кодексінің 43 бабы бойынша берілетін жер учаскелеріне қатысты ғана орындайды.
Ал жер учаскелерінің негізгі үлесі Жер кодексінің 44, 44-1 және 45, сондай-ақ 48 баптарының ережелерінде қарастырылған тәртіппен беріледі.
Осылайша, берілген жер учаскелері туралы ақпарат шын мәнінде жарияланбайды, бұл бизнес үшін бөгет жасап, сыбайлас жемқорлықтың дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға коммерциялық мақсатта берілген жер учаскелерінің тізімін жариялау бойынша функцияны заң жүзінде міндеттеу ұсынылады.
|
|
44-бап. Жер учаскелерiн объектiлер құрылысы үшiн беру
…
6-1. жоқ
|
44-бап. Жер учаскелерiн объектiлер құрылысы үшiн беру
…
6-1. Жергілікті атқарушы органның аукцион өткізу қажеттілігіне байланысты құқық ұсынудан бас тартылған жағдайда сұратылған жер учаскесі бойынша аукцион жер учаскесіне құқық ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылданған сәттен бастап тоқсан күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.
|
Жаппай шығындар
Көп жағдайда жерлерді тек сауда (аукциондар) арқылы беру мүмкін болу себебінен кәсіпкерлерге жер беруден бас тартады. Бұл ретте аукционның өзі өткізілмейді, себебі оларды өткізу әкімдіктің міндеті емес, құқығы.
Аукционды өткізу тікелей әкімдікке байланысты. Аталған міндетті заңмен бекіту осы саладағы сыбайлас жемқорлықты барынша азайтады.
Ағымдағы заңнама нормалары кәсіпкерлерге өздерінің кәсіпкерлік бастамасын жүзеге асыру мүмкіндігін бермейді, бұл соңында Қазақстан экономикасының даму процесінің және экономикалық дағдарыстан тезірек шығуының тежелуіне әкеледі.
Статистика көрсеткендей, бизнеса өкілдері жер учаскелерін сауданың аукцион түрі арқылы алуға қызығушылық білдіріп отыр.
Ақтөбе облысы мысал бола алады, мұнда 2016 жылғы бірінші тоқсан ішінде 1 аукцион өткізілді, оның аясында 20 жер учаскелері сатылды. Жергілікті атқарушы органдары жер учаскелерін сату арқылы 9 млн. 415 мың теңге мөлшерінде табыс алуды көздеген, бірақ сатылған жер учаскелерінің нақты құны 75 млн. теңгеден асып кетті.
Ақтау бойынша да ұқсас, жер бойынша аукционнан 70 млн теңге түсіру жоспарланғанда, нәтижесінде 180 млн. теңге алынды.
|
|
44-1-бап. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру
…
4-1. жоқ
|
44-1-бап. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру
…
4-1. Жергілікті атқарушы органның аукцион өткізу қажеттілігіне байланысты жер учаскесіне құқық ұсынудан бас тартылған жағдайда сұратылған жер учаскесі бойынша аукцион жер учаскесіне құқық ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылданған сәттен бастап тоқсан күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.
|
Жаппай шығындар
Көп жағдайда жерлерді тек сауда (аукциондар) арқылы беру мүмкін болу себебінен кәсіпкерлерге жер беруден бас тартады. Бұл ретте аукционның өзі өткізілмейді, себебі оларды өткізу әкімдіктің міндеті емес, құқығы.
Аукционды өткізу тікелей әкімдікке байланысты. Аталған міндетті заңмен бекіту осы саладағы сыбайлас жемқорлықты барынша азайтады.
Ағымдағы заңнама нормалары кәсіпкерлерге өздерінің кәсіпкерлік бастамасын жүзеге асыру мүмкіндігін бермейді, бұл соңында Қазақстан экономикасының даму процесінің және экономикалық дағдарыстан тезірек шығуының тежелуіне әкеледі.
Статистика көрсеткендей, бизнеса өкілдері жер учаскелерін сауданың аукцион түрі арқылы алуға қызығушылық білдіріп отыр.
Ақтөбе облысы мысал бола алады, мұнда 2016 жылғы бірінші тоқсан ішінде 1 аукцион өткізілді, оның аясында 20 жер учаскелері сатылды. Жергілікті атқарушы органдары жер учаскелерін сату арқылы 9 млн. 415 мың теңге мөлшерінде табыс алуды көздеген, бірақ сатылған жер учаскелерінің нақты құны 75 млн. теңгеден асып кетті.
Ақтау бойынша да ұқсас, жер бойынша аукционнан 70 млн теңге түсіру жоспарланғанда, нәтижесінде 180 млн. теңге алынды.
|
|
45-бап. Құрылысқа байланысты емес жер учаскелерiн беру
…
3. жоқ
|
45-бап. Құрылысқа байланысты емес жер учаскелерiн беру
…
3. Жергілікті атқарушы органның аукцион өткізу қажеттілігіне байланысты жер учаскесіне құқық ұсынудан бас тартылған жағдайда сұратылған жер учаскесі бойынша аукцион жер учаскесіне құқық ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылданған сәттен бастап тоқсан күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.
|
Жаппай шығындар
Көп жағдайда жерлерді тек сауда (аукциондар) арқылы беру мүмкін болу себебінен кәсіпкерлерге жер беруден бас тартады. Бұл ретте аукционның өзі өткізілмейді, себебі оларды өткізу әкімдіктің міндеті емес, құқығы.
Аукционды өткізу тікелей әкімдікке байланысты. Аталған міндетті заңмен бекіту осы саладағы сыбайлас жемқорлықты барынша азайтады.
Ағымдағы заңнама нормалары кәсіпкерлерге өздерінің кәсіпкерлік бастамасын жүзеге асыру мүмкіндігін бермейді, бұл соңында Қазақстан экономикасының даму процесінің және экономикалық дағдарыстан тезірек шығуының тежелуіне әкеледі.
Статистика көрсеткендей, бизнеса өкілдері жер учаскелерін сауданың аукцион түрі арқылы алуға қызығушылық білдіріп отыр.
Ақтөбе облысы мысал бола алады, мұнда 2016 жылғы бірінші тоқсан ішінде 1 аукцион өткізілді, оның аясында 20 жер учаскелері сатылды. Жергілікті атқарушы органдары жер учаскелерін сату арқылы 9 млн. 415 мың теңге мөлшерінде табыс алуды көздеген, бірақ сатылған жер учаскелерінің нақты құны 75 млн. теңгеден асып кетті.
Ақтау бойынша да ұқсас, жер бойынша аукционнан 70 млн теңге түсіру жоспарланғанда, нәтижесінде 180 млн. теңге алынды.
|
| 48-бап. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу Жер учаскесі немесе жер учаскесін жалдау құқығы: …
18) инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін ұлттық компания мәртебесі бар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға;
мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.
…
| 48-бап. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу
1. Жер учаскесі немесе жер учаскесін жалдау құқығы:
…
18) инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға;
мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.
…
|
ӘКК
Мәртебені жоюға байланысты «ұлттық компания мәрбтебесі» тіркесін жою.
Жер учаскелерін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталын төлеуге жіберу мүмкіндігін ұсыну.
|
|
48-бап. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу
…
6-1. жоқ
|
48-бап. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу
…
6-1. Жеке меншікке жер учаскесін ұсыну жер учаскесін игергеннен кейін жүргізіледі. Игеру кезеңіне жер учаскесін ұсыну осы Кодекстің 92 бабына сәйкес осындай жер учаскелерін игеру талаптары мен мерзімдерін белгілеумен жер пайдалану (жалға алу) уақытша ақысыз құқықпен жүргізіледі.
|
Жаппай шығындар
Аукциондарда кейін игерілмейтін жер учаскелерінің сатып алынған жағдайлары орын алған, жер алып-сату заты болады.
Мысалы, бұрын жеке үй құрылысы үшін берілген жер учаскелері де алып-сату және теріс пайдалану затына айналды, яғни адамдар жерді игеру ниетімен емес, оны тек қайта сату үшін алған. Және де бұл тұлғалар көп жағдайда әкімдіктің, мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен үлестес болды.
Осыған байланысты Жер кодексіне өзгерістер енгізілді, ендігәрі ЖҮҚ үшін берілген жер 3 жылға жалға берілді, ал игерілген жағдайда - меншікке ауыстырылды.
Осыған ұқсас мемлекеттік органдарының қызметкерлері тарапынан игерілмеу және алып-сату, теріс пайдалану фактілерін болдырмау үшін жер учаскелерін де 3 жылға жалға беру керек.
Осылайша шын мәнінде игеру ниеті жоқ барлық тұлғалар шегеріледі.
|
|
48-бап. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу
7. Жергілікті атқарушы органның жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын беру туралы шешімі сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады. Жер учаскесін сатып алу-сату немесе жалдау шарты шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жасалады.
|
48-бап. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу
7. Жергілікті атқарушы органның жер учаскесін жалдау құқығын беру туралы шешімі сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады. Жер учаскесін жалдау шарты шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жасалады.
|
Жаппай шығындар
Аукциондарда кейін игерілмейтін жер учаскелерінің сатып алынған жағдайлары орын алған, жер алып-сату заты болады.
Мысалы, бұрын жеке үй құрылысы үшін берілген жер учаскелері де алып-сату және теріс пайдалану затына айналды, яғни адамдар жерді игеру ниетімен емес, оны тек қайта сату үшін алған. Және де бұл тұлғалар көп жағдайда әкімдік, мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен үлестес болды.
Осыған байланысты Жер кодексіне өзгерістер енгізілді, ендігәрі ЖҮҚ үшін берілген жер 3 жылға жалға берілді, ал игерілген жағдайда - меншікке ауыстырылды.
Осыған ұқсас мемлекеттік органдарының қызметкерлері тарапынан игерілмеу және алып-сату, теріс пайдалану фактілерін болдырмау үшін жер учаскелерін де 3 жылға жалға беру керек.
Осылайша шын мәнінде игеру ниеті жоқ барлық тұлғалар шегеріледі.
|
|
63-бап. Жеке меншiктегi жер учаскесiнен және жер пайдалану құқығынан өндіріп алу
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жеке меншiктегi жер учаскесi, сондай-ақ тұрақты және ұзақ мерзiмдi уақытша жер пайдалану құқығы жеке және заңды тұлғалар мүлкiнiң құрамына кiредi, банкрот деп танылған жағдайларды қоса алғанда, олар өз мiндеттемелерi бойынша осы мүлiкпен жауап бередi.
Осы Кодекстiң 26-бабының 2-тармағында санамаланған жерден, сондай-ақ мемлекеттiк жер пайдаланушыларға тиесiлi жерден өндiрiп алуды қолдануға болмайды, бұған осы Кодекстiң 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайлар қосылмайды.
|
63-бап. Жеке меншiктегi жер учаскесiнен және жер пайдалану құқығынан өндіріп алу
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жеке меншiктегi жер учаскесi, сондай-ақ тұрақты және ұзақ мерзiмдi уақытша жер пайдалану құқығы жеке және заңды тұлғалар мүлкiнiң құрамына кiредi, банкрот деп танылған жағдайларды қоса алғанда, олар өз мiндеттемелерi бойынша осы мүлiкпен жауап бередi.
Осы Кодекстiң 26-бабының 2-тармағында санамаланған жерден, өндiрiп алуды қолдануға болмайды.
|
Бәсекелестік бойынша тексеру 1
Жер учаскесін өндіріп алуға жолданымдар ережелерін реттеу кезінде мемлекеттік органдарға артықшылық берілетіні көрінеді. Осылайша, мемлекеттік жер пайдаланушыға тиесілі жер учаскесі өндіріп алынбайды.
Атап айтқанда, 63 баптың 1 тармағы бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында басқасы белгіленбесе, жеке меншіктегі жер учаскесі, және де тұрақты және ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану құқығы, оның ішінде банкрот деп тану жағдайлары жеке және заңды тұлғалардың өз міндеттемелері бойынша жауап беретін мүліктерінің құрамына кіреді. Бұл ретте 63 бапта Кодекстің 39 бабы 2 тармағында қарастырылған жағдайларды ескермегенде, мемлекеттік жер пайдаланушыларға тиесілі жерлер өндіріп алына алмайды деп көрсетеді.
|
|
84-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың жалпы ережелері мен принциптері
…
5. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың коммерциялық мақсаттарын және мемлекеттік емес мүдделерді қанағаттандыру мақсаттарын көздейтін кез келген иеліктен шығару не мемлекеттік функцияларды жүзеге асырудан туындамайтын және қоғамдық маңызы бар мақсаттарды көздемейтін өзге де иеліктен шығару жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару болып танылмауға тиіс.
|
84-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың жалпы ережелері мен принциптері
…
5. Коммерциялық мақсаттарды және мемлекеттік емес мүдделерді қанағаттандыру мақсаттарын көздейтін кез келген иеліктен шығару не мемлекеттік функцияларды жүзеге асырудан туындамайтын және қоғамдық маңызы бар мақсаттарды көздемейтін өзге де иеліктен шығару жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару болып танылмауға тиіс.
|
Бәсекелестік бойынша тексеру 1
84 баптың 5 тармағына сәйкес жер учаскесін мәжбүрлі түрде иеліктен шығару негізі ретінде мемлекеттік емес заңды тұлғалардың коммерциялық мақсаттарын көздейтін иеліктен шығару бола алмайды. Осылайша, мемлекеттік заңды немесе жеке тұлғаның коммерциялық мақсаттары жер телімін иеліктен шығарудың себебі бола алады. Бұл жағдай мемлекеттік ұйымдардың артықшылықтарының барын көрсетеді.
|
|
107-бап. Елдi мекендер жерi ұғымы мен оның құрамы
...
3. Елдi мекендердің жерi мынадай:
....
функционалдық аймақтарға бөлінеді.
|
107-бап. Елдi мекендер жерi ұғымы мен оның құрамы
...
3. Елдi мекендердің жерi мынадай:
....
мақсаттық аймақтарға бөлінеді:
|
Жаппай шығындар
Жер кодексіндегі және «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңындағы қарама-қайшылықтарды жою мақсатында.
Жер кодексінде жер учаскесінің мақсатты тағайындалуын анықтайтын 4 функционалдық аймақ қарастырылған, ал «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңында 11 аймақ белгіленген, бұл құқық қолдану тәжірибесі барысында көптеген қарама-қайшылықтар туғызады.
|
|
109-бап. Елдi мекендердiң жерiн пайдалану
1. Қалалардың, кенттердiң, ауылдық елдi мекендердiң барлық жерi олардың бас жоспарларына, егжей-тегжейлі жоспарлау мен құрылыс салу (ондай жобалар болған жағдайда) жобаларына және аумақтың жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес пайдаланылады.
Тұрғындар саны 5 мыңға дейінгі елдi мекендерде белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарлар болмаған жағдайда осы елдi мекендi дамыту мен онда құрылыс салудың бас жоспарының оңайлатылған схемасымен немесе белгiленген тәртiппен бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасымен жердi пайдалануға жол берiледi.
Елдi мекендердiң жер учаскелерінің нысаналы мақсаты осы Кодекстің 107-бабының 3-тармағында көзделген функционалдық аймақтарға сәйкес айқындалады.
Жер учаскесі бір функционалдық аймақ шеңберінде пайдаланылған жағдайда, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту талап етілмейді.
|
109-бап. Елдi мекендердiң жерiн пайдалану
1. Қалалардың, кенттердiң, ауылдық елдi мекендердiң барлық жерi олардың бас жоспарларына, егжей-тегжейлі жоспарлау мен құрылыс салу (ондай жобалар болған жағдайда) жобаларына және аумақтың жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес пайдаланылады.
Тұрғындар саны 5 мыңға дейінгі елдi мекендерде белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарлар болмаған жағдайда осы елдi мекендi дамыту мен онда құрылыс салудың бас жоспарының оңайлатылған схемасымен немесе белгiленген тәртiппен бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасымен жердi пайдалануға жол берiледi.
Елдi мекендердiң жер учаскелерінің нысаналы мақсаты осы Кодекстің 107-бабының 3-тармағында көзделген мақсаттық аймақтарға сәйкес айқындалады.
Жер учаскесі бір мақсаттық аймақ шеңберінде пайдаланылған жағдайда, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту талап етілмейді.
|
Жаппай шығындар
Жер кодексіндегі және «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңындағы қарама-қайшылықтарды жою мақсатында.
Жер кодексінде жер учаскесінің мақсатты тағайындалуын анықтайтын 4 функционалдық аймақ қарастырылған, ал «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңында 11 аймақ белгіленген, бұл құқық қолдану тәжірибесі барысында көптеген қарама-қайшылықтар туғызады.
| |
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|