1 Ақпараттық (информациялық) қызмет көрсету жүйелері мен компьютерлік технологияны білім беруде қолдану мәселесі



жүктеу 3,49 Mb.
бет1/17
Дата05.03.2018
өлшемі3,49 Mb.
#11288
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17



Мазмұны


Кіріспе.............................................................................................................................

1 Ақпараттық (информациялық) қызмет көрсету жүйелері мен компьютерлік технологияны білім беруде қолдану мәселесі...........................................................

1.1 Ақпараттық қызмет көрсету жүйелері................................................................

1.1.2 Информациялық қызмет көрсету жүйелеріне қойылатын талаптар..............

1.1.3 Информациялық қызмет көрсету жүйесінің негізгі

ерекшеліктері..................................................................................................................

1.1.4 Информациялық жүйелер түрлері......................................................................

1.2.Оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану ...............................................

1.2.1 Компьютерлік оқыту мәселелері.........................................................................

1.2.2 Оқытуда компьютерді қолданудағы педагогикалық

мәселелер..........................................................................................................................

1.2.3 Электронды оқулық және оның тиімділігі..........................................................

1.2.4 Kомпьютерлік оқу құралдарын жасау тәсілдері және ескерілетін шарттар.............................................................................................................................

1.2.5 Математиканы оқыту үрдiсiн компьютерлендiру жолдары............................

1.2.6 Математиканы оқытуда компьютердi пайдалану…........................................

2 Бастауыш сыныптар үшін геометрия ұғымдарын оқыту электрондық оқулығын құру.................................................................................................................

2.1 Бастауыш сынып математикасын оқытып-үйретудің өзіндік

ерекшеліктері...................................................................................................................

2.2 Visual Basic программалау ортасы..........................................................................

2.2.1 Программалау элементтері...................................................................................

2.2.2 OLE технологиясы.................................................................................................

2.2.3 Мәзір құру. Формалармен жұмыс.........................................................................

2.3.VISUАL BASIC ортасында “Бастауыш сыныпта геометриялық денелердің оқытудың электрондық тәсілі” программасын жасау алгоритмі...................................

Қорытынды....................................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер.........................................................................................................


6
7

7

11


12

12

13



13
15

16
17

20

21
27


27

30

36



37

39
43

59

60


Кіріспе



Қазақстанның тәуелсіздік және егемендік алуына байланысты, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін қоғам дамуының қазіргі кезеңінің талаптарынан туындап отырған міндет және мақсаттарға орай жан-жақты жетілдіру қажет болып отыр.

Әрине, бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде бастауыш буынға, зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені, білім мен тәлім-тәрбиенің негізі бастауыш мектепте қаланады.

Осы бағытта біршама шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: бастауыш мектепте оқытылатын пәндерден жаңа мемлекеттік стандарт, бағдарламалар жасалып, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа жүйесі мектептердің тәжірибесіне енгізілуде, яғни педагогикалық ғылымның озық идеяларымен жинақталған құнды тәжірибелердің нәтижелері өзгерген және жаңа жағдайларда өзінің қолданысын табуда.

Ғылыми - техникалық прогрестiң дамуы орта мектепте оқыту кезiнде берiлетiн бiлiм деңгейiнiң кеңейтiлуiн және адамдардың бiлiм дәрежесiнiң артуын талап етiп отыр. Жалпыға бiрдей орта бiлiм беру қажеттiлiгi туған кезде ең негiзгi мәселе оқытудың мазмұны мен әдiстерiн, оқытуды ұйымдастырудың түрлерiн жетiлдiру болған болса, қазiргi кезде ең негiзгi мәселе-оқушыларға тек қана ғылыми бiлiмдер жүйесiн беру ғана емес, оларды танымдылық және практикалық сипаттағы iскерлiк және дағды мен қаруландыру болып табылады.


Олай болса, оқыту процесiн жетiлдiру жолдарын iздестiруде тек қана жаңа бiлiмдер беру әдiстерiн жетiлдiрудi ғана емес, сонымен қатар оқушыларда iскерлiк пен дағдыны қалыптастыру әдiсiн жетiлдiру iсiн де ескеру қажет.

Осы мәселелерге байланысты “Бастауыш сыныпта геометриялық денелердің оқытудың электрондық тәсілі” тақырыбындағы диплом жобасын бастауыш сынып оқушыларына геометрия ұғымдарын үйрететін электрондық оқулық жасауды ұйғардық. Бұл жобаны жоғарғы деңгейде программалау тілдерінің бірі Visual Basic ортасында жасағанды жөн көрдік.


Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сыныптар үшін геометриялық денелерді оқыту электрондық оқулығын құруда Visual Basic бағдарламалау ортасын пайдаланып, ұйымдастыру.

Зерттеу жұмысының теориялық негізі – информациялық қызмет көрсету жүйелерін қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар көмегімен құру және олардың тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету.

1 Ақпараттық (информациялық) қызмет көрсету жүйелері мен

компьютерлік технологияны білім беруде қолдану мәселесі
1.1 Ақпараттық қызмет көрсету жүйелері
Адамзат баласы барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашанда мұқтаж болды. Алғашқы кезеңдерде оған аяқ-қол саусақтары секілді қарапайым құралдар жеткілікті болды. Ғылым мен техника дамуына байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар - есепшот, арифмометр, арнаулы математикалық кестелер шығарыла бастады. Бірақ үстіміздегі ғасырдың 40- жылдарында, ядролық физиканың даму ерекшеліктеріне байланысты, қолмен есептеу істері көптеген материалдық ресурстарды және адамның тікелей араласуын талап ете бастады.

ХХ ғасырдың ортасында информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші болды.

Ақпарат (Информация) - дәл анықтамасы жоқ кең ұғым. Қарапайым түрде айтқанда, түрлі объектілер, құбылыстар мен процестер тағы басқалар жөніндегі мағлұматтар.

Мысалы, айналадағы кеңістіктер жер жағдайы, өсімдіктер жөнінде көп информация аламыз. Ауада найзағайдың ойнауы, күннің бұлтты екені және жауын жауу мүмкіндігін тағы басқаларды білдіретін информация . Көшеге ілінген бағдаршамның көк не қызыл түсте жануы – жолды кесіп өтуге болатын не болмайтынын білдіретін информация. Радио, телевизор арқылы берілетін хабарлар мен ғылыми-техникалық жаңалықтар да информация түрлерінің бірі.

Информацияны сандық, кесте, сурет, құжат (мәтін) сияқты түрлі түрде к­өрсету, жинастыру мүмкін. Мысалы, өсімдіктің биологиялық қасиетін зерттеп, нәтижесін кесте түрінде дайындау ; рентген сәулелер арқылы адам организмі кескінін суретке түсіру; мәліметтік информацияны газет, журнал беттерінде басып шығару тағы басқалар.

Жаңа технологияның маңыздылығы - оның көптүрлілігінде және барлық саланы қамту сипатында. ”Информациялық экономика теория ғана емес, өндірістер немесе қызмет көрсету аясында экономикаға бет бұрмаған бірде бір сала жоқ ,“ – дейді американдық экономист П.Хауке. 70-ші жылдар шамасында Батыс елдеріндегі ғылыми және техникалық прогрестің көш басшылары (М.Порет, Е.Масуда, А.Тоффлер т.б) шын мәнінде “информациялық қоғам” туралы бірауыздан айтқан еді. Бүгінгі пайда болған сол қоғамның қазіргі талабы мен ұраны : ”Неғұрлым көбірек және тезірек информация алу!” болып отыр .

Өмір ағымының жылдамдауы, автоматтандыру нәтижесінде өндіріс процесін идентификациялау, білімді жылдам жинақтау - осының барлығы А.Тоффлердің айтуынша жіберіп алған уақыттың экономикалық маңызын арттырады. Бұл белгілі футуролог “Келешекпен бетпе-бет келу ” атты кітабында: “Информация пульсі бұрынғыға қарағанда анағұрлым жылдамырақ соғуы керек ” дейді.

“Информациялық жаңа әлемде” бәрінен бұрын екі кезең нақты болып шықты. Біріншіден, қоғамның бұрын болмаған дәрежеде информациялық техникаға қол жеткізуі. Бұл қозғалыс барлық салада: өкіметтік мекемелерде жеке іскерлік кеңселерде, аурухана мен кітапханаларда, зауыттар мен ғылыми-зерттеу институттарында, мектептер мен университеттерде, банктер мен дүкендерде, аэропорт пен полиция бөлімшелерінде жүріп жатыр. Екіншіден, мұның қызмет етушілері мен адаптерлердің саны көп есе өсіп кетті. Дерек көздердің көрсетуінше, 1975-ші жылдан бастап-ақ жалданып істеген американдық азаматтардың жартысынан көбі негізінен информацияны өңдеумен немесе соған байланысты жұмыстармен айналысады.

Әлем қазір информацилық қоғам табалдырығында тұр. Осындай қоғамда информацияны тарату, сақтау және өңдеу жүйесі аса маңызды роль атқарады. Уақыты келгенде әлемдік байланыс жүйесі сияқты әлемге ортақ информациялық орта пайда болып, олар азамат баласы жинаған информациядан кез келген адамның өзіне қажетті информацияны алуын қамтамасыз етеді. Компьютердің интелектуалдық роботтармен қатар адам іс-әрекетінің барлық саласына енуі адамдар тіршілік ететін дәстүрлі ортаны түбегейлі өзгеріске ұшыратады. Информацияларды жинақтау, өңдеу, қорғау және сақтаумен кәсіби тұрғыда айналысатын адам саны өсуде. Информация аса бағалы тауар болып, информация индустриясы болашақ қоғамда өте маңызды құбылыс болмақ.

Информациялық қоғамға көшу перспективалары әлеуметтік, құқықтық және техникалық сипаттағы көптеген мәселелерге қозғау салуда. Мысалы, өндірістік роботты пайдалану адамның қатысуна бағдарланған бүгінгі технологияны толық өзгертуге әкеледі. Мұндай технологияны жасау ісі басталып та кетті. Жаңа қоғам мүшесін өз бетінше өмір сүруге дайындау да күрт өзгерді. Оқытудың жаңа түрлерін жасаудағы ізденіс жұмыстары да басталып келеді. Олар келешекте бүгінгі дәстүрлі түрлердің орнын баспақ. Мамандар, кәсіпкер номенклатурасы мен еңбекті ұйымдастыру әдістері де толығынан өзгерістерге ұшырамақ.

Дүниежүзілік тарихтың мойнағына үш ірі ағым тоғысатындай:


  • Технология ағыны;

  • Информация ағыны:

  • Осының бәрін жасаған және олардың бәріне қызмет етуші адамдар ағыны.

Белгілі мөлшерде информациялық тұрғыда бұрынғы жаңа, анағұрлым зор өркениет туралы айтуға болады. Бұл өркениеті мыңжылдық тарихы мен дәстүрі бар кәсіптер көз алдымызда жойылып бұрын белгісіз жаңа мамандықтар пайда бола бастайды. Адамзаттың қызметі мен міндеттері де, олардың еңбектерінің сипаты да өзгеруде. Адамдар қатынасында, басқару мен ұйымдастыру түрлерінде де үлкен өзгерістер болып жатыр.

50 жылдың бас кездерінен бастап көптеген жарыққа шыға бастаған электронды есептеуіш машиналарды (ЭЕМ-дерді) осы жұмыстарға пайдалану оларды өңдеудің шапшаңдылығын күрт арттыруға мүмкіндік туғызады.

ЭЕМ- ді компьютер деп, автоматты құрылғының не адамның өңдеуіне бейімделіп дайындалған сандық, символдық, мәтіндік тағы басқа информация берілгендер деп аталады.

Мақсатқа жету үшін информацияны ЭЕМ-де арнайы ережелер бойынша түрлендіру оны өңдеу деп аталады. ЭЕМ арқылы берілгендерді өңдеу машинаға түсінікті нұсқаулар тізбегі (программа ) арқылы жүргізіледі.

Түрлі салаларда жиі пайдаланатын берілгендер мен программалар көп болғандықтан, әр түрлі материалдардан тұратын магниттік таспаларға, дискілерге (тасымаушыларға) жазылып, сақталып қойылатын болады.

Сақтаулы информацияны іздеп, оны тұтынушыларға жеткізіп беру информациялық қызмет көрсету (ИҚК) делінеді. Қазақстан республикасы мен ТМД елдерінде тек ғылыми-техникалық ИҚК-мен айналысатын кітапханалар ғана бар. Олардың анықтамалық-информациялық қорында екі миллиярдтан аса информациялық мәліметер жинақтап, көп мәліметтер компьютер дискілеріне жазылып қойылған. Осылардың арасында қажеттісін іздеп, тауып беру көп еңбекті талап етеді. Бірақ бұл жұмысты орындап шығудың маңыздылығы сөзсіз. ИҚК-ның маңыздылығына бір ғана мысал: егер өндіріс басқармасын қажетті информациямен, түрлі ғылыми- техникалық жаңалықтармен дер кезінде қамтамасыз етіп отырмаса, ол жаңа техниканы пайдалануға жоспарлауға, өндірісте еңбек өнімділігін арттыруға үлкен кедергі келтірер еді.

Қазіргі кезде информацияны тиімді пайдалану дүние жүзінде негізгі орынға шығып келеді. Қазір біз информациялық қоғамда өмір сүріп жатырмыз.

Жүйе – деп элементтері бір-бірімен қандай да бір заңдылықпен байланысқан жиында түсінеміз. Мұндай жиынның элементі ретінде құбылыстарды, әдістерді, білімдерді т.с.с. алуға болады. Мысалы, санау жүйесі, транспорт жүйесі, экономикалық, химиялық элементтер жүйесі, нерв жүйесі т.с.с.

Информациялық қызмет көрсету жүйесі түсінігі кең таралған және түрлі мағыналық мәнге ие. Компьютердің ақпараттық бөлігі де жүйе деп аталады. Жүйе деп сондай-ақ нақты қолданбалы мәселелерді шешу процесіне қажетті құжатты жүргізу процедурасымен толықтырылған көптеген программаларды да атауға болады.

Жүйе түсінігіне информациялық қызмет көрсету сөзін қосу оның құрылуы мен қызмет етуінің мақсатын бейнелейді. Информациялық қызмет көрсету жүйелері кез-келген облыста шешім қабылдау процесіне қажетті ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, іздеу және ақпаратты берумен қамтамасыз етеді. Олар мәселелерді талдап, жаңа өнім жасауға көмектеседі.

Информациялық қызмет көрсету жүйесі – қойылған мақсатқа жету үшін қажетті ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер мен олардың жұмыстарын үйлестіріп отыратын пайдаланушылардың жиынтығы.

Алғашқы информациялық қызмет көрсету жүйелері 50-жылдары пайда болды. Бұл жылдары олар жалақы есебін есептеу мен есептерді өңдеу үшін бағытталып, электромеханикалық бухгалтерлік есептеу машиналарында орындалды. Бұл кейбір шығындарды қысқартып, қағаз құжаттарды даярлауға қажетті уақытты азайтты.

60-жылдары информациялық қызмет көрсету жүйесіне деген қатынас өзгерді. Олар информацияны көптеген параметрлер бойынша есептеп, айлықты ғана есептейтін ғана емес, сонымен бірге көптеген қосымша қызметтерді орындайтын компьютерлік жабдықтар ретінде ұйымдастырыла бастады.

70-80 жылдардың бас кезінде шешім қабылдау процесін тездететін информациялық қызмет көрсету жүйелері басқаруды бақылау құралы ретінде кеңінен қолданыла бастады.

90 жылдың соңғы кезінде информациялық қызмет көрсету жүйелерін қолдану концепциясы қайтадан өзгеріске түседі. Олар информациялық стратегияның бастауына айналып, кез-келген профильді ұйымдастырудың барлық деңгейінде қолданылады. Бұл кезеңнің информациялық қызмет көрсету жүйелері пайдаланушыға қажетті информацияны дер кезінде, ыңғайлы түрде ұсынып, ұйымдардың жұмысын ұйымдастыруда жетістіктерге жетуіне, жаңа тауарлар мен қызмет түрлерін құруға, тауарлар өткізудің жаңа рыноктарын табуға, өзіне лайықты серіктер табуға, өнімді төмен бағада шығаруға және т.б. көмектесе алады.

Қазіргі информациялық қызмет көрсету жүйесінің негізгі техникалық құралы ретінде дербес компьютерді қолданады. Ірі ұйымдарда информациялық қызмет көрсету жүйесінің техникалық базасына дербес компьютерлермен бірге майнфрейм немесе суперЭЕМ енеді. Сондай-ақ, информациялық қызмет көрсету жүйесі адамның рөлінсіз іске аспайды.

Информациялық қызмет көрсету жүйелерінде компьютерді пайдалану салалары көп. Мысалы,


  • электронды оқулықтар жасап шығару;

  • кітапханалар жұмысын автоматтандыру (кітаптарды жылдам іздеп табу, олар жайлы мәліметтер беру т.с.с.);

  • абоненттік телефор номері сұралған кезде компьютерде жазулы телефондар анықтамалығын пайдаланып жауап беру;

  • қалааралық транспорт билеттерін сатуды ұйымдастыру (әр рейске сатылған және бос орындар компьютерге тіркелгендіктен, оларды пайдаланып, билет сатуды ұйымдастыру қиын емес) ;

Жалпы информацияны ЭЕМ-де өңдеп, нәтижесін талдауды ұйымдастыру үшін орындалатын әрекеттер мынадай:

-информация талдап, оны өңдеуге мүмкіндік туғызатын үлгісін дайындау;



    • информацияны тиімді өңдеу үшін нұсқаулар тізбегін (алгоритмін) жинақты түрде құру;

    • мәшине түсіне алатын командаларды (командалар жүйесін) пайдаланып программалау тілдерінің бірінде алгоритмнің программасын жазып шығу;

    • программаны ЭЕМ-де орындап, нәтижені алу;

    • нәтижені зерттеу. Егер құрылған үлгіде, алгоритмде не программада қате кеткен болса, оны дұрыстау;

    • дұрысталған программаны сақтау;

    • пайдаланушыға программаны пайдалану жайлы нұсқаулар беру.



1.1.2 Информациялық қызмет көрсету жүйелеріне қойылатын

талаптар

Күрделі информацияны әмбебап компьютерде ғана өңдеуге мүмкіндік бар. Сондықтан информатикаға қатысты мәселелер информацияны өңдеу тәсілдерін зерттеу мен компьютерде түрлі есептерді шешу ғана емес. ИҚК үшін ЭЕМ-ді тиімді түрде пайдаланудың жаңа жолдарын іздестіру, осыған сәйкес компьютердің дамытылған үлгілерін құрастыру және ИҚК дамуының алғышарттары болып табылады.

Компьютерлер мен информациялық қызмет көрсету жүйесі арасындағы айырмашылықты дұрыс түсіну қажет. Арнайы бағытқа негізделіп құрылған программалармен жабдықталған компьютерлер информациялық қызмет көрсету жүйесінің техникалық базасы және құралы болып табылады. Информациялық қызмет көрсету жүйесі компьютермен және телекоммуникациямен бірлесіп әрекет қылатын пайдаланушысыз жұмыс жасай алмайды.

Информациялық қызмет көрсету жүйелеріне қойылатын талаптар құрылып жатқан салаға байланысты түрліше болуы мүмкін. Бірақ информациялық қызмет көрсету жүйелеріне қойылатын жалпы талаптар да бар:



  • кез-келген информациялық қызмет көрсету жүйесі талданып, жүйені құрудың жалпы принциптері негізінде құрылып, басқарылуы тиіс;

  • информациялық жүйе динамикалық әрі жан-жақты дамып отыруы керек;

  • информациялық жүйені құру кезінде жүйелік тәсілді қолдану керек.;

  • информациялық қызмет көрсету жүйесін информация өңдеудің адам-компьютерлік жүйесі ретінде қарастыру керек.

Қазіргі кезде информациялық қызмет көрсету жүйелерін компьютерлік техниканың көмегімен іске асқан жүйе ретінде қарастыру көзқарасы қалыптасқан. Алайда информациялық қызмет көрсету жүйесін компьютерлік емес вариантта түсінуге де болады.

1.1.3 Информациялық қызмет көрсету жүйесінің негізгі ерекшеліктері

Кез-келген информациялық қызмет көрсету жүйесінің өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Олар:



  • қажетті информацияны пайдаланушыға жалдап, ыңғайлы түрде жеткізеді;

  • информацияның нақтылығын, дәлдігін қамтамасыз етеді;

  • үлкен көлемдегі мәліметтерді ұзақ мерзімге сақтайды;

  • қағаз бетіндегі құжат көлемін кемітеді;

  • информацияны қайта өңдеуді ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік береді;

  • пайдаланушыны күрделі есептеулерден босатады;

  • қызмет көрсету мен өнім өндіру шығынын қысқартады және т.б.



1.1.4 Информациялық жүйелер түрлері

Информациялық жүйесі пайдаланушы қолданатын бағдарламамен қамтамасыз етілген терминалдар тобынан құралған электронды машинадан тұрады. Терминалдар мамандардың жұмыс орнында орналасып, машинадан кез-келген қашықтықта болуы мүмкін.

Үлкен немесе орташа информациялық қызмет көрсету жүйесінің негізгі қызметі тұтынушы белгілі бір информациялық сервиспен қамтамасыз етіп, басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады.

Қазіргі кезеңдегі информациялық қызмет көрсету жүйелері тұтынушылармен екі режимде жұмыс істей алады:



Біріншісі тапсырманы орындау режимі, оның мәні тұтынушы машинаға тапсырыс береді. Онда берілген мәліметтерді өңдеу процесіне нұсқаумен қолданбалы бағдарламаны қолдану қажеттілігі туралы түсінік беріледі.

Екіншісі қолданбалы бағдарламаның өзімен жұмыс тәсілдері.

Осы заманғы информациялық жүйелер жоғарғы тез әрекетті, әрі үлкен жады көлемін иемденеді. Олардың әрқайсысы бір мезетте жергілікті және терминалдың бірталай бөлігімен жұмыс істейді.

Осының арқасында информациялық жүйе:


  • әртүрлі тектес жұмысты автоматтандырады;

  • жүйедегі информацияны бақылау және қателіктерді жою;

  • тұтынушылардың жүйеде сақталынатын информацияларды әрдайым жаңарту;

  • тұтынушылардың тапсырмасын тез орындау және т.б. жұмыстарды істей алады.


1.2 Оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану
1.2.1 Компьютерлік оқыту мәселелері
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себептен педагогикалық процесті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.

ХХІ ғасыр ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құрылымы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытуды жаңа бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытуды жаңа технологиялардың пайда болуы күмәнсіз. Соңғы жылдар білім беру жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді кезең ретінде қарастырылуда. Білім беру жүйесін ақпараттандыру процесі ақпараттық қоғам жағдайында толыққанды өмірге адамды даярлау болып табылады.

Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық және инструменталды құралдары, оқу процесіндегі есептеуіш техника құралдарының ролі және орны туралы ғылыми білімнің жүйесі және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деп анықтама беруге болады. Ал бұл анықтаманы бастауыш білім беру жүйесіне қатысты басқаша анықтауға болады: білім беру мекемесінің мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші (дамыту, оқыту, диагностика және т.б.) құрал.

Компьютерде оқыту жүйесіне енгізуде оқытылатын теориялық материалдардың қандай да бір бөлігін машиналық бағдарламаға ауыстыру мүмкіндігі пайда болды және де мұнда оқу материалының мазмұны мен құрылысында өзгеріс болады. Оқушы компьютермен жұмыс барысында мына жұмыстарға өзін бағыттай алады: компьютерлік оқу бағдарламаларына (теориялық материалдарды оқу және есептерді шығаруда) және бақылау жұмысына (жұмысқа қатысты түсініктеме алу, жіберілген қателерді түзетуде әдістемелік нұсқау алу). Бұл мәселелер оқу әрекетін жекелендіру-педагогиканың өзекті мәселесін шешуге көмектеседі.

Компьютерлік сауаттылықты және жаңа ақпараттық технологияны меңгеру үрдісі адамдық факторлармен санасуды талап етеді. Бұл мәселе әсіресе мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға білім беру сатысында маңызды. Себебі, балалық шақ адамдық дарындылықты байқау көзі ғана емес, сонымен бірге жанның тез жараланушы және психикалық әлсіздікке әкелетін кезеңі болып табылады. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалар өміріне жаңалықтарды енгізуде өте сақ болу керектігін ескеру маңызды мәселе.

Компьютер адам іс-әрекетінің құралы қатарында негізінде жаңа әмбебап ақпараттық құрылғы. Компьютер барлық мүмкін формаларда (мәтін, сан, дыбыс, графика, бейне) ақпаратты қабылдай, сақтай, өңдей және шығара алатын қабілеттілігі арқасында адамның барлық қызмет аймағында қолданылады. Жаңа ақпараттық технология көмегімен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында ризашылығын көрсетеді, тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды, қоғамға, оның материалды және рухани жақтарына зор көңілмен қарай бастайды.

Компьютерде оқу процесінде пайдаланудың мынадай жетістіктерін атауға болады:


  • Оқушылардың жеке дара жұмыс жасауын ұйымдастыруда. Ол үшін әр бір оқушының өзіне тән ерекшеліктерін (ойлауын, қабылдауын, жұмыс жасау жылдамдығын) ескере отырып жекелеме тапсырмалар құруға болады;

  • Денсаулығынан кемшілік бар балалар үшін (нашар естетін, көретін, сөйлейтін) оқудың тиімділігін арттыруға болады;

  • Оқушыда еркіндік позициясы орын алады, яғни оқушының жұрт алдындағы жасқаншақтық әдеті ескеріледі;

  • Оқушының жауапкершілігін арттырады, себебі, компьютердегі әр тапсырма өзіне ғана арналғандығын сезінеді;

  • Оқушының сабаққа деген қызығушылығы артады.

Бала бастауыш мектеп сатысынан-ақ жаңа ақпараттық технологияны меңгеруіне болады. Ол үшін оның қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияның компьютерлік құралдары қолданыла бастаса, яғни күнделікті қарым-қатынас құралы ретінде, ойын барысында, күшті еңбек кезінде, конструктірлеу және т.б. өнімді шығармашылық жұмыстарында. Бұлар өз кезінде ғылыми сипаттағы компьютерлік бағдарламаларды жасауды талап етеді және ол баланың іс-әрекетінің интелектеулды құрылысымен сәйкес келуі керек.

Оқытуды компьютерлендіру қазіргі дидактика мен нақты әдіс-тәсілді дамыту тенденциясы ретінде қарастырылады.

Әлемді компьютер жайлаған бүгінгі күнде есептегіш техникаларды тиімді де нәтижелі пайдалану үшін біріншіден, жалпы білімділік және кәсіби сауаттылық қажет. Олай дейтініміз, ЭЕМ-мен жұмыс жасағанда, қандай да болсын (табиғи тіл қатынасында да) сөйлем қателіктерін түсінбейтінін ескеру керек. Машина көмегімен бұл міндеттерді дұрыс шешу үшін көрініс моделін не үрдісін дұрыс құра білу керек.

Оқыту технологиясын оқу үрдісіне лайықтап ұйымдастыруға ғылыми амал таппаса болмайды. Сондай-ақ мектептің материалдық-техникалық базасын ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін ескере отырып жаңарту шарт.

Электронды оқыту ғылыми-техникалық прогресс дамуының нәтижесінде туды. Электронды оқыту жүйесі рецептивті (біржақты, оған телекөрініс – толқын мен кабельді пайдалану кіреді) және интерактивті (бұл жүйе оқушы мен техника құралдары арасындағы екі жақты қарым-қатынасын қамтамасыз етеді) болып екіге бөлінеді. Интерактивті жүйе жеке компьютерді пайдалану, сондай-ақ бейнемагнитофон, бейне дискілі құрал және теледидар кешендері негізінде құрылады. Мұндай қазіргі заманғы кешендер интерактивті оқытуда аса қымбат тұрғанымен, көрекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді.

Компьютерлік оқыту интерактивті электронды оқытудың бір бөлігі болып табылады және ол техникалық құралдардың бірі ретінде есептегіш машинаны пайдалануды қамтиды. Демек, оқытудың мұндай жүйесінің құралы – компьютер болып саналады.

Мектептегі не сыныптағы есептегіш техникалардың көптігіне қарамастан сабақтағы орталық тұлға “оқушы - ЭЕМ” жүйесіндегі өзара қарама-қатынасты реттейтін мұғалім болып қалады. Өйткені ол – жалпы компьютерлік сауаттылық жағдайындағы оқу үрдісінің әдіснамасы мен әдістемесін меңгерген адам.

Компьютерлік оқытудың әдіснамасын, ұстанымдарын, әдістемесін игеру мұғалімнің мамандығына қарамастан профиссиограмма мен инвариантты біліктілігі талаптарына сай болуы тиіс.

Сабақ барысында және сыныптан тыс жұмыстарда есептегіш техникаларды пайдалану оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттеріне сай, сондай-ақ, сабақтың мақсаты мен мазмұны және оның кезеңдеріне сәйкес әр түрлі есептегіш машиналары құралдарының дифференциясы біркелкі жағдайда кешенді болмағы ләзім.



жүктеу 3,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау