6) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және «электрондық үкіметтің» электронды поштасының бірыңғай шлюзін қолдап отыруды жүзеге асырады»;
14-бап. Мемлекеттік техникалық қызмет
Мемлекеттік техникалық қызмет ақпараттандыру саласында мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
6) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы Интернетке қосылған телекоммуникациялар желілерін және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың электрондық пошталарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
|
Бұл норма МТҚ РМК уәкілетті органға көрсететін қолданыстағы ИҚБШ және ЭПБШ сүйемелдеу бойынша құзыретін (14-б. 1-т. 6) тт.) екі көрсетілетін қызметке бөлу есебінен бюджеттік қаражатты үнемдеу үшін қажет:
уәкілетті органға Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы қосылған телекоммуникациялар желілерінің және «электрондық үкіметтің» электронды поштасының бірыңғай шлюзі арқылы мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу бойынша қызмет көрсету және байланыс операторларына Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы қосу мен трафигін өткізуді және оператордың пошталық трафигін «электрондық үкіметтің» электронды поштасының бірыңғай шлюзі арқылы өткізу бойынша қызмет көрсету.
ИҚБШ жобасы шеңберінде сатып алынған жабдықты МТҚ РМК балансына беру жоспарланып отыр. Бұл аталған жабдыққа арналған лицензияны жыл сайын сатып алу арналған бюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Демек, жабдықты сүйемелдеуді және техникалық қолдап отыруды қамтамасыз етуге арналған шығыстарды МТҚ РМК байланыс операторларымен бірлесіп өтейді.
Осы норманың шеңберінде мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі мен «электрондық үкіметтің» электронды поштасының бірыңғай шлюзін сүйемелдеу бойынша техникалық өзара іс- қимыл шегінде Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі мен «электрондық үкіметтің» электронды поштасының бірыңғай шлюзі арқылы қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша көмек көрсету қызметін жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Аталған норманың жоқ болуы уәкілетті органның мемлекеттік секторға бағытталған АҚ қатерлері мен СПАМды және басқа зиянды трафикті ЭПБШ бойынша бұғаттау жөніндегі статистикалық деректер туралы уақытылы хабардар болуын іске асыруға мүмкіндік бермейді.
|
|
14-баптың
1-тармағының
15) тармақшасы
|
14-бап. Мемлекеттік техникалық қызмет
Мемлекеттік техникалық қызмет ақпараттандыру саласында мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
.....
Жоқ
|
14-бап. Мемлекеттік техникалық қызмет
1. Мемлекеттік техникалық қызмет ақпараттандыру саласында мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
...
15) байланыс операторларының трафигін Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы және оператордың пошталық трафигін «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі арқылы қосуды және өткізуді жүзеге асырады.
|
Бұл норма МТҚ РМК уәкілетті органға көрсететін қолданыстағы ИҚБШ және ЭПБШ сүйемелдеу бойынша құзыретін (14-б. 1-т. 6) тт.) екі көрсетілетін қызметке бөлу есебінен бюджеттік қаражатты үнемдеу үшін қажет:
уәкілетті органға Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы қосылған телекоммуникациялар желілерінің және «электрондық үкіметтің» электронды поштасының бірыңғай шлюзі арқылы мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу бойынша қызмет көрсету және байланыс операторларына Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы қосу мен трафигін өткізуді және оператордың пошталық трафигін «электрондық үкіметтің» электронды поштасының бірыңғай шлюзі арқылы өткізу бойынша қызмет көрсету.
Қазіргі уақытта байланыс операторлары мемлекеттік органдарды қоса алғанда, клиенттерден Интернетке ИҚБШ арқылы қосу үшін қосымша ақы алатынын ескере отырып, «Электронды құжат және ЭЦҚ, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» ҚР ИДМ 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына сәйкес байланыс операторларын ИҚБШ-ға қосуға (бір рет көрсетілетін қызмет) және байланыс операторларының трафигін өткізуге (тұрақты негізде) арналған тарифті бекіту жоспарланып отыр.
Мұндай норма байланыс операторларына ИҚБШ қол жеткізуге рұқсат беру бойынша байланыс операторларына қызмет көрсету мен операторға ЭПБШ қол жеткізуге рұқсат беру бойынша АКИ операторына қызмет көрсету бөлігіндегі МТҚ РМК құзыретін нақтылау шеңберінде әзірленді.
|
|
26-баптың жаңа
3-тармағы
|
26-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасы
Жоқ
|
26-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасы
3. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын өнеркәсіптік пайдалануға ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижелері бар акті және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестаты болған жағдайда жол беріледі.
Сервистік бағдарламалық өнімді өнеркәсіптік пайдалануға ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижелері бар акті, бағдарламалық құжаттамалар талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы ақпараттандыру саласындағы стандарттарға сәйкес сапаны бағалау мақсатындағы сынақ хаттамалары және бағдарламалық құжаттама сараптамасының хаттамалары болған жағдайда жол беріледі.
|
Аталған норманы енгізу ЭҮ АҚП және СӨБ қолданысына тәртіптің айқындылығын енгізу мен ЭҮ АҚП және СӨБ құрылуы мен дамуы барысында АҚ қажетті көрсеткішін қамтамасыз ету үшін қажет.
СӨБ сынағы- сапаны бағалау және бағдарламалық құжаттаманың талдамасы ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес аккредиттелген СӨБ сынақ зертханаларымен жасалған тәуелсіз бағалау сапасы және СӨБ конкурстық комиссиясының коррупциялық әрекетін жою мақсатында өткізіледі.
|
|
30-баптың жаңа
1-1 тармағы
|
30-бап. Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі мен «электрондық үкіметтің» электронды поштасының бірыңғай шлюзі
Жоқ
|
30-бап. Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі мен «электрондық үкіметтің» электронды поштасының бірыңғай шлюзі
1-1. Байланыс операторларын Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы қосу және трафигін өткізу уәкілетті орган реттейтін бағалар (тарифтер) бойынша шарттық негізде жүзеге асырылады.
|
Байланыс операторларына ИҚБШ қосу бойынша қызмет көрсету шеңберінде.
|
|
38-баптың
2-тармағының
4) тармақшасы
|
38-бап. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
2. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға, ақпараттық жүйенің қолданыстағы циклына сәйкес және қамтамасыз етуді ескере отырып жасалады, пайдаланылады және дамытылады:
4) басқа да ақпараттық жүйелермен шлюздер арқылы интеграцияны (қажет болғанда);
|
38-бап. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
2. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға, ақпараттық жүйенің қолданыстағы циклына сәйкес және қамтамасыз етуді ескере отырып жасалады, пайдаланылады және дамытылады:
4) «электрондық үкіметтің» басқа ақпараттандыру объектілерімен интеграцияны (қажет болғанда);
|
Бұл түзету Сервистік интегратордың өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған.
Себебі, «Электрондық үкімет» шлюзінің, «электрондық үкімет» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясының қағидаларына сәйкес Оператор сервистердің интеграциясын техникалық іске асыруды жүзеге асыратын, «электрондық үкімет» шлюзінің әкімшісі болып табылады. Осылайша, «электрондық үкіметтің» Сервистік интеграторы ақпараттық жүйелердің ғана емес, технологиялық платформалардың, сервистік бағдарламалық өнімдердің интеграциясын ұйымдастырумен айналысатын болады.
|
|
38-баптың жаңа
2-1-тармағы
|
38-бап. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
.....
Жоқ
|
38-бап. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
…….
2-1. Мемлекеттік заңды тұлғаның мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған ақпараттық жүйесі және мемлекеттік емес ақпараттық жүйе Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы стандарттарға, ақпараттық жүйенің өмірлік циклына сәйкес және:
1) уәкілетті органмен келісілген техникалық тапсырма;
2) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижелері бар акті;
3) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестаты талаптарының қамтамасыз етілуі ескеріле отырып құрылады, пайдаланылады және дамытылады;
Осы тармақта белгіленген талаптар өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы интеграцияланған кезде қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйелеріне қолданылмайды.
4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтау талаптарының қамтамасыз етілуі ескеріле отырып құрылады, пайдаланылады және дамытылады.
|
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жетілдіру, «Doing Business» рейтингісіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу, жүзеге асырылған төлемдер және(немесе) бюджетке ақы төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға және әлеуметтік аударымдарға байланысты ақша аударымдары туралы мәліметтер және ақпарат беру бөлігінде) мақсатында.
|
|
42-баптың
3-тармағының
3-бөлігі
|
42-бап. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіндегі электронды ақпараттық ресурстарды өңдеу, сақтау және резервтік көшірмесін жасау құралдарына арналған міндетті талаптар.
Мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстарды резервтік көшірудің мерзімділігі ақпараттық жүйеге арналған нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленеді.
|
42-бап. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіндегі электронды ақпараттық ресурстарды өңдеу, сақтау және резервтік көшірмесін жасау құралдарына арналған міндетті талаптар.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік көшірудің мерзімділігі ақпараттық жүйеге арналған техникалық құжаттамада белгіленеді.
|
1-баптың 55) тармағында қабылданған терминологияға сәйкестендіру.
|
|
43-баптың атауы
|
43-бап. Ақпараттық жүйелердің интеграциясы
|
43-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы
|
|
|
43-баптың
1-тармағы
|
43-бап. Ақпараттық жүйелердің интеграциясы
1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «электрондық үкімет» шлюзінің, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
|
43-бап. Ақпараттық жүйелердің интеграциясы
1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
|
Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру шеңберінде қазіргі уақытта сервистік бағдарламалық өнімдердің, технологиялық платформалардың ақпараттық өзара іс-қимылы көзделіп отыр. Алайда, бүгінгі күні осы ақпараттандыру объектілерін интеграциялау процесі мен тәртібі регламенттелмеген.
Көрсетілген объектілердің өзара іс-қимыл жасау процесін регламенттеуді қамтамасыз ету үшін интеграциялау қағидаларына өзгерістер мен толықтыру енгізу қажет.
|
|
43-баптың
3-тармағы
|
43-бап. Ақпараттық жүйелердің интеграциясы
3. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйені мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен бөлек немесе мемлекеттік органның өзге ақпараттық жүйесімен бір мезгілде интеграциялаған жағдайда, қолжетімділік «электрондық үкімет» шлюзінің, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
|
43-бап. Ақпараттық жүйелердің интеграциясы
3. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйені мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен бөлек немесе мемлекеттік органның өзге ақпараттық жүйесімен бір мезгілде немесе «электрондық үкіметтің» басқа ақпараттандыру объектілерімен интеграциялаған жағдайда, электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті ұйымдастыру «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
|
Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру шеңберінде қазіргі уақытта сервистік бағдарламалық өнімдердің, технологиялық платформалардың ақпараттық өзара іс-қимылы көзделіп отыр. Алайда, бүгінгі күні осы ақпараттандыру объектілерін интеграциялау процесі мен тәртібі регламенттелмеген.
Көрсетілген объектілердің өзара іс-қимыл жасау процесін регламенттеуді қамтамасыз ету үшін интеграциялау қағидаларына өзгерістер мен толықтыру енгізу қажет.
|
|
43-баптың жаңа
4-тармағы
|
43-бап. Ақпараттық жүйелердің интеграциясы
...........
Жоқ
|
43-бап. Ақпараттық жүйелердің интеграциясы
…….
4. Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалылығын тексеру бойынша сервистерін пайдалану үшін мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі мен мемлекеттік емес ақпараттық жүйенің «электрондық үкіметтің» шлюзіне қосылуы талап етілмейді.
|
Куәландырушы орталықтың сервистері сұрау салуларды барынша қысқа уақыт аралығында өңдеуге тиісті болғанына байланысты сұрау салу бойынша ақпаратты жедел алуды қамтамасыз ету үшін, бұл тұтас алғанда куәландырушы орталығы көрсететін қызметтердің сапасына ықпал етеді.
|
|
44-баптың
1-тармағы
|
44-бап. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар
1. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйенің мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграциясы «электрондық үкімет» шлюзінің, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясы қағидаларына сәйкес тек қана «электрондық үкіметтің» шлюзі немесе «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы (төлемдерді жүзеге асыру мақсатында) жүзеге асырылады.
Мемлекеттік емес ақпараттық жүйе мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстарға тек меншік иелері арасындағы келісімде көрсетілген көлемде ғана қол жеткізе алады.
|
44-бап. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар
1. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйенің мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграциясы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы қағидаларына сәйкес тек қана «электрондық үкіметтің» шлюзі немесе «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы (төлемдерді жүзеге асыру мақсатында) жүзеге асырылады.
|
Ақпараттық сервистік модельді жүзеге асыру шеңберінде қазіргі уақытта ақпараттық сервистік бағдарламалық өнімдердің, технологиялық платформасының өз-ара іс-қимылы қарастырылады.
Алайда, бүгінгі күні процесс және аталған ақпараттандыру нысандарында интеграция тәртібі реттелмеген. Аталған нысандарда үдерістердің өзара реттелуін қамтамасыз ету мақсатында интеграция ережесіне түзетулер мен толықтырулар енгізу міндеттеледі.
|
|
44-баптың
2-тармағы
|
«2. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйенің электронды ақпараттық ресурстары, интерфейсі, нормативтік-техникалық құжаттамасы және басқа да ілеспе құжаттары қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады және сақталады.
|
44-бап. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар
2. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйенің электрондық ақпараттық ресурстары, интерфейсі, техникалық құжаттамасы және басқа да ілеспе құжаттары қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады және сақталады.
|
1-баптың 55) тармағында қабылданған терминологияға сәйкестендіру.
|
|
44-баптың
3-тармағы
|
44-бап. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар
3. Ақпараттық жүйені өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау туралы акті, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижелері бар акті, техникалық құжаттаманың сараптамасы және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестаты болған кезде мемлекеттік емес ақпараттық жүйе мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланады.
|
44-бап. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар
3. Ақпараттық жүйені өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау туралы акті, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижелері бар акті, техникалық құжаттаманың сараптамасы және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестаты болған шартта мемлекеттік емес ақпараттық жүйе мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланады.
Осы тармақта белгіленген талаптар өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы интеграцияланған кезде қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйелеріне қолданылмайды.
|
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жетілдіру, «Doing Business» рейтингісіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу, жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) бюджетке ақы төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға және әлеуметтік аударымдарға байланысты ақша аударымдары туралы мәліметтер және ақпарат беру бөлігінде) мақсатында.
Өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген ЭҮСШ арқылы интеграцияланған жағдайда қаржы ұйымының АЖ-сы үшін міндетті аттестаттау рәсімінен өту жөніндегі талаптарға ерекшелік енгізіледі.
ЭҮСШ белгіленген функционалдық талаптар мен АҚ қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды ескере отырып, іске асырылуы тиіс, тек қана осындай жағдайда АҚ талаптарына сәйкестігіне аттестаттаудан өтпеген МЕАЖ-мен интеграциялау кезінде АҚ-ны қамтамасыз ету мәселелері шешіледі.
|
|
45-бап
|
45-бап. Ақпараттандырудың сервистік моделі
1. Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Ақпараттандырудың сервистік моделі "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына сәйкес реттеледі.
3. Ақпараттандырудың сервистік моделі ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер каталогына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы базасында мемлекеттік органдарға оператордың орталықтандырылған ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді көрсетуіне негізделген.
4. Ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету (алу) кезіндегі оператордың және мемлекеттік органдардың міндеттері және жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында және тараптардың келісімінде белгіленеді.
|
45-бап. Ақпараттандырудың сервистік моделі
1. Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру осы Заңға, ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына және ақпараттандыру саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Оператордың мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсетулерді, оның ішінде ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, іске асыру және көрсету осы Заңға және ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық – коммуникациялық қызметтерді көрсету бойынша оператормен шарт жасасады.
Ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мынадай ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады:
ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру қамтамасыз етілуін айқындау бойынша бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органның оң қорытындысы негізінде ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекітеді;
2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары тізімінің жобасын ақпараттық-коммуникациялық қызметтің бағасын анықтайтын бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органның оң қорытындысының негізінде бекітеді.
5. Ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын республикалық бюджет жобасына енгізу үшін мыналар:
ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының қаржылық қамтамасыз етілуін айқындау бөлігінде бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органның ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары тізімінің жобасына оң қорытындысы;
ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсетуді жобалауға бекітілген тапсырма;
3) республикалық бюджеттік комиссияның оң ұсынысы болып табылады.
6. Сервистік бағдарламалық өнімдер немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін жеткізушілерін белгілеу рәсімдері, ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу, орындау және тоқтату осы Заңға және ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асырудың мониторингі және бағалау ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
|
Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қатысушыларына шығындарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен қрастырылған мемлекеттік міндеттемелер түрінде өтеу кепілдігін қамтамасыз ету мақсатында жоспарлау, іске асыру және оператормен мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді көрсетудің жеңілдетілген процедураларымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы ұғымы енгізіледі, сонымен қатар жеткізушілердің қатысуын қарастырмайтын ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру бойынша ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру ерекшеліктері есептеледі.
|
|
46-бап
|
46-бап. Оператордың мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетуі
1. Мемлекеттік органдарға оператор көрсететін ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді іске асыру ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру және дамыту бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жүзеге асырылады.
3. Оператор, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның, сервистік бағдарламалық өнімдердің меншік иелері осы тұлғаларға тиесілі объектілерде орналастырылған мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын пайдалану және оларға билік ету құқығын иемденбейді.
4. Оператор уәкілетті орган бекіткен әдістеме негізінде ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтің құнын есептейді және уәкілетті органға келісу үшін ұсынады. Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы және олардың құны туралы ақпарат оператордың интернет-ресурсында орналастырылады.
5. Ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер каталогына енгізілетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер осы көрсетілетін қызметтерді алу түрлері мен субъектілеріне қарай сыныпталады.
6. Мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді көрсету сапасын мониторингтеу және осы көрсетілетін қызметтерді алушыларды консультациялық тұрғыдан қолдап отыруды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган және оператор Бірыңғай байланыс орталығын тартады.
7. Оператор ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында және тараптардың келісімінде белгіленген тәртіппен электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және ол үшін мемлекеттік органдар алдында жауапты болады.
8. Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес оператормен ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасады.
|
46-бап. Оператордың мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетуі
1. Оператор, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің, сервистік бағдарламалық өнімдердің меншік иелері осы тұлғаларға тиесілі объектілерде орналастырылған мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын пайдалануға және билік етуге құқықты сатып алмайды.
2. Оператордың мемлекеттік органға көрсететін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтің шекті құнын есептеу уәкілетті орган бекіткен әдістеме негізінде жүзеге асырылады.
3. Оператор мемлекеттік органдарға көрсететін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы және олардың құны туралы ақпарат оператордың интернет-ресурсында орналастырылады.
4. Ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер каталогына енгізілетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер осы көрсетілетін қызметтерді алу түрлері мен субъектілері бойынша сыныпталады.
5. Мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді көрсету сапасын мониторингтеу және осы көрсетілетін қызметтерді алушыларды консультациялық сүйемелдеуін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган және оператор Бірыңғай байланыс орталығын тартады.
6. Оператор ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында және тараптардың келісімінде белгіленген тәртіппен электронды ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және ол үшін мемлекеттік органдар алдында жауапты болады.
|
Жоғарыда көрсетілген қағидаларды ескере отырып редакцияланды.
|
|
47-баптың
3-тармағы
|
47-бап. Оператордың сервистік бағдарламалық өнімнің меншік иесімен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылы
…….
3. Сервистік бағдарламалық өнімнің меншік иесінің бастамасы бойынша келісім мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оператор сервистік бағдарламалық өнімді басқа сервистік бағдарламалық өніммен ауыстырғанға дейін оны пайдалануды жүзеге асыруға құқылы.
|
47-бап. Оператордың сервистік бағдарламалық өнімнің меншік иесімен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылы
……….
3. Сервистік бағдарламалық өнімнің меншік иесінің бастамасы бойынша келісім мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оператор сервистік бағдарламалық өнімді басқа сервистік бағдарламалық өніммен ауыстырғанға дейін оны пайдалануды жүзеге асырады.
|
Редакциялау, редакцияны айқындау
|
|
49-бап
|
49-бап. Бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық кодты, интернет-ресурсты, ақпараттық жүйені және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын сынау, сондай-ақ техникалық құжаттаманың сараптамасы
1. Бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық кодты, интернет-ресурсты және ақпараттық жүйелерді сынау олардың техникалық құжаттаманың, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақпараттандыру саласындағы стандарттарға сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
Техникалық құжаттамаға сараптама оның Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақпараттандыру саласындағы стандарттарға сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
Бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық кодты, интернет-ресурсты, ақпараттық жүйені сынау және техникалық құжаттаманы сараптау меншік иесінің немесе иеленушісінің бастамасы бойынша жүзеге асырылады және оны сынақ зертханалары осы Заңға және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізеді.
2. Сервистік бағдарламалық өнімді, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет-ресурсын және ақпараттық жүйесін, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйені, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйені ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынау міндетті болып табылады және ол осы Заңға сәйкес жүргізіледі.
|
49-бап. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздікке сынаулар, техникалық құжаттаманың сараптамасы, сондай-ақ сапаны бағалау мақсатындағы сынақтар
1. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке міндетті сынақтар міндетті түрде немесе меншік иесінің немесе иеленушісінің бастамасы бойынша жүргізіледі.
2. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке міндетті сынаққа жататын сынақ объектілеріне:
1) сервистік бағдарламалық өнім;
2) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасы;
3) мемлекеттік органның интернет-ресурсы;
4) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;
5) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыни аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйе;
6) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйе жатады.
3. Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалылығын растау бойынша сервистерін пайдалану үшін мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі мен мемлекеттік емес ақпараттық жүйенің Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтан өтуі міндетті емес.
4. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынауларға кіретін сынаудың әрбір объектісі үшін жұмыстар тізбесі сервистік бағдарламалық өнімді, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет-ресурсын және ақпараттық жүйені ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидаларында және әдістемесінде айқындалады.
5. Бағдарламалық қамтылымның, бағдарламалық кодтың, интернет-ресурстың және ақпараттық жүйелердің сапасын бағалау мақсатындағы сынақтар Қазақстан Республикасының бағдарламалық құжаттамасы мен Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы ақпараттандыру саласындағы стандарттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
6. Бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық кодты, интернет-ресурсты, ақпараттық жүйені сынау меншік иесінің немесе иеленушісінің бастамасы бойынша жүзеге асырылады және осы Заң мен Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес сынақ зертханалары жүргізеді.
7. Техникалық құжаттаманың сараптамасы оның Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы ақпараттандыру саласындағы стандарттардың талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі;
|
Міндетті сынақтан өткізуге жатпайтын ақпараттандыру объектілері иелерінің немесе иеленушісінің бастамасы бойынша ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтан өткізу және техникалық құжаттаманың Қазақстан Республикасының нормативтік құқтық актілері мен Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы ақпараттандыру саласындағы стандарттардың талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында сынау мүмкіндігі енгізіледі.
|
|
51-баптың
2-тармағының жаңа тармақшасы
|
51-бап. Аттестаттау
2. Мыналар:
1) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;
2) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйе;
3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйе;
4) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасы;
5) мемлекеттік органның интернет-ресурсы міндетті түрде аттестатталуға жататын аттестаттау объектілері болып табылады.
|
51-бап. Аттестаттау
2. Мыналар:
…..
2) мемлекеттік заңды тұлғаның ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйе;
Осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген талаптар өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы интеграцияланған кезде қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйелеріне қолданылмайды.
|
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жетілдіру, «Doing Business» рейтингісіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу, жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) бюджетке ақы төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға және әлеуметтік аударымдарға байланысты ақша аударымдары туралы мәліметтер және ақпарат беру бөлігінде) мақсатында.
|
|
51-баптың
2-тармағының екінші бөлігі
|
51-бап. Аттестаттау
…….
2. Мыналар:
..........
5) мемлекеттік органның интернет-ресурсы міндетті түрде аттестатталуға жататын аттестаттау объектілері болып табылады.
Жоқ
|
51-бап. Аттестаттау
…….
2. Мыналар:
..........
5) мемлекеттік органның интернет-ресурсы міндетті түрде аттестатталуға жататын аттестаттау объектілері болып табылады.
Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалылығын тексеру бойынша сервистерін пайдаланған кезде осы тармақта көрсетілген аттестаттау объектілері үшін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өту талап етілмейді.
|
Куәландырушы орталықтың сервистерді беруі куәландырушы орталығының ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдері мен қатерлерінің болуын көздемейтініне байланысты.
Бұл ретте сыртқы жүйенің жазбаларын енгізу және сақтау жүргізілмейді.
|
|
51-баптың
12-тармағының 3) тармақшасы
|
51-бап. Аттестаттау
……..
12. Уәкілетті орган аттестаттау объектісінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестатын кері қайтарып алу туралы шарттары мынадай:
……….
3) ақпараттық жүйенің жұмыс істеуі мен функционалдығы шарттары өзгерген
|
51-бап. Аттестаттау
……..
12. Уәкілетті орган аттестаттау объектісінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестатын кері қайтарып алу туралы шарттары мынадай:
………
3) осы баптың 2-тармағында көрсетілген аттестаттау объектісінің жұмыс істеуі мен функционалдығы шарттары өзгерген;
|
Редакциялық түзету Заңның 51-бабының
2-тармағымен үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.
|
|
51-баптың
12-тармағының
4) тармақшасы
|
51-бап. Аттестаттау
……..
12. Уәкілетті орган аттестаттау объектісінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестатын кері қайтарып алу туралы шарттары мынадай:
………
4) ақпараттық жүйені пайдалану тоқтатылған жағдайларда қабылдайды.
|
51-бап. Аттестаттау
……..
12. Уәкілетті орган аттестаттау объектісінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестатын кері қайтарып алу туралы шарттары мынадай:
………
4) осы баптың 2-тармағында көрсетілген аттестаттау объектісін пайдалану тоқтатылған жағдайларда қабылдайды.
|
Редакциялық түзету Заңның 51-бабының
2-тармағымен үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.
|
|
55-баптың
3-тармағының
3) тармақшасы
|
«55-бап. Электронды ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау шаралары
3. Электронды ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларына:
.....
Жоқ
|
55-бап. Электронды ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларына:
3.Электронды ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларына:
3) ақпараттандыру объектілері меншік иелерінің немесе иеленушілерінің қорғау шараларын айқындауы үшін бекітілген қорғау профильдерінің негізінде қауіпсіздік жөніндегі тапсырманы әзірлеу жатады.
|
Ақпараттандыру объектілері иеленушілерінің (иелерінің) қорғау шараларын айқындауына арналған үлгілік қорғау профильдерін пайдалану жолымен ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ақпараттандыру объектілерін қорғаудың техникалық шарасын айқындау мақсатында 3-тармақты
3) тармақшамен толықтыруды ұсынамыз.
3-тармақты
3) тармақшамен толықтыру ақпараттандыру объектілері иелерінің қойылған талаптар үлгілік қорғау профильдерінде көрсетілген талаптардан кем болмауы тиіс бекітілген ең төменгі талаптардың негізінде (үлгілік қорғау профилі) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын сәйкестендіруі қажеттілігімен шарттасылады.
|
|
59-баптың
2-тармағы
|
59-бап. Техникалық тапсырманы және жобалауға арналған тапсырманы келісу……..
2. "Электронды үкiметтiң" сервистік интеграторы әзірлеген сервистік бағдарламалық өнімді жасау немесе дамыту жөніндегі жобалауға арналған тапсырманы келісуді тиісті салаға (аяға) жетекшілік ететін мемлекеттік орган құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешікпейтін мерзімде жүзеге асырады.
|
59-бап. Техникалық тапсырманы және жобалауға арналған тапсырманы келісу……..
2. "Электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы әзірлеген ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманы келісуді тиісті салаға (аяға) жетекшілік ететін мемлекеттік орган ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларында айқындалған тәртіпке және мерзімге сәйкес жүзеге асырады.
|
6-т. қағидасын ескере отырып, редакцияны нақтылау
|
|
66-бап
|
66-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаты жоқ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері бар мемлекеттік органдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл ішінде міндетті аттестатталуға жататын аттестаттау объектілеріне аттестаттау жүргізеді.
Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің техникалық құжаттамасы және (немесе) оның ақпараттық жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы растаушы құжаттары болмаған жағдайда, мемлекеттік органдар осы тармақта белгіленген мерзімдерде ақпараттандыру объектілерін пайдалану жөніндегі жалпы міндеттерді, қағидаттарды және қағидаларды айқындайтын қалпына келтірілген техникалық құжаттаманы және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін регламенттейтін құжаттарды бере отырып, осындай ақпараттық жүйеге аттестаттау жүргізеді.
|
66-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынау хаттамасы және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаты жоқ мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері бар мемлекеттік органдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл ішінде олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынау және аттестаттау жүргізеді.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсына, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің техникалық құжаттамасы және (немесе) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі мен мемлекеттік органның интернет-ресурсын өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы растаушы құжаттары болмаған жағдайда, мемлекеттік органдар осы тармақта белгіленген мерзімдерде ақпараттандыру объектілерін пайдалану жөніндегі жалпы міндеттерді, қағидаттарды және қағидаларды айқындайтын қалпына келтірілген техникалық құжаттаманы және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін регламенттейтін құжаттарды бере отырып, оларға сынақ, техникалық құжаттамаларына сараптама, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ және аттестаттау жүргізеді.
Осы тармақта белгіленген мерзімдерде мемлекеттік органдар осы тармақта көрсетілген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің лицензиялық бағдарламалық өнімдерін және техникалық құралдарын және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын сүйемелдеуді, жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, сондай-ақ техникалық қолдауды жүзеге асыра алады.
2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған немесе мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынау хаттамасы және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаты жоқ мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл ішінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынау мен аттестаттаудан өтеді.
|
01.01.2016 жылға дейін қолданысқа берілген барлық МО АЖ, олардың міндетті түрде ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сынақ пен аттестаттаудан өтуі, сонымен қатар бағдарламалық құжаттардың стандарт талаптарына сәйкестігіне сараптама және МО АЖ сапасына сынақ бойынша Заң нормалары талаптарына сәйкестендіру мақсатында енгізіледі.
«Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің техникалық құжаттамасы және (немесе) оның ақпараттық жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы растаушы құжаттары болмаған жағдайда мемлекеттік органдар аттесттаттау жүргізеді...» деген сөйлемде қате кеткен – осыған байланысты редакцияны жақсарту мақсатында не «оның» сөзін не «ақпараттық жүйелер» сөзін алып тастау қажет.
2016 жылға дейін өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген АЖ-нің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін және орындалуын бағалау үшін енгізіледі.
|
«Пошта туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі Заңы
|
|
5-бап
1-тармағының 12) тармақшасы
| 5-бап. Пошта саласындағы мемлекеттік органдардың құзыреті
12) кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық пошта операторының немесе пошта операторларының өтініштері бойынша халықаралық пошта алмасу орындарын бекітеді;
| 5-бап. Пошта саласындағы мемлекеттік органдардың құзыреті
Алынып тасталсын
|
«Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы, 59)-тармақшасына сәйкес халықаралық пошталық алмасу орны халықаралық пошталық жіберулердің кіріс және шығыс өңдеулері жүзеге асатын өндірістік объект болып табылады, сонымен бірге көрсетілген жіберулерге мемлекеттік кірістер органдары арқылы кедендік бақылау жүргізіледі.
«Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабы 4-тармағына сәйкес халықаралық пошталық алмасу және транзит тағайындалған оператормен меншікті қаражаты есебінен құрылатын халықаралық пошталық алмасу орындарында жүзеге асады.
Дүниежүзілік пошта одағына мүше елдің мемлекеттің тағайындалған операторы Дүниежүзілік пошта одағы актілерінен туындайтын міндеттерді орындауға міндетті.
Бұған байланысты пошта операторлары мен поштаның Ұлттық операторлары, тағайындалған операторлыққа өкілеттілігі болмаса, халықаралық пошталық алмасу орнын жасауға құқығы жоқ.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодекстің 422-бабы 1-тармағына сәйкес, халықаралық пошталық жөнелтулердегі жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операциялар, халықаралық пошталық алмасу орындарында (мекемелерінде) немесе кедендік органдар арқылы белгіленген орындарда, кедендік органдар арқылы жүргізіледі.
Осылайша, халықаралық пошталық алмасу орнын анықтау бойынша мемлекеттік органдар қызметтерінің қайталануын болдырмау үшін уәкілетті органның пошта саласындағы халықаралық пошталық алмасу орнын бекіту жөніндегі
құзыретін алып тастауды ұсынамыз.
|