Рұқсаттық тәртіпті хабарлау тәртібіне ауыстыруды енгізуге байланысты (радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиiлiктi құрылғыларын қоса алғанда, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалануға рұқсаттар беру).
|
9-баптың
2-тармағының
10) тармақшасы
|
9-бап. Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары
2.Уәкілетті органның радиожиілік спектрін реттеу кезіндегі негізгі функциялары мыналар болып табылады:
....
10) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемді есептеу әдістемесін бекіту.
|
Алып тастау
|
Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемдер мөлшерлемелері ҚР Салық кодексімен айқындалған (514-бап).
Осыған байланысты радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемді есептеу әдістемесін әзірлеу қажеттілігі жоқ.
|
|
9-1-бабының
1-тармағының
4) тармақшасы
|
9-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия
«4) халықаралық электр байланысы одағындағы Қазақстан Республикасының орбиталық-жиілікті ресурсын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық сүйемелдеу;»
|
9-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия
4) Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурстарын және орбиталық ұстанымдарын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық сүйемелдеуді;
|
Халықаралық-құқықтық қорғау тек орбиталық жиілікті ресурстарына ғана жүргізілмейді, ол барлық жиілікті игерулерге жүргізіледі, осыған байланысты Қазақстан Республикасының жер бетіндегі қызметтерінің жиілікті игерулерінің, радиожиілікті ресурсын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық сүйемелдеу жүргізу қажет.
|
|
9-1-баптың
1-тармағы
|
9-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия
1.Мемлекеттік техникалық қызмет байланыс саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
....
5) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесін техникалық сүйемелдеу;
жоқ
|
9-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия
1.Мемлекеттік техникалық қызмет байланыс саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
....
5) алып тасталсын;
|
ҚР ТЖОБ жұмыс істеуін өздерінің инфрақұрылымында өз қаражаты есебінен қамтамасыз ету міндеті байланыс операторларына берілгеннен кейін техникалық сүйемелдеу жөніндегі
5) тармақшасы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталады.
|
|
10-баптың
1-тармағы
1) тармақшасы
|
10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1. Облыс әкімияты (республикалық маңызы бар қаланың, елорданың):
1) қызметін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасы әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен бірге, үкіметтік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс ғимараттарының, телекоммуникация жолдары мен басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын айқындайды және әзірлейді;
|
10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1) қызметін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасы әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен бірге, үкіметтік және президенттік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс ғимараттарының, байланыс желілері мен басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын айқындайды және әзірлейді;
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №814 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын байланыстың халықаралық және басқа да түрлерімен қамтамасыз ету функциялары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен атқарылады.
|
|
10-баптың
2-1) тармақшасы
|
10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
2-1) жылжымалы байланыс желісінің абонеттік құрылғыларының идентификациялық кодының бірыңғай мәліметтер базасының дамуын, сүйемелдеуін, қалыптасуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оның ресурстарына қолжетімділікті ұсыну;
|
10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
2-1) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысының идентификаттау кодтарының бірыңғай дерекқорын қалыптастыруды, жұмыс істеуін, сүйемелдеу мен дамытуды қамтамасыз етуді және оның ресурстарына қол жетуге рұқсат береді;
|
Редакцияны айқындау, желі қозғалмайды, желілер бекітілген және мобильді байланыс желілеріне бөлінеді. Ұялы байланыс желілері мобильдік байланыс желісінің бір түрі болып табылады. Ұялы байланыс желілерінің абоненттік құрылғылары тіркелуге жатады.
|
|
11-баптың
3-тармағы
|
11-бап. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу
3. Шектеулі ұлттық ресурс болып табылатын радиожиілік спектрін пайдалану ақылы негізде жүзеге асырылады. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары, оны есептеу мен мемлекеттік бюджетке төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.
жоқ
|
11-бап. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу
3. Шектеулі ұлттық ресурс болып табылатын радиожиілік спектрін пайдалану ақылы негізде жүзеге асырылады. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақының жылдық мөлшерлемелері, оны есептеу және мемлекеттік бюджетке төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.
Ұялы байланысты ұйымдастыру үшін радиожиілікті және радиоэлектрондық құралдарды бірлесіп пайдалану кезінде радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем Қазақстан Республикасының Салық кодексімен айқындалған тәртіппен оған иелікке берілген жиіліктер белдеуі, радиожиілік (радиожиілікті арнасы) үшін әрбір байланыс операторымен жүзеге асырылады.
|
Радиожиілікті спектрді пайдаланған үшін екі реттік төлемді болдырмау мақсатында, Салық кодексімен айқындалған мөлшерлемелерге сәйкес, радиожиілікті спектрді пайдалануға берілген рұқсаттарға сәйкес әрбір оператор төлем енгізеді.
|
|
12-баптың
2-1-тармағы
|
12-бап. Радиожиілік спектрін бөліп беру, жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлектеу және иелікке беру (тағайындау) жөніндегі жалпы ережелер
........
Жоқ
|
12-бап. Радиожиілік спектрін бөліп беру, жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлектеу және иелікке беру (тағайындау) жөніндегі жалпы ережелер
........
2-1. Қазақстан Республикасының барлық аумағында ұялы байланыс қызметін көрсету үшін радиожиілік спектрін бөліп беру Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдары негізінде радиожиілік спектрін бөліп беру үшін біржолғы төлемақыны енгізу арқылы жүзеге асырылады. Біржолғы төлемақының көлемін уәкілетті орган айқындайды және тиісті радиобайланыс түрінің радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлем мөлшерлемесінен төмен болмауы керек. Бұл ретте байланыс операторына радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілетін аумақты не елді мекендерді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету міндеттемелері жүктеледі.
|
Қазақстан Республикасының радиожиілік бойынша Ведомствоаралық комиссиясының Ережесіне сәйкес Комиссия қызметіне радиожиілік спектрін бөлуді жоспарлау және қолдану сияқты ұсыныстар әзірлеу кіреді.
Бұл норма 3G, 4G, 5G және т.б. жаңа технологияларды енгізу кезінде қолданыстағы ұялы байланыс операторларына жиіліктерді бөлу механизмін анықтау үшін қажет
|
|
12-баптың
5-1-тармағы
|
12-бап. Радиожиілік спектрін бөліп беру, жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлектеу және иелікке беру (тағайындау) жөніндегі жалпы ережелер
........
5-1. Жеке және заңды тұлғаларға өздеріне иелікке берілген жиілік белдеулеріне, радиожиіліктерге (радиожиілік арналарына) құқығын басқа жеке немесе заңды тұлғаларға уақытша немесе тұрақты пайдалануға беруге тыйым салынады.
|
12-бап. Радиожиілік спекторын тарату, жиілік жолағы, радижиілік (радиожиілік каналдары) тарату, бөлу және беру жөніндегі жалпы ережелері
5-1. Жеке және заңды тұлғаларға:
1) ішкіөндірістік қызмет үшін радиожиілікті радиожиілік спектрін негізгі пайдаланушы келісім берген жағдайда, бірлесіп пайдалану жағдайларын қоспағанда, өздеріне берілген жиілік белдеулерін (жиілік арналаран) басқа жеке немесе заңды тұлғаларға уақытша немесе тұрақты пайдалану құқығын беруіне тыйым салынады. Бұл ретте әрбір пайдаланушыға радижиілік спектрін пайдалануға арналған жеке рұқсат ресімделеді;
2) ұялы байланыс ұйымына бөлінген радижиілікті бірлесіп пайдалану жағдайларын қоспағанда, иелікке берілген жиілік белдеулерін, радиожиіліктерге (радиожиілік арналарын) басқа жеке немесе заңды тұлғаларға уақытша немесе тұрақты құқығын пайдалану беруіне тыйым салынады.
Бұл ретте радижиілікті бірлесіп пайдалану шартпен ресімделеді.
|
Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 07.12.2016 жылғы №17-5/07-464 Хаттамалық тапсырмасының 1.3-тармағына сәйкес «3. Инвестициялар және даму бойынша министрлікке 2016 жылдың 1-тоқсаны соңына дейін келісім шарттар негізінде ұялы байланыс операторларына ұялы байланыс үшін бөлінген радиожиілікті бірлесіп пайдалануға қатысты нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстарды әзірлеу».
|
|
12-баптың
6-1-тармағы
|
12-бап. Радиожиілік спекторын тарату, жиілік жолағын, радиожиілікті (радиожиілікті каналды) бөлу және беру (тағайындау) жөніндегі жалпы ережелер
6-1. жоқ
|
12-бап. Радиожиілік спекторын тарату, жиілік жолағын, радиожиілікті (радиожиілікті каналды) бөлу және беру (тағайындау) жөніндегі жалпы ережелер
6-1. Ғарыш аппараттарын пайдалануды көздейтін байланыс қызметтерін ұйымдастыру үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) иелікке беру (тағайындау) тек Қазақстан Республикасының резиденттеріне тиесілі ғарыш аппараттарын пайдаланған жағдайда және (немесе) Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары және (немесе) өкілдіктері арқылы қызмет көрсеткен жағдайда, шетелдік заңды тұлғаларға жүзеге асырылады.
|
Транспондерлік сыйымдылықты ұсыну бойынша қызметтерді көрсететін және Қазақстанда тіркелмеген шетел компаниялары сол сияқты салықтарды төлеу үшін
|
|
14-баптың
1-тармағы
|
14-бап.Төтенше жағдайларда, төтенше жағдай енгізілгенде байланыс желілерін басқару
1. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілерін басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша, үкiметтiк байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
|
14-бап.Төтенше жағдайларда, төтенше жағдай енгізілгенде байланыс желілерін басқару
1. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілерін басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша, үкiметтiк және президенттік байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №814 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын байланыстың халықаралық және басқа да түрлерімен қамтамасыз ету функциялары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен атқарылады.
|
|
14-баптың
4-тармағы
|
14-бап.Төтенше жағдайларда, төтенше жағдай енгізілгенде байланыс желілерін басқару
4. Байланыс операторлары қатер туғанда немесе әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері пайда болғанда және ол алынғанда, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесі үшін төтенше жағдай енгізілгенде қоңырау шалған абоненттің орнын анықтау бойынша және халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқаша текстік хабарламалар тарату үшін «112» бірегей кезекшілік – диспечерлік қызметке өз қызметін ақысыз негізде беруі тиіс. Аталған мақсаттарда байланыс операторлары желісін пайдалану тәртібін өкілетті органдар белгілейді.
|
14-бап.Төтенше жағдайларда, төтенше жағдай енгізілгенде байланыс желілерін басқару
4. Байланыс операторлары өтеусіз негізде бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе қатер туындаған және жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланысының абоненттік құрылғысына қысқа мәтіндік хабарлар жіберу жөнінде қызметтер көрсетуге міндетті. Көрсетілген мақсаттарда байланыс операторларының желілерін пайдалану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
|
Баспаны айқындау, абоненттік құрылғы түсінігі телефонды білдіреді.
|
|
15-баптың тақырыбы
|
15-бап.Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлер мәліметтерінің орталықтандырылған базасы операторларының, жылжымалы желі абоненттік құрылғыларының идентификциялық кодтарының мәліметтерінің бірегей базасы операторларының оперативті-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара байланысы;
|
15-бап. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлер мәліметтерінің орталықтандырылған базасы операторының, ұялы байланыс желісі абоненттік құрылғыларының идентификаттау кодтары мәліметтерінің бірыңғай дерекқоры операторының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара байланысы
|
Редакцияны айқындау, желі қозғалмайды, желілер бекітілген және мобильді байланыс желілеріне бөлінеді. Ұялы байланыс желілері мобильдік байланыс желісінің бір түрі болып табылады. Ұялы байланыс желілерінің абоненттік құрылғылары тіркелуге жатады.
|
|
15-баптың 1-тармағының
2-тармақшасы
|
15-бап. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлер мәліметтерінің орталықтандырылған базасы операторларының, жылжымалы желі абоненттік құрылғыларының идентификциялық кодтарының мәліметтерінің бірегей базасы операторларының оперативті-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара байланысы;
2)Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтаған тәртіпте қызметтік ақпарттарды жинау және сақтауды жүзеге асыру.
|
15-бап.Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлер мәліметтерінің орталықтандырылған базасы операторларының, ұялы байланыс желісі абоненттік құрылғыларының идентификциялық кодтарының мәліметтерінің бірегей базасы операторларының оперативті-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара байланысы;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды жүзеге асыруға міндетті. Абонеттер туралы қызметтік ақпаратты сақтау тек қана Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге роумингтегі Қазақстан Республикасының абоненттеріне байланыс қызметтерін көрсеткен жағдайларды қоспағанда, абоненттер туралы қызметтік ақпаратты беруге тыйым салынады.
|
роуминг – ұялы байланыс операторларының арасындағы роумингтік келісім негізінде басқа мемлекетте ұялы байланыс операторының желісінде ұялы байланыс операторының абонентіне ұялы байланыс қызметін көрсету. Роумингті жүзеге асыру үшін басқа мемлекетте абоненттік құрылғының (абоненттің ұялы телефонының) және байланыс операторының желісі арасындағы техникалық үйлесімділігі қажет.
|
|
15-баптың
2-тармағы
|
15-бап.Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлер мәліметтерінің орталықтандырылған базасы операторларының, жылжымалы желі абоненттік құрылғыларының идентификциялық кодтарының мәліметтерінің бірегей базасы операторларының оперативті-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара байланысы;
2. Ұялы байланыс операторлары желіде жұмыс істейтін жылжымалы желі абоненттік құрылғыларының идентификациялық кодтарының реестерін жүргізуге міндетті. Желіде идентификациялық кодтары ұқсас бірнеше абонеттік құрылғыныбайқаған жағдайда ұлы байланыс операторы ол туралы Қазақстан Репсубликасының Үкіметі белгілеген тәртіпте оперативті-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті органдарға хабарлауға міндетті.
|
15-бап.Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлер мәліметтерінің орталықтандырылған базасы операторларының, жылжымалы желі абоненттік құрылғыларының идентификциялық кодтарының мәліметтерінің бірегей базасы операторларының оперативті-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара байланысы;
2. Ұялы байланыс операторлары олардың желілерінде жұмыс атқаратын ұялы байланыс желілерінің абоненттік құрылғыларының идентификаттау кодтарының тізімін жүргізуге міндетті. Желіде ұқсас идентификаттау кодтары бар бірнеше ұялы байланыс желілерінің абоненттік құрылғылары анықталған жағдайда ұялы байланыс операторы бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті органдарды хабардар етуге міндетті.
|
Баспаны айқындау, желі қозғалмайды, желілер бекітілген және мобильді байланыс желілеріне бөлінеді. Ұялы байланыс желілері мобильдік байланыс желісінің бір түрі болып табылады. Ұялы байланыс желілерінің абоненттік құрылғылары тіркелуге жатады.
|
|
15-баптың
2-1-тармағы
|
15-бап. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлер мәліметтерінің орталықтандырылған базасы операторларының, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара байланысы;
«2-1. абоненттік нөмірлер мәліметтерінің орталықтандырылған базасы операторларыжедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға байланыс желілерінде, ұялы байланыс абонеттік номерлері жайында мәліметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті. »
|
15-бап. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлер мәліметтерінің орталықтандырылған базасы операторларының, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара байланысы;
2-1. Абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының операторы байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорындағы ұялы байланыстың көшірілген абоненттік нөмірлері туралы мәліметтерге қол жеткізу қамтамасыз етуге міндетті.
|
2-1 тармағындағы өзгертулер, абоненттік нөмірлер мәліметтерінің орталықтандырылған базасының операторы ұялы байланыстың аударылған абоненттік номерлері туралы мәліметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге құқылы.
|
|
15-баптың
2-2-тармағы
|
|