Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар


-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



жүктеу 1,32 Mb.
бет13/17
Дата21.11.2018
өлшемі1,32 Mb.
#22631
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

...

Жоқ

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:


4-2) баланың жасына сәйкес келетін ақпарат – қолжетімділікті баланың физикалық, психикалық даму деңгейіне сәйкес оның заңды өкілі немесе білім беру ұйымы айқындайтын ақпарат;

Білім ұйымдарындағы балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында




43-баптың

3-тармағының

11-2) тармақшасы


43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті

3. Білім беру ұйымдарының құзыретіне мынадай функциялар:

....

Жоқ


43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті

3. Білім беру ұйымдарының құзыретіне мынадай функциялар жатады:

....


11-2) балаларды денсаулығына және дамуына зиянын тигізетін ақпаратқа қол жетімділікті шектеуге арналған техникалық және бағдарламалық мүмкіндіктерді қолдана отырып, байланыс операторлары көрсететін Интернет желісіне қолжеткізу қызметтерін пайдалана отырып, білім беру ұйымдарында Интернет желісіне балалардың қол жеткізуін қамтамасыз ету;

Білім ұйымдарындағы балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында


«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңы



1-баптың

1-1), 1-2), 1-3) тармақшалары



1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар

….
Жоқ



1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар

….
1-1) балалар телебағдарламасы – нөлден 12 жасқа дейінгі балаларға арналған, осы жастағы топ үшін сюжеттік сипаты бар телебағдарлама;

1-2) білім беру телебағдарламасы – мазмұны телекөрерменді оқытуға бағытталған, ғылымның, мәдениеттің, өндірістің, өнердің, әлеуметтік өмірдің бір саласындағы нақты білім жүйесінде дербес мәні бар, адамдардың көпшілік тобына арналған телебағдарлама;

1-3) діни телебағдарлама – дін саласы мәселелері бойынша халықты ақпараттандыруға және олардың сауаттылығын арттыруға бағытталған телебағдарлама;



Балалар бағдарламасына анықтама беру қажет етіледі.




1-баптың

2-1) тармақшасы



1-бап. Осы заңда қолданылатын негізгі ұғымдар

….

Жоқ



1-бап. Осы заңда қолданылатын негізгі ұғымдар

….

2-1) дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушы – телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының аумағында өзінің спутниктік хабар тарату жүйесіне ие телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналды дара қабылдауға арналған жабдықты, телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты қолжетімділік карталарын тарататын жеке немесе заңды тұлға;



Аталған түзету заң жүзінде теле-, радиохабарларын тарататын тұлғалар субъектілерінің «сұр тәрелкелер» атауына ие таратушылардың сапалық тұрғысын айқындайды және отандық телерадиохабарларын таратушыларға тең құқықтық ереже қалыптастырады.




1-баптың

9) тармақшасы



1-бап Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
9) ретрансляция – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын қолдану арқылы теле-, радио бағдарламаларды, теле-, радиоарналарды қабылдау және бір мезгілде жазылымды телекоммуникациялар желісінде тарату;

1-бап Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
9) ретрансляция – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникациялар желілерінде тарата отырып, теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды қабылдау және сонымен бір мезгілде не жазып алып тарату;

Интернет желісіндегі хабар таратуды реттеуге байланысты.



1-баптың

11-1) тармақшасы




1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар


Жоқ



1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар


11-1) телегазет – мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланатын, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарының меншік иелерінің Интернет-ресурстарының желісінде телерадио хабарларын тарату операторларының электрондық форматта адамдардың шектеусіз тобы үшін тарататын ақпараты;



Телегазет анықтамасын енгізу – телехабар тарату саласында еліміздің инновациялық дамуына жаңа қадам болып табылады.

«Телегазет» жобасы 2014 жылы 2 шілдеде «Индустриализациялау күні» аясында, Астана қаласы «Назарбаев орталығы» Мемлекет басшысы Нұрсултан Назарбаевтың қатысуымен іске қосылды. Осы жоба 2015 жылдан бастап Ұлттық теле-, радиохабарларын тарату операторымен

мемлекеттік тапсырмаға сай, «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» (қызметтің жалпы сомасы 2015 жылы 25,1 млн.тг., 2016 жылы 15,8 млн.тг. құрады) бюджеттік бағдарламаға сәйкес іске асырылуда.

«Телегазет» қызметі және/немесе ұлттық теле-, радиохабарларын тарату операторы желісінде мерзімді басылымдардың электронды нұсқаларын Қазақстанда және Достастық елдерінде тарату бойынша аналогы жоқ. Бұл абоненттер өз теледидарларының экранында оқуға ыңғайлы форматта, күнделікті жаңалықтардың жаңартылуын қамтамасыз етумен, басылымның баспа нұсқасы шыққан күні ақпарат алады. «Телегазет» қызметінің тұңғыш жол салушылары жетекші республикалық басылымдар "Егемен Қазақстан" мен "Казахстанская правда" болды, олар өздерінің оқырман қауымға «OTAU TV» жерсеріктік теле-, радиохабарларын тарату және цифрлы эфирлік телевизия абоненттері есебінен елеулі кеңейтуге мүмкіндік алды.





1-баптың

13) тармақшасы





1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар

13) теле-, радиоарналар топтамасы – көпарналы хабар тарату арқылы тарату үшін қалыптастырылған теле-, радиоарналардың жиынтығы;



1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар

13) теле-, радиоарналар топтамасы – көпарналы хабар тарату және телекоммуникациялар желілері арқылы тарату үшін телерадио хабарларын тарату операторы қалыптастырған теле-, радиоарналардың жиынтығы;



Аталған өзгеріс Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы туралы» №464 Жарғысына сәйкес енгізіледі.




1-баптың

18) тармақшасы



1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар

18) теле-, радиохабарларын тарату - телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып, теле-, радиоарналарды ашық немесе кодталған түрде тұтынушының жария қабылдауы үшін қалыптастыру және (немесе) тарату;



1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар

18) телерадио хабарларын тарату – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникациялар желілерінде тарата отырып, теле-, радиоарналарды ашық немесе кодталған түрде тұтынушының жария қабылдауы үшін қалыптастыру және (немесе) тарату;



Интернет-хабар тарату анықтамасын енгізу еліміздің телехабар тарату саласындағы инновациялық дамуына жаңа қадам болып табылады. Нәтижесінде тұрғындардың Интернет саласындағы мәдениеті артады және қазақстандық Интернет-ресурстарды тұтынушылар санын арттырады, сондай-ақ отандық цифрлы эфирлік және жерсеріктік хабар таратуды елімізде және одан тыс жерлерде көруге мүмкіндік береді.

2014 жылы 2 шілдеде «Индустрияландыру күні» аясында, Астана қаласы «Назарбаев орталығы» Мемлекет басшысы Нұрсултан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық Интернет-хабар тарату» жобасы іске қосылды.

2015 жылдан бастап осы жобаны Ұлттық теле-, радиохабарларын тарату операторы

мемлекеттік тапсырмаға сай, «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» (қызметтің жалпы сомасы 2015 жылы 268,5 млн тг., 2016 жылы 189,6 млн тг. құрады ) бюджеттік бағдарламаға сәйкес

жүзеге асырады.

Осылайша, жобаны жүзеге асыру мақсаты шет елде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының, туристердің және қазақстандық студенттердің, қазақ диаспорасы өкілдерінің отандық бұқаралық ақпарат құралдарына, қазақстандық телеарналардың контентіне әлемнің кез келген жерінде (Интернет желісіне қол жеткізу мүмкін болғанда) кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.





1-баптың

24) тармақшасы



1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар

24) трансляция – теле-, радиоарналардың сигналдарын телекоммуникацияның техникалық құралдарын және телекоммуникация желілерінде таратуды қолдана отырып бастапқы тарату.



1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар

24) трансляция – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникациялар желілерінде тарата отырып, теле-, радиоарналардың сигналын бастапқы тарату;



Интернеттегі хабар таратуды реттеуге байланысты.



1-баптың

26-1) тармақшасы



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Жоқ

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
26-1) шартты қолжетімділік картасы – абоненттің телерадио хабарларын тарату операторының көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларының идентификаторын қамтитын құрылғы;

Аталған түзету операторлардың спутниктік теле-, радиохабарларын тарату қызметін құқықтық нысан негізінде айқындауға мүмкіндік береді.




7-баптың

11) тармақшасы



7-бап. Құзырлы органдардың өкілеттілігі
11) телерадиохабарлары саласында өз өкілеттігі шеңберінде нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерін, соның ішінде телерадиохабарлар операторларының қызмет көрсету ережелерін бекітеді.

7-бап. Құзырлы органдардың өкілеттілігі
11) өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын бекітеді;

Осы қызметтің субъектілері ретінде қызмет көрсету ережелеріне қосу жолымен құзырлы органның телерадиохабарлар саласындағы бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында, телерадиохабарлар тарату оепраторлары ғана емес, сонымен бірге дербес спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын («сұр тәрелкелер» деп аталатындар), сондай-ақ спутниктік телерадиохабарлар операторлары қызметтеріне шартты қолжетімділік картасы.



14-баптың

2-тармағы




жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау