2. Телерадио хабарларын тарату желілері телекоммуникация қызметтерін (деректерді беру, Интернет желісіне қолжетімділік, телематиялық қызмет көрсету, жергілікті телефон байланысы қызметін көрсету және басқалар) тарату үшін пайдаланылған жағдайда, көрсетілген желілердің иеленушісі өз қызметін байланыс саласындағы лицензия негізінде жүзеге асырады.
14-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау
алынып тасталсын
|
Аталған түзетулер телерадиохабар тарату негізгі операторлары және шетел байланыс операторлары шетел телеарналар сигналын қабылдайтын телерадиохабар тарату операторлары арасында шектеу қоюға мүмкіндік береді.
|
|
16-бап
|
16-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, көпарналы хабар таратуда теле-, радиоарналарды тарату бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердi телерадио хабарларын тарату операторлары негiзделген шығындар негiзiнде дербес белгiлейдi.
|
16-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметтерге арналған тарифтер
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, көпарналы хабар таратуда және телекоммуникациялар желілерінде теле-, радиоарналарды тарату бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердi телерадио хабарларын тарату операторлары негiзделген шығындар негiзiнде дербес белгiлейдi.
|
Жоғарыда ұсынылған Интернет-хабар тарату туралы нормаларға сәйкес келтіру үшін
|
|
18-баптың
1-тармағының
1) тармақшасы
|
18-бап. Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiш
1. Теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiште:
1) теле-, радиоарна меншiк иесiнің-жеке тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, теле-, радиоарна меншiк иесiнің-заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілуі тиіс.
|
18-бап. Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiш
1. Теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiште:
1) теле-, радиоарна меншiк иесiнің-жеке тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, теле-, радиоарна меншiк иесiнің-заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны, оның соңғы меншік иесі, көрсетілген заңды тұлғалардың және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы олармен үлестес заңды тұлғалардың дауыс берілетін акциялар саны (жарғылық капиталында олардың қатысу үлесі) туралы мәліметтер;
|
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде қарастырылған бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы экономикалық шоғырлануға жол бермеу мақсатында
|
|
18-баптың
2-1-тармағы
|
18-бап. Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiш
Жоқ
|
18-бап. Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiш
2-1. Заңды тұлға құрған, Заңның осы бабының 1-тармағының 1) тармақшасы қолданысқа енгенге дейін есепке қойылған теле-, радиоарна қолданысқа енген күннен бастап алты айдың ішінде уәкілетті органға оның соңғы меншік иесі, көрсетілген заңды тұлғалардың және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы олармен үлестес заңды тұлғалардың дауыс берілетін акциялар саны (жарғылық капиталында олардың қатысу үлесі) туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.
|
|
18-1-баптың
3-тармағының
1-бөлігі
|
18-1-бап. Шетелдік теле-, радиоарналардың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі
3. Жарғылық капиталында толық немесе ішінара мемлекеттік акциялар (үлестер, пайлар) пакеті, сондай-ақ олармен үлестес тұлғалары бар шетелдік теле-, радиоарналарды Қазақстан Республикасының аумағында тарату Қазақстан Республикасының аумағында жарғылық капиталына шетелдік заңды тұлғалар акцияларының (үлестерінің, пайларының) пакеті жиырма пайыздан аспай қатыстырылатын заңды тұлғаны құра отырып жүзеге асырылады.
|
18-1-бап. Шетелдік теле-, радиоарналардың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі
3. Жарғылық капиталында толық немесе ішінара мемлекеттік акциялар (үлестер, пайлар) пакеті, сондай-ақ олармен үлестес тұлғалары бар Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік теле-, радиоарналардың иелерінің қызметі Қазақстан Республикасының аумағында жарғылық капиталына шетелдік заңды тұлғалар акцияларының (үлестерінің, пайларының) пакеті жиырма пайыздан аспай қатыстырылатын заңды тұлғаны құра отырып жүзеге асырылады.
|
«Телерадио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңының 18-1-бабының 2 және 3 тармақтарының арасындағы қайшылықтарды жою мақсатын нақтылайтын редакция
|
|
20-баптың
1-тармағының
1) тармақшасы
|
20-бап. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiш
1. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiште:
1) теле-, радиоарнаның меншiк иесi – жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса), тұрғылықты мекенжайы, теле-, радиоарнаның меншiк иесi – заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілуі тиіс.
|
20-бап. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiш
1. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiште:
1) теле-, радиоарнаның меншiк иесi – жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты мекенжайы, теле-, радиоарнаның меншiк иесi – заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны, оның соңғы меншік иесі, көрсетілген заңды тұлғалардың және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы олармен үлестес заңды тұлғалардың дауыс берілетін акциялар саны (жарғылық капиталында олардың қатысу үлесі) туралы мәліметтер;
|
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде қарастырылған бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы экономикалық шоғырлануға жол бермеу мақсатында
|
|
20-баптың
2-1-тарамағы
|
20-бап. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiш
Жоқ
|
20-бап. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiш
2-1. Заңды тұлға құрған, Заңның осы бабының 1-тармағының 1) тармақшасы қолданысқа енгенге дейін есепке қойылған теле-, радиоарна қолданысқа енген күннен бастап алты айдың ішінде уәкілетті органға оның соңғы меншік иесі, көрсетілген заңды тұлғалардың және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы олармен үлестес заңды тұлғалардың дауыс берілетін акциялар саны (жарғылық капиталында олардың қатысу үлесі) туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.
|
|
23-бап
|
23-бап.Теле-, радиокомпания
1. Теле-, радиокомпания теле-, радиоарналарды қалыптастырып, оларды телерадио хабарларын тарату желілерінде әрі қарай тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
2.Теле-, радиокомпаниялар:
1) уәкілетті органда теле-, радиоарнаны бұқаралық ақпарат құралы ретінде есепке қоюды жүзеге асырады;
2) қалыптастырылатын теле-, радиоарналардың телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына техникалық сәйкестігін қамтамасыз етеді;
3) теле-, радиоканалдардың теле-, радиобағдарламаларының берілу сапасының телерадиохабарлар тарату техникалық құралдарының телерадиохабарлар операторлары желілеріне қосылу ережелеріне сәйкестігін, телерадиохабарлар жүйесін техникалық пайдалану және телерадиохабарлар таратудың ұлттық талаптарына, сондай-ақ телерадиохабарлар сапасының техникалық параметрлеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді;
4) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген сәйкестік сертификаттары бар теле-, радиоарналарды қалыптастырудың техникалық құралдарын пайдаланады.
|
23-бап. Теле-, радиокомпания
1. Теле-, радиокомпания теле-, радиоарналарды қалыптастырып, оларды телерадио хабарларын тарату желілерінде әрі қарай тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
2. Теле-, радиокомпаниялар:
1) уәкілетті органда теле-, радиоарнаны бұқаралық ақпарат құралы ретінде есепке қоюды жүзеге асырады;
2) қалыптастырылатын теле-, радиоарналардың техникалық параметрлерінің телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарын, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерін сақтауын қамтамасыз етеді;
3) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу, телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларына және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына, сондай-ақ телерадио хабарларын таратудың техникалық параметрлеріне сәйкес теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламалар беру сапасын қамтамасыз етеді;
4) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген сәйкестік сертификаттары бар теле-, радиоарналарды қалыптастырудың техникалық құралдарын пайдаланады.
|
Құқықтық техника
|
|
24-баптың
1-тарамағының
4) тармақшасы
|
24-бап. Телерадио хабарларын тарату операторлары
1. Телерадио хабарларын тарату операторлары эфирлік және көпарналы хабар тарату (цифрлық эфирлік, кабельдік, спутниктік телерадио хабарларын тарату) арқылы:
4) осы Заңның 19-бабына сәйкес есепке қою рәсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын тарату операторы мен шетелдік теле-, радиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның өкілі арасында жасалған шарттардың негізінде трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау қызметін жүзеге асырады.
|
24-бап. Телерадио хабарларын тарату операторлары
1. Телерадио хабарларын тарату операторлары эфирлік және көпарналы хабар тарату (цифрлық эфирлік, кабельдік, спутниктік телерадио хабарларын тарату) арқылы:
4) осы Заңның 19-бабына сәйкес есепке қою рәсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын тарату операторы мен шетелдік теле-, радиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның өкілдіктері арасында жасалған шарттардың негізінде трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау;
|
«Телерадио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңының 18-1-бабының 2-тармағын ретке келтіру мақсатында
|
|
24-баптың
1-тармағы және
1-1-тармағы
|
24-бап. Телерадио хабарларын тарату операторлары
1. Телерадио хабарларын тарату операторлары эфирлік және көпарналы хабар тарату (цифрлы эфирлік, кабельдік, спутниктік телерадио хабарларын тарату) арқылы:
5) міндетті теле-, радиоарналарды, еркін және шартты түрде қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау жолымен теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
1-1. Жоқ
|
24-бап. Телерадио хабарларын тарату операторлары
1. Телерадио хабарларын тарату операторлары эфирлік және көпарналы хабар тарату (цифрлы эфирлік, кабельдік, спутниктік телерадио хабарларын тарату) арқылы:
5) міндетті теле-, радиоарналарды, еркін және шартты түрде қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау жолымен теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Телерадио хабарларын тарату операторлары эфирлік және көпарналы хабар тарату (цифрлық эфирлік, кабельдік, спутниктік телерадио хабарларын тарату) арқылы телегазет тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы.
1-1. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасының ережесі осы Заңның 34-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
|
Құқықтық қайшылықты жою мақсатында
24-баптың 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес хабар тарату операторлары ретрансляциялық телеарналардың мазмұнын өзгертуге құқығы жоқ.
Бұл ретте Заңның 34-бабының 2-тармағы теле-, радиохабарларын тарату операторларына Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік теле-, радио арналарды ретрансляциялау кезінде жарнаманың таралуына тыйым салады.
Факт бойынша шетелдік телеарналардың жарнама үзіндісін қиып алу оның мазмұнын өзгертумен тең. Басқаша айтқанда, бұл нормалар бір-біріне қарама қайшы және құқықтық қақтығысты тудырады.
Бұл өзгеріс Қазақстан аумағында шетелдік теле-, радиоарналарды тарату барысында құқықты сақтауға бағытталған.
Осы өзгеріске сәйкес, байланыс саласында қызметтерді ұсынуға лицензиясы бар теле-, радиохабарларды тарату операторы тікелей теле-,радиокомпания-құқықты иеленушіге құқықтарын бере отырып немесе оның өкілі контенттің үшінші тұлғаларға беру құқығымен келісімшартты бекітеді.
|
|
24-баптың
2-тармағы
|
24-бап. Телерадио хабарларын тарату операторлары
2. Телерадио хабарларын тарату операторлары:
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеулер туралы» Заңына сәйкес берілген сәйкестік сертификаты бар телерадиоарналардың техникалық құралдарын тарату үшін пайдалануға;
Теле-, радиохабарларын таратуды техникалық пайдалану және теле-, радиохабарларын таратудың ұлттық стандарттары талаптарының ережесіне сәйкес трансляциялауға және (немесе) ретрансляциалауды жүзеге асыруға міндетті.
Жоқ
|
24-бап. Телерадио хабарларын тарату операторлары
2. Телерадио хабарларын тарату операторлары:
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеулер туралы» Заңына сәйкес берілген сәйкестік сертификаты бар телерадиоарналардың техникалық құралдарын тарату үшін пайдалануға;
Телерадиохабарларын техникалық пайдалану және телерадиохабарларын таратудың ұлттық стандарттары талаптарының ережесіне сәйкес трансляциалау және (немесе) ретрансляциалауды жүзеге асыруға міндетті.
Цифрлық форматта сигнал алатын телерадио хабарларын тарату операторы бағдарламалық ағынның тұрақты өзгеріссіз жылдамдығын телерадио бағдарламалар көзінен желіге жалғанған нүктеден және телерадио хабарларын таратудың көрсететін қызметіне клиенттің қолжетімділік нүктесінен алынған мәннен төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге;
телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сәйкес отандық теле-, радиоарналарды трансляциялауды және (немесе) ретрансляциялауды жүзеге асыруға міндетті.
|
Аталған талаптар сигналдарды таратуды қалыптастырудан таратуға дейін (яғни теларнаның студиясынан хабар тарату операторының тиісті техникалық орталығына дейін) және соңғы тұтынушының алу/қабылдау тәртібін анықтауға қатысты қажет.
Телевизиялық сигнал сапасына бақылау жүргізу және олардың параметрлерін сақтау мақсатында.
|
|
25-баптың
2-тармағы
|
25-бап Ұлттық телерадио хабарларын тарату операторы:
…
7) интернет ресурста телерадиоарналарды тарату бойынша қызметтерге тарифтерді жариялайды;
Жоқ
|
25-бап Ұлттық телерадио хабарларын тарату операторы:
…
8) цифрлы және аналогты эфирлік хабар тарату желілерінде міндетті теле-, радиоарналарды таратуға арналған спутникте спутниктік ресурстарды резервтеуді;
9) және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды қамтамасыз етеді.
Ұлттық телерадио хабарларын тарату операторы эфирлік және көпарналы хабар тарату (цифрлық эфирлік, кабельдік, спутниктік телерадио хабарларын тарату) арқылы телегазет тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы.
|
Көрсетілген енгізулерді уәкілетті органға ұсыну:
- Интернет-хабар тарату мен телегазеттің Қазақстанда дамуына бақылау жасау;
- «KazSat» сериясындағы негізгі ғарыштық аппаратта күтпеген жағдайлар орын алған кезде мемлекеттік маңызды телерадиоарналардың резервтелуін қамтамасыз ету, сондай-ақ Ұлттық телерадиохабарларын тарату операторының нақты функционалдық мүмкіндіктерін сәйкестендіру, мысалы, цифрлық жерүсты телехабарларын таратудың радиотелевизиялық стансаларын салу кезінде (құрылысты салу лицензиясына сәйкес).
|
|
28-баптың
жаңа редакциясы
|
28-бап. Ұлттық телерадио хабарларын таратудың мүдделерін қорғау
1. Отандық телерадиоарналардың телерадио хабарларын таратудың апта сайынғы көлемінде отандық теле-, радиобағдарламалар және қазақстандық авторлардың не орындаушылардың музыкалық шығармалары:
1) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап – отыз пайыздан кем емес;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – қырық пайыздан кем емес;
3) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – елу пайыздан кем емес мөлшерді құрауға тиіс.
2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты насихаттау немесе үгiттеу көріністерін қамтитын, экстремизмдi немесе терроризмді, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты насихаттауды, ұлтаралық және конфессияаралық араздықты қоздыруға, суицидті насихаттауға бағытталған ақпаратты, сондай-ақ, порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы өнiмдердi қамтитын теле-, радиобағдарламаларды таратуға тыйым салынады.
|
28-бап. Ұлттық телерадио хабарларын таратудың мүдделерін қорғау
1. Отандық телеарналардың телерадио хабарларын таратудың апта сайынғы көлемінде, жарнаманы қоспағанда, отандық телебағдарламалардың саны:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – елу пайыздан кем емес мөлшерді құрауға тиіс.
2. Отандық радиоарналардың радио хабарларын таратудың апта сайынғы көлемінде отандық радиобағдарламалардың және қазақстандық авторлардың не орындаушылардың музыкалық шығармаларының саны:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – қырық бес пайыздан кем емес;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – елу пайыздан кем емес мөлшерді құрауға тиіс.
|
Біріншіден, аталған баптың көмескі тұжырымдамасы мониторингтің болмысын анықтамайды: отандық теле-, радиобағдарламалардың уақыт бойынша көлемі немесе отандық теле-, радиобағдарламалардың жалпы саны.
«Телерадиохабар тарату туралы» ҚР Заңының 28-бабының 2- тармақшасы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңының 13- бабында қайталанатындықтан алып тастау.
|
|
30-баптың
1-тармағы
|
30-бап. Телебағдарламаларды тарату кезінде мүгедектердің құқықтарын қорғау
1. Жаңалықтар сипатындағы кем дегенде бір телебағдарлама сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етіледі.
|
30-бап. Телебағдарламаларды тарату кезінде мүгедектердің құқықтарын қорғау
1. Жаңалықтар сипатындағы кем дегенде бір телебағдарлама жергілікті уақыт бойынша сағат он алтыдан жиырма екіге дейінгі аралықта сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етіледі.
Телеарналарда орналастырылатын міндетті хабарламалар сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етіледі.
|
Сол түрде, Қазақстан Республикасының ешбір шектеусіз, барлық тұрғындар үшін арналған міндетті жарнаманың сипаты маңызды ақпаратты жеткізетіндіктен, міндетті хабарламалар сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз ету нормасын заңды түрде бекіту қажет.
|
|
32-баптың
2-тармағы
|
32-бап. Қосымша ақпараттар тарату
2. Қосымша ақпараттың көлемі кадр алаңының он бес пайызынан аспауға тиіс.
|
32-бап. Қосымша ақпараттар тарату
2. Коммерциялық жарнама сипатындағы қосымша ақпараттың көлемі кадр алаңының жиырма бес пайызынан аспауға және телебағдарламалардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиіс.
|
Бүгінгі күнге эфирлі кірістірмелер технологиясы маңызды бір қадам алға жасады.
Бұл ең алдымен бағдарлама трансляциясының жүрісіне байланысы жоқ, теледидарлық өнімдердің құлағдар ету сұрақтарына әсерін тигізді.
Сонымен бірге, қолданыстағы қосымша ақпарат туралы ереже, аталған технологиялардың дамуына шектеу қояды.
Осыған байланысты, коммерциялық жарнама сипатын алып жүретін, қосымша ақпаратпен ғана шектелетін, аталған нормаларды қайта қарау қажеттілігінің кезі келді,
Бұдан басқа, ұсынылып отырған тұжырымдамадағы аталған ереже «Жарнама туралы» ҚР Заңының 8- бабының 2-тармағының талабына сәйкестендірілген.
|
|
34-баптың
3-тармағы
|
34-бап. Теле-, радиоарналарды, теле-, радиобағдарламаларды ретрансляциялау
3. Теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялауға тек қана телерадио хабарларын тарату операторы мен
теле-, радиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның өкілі арасында жасалған шарттың негізінде жол беріледі.
|
34-бап. Теле-, радиоарналарды, теле-, радиобағдарламаларды ретрансляциялау
3. Теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялауға тек қана телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның өкілдіктері арасында жасалған шарттың негізінде жол беріледі.
|
«Телерадио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңының 18-1-бабының 2-тармағын ретке келтіру мақсатында
|
|
37-баптың
жаңа 4-тармағы
|
37-бап. Спутниктік телерадиохабар тарату
|