Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар



жүктеу 1,32 Mb.
бет16/17
Дата21.11.2018
өлшемі1,32 Mb.
#22631
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Жоқ


7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган


25-1) мемлекеттік органдардың ашық деректерге, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалауды және электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауды жүргізеді;

Мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігіне бағалауды мемлекеттік органдар жүргізетіндігін ескере отыра, уәкілетті органның құзыретін оны жүргізу бойынша құқығымен толықтыру қажет.



7-баптың

33) тармақшасы



7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган:

……………….

33) "электронды үкіметтің" сервистік интеграторы әзірлеген, мемлекеттік органдар үшін сервистік бағдарламалық өнімді жасау немесе дамыту жөніндегі жобалауға арналған тапсырманы бекітеді;



7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган:

………..

33) «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы әзірлеген ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді жобалауға арналған тапсырманы бекітеді;



6-т. қағидасын ескере отырып, редакцияны нақтылау



7-баптың

35) тармақшасы



7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган:

……..

 35) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына салалық қорытынды береді;



7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган:



.........
35) ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоспағанда, ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына салалық қорытынды береді;

7-т. қағидасын ескере отырып, редакцияны нақтылау



7-баптың

42-1) тармақшасы



7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган:

…….

жоқ


7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган:


42-1) шарттық қатынастарды орындау кезеңінде ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізуді жүзеге асырады;

Ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу мақсатында



7-баптың

43) тармақшасы





7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:
43) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;

7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:
43) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;

Уәкілетті органның құзыретін толықтыру «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы
24 қарашадағы ҚР заңы (бұдан әрі-Заң) 7-бабының 55) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзімен қатар «электронды үкіметтің» электронды поштасының бірыңғай шлюзін дамытуды жүзеге асыратынымен шарттасылады.

Сондай-ақ, Заңның


14-бабы 1-тармағының
14) тармақшасына сәйкес «МТҚ» РМК Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және «электрондық үкіметтің» электронды поштасының бірыңғай шлюзін сүйемелдеуді жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Заңның


30-бабының 4-тармағында мемлекеттік органның электронды поштасының сыртқы электронды поштамен электронды өзара іс-қимылы электронды хабарларды «электронды үкіметтің» электронды поштасының бірыңғай шлюзі арқылы қайта жіберу арқылы жүзеге асырылатыны айқындалған, бұл уәкілетті органның тарапынан ведомствоаралық үйлестіру қажеттілігін көздейді.



7-баптың

50) тармақшасы



7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган


50) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды келіседі;

7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган


50) мемлекеттік заңды тұлғаның ақпараттық жүйелерін және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды келіседі;

Қолданыстағы Заңда ақпараттық жүйелер меншік нысаны бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес болып анықталған, Заңның 37-бабының 2-тармағына сәйкес, бюджет қаражаты есебiнен құрылатын немесе дамытылатын, сондай-ақ мемлекеттiк заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тәсiлдермен алған ақпараттық жүйелер мемлекеттiк болып табылады.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда өз кезегінде мемлекеттік органдардың қызметі ретінде процестерді және оның функцияларын автоматтандыратын мемлекеттік заңды тұлғалар құратын ақпараттық жүйелер бар.

Алайда, қолданыстағы Заңда, мемлекеттік заңды тұлғаның ақпараттық жүйелеріне және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге арналған талаптар бөлігінде құқықтық олқылықтар бар.




7-баптың

54) тармақшасы



7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган


54) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесін бекітеді;

7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган


54) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін және сервистік бағдарламалық өнімдерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдаланылуға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесін бекітеді;

СБӨ жасау және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалану мақсатында.



7-баптың

65) тармақшасы



7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

     Уәкiлеттi орган:


Жоқ

7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган:


65) сервистік интегратор қалыптастырған ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары тізбесін келісуді жүзеге асырады;

Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын уәкілетті органмен сервистік интегратор қалыптастырған ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары тізбесін келісуді қамтамасыз ету мақсатында.



7-баптың

66) тармақшасы




7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган

...

Жоқ


7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган

...

66) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу және функционалдылығы шарттарының өзгермейтіндігіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекітеді;




Өзгермеуіне мониторингі жүргізу тәртібінің жоқ болуы ақпараттық жүйелерді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке уақтылы аттестаттауды реттеуді іске асыруға мүмкіндік бермейді.

Аталған нормативтік құқықтық актіні бекіту аттестаттаудан өткен АЖ өзгерістерінің орын алуына үнемі мониторинг жүргізуді ұйымдастыру үшін қажет. Бұл Заңның 51-бабы 10-тармағының орындалуын реттеуге және «Ақпараттандыру туралы» ҚР Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын іске асыруға мүмкіндік береді.

Мониторингінің аталған түрі ақпараттық қауіпсіздікті басқару процесінің үздіксіздігін іске асыруға және ақпараттың тұтастығы мен қолжетімділігін барынша тиімді қамтамасыз етуге бағытталған.




7-баптың

67) тармақшасы




7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган

...
Жоқ


7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган

...

67) мемлекеттік техникалық қызмет, байланыс операторы және Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін пайдаланушылар арасында жұмыстың атқарылуы және ұйымдастыру-техникалық өзара іс-қимыл қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік техникалық қызмет, Оператор және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзін пайдаланушылар арасында жұмыстың атқарылуы және ұйымдастыру-техникалық өзара іс-қимыл қағидаларын бекітеді;




Қазіргі уақытта ИҚБШ және ЭПБШ қосу мен трафикті ИҚБШ арқылы өткізу тәртібі айқындалмаған. Магистралдық байланыс операторларының да қосылуға мүмкіндігі жоқ. Қосылған және ажыратылған нүктелердің мәселесі реттелмейді. Бұл барлық ИҚБШ пайдаланушыларын АҚ қатерлері туралы уақтылы хабарландыруға мүмкіндік бермейді. Қазақстанда ИҚБШ және ЭПБШ жұмыс істеуі мен пайдаланылуы бүгінгі күнге дейін қандай болсын арнайы заңнама актісімен реттелмей, пайдаланушылар үшін айтарлықтай жөнсіздіктерге жол беруде. Бұдан басқа, қазіргі уақытта байланыс операторлары Интернетке ИҚБШ арқылы қосу үшін қосымша ақы алады, алайда МТҚ РМК-да ИҚБШ-ға қосу үшін ақы төлеу көзделмеген, бұл ИҚБШ және ЭПБШ сүйемелдеуге, сондай-ақ

осы жобаның шеңберінде жыл сайын сатып алынатын лицензияларға арналған шығыстарды қысқартуға мүмкіндік берер еді.

Аталған нормативтік құқықтық актіні бекіту уәкілетті органның 7-баптың 43) тармақшасында айқындалған: Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің жұмыс істеуі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру бойынша құзыретін іске асыру және байланыс операторларының, «МТҚ» РМК мен ИҚБШ пайдаланушыларының қызметін реттеу және Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзіне қол жеткізуге рұқсат беру қызметін көрсету кезінде тәртібін белгілеу үшін қажет.

ЭПБШ жөніндегі қағидалар Оператордың, «МТҚ» РМК мен пайдаланушылардның қызметін реттеу және «электрондық үкіметтің» электронды поштасының бірыңғай шлюзіне қосу қызметін көрсету кезінде тәртібін белгілеу мен «электронды үкіметтің» электронды поштасының бірыңғай шлюзі арқылы қорғауды қамтамасыз ету үшін қажет.

АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Қытай мен Ресейдің Интернетті мемлекеттік реттеу бойынша тәжірибесін талдау аталған елдерде осындай нормативік құқықтық актілер бар екенін көрсетті.

Экстремизм мен зиянды трафиктің таралуына жол бермеу мақсатында мемлекеттік органдарға арналған Интернет желілерін мемлекеттік реттеу – әлемнің барлық дамыған елдері – АҚШ, Франция, Германия, Ұлыбритания, Қытай және т.б. үшін әдеттегі тәжірибе.





7-баптың

68) тармақшасы




7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган

...

Жоқ


7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган

...

68) қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесін бекітеді;




ҚР СТ МЕМСТ Р ИСО/МЭК 15408-1,2,3-2006 «Ақпараттық технологиялар. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен өлшемшарттары. Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігін бағалау өлшемшарттары» стандарттарына сәйкес АҚ қамтамасыз етудің техникалық және бағдарламалық құралдарына қойылатын бірыңғай талаптарды енгізу үшін.



7-баптың

69) тармақшасы




7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган

...

Жоқ


7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган

...
69) қорғау бейіндерін бекітеді;


ҚР СТ МЕМСТ Р ИСО/МЭК 15408-1,2,3-2006 «Ақпараттық технологиялар. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен өлшемшарттары. Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігін бағалау өлшемшарттары» стандарттарына сәйкес АҚ қамтамасыз етудің техникалық және бағдарламалық құралдарына қойылатын бірыңғай талаптарды енгізу үшін.

Қорғау профилі жалпы өлшемшарттардың каталогы (15408) негізінде әдістемеге сәйкес құрылады.

CCRA келісіміне (Жалпы өлшемшарттардың негізінде бағаларды өзара қабылдау туралы келісім) Канада, Франция, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланды, Италия, Греция, Испания, Швеция, Норвегия, Япония, Сингапур, Корея Республикасы, Малайзия және т.б. елдер қол қойды. Жалпы өлшемшарттар НАТО-ның стандарты ретінде қабылданды.

Жалпы өлшемшарттарды дамыту және ақпараттық технология өнімдері мен жүйелерінің қауіпсіздігін бағалау және сертификаттау кезінде іс жүзінде пайдаланудың басты мәселелері бойынша жыл сайын халықаралық конференция өткізіледі.





7-баптың

70) тармақшасы



7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган

...

Жоқ


7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган

...

70) мемлекеттік органдардың бекітілген қорғау бейіндерінің талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асырады;



Акционерлік қоғам иелерінің қорғау профильдері талаптарын орындауын бақылау үшін.



12-баптың

8) тармақшасы



12-бап. "Электронды үкiметтiң" сервистік интеграторы

     "Электронды үкiметтiң" сервистік интеграторы:

……….

8) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары арқылы жасалатын немесе, дамытылатын сервистік бағдарламалық өнімдерді қоспағанда, сервистік бағдарламалық өнімді жасау немесе дамыту жөніндегі жобалауға арналған тапсырманы әзірлейді;



12-бап. "Электронды үкiметтiң" сервистік интеграторы

     "Электронды үкiметтiң" сервистік интеграторы:

………

8) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді жобалауға арналған тапсырманы әзірлейді;



6-т. қағидасын ескере отырып, редакцияны нақтылау



12-баптың

12) тармақшасы




12-бап. "Электронды үкiметтiң" сервистік интеграторы   

 "Электронды үкiметтiң" сервистік интеграторы:


12) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметтің тиімділігін бағалауды және электронды нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалауды жүргізеді;

12-бап. "Электронды үкiметтiң" сервистік интеграторы   

 "Электронды үкiметтiң" сервистік интеграторы:


12) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметтің тиімділігіне бағалау және электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бағалау жүргізуді сүйемелдейді;


Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау және электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауды уәкілетті орган жүргізетінін ескеретін болсақ, осыған байланысты «электрондық үкімет» сервистік интеграторының құзыреті өзгереді.




12-баптың

20) тармақшасы




12-бап. «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы
20) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзінің интеграциясын ұйымдастырады;

12-бап. «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы
20) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері мен Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзінің интеграциясын ұйымдастырады;

Бұл түзету Сервистік интегратордың өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған. Себебі, «Электрондық үкімет» шлюзінің, «электрондық үкімет» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау қағидаларына сәйкес Оператор сервистердің интеграциясын техникалық іске асыруды жүзеге асыратын «электрондық үкімет» шлюзінің әкімшісі болып табылады. Осылайша, «электрондық үкіметтің» Сервистік интеграторы ақпараттық жүйелердің ғана емес, технологиялық платформалардың, сервистік бағдарламалық өнімдердің интеграциясын ұйымдастырумен де айналысатын болады.



12-баптың 23) тармақшасы

12-бап. "Электронды үкiметтiң" сервистік интеграторы      
Жоқ

12-бап. "Электронды үкiметтiң" сервистік интеграторы       

……….


23) ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары тізбесін қалыптастырады.

Сервистік интегратор мемлекеттік органдарға оператор көрсететін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді көрсету аясында ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қорытынды береді және оны құруды ұйымдастыруды жүзеге асырады, демек ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары тізбесін қалыптастыруды жүзеге асыруы қажет.



13-баптың

3) тармақшасы



13-бап. Оператор

Оператор:

3) өзінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту үшін өзге тұлғалардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін тартуға құқығы бар;


13-бап. Оператор

Оператор:

3) «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту үшін өзге тұлғалардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық қызметін сүйемелдеу және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін тұлғаларды тартуға құқылы;


Басқа тұлғалардың ИҚ-инфрақұрылымдары объектілеріне қандай тәсілмен қызығушылығы болатынын анықтау қажет (мысалға, байланыс арнасын жалға беру)




13-баптың

10) тармақшасы



13-бап. Оператор

Оператор:


10) мемлекеттік органдарға, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына, жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған және мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосылған өзге де ақпараттандыру субъектілеріне олардың электронды ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуі үшін деректер беру бойынша қызметтер көрсетеді;

13-бап. Оператор

Оператор:


10) мемлекеттік органдарға, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған және мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосылған өзге де ақпараттандыру субъектілеріне олардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуі үшін байланыс қызметін көрсетеді. Байланыс қызметін көрсету үшін көрсетілетін қызметтердің барлық көлеміне қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартуға құқылы.

Қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда оператор қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) көрсететін қызметтерді олардың бағасы бойынша ұсынады;



ЭҚЖК («Байланыс» 61-тарау) келтірілген мақсаттарға сәйкес «деректер беру қызметтерін» «байланыс қызметтеріне» ауыстыру керек. Сонымен қатар, «байланыс» түсінігі «деректер беруге» қарағанда кең.

Сонымен бірге Ғаламтор желісіне қолжетімділік қызметтерін көрсету жөніндегі өкілеттілікті заңнамалық түрде белгілеу ұсынылуда.





13-баптың

14) тармақшасы



13-бап. Оператор

Оператор


….

Жоқ

13-бап. Оператор

Оператор


….

14) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын сүйемелдеуді және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.



Қазақстан Республикасы негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарын куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы сенім білдірілген үшінші тарапының қызметін жүзеге асыру үшін.




14-баптың

1-тармағының

6) тармақшасы


14-бап. Мемлекеттік техникалық қызмет

  1. Мемлекеттік техникалық қызмет ақпараттандыру саласында мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:


жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау