Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты басымдығы әлеуметтік қызмет көрсетуді жетілдіру



жүктеу 130 Kb.
Дата30.12.2019
өлшемі130 Kb.
#25530

Политология/10. Региональные политические процессы
Абдықалық А.А., с.ғ.к.

Алматинский университет энергетики и связи, Казахстан
Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты басымдығы

әлеуметтік қызмет көрсетуді жетілдіру

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмір сүру жағдайын реттеудің бір бағыты ретінде қарастырсақ, ол елдің жалпы экономикалық жағдайымен тығыз байланысты екі жақты қызмет атқарады. Бірінші жағынан, әлеуметтік саясатта тікелей және жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алады, өйткені экономикалық іс-әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады. Екінші жағынан, әлеуметтік саясат экономикалық өсудің факторы болып келеді. Егер экономикалық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартпаса, онда еңбек өнімділігі төмендеп, жұмыс күшінің сапасы төмендейді де, қоғамда әлеуметтік тұрақсыздық пен қарама-қайшылықтар артады. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының нәтижелі көрсеткіштері халықтың өмір сүру деңгейін сипаттайды, яғни халықтың өмір сүру деңгейінен әлеуметтік саясаттың қандай деңгейде екенін байқауға болады. Халықтың қажеттіліктеріне көңіл аудармау, еңбек, тұрмыс, демалыс, денсаулық сақтау сияқты әлеуметтік аспектілеріне деген көзқарастың бәсеңдеуі, яғни халықтың әлеуметтік құқықтарын шектеу, әлеуметтік әділдік қағидасына қарама-қайшы келіп, соңында өндірістің төмендеуіне және қоғамда әлеуметтік қақтығыстардың пайда болуына негіз болуы мүмкін.

Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттарының бірі – нарықтық экономиканың жағымсыз нәтижелерінен халықты әлеуметтік қорғау. Сондай-ақ, экономикалық, саяси және құқықтық жағдайлар мен фактілердің өзіндік бағасы болып табылатын, қоғамда әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету.

Әлеуметтік әділдік аймақтарда әлеуметтік жұмыс жүйесімен қамтамасыз етілуі және нақтылануы қажет. Әлеуметтік жұмыстың стереотиптері әлеуметтік қызмет көрсетуде әлеуметтік жұмыстың түрі деп тұжырымдалады. Әлеуметтік саясаттың жүзеге асуының арнайы механизмдерін мынадай бөлімдерден қарастыруға болады: әлеуметтік қызмет көрсету; әлеуметтік қызметтер; әлеуметтік оңалту (реабилитация); әлеуметтік қорғау; әлеуметтік көмек көрсету және өзіне-өзі көмек көрсету. Әлеуметтік саясаттағы әлеуметтік қарым-қатынастың мәнімен қатар, оның міндеттерінің мынадай бірнеше түрлерін айта кетуге болады. Өмір сүруді жетілдіретін шарттар сәйкестігінше төмендегідей:

- адамдардың еңбек әрекеті жағдайларын жақсарту, еңбек қауіпсіздігі деңгейін көтеру, кез келген меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек қатынасын реттеу;

- елді мекендерді жоспарлау, салу және абаттандыру, жолдар жүйесін салу және өз қалпында сақтап тұру;

- халықты көлік және байланыс құралдарымен, ақпарат құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

- қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ету;

- халықтың тұрмыстық және сауда жүйесін реттеу,олардың жақсы жұмыс жасауына ықпал ету;

- жеке кәсіпкерлік бастамасын дамытуға қолайлы жағдай туғызу;

- қоғамдық тәртіпті қорғауды ұйымдастыру.

Әлеуметтік қызмет көрсету – әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсетудегі қызметтер жүйесі, олар әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, психологиялық, құқықтық-заңнамалық көмек, азаматтарды әлеуметтік бейімдеу және реабилитациялау; отбасыларды реабилитациялау, яғни мүгедектерге, аз қамтылғандарға, жетім-жесірлерге, шиеленісті отбасыларға және тағы да басқа мәселелерге байланысты көрсетілетін көмектер. Әлеуметтік қызмет көрсету ақысыз және ақылы жүзеге асады және де клиенттің сұрауы бойынша немесе басқа да заңды тұлғаның сұрауы бойынша жүргізіледі.

Әлеуметтік қызмет көрсету түрлері төмендегідей болады:


  • материалдық көмек: қаржылық көмек, азық-түлік тағамдары, дәрі-дәрмек, санитарлық заттар, киім-кешек, алғашқы қажеттіліктегі заттар, мүгедектерге арналған аппараттар, олардың қозғалуына қажет техникалық құралдар және т.б.

  • азаматтардың және отбасылардың әлеуметтік патронажы; әлеуметтік-тұрмыстық көмек, балаларды қарауға көмек беру және т.б.

  • азаматтарға стационарлық қызмет көрсету;

  • арнайы немесе белгілі бір тұрғылықты жері жоқ азаматтарға түнейтін мекен -жай, жатақтар беру;

  • өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуде азаматтар мен отбасыларға кеңес беру арқылы әлеуметтік-экономикалық, медициналық-әлеуметтік қызметтер түрін көрсету;

  • реабилитациялық қызметтер: мүгедек болып табылатын азаматтарға кәсіби, әлеуметтік, психологиялық тұрғыда оңалуға көмек беру [1].

Әлеуметтік қызметтер – әлеуметтік орындар тұтынушыларына әлеуметтік қызмет көрсету түрлеріне байланысты іс-шаралар жүйесі болып саналады. Жоғары да айтылғанындай, қызметтер ақылы және ақысыз болуы мүмкін. Ақысыз қызметтер мынандай адамдарға және төмендегідей жағдайлар барысында көрсетіледі:

  • жасына, науқастығына, мүгедектігіне байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын адамдарға;

  • әртүрлі апаттарға, миграцияға байланысты, табиғи апаттар мен жұмыссыздыққа байланысты қиын жағдайларды басынан өткеріп отырған;

  • кәмелет жасына толмаған жетімдерге және ата-ана қарауынан айырылғандарға және т.б.

Сонымен әлеуметтік саясат пен әлеуметтік қызмет көрсетудің өзара тығыз байланыста болуының себебін олардың бір-бірінсіз өмір сүріп, әрекет ете алмайтындығынан көруге болады. Әлеуметтік саясат әлеуметтік қызмет көрсету арқылы көздеген мақсаттарына жетіп, жүзеге асып отырады. Әлеуметтік саясат әлеуметтік қызмет көрсетудің бағыт-бағдарын, жүзеге асу механизмдерін айқындап отырады [2].

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты адамдардың өмір сүру салтын жетілдіруге бағытталған, қолайлы өмір сүруіне жағдай жасаумен қатар, адамдардың еңбексүйгіштік, тәртіптілік, әлеуметтік жауапкершілік, қоғамдық белсенділік, адамгершілік секілді қоғамда көп назар аударылатын әлеуметтік сапалары мен дамуына ықпал етуі керек. Яғни, әлеуметтік саясат саяси-әлеуметтік қатынастарды жетілдіруге шақырады.

Әлеуметтік саясат мемлекеттің әлеуметтік мақсаттарының, қызметі мен міндеттерінің жүйесіне енетіндіктен, бұл жүйені тиімді басқару мемлекеттің табиғаты, әлеуметтік саясат үлгілері мен оларды жүзеге асырудың тетіктері туралы ғылыми негізделген білімді талап етеді. Ғылыми тұрғыда негізделген білім, өз кезегінде, әлеуметтік саясаттың барлық деңгейде – мемлекеттік, аймақтық, жергілікті және жекелеген өндіріс орындарда ұтымды жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Тасмагамбетов И.Н. Социально-политическое обновление Казахстана: тенденции и приоритеты.- Алматы.: Институт развития Казахстана, 1996. - 190 с.



2. Қуантайұлы Н. Әлеуметтік саясат // Алматы ақшамы.- 2007.- 26 мамыр.
жүктеу 130 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау