15-бап.Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлер мәліметтерінің орталықтандырылған базасы операторларының, жылжымалы желі абоненттік құрылғыларының идентификциялық кодтарының мәліметтерінің бірегей базасы операторларының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара байланысы;
2-2. Жылжымалы желі абоненттік құрылғылары идентификациялық кодтары мәліметтерінің бірегей базасы операторы байланыс желілерінде оперативті-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың жылжымалы желі абоненттік құрылғыларын тіркеу ережелеріне сәйкес жылжымалы желі абоненттік құрылғылары индентификациялық кодтары мәліметтерінің бірегей базасына қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
15-бап.Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлер мәліметтерінің орталықтандырылған базасы операторларының, жылжымалы желі абоненттік құрылғыларының идентификциялық кодтарының мәліметтерінің бірегей базасы операторларының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара байланысы;
2-2.Ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғыларының идентификаттау кодтарының бірыңғай дерекқорының операторы байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғыларының идентификаттау кодтарының бірыңғай дерекқорына қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.
|
Баспаны айқындау, желі қозғалмайды, желілер бекітілген және мобильді байланыс желілеріне бөлінеді. Ұялы байланыс желілері мобильдік байланыс желісінің бір түрі болып табылады. Ұялы байланыс желілерінің абоненттік құрылғылары тіркелуге жатады.
|
|
15-баптың
4-тармағы
|
15-бап. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлер мәліметтерінің орталықтандырылған базасы операторларының, жылжымалы желі абоненттік құрылғыларының идентификциялық кодтарының мәліметтерінің бірегей базасы операторларының оперативті-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара байланысы;
4.Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлер мәліметтері орталықтандырылған базасы операторларының, жылжымалы желі абоненттік құрылғылары индентификациялық кодтары мәліметтерінің бірегей базсы операторларының оперативті-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара байланысы осы Заңмен және Қазақстан Республикасындағы оперативті іздесітру қызметі туралы заңмен реттеледі.
|
15-бап. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлер мәліметтерінің орталықтандырылған базасы операторларының, жылжымалы желі абоненттік құрылғыларының идентификциялық кодтарының мәліметтерінің бірегей базасы операторларының оперативті-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара байланысы;
4. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының, ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғыларының идентификаттау кодтарының бірыңғай дерекқоры операторының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара қарым-қатынастары осы Заңға және Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес реттеледі.
|
Баспаны айқындау, желі қозғалмайды, желілер бекітілген және мобильді байланыс желілеріне бөлінеді. Ұялы байланыс желілері мобильдік байланыс желісінің бір түрі болып табылады. Ұялы байланыс желілерінің абоненттік құрылғылары тіркелуге жатады
|
|
15-баптың
5-тармағы
|
15-бап. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлер мәліметтерінің орталықтандырылған базасы операторларының, жылжымалы желі абоненттік құрылғыларының идентификциялық кодтарының мәліметтерінің бірегей базасы операторларының оперативті-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара байланысы;
5. Ұялы байланыс операторлары жылжымалы желісінің абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес абоненттік құрылғы иесінің өтініші бойынша өз желісіндегі абоненттік құрылғының жұмысын сәйкестендіру коды бойынша тоқтата тұруға не оны қайта бастауға міндетті.
|
15-бап. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлер мәліметтерінің орталықтандырылған базасы операторларының, жылжымалы желі абоненттік құрылғыларының идентификциялық кодтарының мәліметтерінің бірегей базасы операторларының оперативті-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара байланысы;
5. Ұялы байланыс операторлары ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес абоненттік құрылғы иесінің өтініші бойынша өз желісіндегі абоненттік құрылғының жұмысын идентификаттау коды бойынша тоқтата тұруға не оны жаңғыртуға міндетті.
|
Ұялы байланыс желісі абоненттік құрылғылары индентификациялық кодтары мәліметтерінің бірегей базасының іске қосылуына байланысты бұл нормаға қажеттілік жойылады.
|
|
16-2-бап
|
Жоқ
|
16-2-бап. Радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
Жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде шет мемлекеттердің дипломатиялық және консульдық өкілдіктері радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану басталғанға дейін немесе тоқтатылғанға дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне заңнамада айқындалған нысан бойынша хабарлама жолдауға міндетті.
|
Рұқсат беру тәртібінің әкімшілік кедергілерін хабарлама тәртібіне жеңілдету және оңтайландыру мақсатында. 11-бапқа сәйкес мемлекеттік органдардың хабарламалар үлгісін және хабарламаларды қабылдау ережесін бекіту туралы НҚА дайындау және бекіту рұқсат беру және хабарлау саласындағы уәкілетті орган құзыретіне жатады.
|
|
21-баптың 2-тармағы
(жаңа редакциясы)
|
21-бап. Телекоммуникациялардың бірыңғай желісі
....
2. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желiлерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желiсiн құрайтын желiлер үшiн уәкілетті орган:
1) мыналарды:
халықаралық түйісу нүктелерін ұйымдастыруды, тіркеу мен пайдалануды;
ұйымдастырушылық-техникалық iс-шаралар кешенiн, басқарушы өлшемдерді қалыптастыруды;
қолданылатын байланыс құралдарына және оларды басқаруға қойылатын талаптарды, байланыс желілерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, байланыс желілерін пайдалануға беруді және олардың орындалуын бақылауды қамтитын Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желiлерiн орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртiбiн айқындайды;
|
21-бап. Телекоммуникациялардың бірыңғай желісі
....
2. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желiлерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желiсiн құрайтын желiлер үшiн уәкілетті орган:
1) алып тасталсын;
|
Уәкілетті органның құзыретін қайталауға жол бермеу мақсатындағы редакциялық түзету.
уәкілетті органның тиісті тәртіпті бекітуге арналған тікелей құзыретін белгілеу және уәкілетті органның құзыретін қайталауға жол бермеу мақсатында.
|
|
21-баптың
3-тармағы
|
21-бап. Телекоммуникациялардың бірыңғай желісі
Қазақстан Републикасы бірегей телекоммуникациялық желісіне енетін барлық категориядағы желілердің байланыс операторлары өздерінің Қазақстан Репсубликасы аумағында орналасатын желілерін орталықтандырылған басқару жүйесін құруға міндетті.
|
21-бап. Қазақстан Республикасындағы бірегей телекоммуникациялық желі
3. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникациялар желiсiне кiретін барлық санаттардағы желiлердің байланыс операторлары өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағында орналасуға тиіс өз желiлерiн басқару орталықтары жүйесін құруға мiндеттi.
Функционалдық міндеттеріне абоненттер туралы қызметтік ақпараттармен жұмыс істеу кіретін байланыс операторларының қызметкелері Қазақстан Респбуликасының азаматтары болуы тиіс. Байланыс операторларының өз желілерін қандай да бір басқару түрінде өзге адамдарға берулеріне тыйым салынады.
Телекоммуникациялар желiлерiн құру кезiнде байланыс операторлары байланыс желiлерінің телекоммуникациялық жабдығының жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуді қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды белгiлейтiн ұлттық стандарттарға технологиялық тұрғыдан сәйкес болуын қамтамасыз етедi.
|
Баспаны айқындау.
Аталған норма 2019 жылдан бастап күшіне енеді.
|
|
21-баптың
7-тармағының
үшінші бөлігі
|
21-бап. Қазақстан Республикасындағы бірегей телекоммуникациялық желі
.......
7. Шифрланған, құпияландырылған, кодталған байланыс желілерін және арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілерін құру, басқару, пайдалану, нөмірлеуді бөлу, жұмыс істеуін, ақпараттық қауіпсіздігін, трафик өткізуді, өзара іс-қимыл жасау және пайдалануға қабылдау (пайдаланудан шығару) шарттарын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету тәртібін осы желілер қажеттіліктерін өтеуге арналған Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары айқындайды.
|
21-бап. Қазақстан Республикасындағы бірегей телекоммуникациялық желі
.......
7. Шифрланған, құпияландырылған, кодталған байланыс желілерін және арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілерін құру, басқару, пайдалану, нөмірлеуді бөлу, жұмыс істеуін, ақпараттық қауіпсіздігін, трафик өткізуді, өзара іс-қимыл жасау және пайдалануға қабылдау (пайдаланудан шығару) шарттарын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету тәртібін осы желілер қажеттіліктерін өтеуге арналған Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары айқындайды.
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №814 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын байланыстың халықаралық және басқа да түрлерімен қамтамасыз ету функциялары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен атқарылады.
|
|
23-баптың
1-тармағы
|
23-бап. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттеріне арналған байланыс желілері.
1. Үкіметтік байланысты Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органы қамтамасыз етеді.
Байланыс операторлары үкіметтік байланыстың техникалық мүмкіндіктері мен жарақтандырылуын ескеріп, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін жаңғыртуды және дамытуды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органымен келісе отырып жүргізеді.
Үкіметтік байланыс жүйесі, шифрланған, құпияландырылған және кодталған байланыс Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қамтамасыз етіледі.
|
23-бап. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттеріне арналған байланыс желілері
1. Үкіметтік байланысты Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органы қамтамасыз етеді.
Президенттік байланысты Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қамтамасыз етеді.
Байланыс операторлары үкіметтік және президенттік байланыстың техникалық мүмкіндіктері мен жарақтандырылуын ескеріп, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін жаңғыртуды және дамытуды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органымен және Мемлекеттік күзет қызметімен келісе отырып жүргізеді.
Үкіметтік, президенттік байланыс жүйелері, шифрланған, құпияландырылған және кодталған байланыс Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қамтамасыз етіледі.
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №814 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын байланыстың халықаралық және басқа да түрлерімен қамтамасыз ету функциялары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен атқарылады.
|
|
23-баптың
3-тармағы
|
23-бап. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттеріне арналған байланыс желілері.
Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, уәкілетті органдар
|
23-бап. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттеріне арналған байланыс желілері.
3. Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кәбілдік кәріздегі арналарды және алаңдарды беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен уәкілетті органдар реттейтін бағалар (тарифтер) бойынша шарттық негізде жүзеге асырылады.
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №814 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын байланыстың халықаралық және басқа да түрлерімен қамтамасыз ету функциялары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен атқарылады.
|
|
23-баптың
5-тармағы
|
23-бап. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттеріне арналған байланыс желілері.
5. Байланыс операторлары Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсiздiк және ішкі істер органдарының қажеттерi үшiн байланыс арналары мен желiлерiн басымдықпен берудi және байланыс арналары бүлінген жағдайда оларды ауыстыру немесе қалпына келтiру жөнiнде бiрiншi кезектегi және шұғыл шаралар қолдануға мiндеттi.
|
23-бап. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттеріне арналған байланыс желілері.
5. Байланыс операторлары Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсiздiк және ішкі істер органдарының мұқтаждары үшiн байланыс арналары мен желiлерiн басымдықпен берудi қамтамасыз етуге және байланыс арналары бүлінген жағдайда оларды ауыстыру немесе қалпына келтiру жөнiнде бiрiншi кезектегi және шұғыл шараларды қолдануға мiндеттi.
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №814 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын байланыстың халықаралық және басқа да түрлерімен қамтамасыз ету функциялары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен атқарылады.
|
|
23-баптың
6-тармағы
|
23-бап. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттеріне арналған байланыс желілері.
6. Байланыс операторларының, сот шешiмiмен болмаса, байланыс арналарын ажыратуға және (немесе) Қазақстан Республикасының әскери басқару, ұлттық қауiпсiздiк және ішкі iстер органдарына үкіметтік байланыс қызметтерiн, байланыс қызметтерiн көрсетудi тоқтата тұруға құқығы жоқ.
|
23-бап. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттеріне арналған байланыс желілері.
6. Байланыс операторларының, сот шешiмiмен болмаса, байланыс арналарын ажыратуға және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне, әскери басқару, ұлттық қауiпсiздiк және ішкі iстер органдарына үкіметтік және президенттік байланыс қызметтерiн, байланыс қызметтерiн көрсетудi тоқтата тұруға құқығы жоқ.
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №814 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын байланыстың халықаралық және басқа да түрлерімен қамтамасыз ету функциялары Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметімен атқарылады.
|
|
23-баптың
7-тармағы
|
23-бап. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттеріне арналған байланыс желілері.
7. Байланыс операторлары байланыстың жұмыс iстеп тұрған және жаңадан салынып жатқан құрылыстары мен тораптарында техникалық құралдарды орналастыру үшiн қажеттi алаңдарды, сондай-ақ арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желiлерi мен үкiметтiк байланыс мүдделерiне пайдаланылатын желiлiк-кәбiлдiк құрылыстардағы резервтiк сыйымдылықтар мен кепiлдi электрмен қоректендiруді көздеуге мiндеттi.
|
23-бап. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттеріне арналған байланыс желілері.
7. Байланыс операторлары байланыстың жұмыс iстеп тұрған және жаңадан салынып жатқан құрылысжайлары мен тораптарында техникалық құралдарды орналастыру үшiн қажеттi алаңдарды, сондай-ақ арнаулы мақсаттағы телекоммуникациялар, үкiметтiк және президенттік байланыс мүдделерiнде пайдаланылатын желiлiк-кәбiлдiк құрылысжайлардағы резервтiк сыйымдылықтар мен кепiлдi электрмен қоректендiруді көздеуге мiндеттi.
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №814 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын байланыстың халықаралық және басқа да түрлерімен қамтамасыз ету функциялары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен атқарылады.
|
|
23-баптың
8-тармағы
|
23-бап.Қазақстан Републикасының өкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттіліктері үшін байланыс желілері.
8.Бейбіт уақытта жедел жағдай шиеленіскен, ерекше маңызды жұмыстар мен іс-шаралар жүргізілген кезде байланыс операторлары жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын немесе ерекше маңызды жұмыстар мен іс-шаралар жүргізуге өкілеттігі бар байланыс қызметтерін пайдаланушыларға жеке өнімдер бойынша, шарттарды ресімдемей уақытша жалдау жағдайында, шығындарды кейін өтейтіндей етіп, қажет болған жағдайда ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің жұмыс арналарын пайдалана отырып, байланыс операторлары байланыс қызметін көрсетеді.
|
23-бап.Қазақстан Републикасының өкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттіліктері үшін байланыс желілері.
8. Бейбiт уақытта жедел жағдай шиеленiскен, аса маңызды жұмыстар мен iс-шаралар жүргізілген кезде байланыс операторлары жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын немесе аса маңызды жұмыстар мен iс-шараларды жүргiзуге уәкілеттiгi бар көрсетілетін байланыс қызметтерiн пайдаланушыларға жеке өтiнiмдер бойынша, шарттарды ресiмдемей уақытша жалдау жағдайында, шығындарды кейiннен өтей отырып, қажет болған жағдайда ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желiлерi байланысының жұмыс арналарын пайдалану арқылы, қосымша арналар мен тiкелей байланыс желілерін бөліп береді.
|
Баспаны айқындау
|
|
25-баптың жаңа
4 және 5-тармақтары
|
25-бап. Телекоммуникация желілерін қосу
…
Жоқ
|
25-бап. Телекоммуникация желілерін қосу
4. Байланыс операторлары арасында интернет-трафик алмасуды Қазақстан Республикасынан тыс жерде шетел операторлары арқылы жүзеге асыруға тыйым салынады.
5. Интернет-трафик алмасу нүктесіне барлық қосылғандар мен байланыс операторлары арасында интернет-трафик алмасу нүктесі арқылы алмасу трафикті өткізу және алмасу тегін жүзеге асырылады.
|
ҚР ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР операторлар желісінің арасында трафикті өткізу ҚР аумағында трафикпен алмасу нүктелері арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
|
|
26-баптың
3-тармағы
|
26-бап. Басым байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiн қосу ерекшеліктері
……
3. Телекоммуникация желiлерiнiң операторлары өз желiлерiнде байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың әрқайсысына қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын еркiн таңдаудың техникалық мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
|
26-бап. Басым байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiн қосу ерекшеліктері
……
Алып тастау
|
Аталған норма қазіргі уақытта өзектілігін жоғалтқан, халықаралық байланысқа операторлардың тариф құнын төмендеткеніне көп болды.
|
|
26-баптың
3-1-тармағының
2) тармақшасы
|
26-бап. Басым байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiн қосу ерекшеліктері
3-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының операторлары:
…
2) өз қаражаты есебінен интернет-трафик алмасу нүктелерінің және Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті;
|
26-бап. Басым байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiн қосу ерекшеліктері
3-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының операторлары:
…
2) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өз қаражаты есебінен интернет-трафик алмасу нүктелерін өткізуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
|
ТЖБО жүйесінің жұмыс істеуін күтіп-ұстаудың жаңа моделін енгізуге байланысты. ҚР ТЖБО жұмыс істеуі жөніндегі нормаларды тиімді іске асыру мақсатында.
Заңға қол қойлған сәтінен бастап күшіне енеді.
Қолданыстағы
2) тармақшаның редакциясын ТЖБО мен интернет-трафикпен алмасу нүктесі бойынша міндеттердің аражігін ажырату бөлігінде бөлуге байланысты.
|
|
28-7-баптың
1) тармақшасы
|
28-7-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерiнiң мiндеттерi
Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерi:
1) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық сипаттамалары мен пайдалану жағдайларының рұқсатта жазылған талаптарға, сондай-ақ белгiленген ережелер мен нормаларға сай келуiн қамтамасыз етедi;
|
28-7-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерiнiң мiндеттерi
Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерi:
1) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық сипаттамалары мен пайдаланылу шарттарының радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламада жазылған параметрлерге, сондай-ақ белгiленген қағидалар мен нормаларға сай келуiн қамтамасыз етедi;
|
Рұқсат беру тәртібінің әкімшілік кедергілерін хабарлама тәртібіне жеңілдету және оңтайландыру мақсатында.
|
|
29-баптың
4-3-тармағы
|
29-бап. Байланыс желілерін дамыту
4-3. жоқ
|
29-бап. Байланыс желілерін дамыту
4-3. Байланыс операторлары шарт негізінде инженерлік инфрақұрылым объектілерін, телекоммуникациялық жабдықтар мен байланыс желілерін бірлесіп пайдалана алады.
|
Ұялы байланыс желісі инфрақұрылымын бірлесіп қолдануды қамтамасыз ету мен ауылдық аумақтарды ұялы байланыс желісімен қамту мақсатында.
|
|
29-баптың
7-тармағы
|
29-бап. Байланыс желілерін дамыту
7. Қызметкерлерi үкiметтiк және президенттік байланыс желісінiң абоненттерi болып табылатын мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ғимараттарын, құрылыстары мен объектiлерiн салу кезiнде, сондай-ақ олар орналасқан жерiн ауыстырған кезде қосу желiлерiн және арнаулы мақсаттағы iшкi байланыс желiлерiн жобалау мен тартуды құрылысқа тапсырыс берушiлер өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
|
29-бап. Байланыс желілерін дамыту
7. Жұмыскерлерi үкiметтiк және президенттік байланыс желiсiнiң абоненттерi болып табылатын мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың ғимараттарын, құрылысжайлары мен объектiлерiн салу кезiнде, сондай-ақ олардың орналасқан жерi өзгерген кезде қосу желiлерiн және арнаулы мақсаттағы iшкi байланыс желiлерiн жобалау мен тартуды құрылысқа тапсырыс берушiлер өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №814 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын байланыстың халықаралық және басқа да түрлерімен қамтамасыз ету функциялары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен атқарылады.
|
|
29-2-бап
|
29-2-бап. Авариялар мен апаттар болғанда шұғыл шақыру жүйесі үшін телекоммуникация желілерін пайдалануға беру.
Ұялы байланыс операторы автомобиль жолдарындағы жол көлік оқиғалары және өзгеде төтенше жағдайлар туралы хабарлар беру үшін және шұғыл шақыру жүйесі операторымен екіжақты дыбыстық байланыс орнату үшін өздерінің жылжымалы желі байланыс каналдарын шұғыл шақыру жүйесі операторларын пайдалануына тегін түрде беруге міндетті.
|
29-2-бап. Авариялар мен апаттар болғанда шұғыл шақыру жүйесі үшін телекоммуникация желілерін пайдалануға беру.
Ұялы байланыс операторы шұғыл шақыру жүйесінің операторына автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы хабарламаларды беру және шұғыл шақыру жүйесінің операторымен екіжақты дауыс байланысын орнату үшін өзінің ұялы байланыс желісін пайдалануға өтеусіз негізде беруге міндетті.
|
Редакцияға түсініктеме, желі қозғалмайды, желілер бекітілген байланыс және мобильді байланыс болып бөлінеді. Ұялы байланыс желісі – мобильдік байланыстың түрі. Ұялы байланыс желісінің абонентік құрылғылары тіркеуге алынуы тиіс.
|
|
36-бабтың
4-тармағы
|
36-бап. Байланыс қызметін пайдаланушылардың құқықтарын қорғау.
4. Байланыс операторынан қызмет бабындағы ақпартты алуға тек пайдаланушының келісімімен және осы Заңның 15-бабында көрсетілген жағдайда ғана жол беріледі.
Телефонмен сөйлесулерді тыңдауға, телекоммуникацяиылар хабарларымен танысуға, пошта жөнелтілімдерін және деректі корреспонденцияларды кешіктіруге, қарауға және алуға, сондай-ақ басқа да байланыс құпияларын шектеуге Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіпте ғана жол беріледі.
Ұялы байланыстың тіркелмеген абоненттік нөмірін анықтау мақсатында қызмет бабындағы ақпартқа қолжетімділік (абоненттік нөмір, аты-жөні(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) заңды тұлғаның атауы) Қазақстапн Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады
|
36-бап. Байланыс қызметін пайдаланушылардың құқықтарын қорғау.
4. Байланыс операторынан қызметтiк ақпарат алуға абоненттің келiсiмiмен ғана және осы Заңның 15-бабында көзделген жағдайларда жол беріледi.
Телефонмен сөйлесудi тыңдауға, телекоммуникация хабарламаларымен танысуға, пошта жөнелтiмдерi мен құжаттамалық хат-хабарларды кiдiртуге, қарап-тексеруге және алуға, олар туралы мәлiметтер алуға, сондай-ақ байланыс құпияларын өзге де шектеулерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен ғана жол беріледі.
Ұялы байланыстың тіркелмеген абоненттік нөмірлерін анықтау мақсатында қызметтік ақпаратқа (абоненттік нөмір, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), заңды тұлғаның атауы) қол жеткізу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
|
Редакциялық түзету, келісім-шарт абонентпен бекітіледі, сондықтан қолданушы қызметтік ақпаратқа келісім бере алмайды.
|
|
36-2-баптың
тақырыбы
|
36-2-бап. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын тіркеу
|
36-2-бап. Ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғыларын тіркеу
|
Редакцияға түсініктеме, желі қозғалмайды, желілер бекітілген байланыс және мобильді байланыс болып бөлінеді. Ұялы байланыс желісі – мобильдік байланыстың түрі. Ұялы байланыс желісінің абонентік құрылғылары тіркеуге алынуы тиіс.
|
|
36-2-баптың
1-тармағы
|
36-2-бап. Ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғыларын тіркеу
Жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларының идентификациялық кодтары Қазақстан Республикасы аумағында жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары идентификациялық кодтары мәліметтерінің бірегей базасына енгізіледі.
|
36-2-бап. Ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғыларын тіркеу
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғыларының идентификаттау кодтары ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғылары идентификаттау кодтарының бірыңғай дерекқорына енгізіледі.
|
Редакцияға түсініктеме, желі қозғалмайды, желілер бекітілген байланыс және мобильді байланыс болып бөлінеді. Ұялы байланыс желісі – мобильдік байланыстың түрі. Ұялы байланыс желісінің абонентік құрылғылары тіркеуге алынуы тиіс.
|
|
36-2-баптың
2-тармағы
|
36-2-бап. Ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғыларын тіркеу
2. Жылжымалы желінің кодтары өзгерген абоненттік құрылғыларын, сондай-ақ жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларының идентификациялық кодтарын өзгертуге арналған және пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтарды енгізуге, өндіруге, таратуға және пайдалануға тыйым салынады. Адал ойлы сатып алушылар жұмыс істейтін жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары бұған кірмейді.
|
36-2-бап. Ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғыларын тіркеу
2. Ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғыларын өзгерген және (немесе) қайталанған идентификаттау кодтарымен әкелуге, өндіруге және таратуға, сондай-ақ ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғыларының идентификаттау кодтарын өзгертуге арналған және (немесе) сол үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылым мен жабдыққа тыйым салынған.
|
Редакцияға түсініктеме, желі қозғалмайды, желілер бекітілген байланыс және мобильді байланыс болып бөлінеді. Ұялы байланыс желісі – мобильдік байланыстың түрі. Ұялы байланыс желісінің абонентік құрылғылары тіркеуге алынуы тиіс.
|
|
36-2-баптың
3-тармағы
|
36-2-бап. Ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғыларын тіркеу
3. Ұялы байланыс операторына, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу ережелерінде қарастырылмағаннан басқа жағдайда жылжымалы желінің тіркелмеген абоненттік құрылғыларына қызмет көрсетуге тыйым салынады.
|
36-2-бап. Ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғыларын тіркеу
3. Ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұялы байланыс операторына ұялы байланыс желісінің тіркелмеген абоненттік құрылғылары арқылы қызметтер көрсетуге тыйым салынады.
|
Редакцияға түсініктеме, желі қозғалмайды, желілер бекітілген байланыс және мобильді байланыс болып бөлінеді. Ұялы байланыс желісі – мобильдік байланыстың түрі. Ұялы байланыс желісінің абонентік құрылғылары тіркеуге алынуы тиіс.
|
|
36-2-баптың 4-тармағы
|
36-2-бап. Ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғыларын тіркеу
..........
4. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларының идентификациялық кодтары мәліметтерінің бірегей базасында тіркеу тәртібі, сондай-ақ, жылжымалы желі абоненттік құрылғылары идентификациялық кодтары мәліметтерінің бірегей базасының жұмыс істеуі және (немесе) оны жүргізу, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жылжымалы желі абоненттік құрылғылары идентификациялық кодтарының бірегей мәліметтік базасына ұялы байланыс операторларына қолжетімділік туғызу жылжымалы желі абоненттік құрылғыларын тіркеу ережелерімен анықталады.
|
36-2-бап. Ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғыларын тіркеу
..............
4. Ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғылары идентификаттау кодтарының бірыңғай дерекқорында ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғыларын тіркеу, сондай-ақ ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғылары идентификаттау кодтарының бірыңғай дерекқорының жұмыс істеу және (немесе) оны жүргізу, ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғылары идентификаттау кодтарының бірыңғай дерекқорының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ұялы байланыс операторларының оған қол жеткізу тәртібі ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларында айқындалады.
|
Редакцияға түсініктеме, желі қозғалмайды, желілер бекітілген байланыс және мобильді байланыс болып бөлінеді. Ұялы байланыс желісі – мобильдік байланыстың түрі. Ұялы байланыс желісінің абонентік құрылғылары тіркеуге алынуы тиіс.
|
|
36-2-баптың
5-тармағы
|
36-2-бап. Ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғыларын тіркеу
5. Ұялы байланыс операторлары жылжымалы желі абоненттік құрылғылары идентификациялық кодтары мәліметтерінің бірегей базасы операторына жылжымалы желі абоненттік құрылғылары идентификациялық кодтарының реестрінен ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын тіркеу ережелерінде белгіленген тәртіпте мәліметтер беруге міндетті.
|
36-2-бап. Ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғыларын тіркеу
5. Ұялы байланыс операторлары ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғылары идентификаттау кодтарының бірыңғай дерекқорының операторына ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларында айқындалатын тәртіппен ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғылары идентификаттау кодтарының тізілімінен мәліметтердің берілуін қамтамасыз етуге міндетті.
|
Редакцияға түсініктеме, желі қозғалмайды, желілер бекітілген байланыс және мобильді байланыс болып бөлінеді. Ұялы байланыс желісі – мобильдік байланыстың түрі. Ұялы байланыс желісінің абонентік құрылғылары тіркеуге алынуы тиіс.
|
|
39-1-баптың тақырыбы
|
39-1 бап. Жылжымалы желі абоненттік құрылғысы арқылы электронды түрде қызмет алған жағдайда абоненттік нөмірді пайдалану тәртібі
|
39-1 бап. Ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу кезінде абоненттік нөмірді пайдалану тәртібі.
|
Редакцияға түсініктеме, желі қозғалмайды, желілер бекітілген байланыс және мобильді байланыс болып бөлінеді. Ұялы байланыс желісі – мобильдік байланыстың түрі.
|
|
39-1-баптың
1-тармағы
|
39-1 бап. Жылжымалы желі абоненттік құрылғысы арқылы электронды түрде қызмет алған жағдайда абоненттік нөмірді пайдалану тәртібі
Абонент Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес жылжымалы желі абоненттік құрылғылары арқылы қызметті электронды түрде алуға құқылы.
|
39-1-бап. Ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу кезінде абоненттік нөмірді пайдалану тәртібі
1. Абонент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алуға құқылы.
|
Редакцияға түсініктеме, желі қозғалмайды, желілер бекітілген байланыс және мобильді байланыс болып бөлінеді. Ұялы байланыс желісі – мобильдік байланыстың түрі.
|
|
39-1-баптың
2-тармағы
|
39-1 бап. Жылжымалы желі абоненттік құрылғысы арқылы электронды түрде қызмет алған жағдайда абоненттік нөмірді пайдалану тәртібі
2. Жылжымалы желі абоненттік құрылғысы арқылы электронды түрде қызмет алу үшін абонент ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірді «электронды үкімет» веб-порталының есептік жазбасына қосуы тиіс.
|
39-1 бап. Ұялы байланыс желісі абоненттік құрылғысы арқылы электронды түрде қызмет алған жағдайда абоненттік нөмірді пайдалану тәртібі
2. Абонент ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу үшін ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірді «электрондық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосуы қажет.
|
Редакцияға түсініктеме, желі қозғалмайды, желілер бекітілген байланыс және мобильді байланыс болып бөлінеді. Ұялы байланыс желісі – мобильдік байланыстың түрі.
|
|
39-1-баптың
3-тармағы
|
39-1 бап. Жылжымалы желі абоненттік құрылғысы арқылы электронды түрде қызмет алған жағдайда абоненттік нөмірді пайдалану тәртібі
3. Абонентті идентификациялау ұялы байланыс операторы берген оның абоненттік нөмірі бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы заңнамаларында қарастырылған жағдайларда, жылжымалы желі абоненттік құрылғысы арқылы электронды түрде қызмет алу үшін абонент электронды сандық қолтаңбаны пайдаланады.
|
39-1 бап. Ұялы байланыс желісі абоненттік құрылғысы арқылы электронды түрде қызмет алған жағдайда абоненттік нөмірді пайдалану тәртібі
3. Абонентті идентификаттау оның ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу үшін абонент электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланады.
|
Редакцияға түсініктеме, желі қозғалмайды, желілер бекітілген байланыс және мобильді байланыс болып бөлінеді. Ұялы байланыс желісі – мобильдік байланыстың түрі.
|
|
39-2 баптың
9-тарауы
|
Жоқ
|
9-тарау. Байланыс қызметін көрсетудің ерекшеліктері
39-2 бап. Байланыс қызметтерін көрсету
1. Қазақстан Республикасының аумағында байланыс және телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсетуді Қазақстан Республикасының резиденттері жүзеге асырады.
2. Ғарыш аппараттарын пайдалануды қарастыратын байланыс қызметтерін ұйымдастыру тек Қазақстан Республикасының резиденттеріне және (немесе) шетелдік заңды тұлғаларға тиесілі ғарыш аппараттарын пайдаланған жағдайда және (немесе) Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары және (немесе) өкілдіктері арқылы қызмет көрсеткен жағдайда ғана жүзеге асырылады.
3. Ғарыш аппараттарының транспондерлік сыйымдылығын ұсыну қызметін көрсету байланыс операторының сұрау салуы бойынша резервте қалдыруды қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.
|
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер қызмет көрсете отырып салық төлеу үшін, транспондерлік қызмет көрсетуді ұсыну сыйымдылығы резиденттермен қамтамасыз етілуі тиіс.
|
|
40-баптың жаңа тармағы
|
40-бап
Операторлар мен байланыс қызметін пайдаланушылардың жауапкершілігі
жоқ
|
40-бап. Операторлар мен байланыс қызметін пайдаланушылардың жауапкершілігі
….
1-2. Байланыс операторларына абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау және сақтау жүйесіне абонент туралы мәліметтерді енгізбей байланыс қызметтерін көрсетуге тыйым салынады.
|
Байланыс саласындағы уәкілетті органның атына құқық қорғау органдарынан ұялы байланыс операторлары мен олардың өкілдері тіркелмеген SIM-карталарды сататындығы себепті дайындалып жатқан террорлық акт туралы жалған ақпарат тарататын тұлғаларды анықтау мүмкін еместігі туралы хаттар келеді.
Осыған байланысты тіркелмеген абоненттерге ұялық байланыс қызметін көрсету фактілерін болдырмау үшін «Байланыс туралы» заңның 40-бабын 1-2 тармақпен толықтыру ұсынылады.
|
|
41-1-баптың
1-1-тармағының бірінші бөлігі
|
41-1-бап. Байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын тоқтата тұру тәртібі
…..
1-1. Соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған, сондай-ақ қолжетімділігі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарларының уәкілетті органға заңды бұзушылықтарды жою туралы енгізген нұсқамасымен уақытша тоқтатыла тұрған ақпарат телекоммуникациялар желісі арқылы таратылған жағдайда, уәкілетті органның нұсқамасы бойынша байланыс операторлары және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті шектеу бойынша дереу шаралар қолдануға міндетті.
Телекоммуникациялар желісінде ақпаратты орналастырған тұлға уәкілетті органның нұсқамасына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
|
41-1-бап. Байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын тоқтата тұру тәртібі
…..
1-1. Заңды күшіне енген сот актілерімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған немесе өзге де түрде таратылуы шектелген, сондай-ақ қолжетімділігі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарларының уәкілетті органға заң бұзушылықтарды жою туралы енгізген нұсқамасымен уақытша тоқтатыла тұрған ақпарат телекоммуникациялар желісі арқылы таратылған жағдайда, уәкілетті органның нұсқамасы бойынша байланыс операторлары және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті шектеу бойынша шұғыл шаралар қолдануға міндетті.
|
Қазақстан Республикасы «Байланыс туралы» Заңының 41-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған, сондай-ақ қолжетімділігі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарларының уәкілетті органға заңды бұзушылықтарды жою туралы енгізген нұсқамасымен уақытша тоқтатыла тұрған ақпарат телекоммуникациялар желісі арқылы таратылған жағдайда, уәкілетті органның нұсқамасы бойынша байланыс операторлары және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті шектеу бойынша дереу шаралар қолдануға міндетті.
Осылайша, қазіргі уақытта уәкілетті орган тек қана Қазақстан Республикасы заңдарымен тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті жабуға құқылы, бірақта таратылуға жатпайтын ақпаратқа қатысты емес, себебі Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 24-бабының 3-тармағына сәйкес ережелер барынша қысқа болуға, нақты мағынаны және әртүрлi түсiндiруге жатпайтын мағынаны қамтуға тиiс.
Қазіргі уақытта, бірқатар заңдар ақпараттардың және мәліметтердің таратылуға жатпайтындығын қарастырады, біздің көзқарасымыз бойынша оларға тыйым салынуы тиіс.
Бұл Интернетті бақылау бойынша уәкілетті органның өкілеттің кеңейтеді және оны құқыққа қайшы контенттерден тазартуға мүмкіндік береді.
Мұндай заңдар болып Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңдар табылады.
Мысалы, Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалуына және сатылуына тыйым салынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалауға жол берiлмейдi.
Осы Заңның 15-бабына сәйкес жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде кәмелетке толмағандарды олардың сенiмiн және тәжiрибесiнiң жоқтығын терiс пайдаланудан қорғау мақсатында:
- ата-ананың беделiн түсiруге, кәмелетке толмағандардың оларға деген сенiмiн жоғалтуға;
- ата-ананы немесе басқа да адамдарды жарнамаланатын өнiмдi сатып алуға иландыра шақыратын тiкелей ұсыныс жасауға;
- белгiлi бiр өнiмге ие болу басқалармен салыстырғанда қандай да болсын артықшылық беретiнiн, сондай-ақ қолда ондай өнiмнiң болмауы керiсiнше жағдайға алып келетiнiн кәмелетке толмағандарға тiкелей көрсетуге;
- кәмелетке толмағандарды қауiптi орындар мен жағдайларда көрсету алдын алу мақсаттарында ақталмаса, оны мәтiндiк, көрнекi немесе дыбыстық ақпараттарды жарнамада орналастыруға;
- кәмелетке толмағандарға арналған тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) тiкелей қатысы жоқ жарнамада кәмелетке толмағандардың бейнелерiн көрнекi немесе дыбыстық пайдалануға;
- өнiмдi пайдалану нәтижелерi көрсетiлген немесе сипатталған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың өнiмдi пайдалану дағдыларының қажеттi деңгейiн кемiтiп көрсетуге жол берiлмейдi. Жарнама өнiм арналған жас мөлшерi тобындағы кәмелетке толмағандар үшiн нақты қол жеткiзуге болатын ақпарат беруге тиiс;
- кәмелетке толмағандардың бойында кәмелетке толмағандарға арналған өнiмнiң құны (бағасы) туралы шындыққа жанаспайтын (бұрмаланған) түсiнiк қалыптастыруға, сондай-ақ жарнамаланатын өнiмге кез келген отбасы бюджетi қол жеткiзе алады деген тiкелей немесе жанама нұсқауға жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының 19-бабы 5-тармағына сәйкес балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытты өткізетін өзге де ұйымдарында, лагерьлері мен санаторийлерінде құдайға құлшылық етуді, дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге, сондай-ақ діни ілімдерді таратуға бағытталған іс-әрекеттерге жол берілмейді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 156-бабына сәйкес сот талап қоюшының арызы бойынша талап қоюды қамтамасыз ете алады, олардың тізбесі шектелмеген.
Мұндай шараларға, атап айтқанда белгілі бір мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға тыйым салу жатады.
Бұл міндеттер байланыс саласындағы уәкілетті органға жүктеледі.
АПК 158-бабына сәйкес өздеріне ұйғарым жіберілген органдар мен адамдар талап қоюды қамтамасыз ету туралы сот ұйғарымының орындалуы туралы оны орындау жөнінде қажетті әрекеттерді жасағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сотқа хабарлауға міндетті. Көрсетілген міндетті орындамау заңда көзделген жауаптылықтың туындауына әкеп соғады.
Осыған байланысты, құқықтық коллизияны жою мақсатында тек қана сот шешімдері бойынша ғана емес және сот органдарының анықтамалары бойынша да ақпаратты таратуды шектеу мүмкіндігін қарастыру қажет.
|
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы
|
|
1-баптың
4-2) тармақшасы
| |