Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар



жүктеу 1,32 Mb.
бет15/17
Дата21.11.2018
өлшемі1,32 Mb.
#22631
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Жоқ

37-бап. Спутниктік телерадиохабар тарату
4. Телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты қолжетімділік картасын және телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйесіне ие емес телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын дара қабылдауға арналған жабдықтарға таратуға тыйым салынады.

Құқықтық алаңға шетелдік спутниктік телерадиохабар тарату субьектілерін, сондай-ақ жеке спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын («сұр табақтарды») және спутниктік телерадиохабар тарату операторларының қызметіне шартты қол жеткізу карталарын таратумен айналысатын кәсіпкерлік субьектілерін енгізу мақсатында ұсынылады.



37-баптың

жаңа 5-тармағы



37-бап. Спутниктік телерадиохабар тарату
жоқ

37-бап. Спутниктік телерадиохабар тарату

5. Дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылардың қызметі телерадио хабарларын тарату қызметін көрсету қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.



Құқықтық алаңға шетелдік спутниктік телерадиохабар тарату субьектілерін, сондай-ақ жеке спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын («сұр табақтарды») және спутниктік телерадиохабар тарату операторларының қызметіне шартты қол жеткізу карталарын таратумен айналысатын кәсіпкерлік субьектілерін енгізу мақсатында ұсынылады.



Жаңа 40-1-бап

жоқ

40-1-бап.  Телерадиоарналарды көпшілікке көрсету үшін тарату
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ғимараттарында көпшілікке көрсету үшін тек отандық теле-, радиоарналар ғана таратылады.

Қазіргі уақытта «Телерадио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңы телерадиоарналарын отандық және шетелдікке бөлуді қарастырады.

2017 жылдың 1 қаңтарына ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде аумақтық және республикалық телерадиоарналары бар 112 отандық телерадиоарналар есепке алынды.

Бұл ретте, соңғы уақытта мемлекеттік органдар мен ұйымдарда телерадиоарналарды тарату кезінде шетелдік телеарналарды көрсету үрдіске айналды. Бұл жайт халықта ақпараттандыруда, сондай-ақ отандық БАҚ-ты дамытуда кері әсерін тигізеді.

Осыған байланысты, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда ұдайы отандық телерадиоарналарды көрсету бойынша талаптар енгізу туралы шешім қабылданды. Ол міндетті және еркін түрде көрсету тізіміне енгізілген немесе бірде-бір тізімге енгізілмеген, бірақ отандық телерадиоарна болып табылатын республикалық немесе жергілікті телерадиоарна бола алады.



«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңы



16-баптың жаңа

5-тармағы



Жоқ

16-бап. Дербес деректердің тарнсшекаралық берілуі

........


5. Абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпараттың трансшекаралық берілуінің ерекшеліктері «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.

Азаматтардың мудделеріне және ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтірмеуін болдырмау мақсатында.



«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңы



2-қосымша

146-тармақ



Екінші санаттағы рұқсаттар
тізбесі



Р/с №



Рұқсат беру рәсімінің атауы

Рұқсаттың және жүзеге асырылуы үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызметтің (әрекеттің) атауы

Ескертпе

1

2

3

4

1-сынып - "қызметке берілетін рұқсаттар"



146

Радиоэлектрондық құралды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыны пайдалануға рұқсат беру

Радиоэлектрондық құралды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыны пайдалануға рұқсат






Алынып тасталсын


Бүгінгі таңда Радиоэлектрондық құралды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыны пайдалануға рұқсат беру www.elicense.kz интернет-порталы арқылы электронды түрде беріледі.

Электронды түрде рұқсат беру сәтінен бастап пайдалануға енгізілетін РЭҚ және ЖЖҚ бақылауға мүмкіндік беретін электронды база жүргізіледі. Сонымен бірге, рұқсат беру құжатын алғаны үшін төлем алынбайды.

Бұл рұқсат құжаты аясындағы әрекеттің қауіптілік деңгейі төмен, бірақ уәкілетті органдардан РЭҚ және ЖЖҚ пайдалану бойынша әрекетті бастау немесе тоқтату туралы ақпаратты алуды талап етуіне байланысты, осы рұқсаттарды хабарлама тәртібіне ауыстыру ұсынылады.

РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат беруді хабарлама тәртібіне ауыстыруына байланысты бұл норма «Рұқсаттар мен хабарлама туралы» Заңының рұқсаттар тізбесінен алынып тасталынды.





3-қосымша

56-тармақ



Хабарламалар тізімі
Жоқ

Хабарламалар тізімі

56. Радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.



РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат беруді хабарлама тәртібіне ауыстыруына байланысты бұл норма «Рұқсаттар мен хабарлама туралы» Заңының рұқсаттар тізбесіне қосылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңы



1-баптың

20) тармақшасы



20) сервистік келісімшарт - мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуді қарастыратын мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің шарты.

20) сервистік келісімшарт – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жүзеге асыру шеңберінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, қызметтер көрсетуді көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты.

Экономиканың жеке салаларында сервистік келісімшартты жүзеге асыру ерекшеліктерін есепке алу үшін.

Мысалы, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңында ақпараттандырудың сервистік үлгісі, «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» заңында энергия сервистік келісімшарт қарастырылған.



7-баптың

4-тармағы



7-бап. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті жақсарту тәсілдері

..

Жоқ


7-бап. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті жақсарту тәсілдері

..



4. Экономиканың жекелеген салаларында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.

Үкіметтің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі кеңейтілген отырысында Елбасы әлеуметтік міндеттерді шешу бойынша билік пен бизнестің өзара әрекеттесуінің жұмыс жасайтын нақты механизмі ретінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырысты орналастыру үлгісінде МЖМС механизмін ендіруді тапсырды. Көрсетілген тапсырманы орындау үшін МЖМС жаңа қарапайым механизмі ұсынылады, онда мемлекет мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жоспарлау және әзірлеу сатысында МЖМС жобасының негізі параметрлерін және бюджеттен төлемдерді белгілейді.

Әлеуетті жекеменшік инвестор жобаны әзірлеу тұжырымдамасын және жобалық құжаттама топтамасын әзірлеуден босап, оның біліктілік талаптарына сәйкес өтінім береді, МЖМС шартын жасасуға және бағдарламалық құжаттамамен қарастырылған мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқылы.

Ұсынылатын механизм МЖМС шартын жасасу бөлігіндегі бюрократизмді толықтай жойып, барлық әлеуетті инвесторларға тең мүмкіндіктер береді.

Ұсынылатын схема «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім тапсырысын үйлестіру механизміне ұқсас.



10-баптың

1-1-тармағы



10-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру

……….



Жоқ

10-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру

…….

1-1 Экономиканың жекелеген салаларында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.


1-тармақты қарау



31-бап

31-бап. Жеке әріптесті анықтау

1. Жеке әріптесті анықтау келесі әдістермен жүргізіледі:

1) конкурс өткізу, оның ішінде қарапайым тәртіпте және екі кезеңдік рәсім қолданылады. Тізімі Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын жеке әріптесті анықтау конкурсы объектіге қатысты жабық болуы мүмкін;

2) тікелей келіссөз жүргізу.

2. Конкурс өткізу арқылы қарапайым тәртіпте жеке әріптесті анықтау тек осы Заңның ережелеріне сәйкес жергілікті мемлекеттік-жеке әріптестіктің жобалары үшін ғана жүргізіледі.


31-бап. Жеке әріптесті анықтау

1. Жеке әріптесті анықтау келесі әдістермен жүргізіледі:

1) конкурс өткізу, оның ішінде қарапайым тәртіпте және екі кезеңдік рәсім қолданылады. Тізімі Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын жеке әріптесті анықтау конкурсы объектіге қатысты жабық болуы мүмкін;

2) тікелей келіссөз жүргізу.

2. Конкурс өткізу арқылы қарапайым тәртіпте жеке әріптесті анықтау тек осы Заңның ережелеріне сәйкес жергілікті мемлекеттік-жеке әріптестіктің жобалары үшін ғана жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының заңнамасында жекеше әріптестікті анықтаудың және МЖӘ шартын жасасудың өзгеше тәртібі көзделген жағдайда жекеше әріптестікті анықтау және МЖӘ шартын жасасу осы заңның нормалары қолданылмай жүзеге асырылады.


Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау рәсімдерін оңтайландыру мақсатында.

Мемлекет Басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында (2017 жылғы 31 қаңтар) мектепке дейінгі білім берудегі МЖӘ сәтті үлгілеріне, сонымен қатар келісудің, оның ішінде шағын жобаларға қатысты барлық рәсімдерін, мейлінше жеңілдету мен жылдамдату қажеттілігін көрсетті.

Осыған байланысты, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын орындау және көрсетілген құжаттарды МЖӘ дамыту және енгізу жоспарларымен кешенді интеграциялау аясында МЖӘ механизмін кеңінен қолдану мәселесін қарастыру ұсынылады. Бұнымен қатар бизнес-қауымдастық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін МЖӘ жобалары бойынша құжаттардың ауыр пакеттерін әзірлеуден және көптеген сараптамалар мен келісулерді өтуден мейлінше арылту қажет.

Біздің ойымызша, бұл шара мемлекеттің тапсырмаларын, ресурстарын және мүмкіндіктерін біртұтас тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.




«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңы



1-баптың

3-1) тармақшасы



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

……

Жоқ




1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

.



3-1) ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты – мемлекеттік орган, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдарының операторы және сервистік бағдарламалық өнімдерді берушілер немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері тараптары болып табылатын мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді көрсету кезінде тараптардың құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін және өзге де жағдайларын айқындайтын сервистік келісімшарт;

ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты ұғымын реттеу мақсатында.



1-баптың

3-2) тармақшасы



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

……

Жоқ




1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
3-2) ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы - ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына мемлекеттік органдардың, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының және сервистік бағдарламалық өнімдерді берушілердің немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің міндетті түрде қатысуын көздейтін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді жасау жөніндегі дәйекті іс-шаралар жиынтығы;

Ақпараттандырудың сервистік моделі аясында қандай ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің ерекше жеңілдетілген механизмі бойынша жүзеге асырылатындығын бірмәнді ұғу мақсатында Заң деңгейінде ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы ұғымын реттемелеу қажет.



1-баптың

14-тармақшасы



1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар
14) ақпараттық жүйелердің интеграциясы – деректерді берудің Қазақстан Республикасында пайдаланылатын стандарттық хаттамалары негізінде екі және одан да көп ақпараттық жүйе арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар.

1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар
14) интеграция – деректерді берудің Қазақстан Республикасында пайдаланылатын стандарттық хаттамалары негізінде ақпараттандыру объектілері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;

«Ақпараттық жүйелердің интеграциясы» ұғымы технологиялық платформалардың, сервистік бағдарламалық өнімдердің ақпараттық өзара іс-қимылын қамтымайды. Осыған байланысты, осы ұғымды кеңейту үшін «ақпараттық жүйелерді» «ақпараттандыру объектілеріне» ауыстыру ұсынылады.



1-баптың

26-1) тармақшасы



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

………


Жоқ


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

……….

26-1) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді жобалауға арналған тапсырма – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мемлекеттік органдарға көрсететін ақпараттық-коммуникациялық қызметтеріне қойылатын техникалық, ұйымдастырушылық және өзге де талаптарды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің шекті құнын бейнелейтін құжат;


Ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді жобалауға арналған тапсырма ұғымын реттеу мақсатында, оператордың мемлекеттік органдарға көрсететін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтеріне қойылатын негізгі талаптарды сипаттайтын құжат ретінде.



1-баптың

47-1) тармақшасы




1-бап. Осы бапта пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Жоқ




1-бап. Осы бапта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

47-1) қорғау бейіні – ақпараттандыру объектілерінің құрамбөліктері болып табылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың қауіпсіздігіне қойылатын ең төменгі талаптар тізбесі;



Заңдағы ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды реттеу үшін енгізілетін «қорғау профилі» ұғымын айқындау мақсатында.




1-баптың

53-1) тармақшасы





1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Жоқ





1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
53-1) «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі – мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасынан тысқары тұрған ақпараттық жүйелермен мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасында тұрған ақпараттық жүйелердің өзара
іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған «электрондық үкімет» шлюзінің кіші жүйесі;

Ұғым заң жобасының мәтіні бойынша «электронды үкіметтің» сыртқы шлюзі» терминін пайдалануға байланысты енгізіледі.





7-баптың

13) тармақшасы



7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган

13) «электрондық үкімет» шлюзінің, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясының қағидаларын бекітеді.


7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган

13) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекітеді.



Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру шеңберінде қазіргі уақытта сервистік бағдарламалық өнімдердің, технологиялық платформалардың ақпараттық іс-қимылы көзделіп отыр. Алайда, бүгінгі күні осы ақпараттандыру объектілерін интеграциялау процесі мен тәртібі регламенттелмеген.

Көрсетілген объектілердің өзара іс-қимыл жасау процесін қамтамасыз ету үшін интеграциялау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.





7-баптың

13-1) тармақшасы





7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган



Жоқ


7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган

13-1) «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзінің жұмыс істеу талаптарын, тәртібін бекітеді;



ЭҮСШ құрған және жұмыс істеген кезде оған қойылатын барлық функционалдық талаптар мен ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды ескеру үшін оны құруға қойылатын талаптарды белгілеуге байланысты.



7-баптың

24) тармақшасы



7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган



24) мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесін бекітеді;

7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган



24) бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесін бекітеді;


Бюджетті орындау бойынша уәкілетті органмен ақпараттық-коммуникациялық қызметтің бағалау әдістемесін келісуді қамтамасыз ету мақсатында



7-баптың

25) тармақшасы



7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган

25) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекітеді.


7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган

25) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;


Нақтылайтын редакция




7-баптың

25-1) тармақшасы



7-бап. Уәкілетті органның құзыреті:

Уәкілетті орган


жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау