Әож 371. 315. 7: 004. 4: 512 интернет технологиясының Қолдану аясы а. О. Алдабергенова, п.ғ. к., доцент



жүктеу 95,06 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.05.2018
өлшемі95,06 Kb.
#16146


ӘОЖ 371.315.7:004.4:512 

 

ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАНУ АЯСЫ 

 

А.О. Алдабергенова, п.ғ.к., доцент 

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы 

aigul_ao@mail.ru



 

 Қайырбек Гулжанат Ерікқызы, Информатика мамандығының магистранты 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 

Gul92janat@mail.ru

 

 

 



Қазіргі әлемдік даму кезеңінде ғаламдық ақпараттық интернет желісі бүкіл әлемдік 

ақпараттық  кеңістіктің  ең  көлемді  және  жаппай  жайылған  сұранысы  болып  табылады. 

Сол  себепті  де  интернет  технологисының  және  елімізде  интернет  көзіне  қосылу 

шараларының барлығы қазіргі таңда еліміздің жаһандану барысына оң әсерін тигізбек. 

Бұл  мақалада  интернет  технологияларына  жалпы  түсінік  берілген  және 

қазақстандықтардың  осы  интернет  технологиясын  қолдануы  бойынша  талдаулар 

баяндалған. 

 

Развитие  современного  мира,  глобальная  сеть  новости  в  мировом  информационном 

пространстве  интернета  развернута  в  массовом  масштабе  и  спроса.  По  этой  причине, 

интернет технологий и доступ к интернету в стране будет иметь положительное влияние 

на процесс глобализации . 

В  статье,  изложены  общие  сведение  про  интернет-технологий  и  сделан  анализ 

использования интернет- технологий казахстанцев. 

 

The  development  of  the  modern  world,  the  global  news  network  in  the  world  information 

space  of  the  Internet  is  deployed  on  a  massive  scale,  and  in  demand.  For  this  reason,  Internet 

technologies  and  Internet  access  in  the  country  will  have  a  positive  impact  on  the  process  of 

globalization. 

The article sets out general information about Internet technology and made an analysis of 

the use of Internet technologies in Kazakhstan. 

 

Кілт  сөз:  технология,  домен,  интернет,  ғаламдық  ақпараттық  интернет  желісі, 



интерактивті бейнеқызмет 

 

Жалпы  жаңа  ақпараттық  қоғамның  негізін  қалаушыларының  бірі  оның  ғаламдық 



сипаты  екені  рас.  Жаңа  ақпараттық  қоғамды  қалыптастыру  үдерісінде  біртіндеп  ақпарат 

тарату  және  алмасу  тәсілдері  мен  әдістері  жаңартылады,  уақыт  үнемделеді,  ұлттық 

шекаралар  мен  кедергілер  бұзылады,  әлемдік  ақпараттық  кеңістігінің,  экономика,  сауда, 

қаржы,  адамзат  өмірінің  басқа  салаларының  құрылымы  түбірімен  өзгереді,  адамдардың 

көзқарасы  мен  адамзат  құндылықтарының  қарқындылығы,  мәдениет  пен  мәдени 

моделдердің  әмбебаптығы байқалынады, динамизмі  жылдамдатылады, бәсекелестік күшейе 

түседі.  

Қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасының  барлық  жерінде  компьютерлендiру 

жұмысы аяқталды. Осы жұмыстардың нәтижесiнде Қазақстан Республикасының азаматтары 

республиканың  кез-келген  нүктесінде  тұруына  қарамай  жаңадан  келген  жаңалықтармен 

таныс болып отыр. Тәжірибеден білетініміздей уақтылы алынған ақпарат - бұл өлшенбейтін 

байлыққа  тең.  Осылардан  келiп  шығатыны  ақпараттық  технологияның  дамыған  ғасырында 

компьютерлік  техниканы  қолданбай  жұмыс  істейтін  мемлекеттік  және  коммерциялық 

мекемелер,  жоғары  оқу  орындары  және  т.  б.  көптеген  салалар  кемде-кем  деп  айтсақ  та 




болады.  Бұның  барлығы  білім  сапасына  деген  талаптарды  барынша  күшейтеді,  себебі 

нарықтық қоғамда тек әлемдік стандарттарға сай жоғары деңгейлі дайындыққа ие мамандар 

ғана  қажет  екендігі  бірден  түсінікті.  Соңғы  кездердегі  ҚР-ның  білім  жүйесіндегі 

реформаларын  осымен  түсіндіруге  болады.  Оған  қоса,  қоғамдық  өмірдің  барлық 

салаларындағы  аса  қуатты  интеграциялық  процестер  жоғары  білім  жүйесінен  сәйкес 

жауапкершілікті,  мамандар  дайындауды  ұйымдастырудағы  халықаралық  компоненттерді 

күшейтуді талап етеді, білім мен ғылымды интернационализациялауды қажет етеді. 

Қазіргі  әлемдік  даму  кезеңінде  ғаламдық  ақпараттық  интернет  желісі  бүкіл  әлемдік 

ақпараттық  кеңістігінің  ең  көлемді  және  жаппай  жайылған  сегменті  болып  табылады. 

Сонымен бірге,  уақыт  өте, интернет  желісі ақпарат  алу және алмасудың, сондай-ақ жаппай 

пайдаланушылардың  байланысы  үшін  ең  қол  жетерлік  құрал  болғаны  айдан  анық.  Қазіргі 

уақытта ақпараттық кеңістіктің жұмыс істеуіне сай келетін халықаралық ұйымдарға мыналар 

жатады: 

1)  The  Internet  Corporation  for  Assigned  Names  and  Numbers  (ICANN)  -  IP-адрестерін, 

хаттамалардың параметрлерін бөлу, домендік атаулардың жүйесін әкімшілеу (Domain Name 

System, DNS), түбірлік серверлер (Root Server System) деп аталатын жүйенің жұмыс істеуін 

әкімшілеу және қолдау үшін құрылған коммерциялық емес ұйым; 

2)  Интернет  желісінде  нөмірлеуді  бөлу  жөніндегі  уәкілетті  ұйым  (бұдан  әрі  -  IANA, 

The Internet Assigned Numbers Authority); 

3)  Еуропалық  желілік  үйлестіру  орталығы  (RIPE  NCC)  -  тіркеушілер  үшін  ІР-

адрестерді бөлуді және тіркеуді қамтамасыз етеді. RIPE NCC тіркеушілер үшін ІР-адрестерді 

бөлу  мен  тіркеуді  қамтамасыз  етеді.  RIPE  NCC  қызмет  көрсету  аймағында  Интернеттің 

ғаламдық  ресурстарын  әділетті  бөлуге  кепілдеме  бере  отырып,  Еуропа,  Таяу  Шығыс, 

Солтүстік Африка және Азия бөлігінің тіркеушілеріне қызмет көрсетеді

4)  The  Internet  Engineering  Task  Force  (IETF)  -  Интернет  сәулетін  дамыту  және 

қолданыстағы инфрақұрылымның үздіксіз қызмет етуінің біріктірілген міндеттерін дамытуға 

жұмыс  жасайтын  желілік  хаттамаларды  дайындаушылардың,  операторлардың,  өндірушілер 

және зерттеушілердің халықаралық ашық бірлестігі болып табылады

5) Дүниежүзілік зияткерлік жеке меншік ұйым (ДЗЖҰ). Жоғарғы деңгейдегі домендер 

(TLD,  Top  Level  Domain)  екі  үлкен  бөлікке  бөлінеді:  Біріншісі  -  жалпы  пайдаланатын 

домендер  (generic  TLD  немесе  gTLD)  және  екіншісі  -  ұлттық  екі  әріпті  домендер  (country 

code  TLD  немесе  ccTLD).  Жалпы  пайдаланатын  домендерге  COM,  NET,  ORG,  INFO,  BIZ, 

MUSEUM, NAME, AERO, COOP, PRO, INT, GOV және басқа да домендер жатады [1]. 

Интернет қолданушылар жағынан Қазақстан әлемде 144 мемлекеттің ішінде 58 орын 

алады. ТМД елдері арасында Ресей Федерациясынан кейін екінші орында тұрмыз. Мұның өзі 

Қазақстан үшін зор жетістік. Себебі, әлемнің көптеген елдерінде интернет жылдамдығы өте 

төмен  көрсеткіште.  NetIndex.com  сайты  жүргізген  мониторинг  нәтижесінде,  2015  жылы 

Қазақстанда  интернеттің  орташа  жылдамдығы  17  Мбит/с  құраған.  Ал,  әлемдегі  ең  жоғары 

жылдамдық  Сингапурда  тіркелген.  Онда интернет  жылдамдығы  104  Мбит/с  көрсеткен.  Ал, 

Гонконгтағы интернеттер 96 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істейтіні анықталған. Енді былай 

алып қарасақ, 2005 жылы «Қазақтелеком» АҚ интернет жылдамдығын сәл көбейткені сол еді 

2005  жылы  Қазақстанда  10  мың  сайт  ашылған.  Кейіннен  жылдан  жылға  интернет 

жылдамдығын  кішкене  де  болса  көбейтудің  арқасында  бізде  сайт  ашушыларың  да  қатары 

көбейді. Мысалы, биыл 125 мыңға жуық домен сатып алынған. Енді болашақта Қазақстанда 

интернет  жылдамдығы  көбейген  сайын  жаңа  сайттардың  да  көптеп  ашылуы  мүмкін  деп 

болжам  жасай  аламыз.  Қазіргі  кезде  интернет  жылдамдығы  тек  қалалық  жерлерде  ғана 

белсенді жұмыс жасайды. Мүмкін, Қазақстандағы интернет контентінде орыс тілінің басым 

болуының бір себебін осыдан іздеген де жөн шығар. Болашақта қандай да бір провайдерлер 

ауылдық  жерлердегі  интернет  жылдамдығын  арттырса,  ол  жақта  да  жаңа  сайттар  ашылып, 

қазақ  тілді  контенттің  көбеюі  мүмкін.  Инвестиция  және  даму  вице-министрі  Асқар 

Жұмағалиевтың  ресми  мәлімдеуінше  қазіргі  кезде  Қазақстандықтардың  70%  интернет 

пайдаланады. Яғни, бұл Қазақстандағы 12 млн. адамның интернет қолдануға мүмкіндігі бар 




деген  сөз.  Қазіргі  таңда  республика  аумағының  97-98  пайызға  жуығы  телефон  желісімен 

қамтылған  деп  есептесек,  онда  алдағы  жылдары  ұялы  телефон  арқылы  интернетке 

кірушілердің қатары көбейері анық [2].  

 

Кесте 1. 



 

2005  2006  2007  2008  2009  2010  2011  2012  2013  2014 

6-74 жас аралығында 

Интернет 

желісін 


пайдаланушылардың 

үлесі 




8,3 

13,7  15,1 

18,2 

31,6 

50,6  61,9 

63,3 

63,9 

6-15 жас 

аралығында 

Интернет желісін 

пайдаланушылардың 

үлесі 


 - 

 - 

 - 

 - 

 - 

 - 

55,8  32,0 

42,5 

43,6 

16-74 жас 

аралығында 

Интернет желісін 

пайдаланушылардың 

үлесі 




8,3 

13,7  15,1 

18,2 

31,6 

49,5  67,9 

67,6 

68,1 

Кесте 1. Интернет желісін пайдаланушылардың үлесі (пайызбен) 

 

Кесте 2.  



 

2011 

2012 

2013 

2014 

Қазақстан 

Республикасы 

55,8 

32,0 

42,5 

43,6 

Ақмола облысы 

65,1 

36,5 


49,0 

50,3 


Ақтөбе облысы 

56,8 


40,5 

39,7 


37,4 

Алматы облысы 

42,3 

34,1 


36,0 

42,3 


Атырау облысы 

47,3 


27,6 

37,7 


39,7 

Батыс-Қазақстан 

облысы 

62,8 


44,9 

46,9 


41,1 

Жамбыл облысы 

57,0 

25,7 


39,4 

41,4 


Қарағанды облысы 

71,5 


32,1 

48,0 


52,6 

Қостанай облысы 

72,9 

37,7 


52,1 

55,5 


Қызықорда облысы 

49,7 


31,1 

30,5 


32,0 

Маңғыстау облысы 

47,4 

31,6 


40,2 

41,9 


Оңтүстік-Қазақстан 

облысы 


45,6 

27,7 


38,4 

36,2 


Павлодарская 

78,7 


37,4 

56,4 


60,3 

Солтүстік-Қазақстан 

облысы 

61,1 


29,7 

55,0 


53,0 

Шығыс-Қазақстан 

облысы 

54,3 


33,8 

42,1 


41,6 

Астана қ. 

69,1 

40,7 


41,3 

49,8 


Алматы қ. 

66,5 


42,3 

55,7 


53,5 

Кесте  2.  Облыстар  бөлінісінде  6-15  жас  аралығы  бойынша  Интернет  желісін 

пайдаланушылардың үлесі 

 

Кесте 3.  



 

2008 

2009 

2010 

2011 

2012 

2013 

2014 


Қазақстан 

Республикасы 

15,1 

18,2 

31,6 

49,5 

67,9 

67,6 

68,1 

Ақмола облысы 

20,3 

21,2 


29,0 

50,8 


76,4 

75,4 


76,0 

Ақтөбе облысы 

18,5 

19,1 


39,2 

59,3 


81,3 

79,8 


80,1 

Алматы 


облысы 

7,3 


11,5 

26,4 


48,7 

57,8 


56,0 

57,3 


Атырау облысы 

18,7 


25,0 

28,0 


66,0 

85,0 


82,8 

82,9 


Батыс-

Қазақстан 

облысы 

16,6 


13,8 

35,2 


59,4 

72,2 


70,8 

71,0 


Жамбыл 

облысы 


12,3 

12,3 


23,8 

28,2 


59,4 

57,6 


57,8 

Қарағанды 

облысы 

17,7 


23,1 

35,9 


53,6 

68,4 


68,1 

68,4 


Қостанай 

облысы 


14,1 

26,1 


26,9 

45,2 


81,9 

80,4 


80,5 

Қызықорда 

облысы 

12,8 


11,6 

21,6 


32,7 

72,1 


76,6 

76,7 


Маңғыстау 

облысы 


27,7 

20,9 


37,4 

51,6 


61,9 

77,7 


77,9 

Оңтүстік-

Қазақстан 

облысы 


7,5 

16,4 


23,0 

43,5 


54,8 

51,8 


52,5 

Павлодарская 

25,1 

19,8 


30,3 

58,0 


68,3 

70,5 


70,8 

Солтүстік-

Қазақстан 

облысы 


17,5 

16,3 


36,0 

49,1 


74,8 

73,1 


73,3 

Шығыс-


Қазақстан 

облысы 


16,3 

21,2 


31,4 

43,4 


71,7 

71,0 


71,4 

Астана қ. 

11,6 

12,3 


41,0 

52,2 


68,5 

68,1 


68,9 

Алматы қ. 

23,0 

23,7 


49,0 

63,3 


71,6 

73,1 


73,6 

Кесте  3.  Облыстар  бөлінісінде  16-74  жас  аралығы  бойынша    Интернет  желісін 

пайдаланушылардың үлесі (пайызбен) [3]. 

 

Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасында  4G  технологиясы  енгізілуде,  Интернет 



желісіне  кең  жолақты  қолжетімділік  (бұдан  әрі  -  КЖҚ)  жүйесін  дамыту  ADSL, 

CDMA/EVDO, 3G, FTTH сияқты технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. 

ADSL технологиясы (Asymmetric Digital Subscriber Line)  - асимметриялық цифрлық 

абоненттік желі - интерактивті бейнеқызметтерге (сұраныс бойынша бейне, бейнеойындар 

және  т.б.)  және  деректерді  жылдам  жіберуге  жоғары  жылдамдықты  қолжетімділікті 

қамтамасыз  ету  үшін  (Интернетке  қол  жеткізу,  жоғары  вольтты  байланыс  желілерімен 

басқа  желілерге  қашықтан  қол  жеткізу)  үшін  әзірленген.  ADSL  технологиясы  Интернет 

желісіне  қол  жеткізу  жылдамдығына  жоғары  талап  қоймайтын  абоненттерге  КЖҚ 

қызметтерін  көрсетудің  неғұрлым  бұқаралық  және  арзан  тәсілі  болып  табылады.  Қол 

жеткізудің  мыс  желісі  пайдаланылатын  байланыс  желісінің  кез  келген  дерлік  учаскесінде 

ADSL технологиясы бойынша КЖҚ желісін ерістетуге болады. 

Абонентке  қарай  ақпарат  беру  жылдамдығы  7  Мбит/с  дейін  (ADSL2+  үшін  24 

Мбит/с дейін) құрайды, ал абоненттен  - 1 Мбит/с дейін. Қол жеткізу жылдамдығы тарату 

желісінің  мыс  кәбілінің  жағдайына,  АТС-тан  абонентке  дейінгі  қашықтыққа,  кәбілдегі 

абоненттер санына және т.б. тәуелді. 



Бүгінгі  күні  ADSL  технологиясын  пайдаланатын  абоненттер  саны  бір  миллионнан 

аса адамды құрайды. 

FTTH  (Fiber  To  The  Home)  -  үйге  (жеке/жеке  меншік  үй,  пәтер  деп  түсініледі) 

орнатылатын оптикалық-талшықты кәбіл. Жоғары жылдамдықты КЖҚ қызметтеріне деген 

ұлғайып  келе  жатқан  сұранысты  қанағаттандыру  және  көрсетілетін  қызметтер  спектрін 

кеңейту  мақсатында  2011  жылы  (FTTH)  Fiber  to  the  Home  әмбебап  талшықты-оптикалық 

қол  жеткізу  желісінің  құрылысы  басталды.  Жоба  Астана,  Алматы  қалаларындағы  және 

Қазақстан Республикасының барлық облыстық орталықтарындағы көппәтерлі үйлерді және 

коттедждік құрылыстарды 100 % қамтуды көздейді. 

CDMA/EVDO  (Evolution  Data  Optimized)  -  CDMA  стандартындағы  ұтқыр  байланыс 

желілерінде  пайдаланылатын  деректерді  жоғары  жылдамдықпен  беру  технологиясы. 

Бүгінгі  күні  перспективалы  және  электр  энергиясымен  қамтамасыз  етілген  ауылдық  елді 

мекендердің бірі жеке және ұжымдық қолжетімділік арқылы 100 % телефондандырылған. 

2011  жылдан  бастап  CDMA  450  стандартындағы  ауылдық  байланыс  CDMA  450 

технологиясының  EVDO  платаларымен  жете  жабдықталуы  арқылы  EVDO  технологиясы 

пайдаланыла  отырып  дамуда,  бұл  Қазақстан  Республикасының  ауыл  тұрғындарына 

Интернет  жүйесіне  КЖҚ  қызметтерін  көрсетуге  мүмкіндік  береді.  CDMA  450/EVDO 

технологиясы  абоненттердің  орналасқан  жеріне  қарамастан,  желінің  әрекет  ету  шегінде, 

сондай-ақ  қозғалыс  кезінде  деректерді  жоғары  жылдамдықта  пакетпен  беру  қызметтеріне 

қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Ауылдық жерде CDMA 450/EVDO технологиясы бойынша 

деректерді  берудің  жоғары  жылдамдығына  цифрлық  деректерді  тығыздаудың  жаңа 

алгоритмін қолдану есебінен қол жеткізіледі, бұл CDMA 450 желісі қамтитын аймақтың кез 

келген  нүктесінде  Интернетке  жоғары  жылдамдықты  қолжетімділікті  қамтамасыз  етеді. 

Қазіргі уақытта еліміздің көптеген облыстарының ауылдық елді мекендері тұрғындарының 

Интернет желісіне сымсыз КЖҚ алу мүмкіндігі бар. 

3G  технологиясы  -  бұл  үшінші  буынның  ұтқыр  байланысы.  Оның  басты 

артықшылығы  -  деректерді  берудің,  Интернетке  қол  жеткізудің  жоғары  жылдамдығы.  3G 

үшінші  буынының  желілері  бейнетелефондық  байланысты  ұйымдастыруға,  ұтқыр 

телефонда ағынды бейнені көруге және т.б. мүмкіндік береді. 

LTE  технологиясы  екінші  және  үшінші  буындағы  ұялы  байланыс  желісінің  негізгі 

эволюциялық бағыты болып табылады.  LTE технологиясы базалық стансадан қолданушыға 

326,4  Мбит/с  дейін  жылдамдықпен  және  кері  бағытта  172,8  Мбит/сек  жылдамдықпен 

мәліметтерді жолдаудың теориялық жылдамдығын қамтамасыз етеді*. 

Байланыс  операторының  пікірі  бойынша  LTE  технологиясы  қондырғының  өндіріс 

қуатын, таралу аймағын және клиенттерге қызмет көрсету жылдамдығын ең жоғары деңгейге 

дейін  арттыруға  мүмкіндік  береді.  Бұдан  бөлек,  LTE  технологиясының  жаңа 

мүмкіндіктерінің  арқасында  операторлар  радиожиілік  ресурстарын  пайдалана  отырып 

контент жолдай алады, сондай-ақ ТВ, радио және басқа да медиа құралдарымен бәсекелесе 

алады [4]. 

4G  (LTE)  технологиясы  (Long  Term  Evolution)  -  деректерді  300  Мбит/с  дейінгі 

жылдамдықпен  (базалық  станциядан  пайдаланушыға)  және  75  Мбит/с  дейінгі 

жылдамдықпен 

(пайдаланушыдан 

базалық 


станцияға) 

пакеттік 

беру 

үшін 


оңтайландырылған,  жоғары  жылдамдықты  ұтқыр  байланыс  жүйелерін  құру  мүмкіндігін 

қамтамасыз ететін, деректер берудің ұтқыр хаттамасы [5].  

2G  және  3G  желілерінің  қоданушылары  жаңа  буындағы  байланыс  қызметіне  ауыса 

отырып,  жоғары  жылдамдықтағы  сымсыз  Интернетке  қосылып  қана  қоймай, 

мультимедиялық  қосымшалардың,  дербес  медиа-қызметтердің,  т.с.с  әпсәттік  ашылуы  мен 

үздіксіз жұмысына баға бере алады. 

Интернет  қызметтеріне  «Қазақтелеком»  АҚ  тарифтерін  төмендету  көзделген. 

«Қазақтелеком»  АҚ  Интернет  желісіне  коммутирланған  қол  жеткізу  қызметтерінің  және 

Интернет  желісінің  кеңжолақты  қол  жетімділігі  қызметтерінің  (бір  жалғы  телемдерді 

қоспағанда) тарифтерді төмендету жөнінде біршама іс-шаралар жүргізілді. Ағымдағы жылға 




ресурстардың  хостингі  қызметтеріне  тарифтерді  төмендету,  сондай-ақ  «Қазақтелеком»  АҚ 

ұсынатын тарифтік жоспарлардың құрылымын, яғни Қазнетті дамытуға және танымал етуге 

ықпал ететін қызметтерді кеңейту және қайта қарау жоспарланған. Осыған орай «Nursat» АҚ 

Интернет  желісінің  ресурстарына  сапалы  қолжеткізуді  қамтамасыз  ету  үшін  Европа  және 

Мәскеуге  жоғарғы  жылдамдықты  спутник  арналарын  пайдаланады.  Жетекші  ресейлік 

сервис-провайдерлері  мен  өзара  алмасу  трафигінің  нүктесіне  қосылу  интернет  желісіндегі 

ресейлік  ресурстарға  тез  жетуге  мүмкіндік  береді.  Коммутацияланатын  қолжетімдіге 

электрондық  почта,  түнде  және  демалыс  күндері  шексіз  қолжетімділік,  қол  жеткізудің 

жылдамдығы 56 кбит/с (протокол V.90), Қазақстан бойынша роуминг кіреді. 

«Kazakhstan-Online»  деректерін  берудің  ұлттық  желісі  Қазақстан  Республикасының 

көптеген  елді  мекенін  және  тораптарды  қамтиды.  Желінің  жалпы  өткізу  қабілеттігі  - 

секундына  698  мбит.  «Kazakhstan-Online»  желісіне  кең  жолақты  АТМ  -  желісі  болып 

табылады және АТМ - форумының әлемдік стандарттарына сәйкес. 1999 жылы қыркүйекте 

«Kazakhstan-Online»  желісі  базасында  «Интернет  -  аймағы»  жобасы  коммерциялық 

пайдалануға  берілді.  Бұл  қызмет  түрі  Қазақстанның,  барлық  аумағында  Интернетке 

коммутациялық  қолжетім  мүмкіндігін  ұсынады  және  ұтқыр  және  үйде  пайдаланушыларға, 

сондай-ақ  ұйымдардағы  жеке  пайдаланушыларға  арналған.  Интернет  желісіне  қол  жеткізу 

қалалық телефон желісінің арналары бойынша «Kazakhstan-Online» торабына «нүкте-нүкте» 

қосуын орнату арқылы жүзеге асырылады. «Интернет-аймағы» жобасымен бірге 2000 жылы 

маусымда  жалпы  білім  беру  оқу  орындарына  бағытталған  жаңа  жоба  енгізілді.  Бұл  жоба 

«Қазақстандық  интернет»  деп  аталады  және  Қазақстандық  интернет-ресурстарына 

коммутациялық  қол  жеткізу  мүмкіндігін  береді.  Қазіргі  уақытта  Интернеттің  ғаламдық 

ақпараттық  желісінде Қазнеттің саны жағынан да (операторлар мен пайдаланушылар саны) 

сапасы  жағынан  да  (көрсетілетін  қызметтер  спектрінің  кеңеюі)  белсенді  өсуі  байқалады. 

Интернет саласындағы қазақстандық заңнама өз дамуының бастапқы кезеңінде тұр [6]. 

Жоғарыда атап көрсетілген интернет технологисының және елімізде интернет көзіне 

қосылу  шараларының  барлығы  қазіргі  таңда  еліміздің  жаһандану  барысына  оң  әсерін 

тигізбек.  Интернет  технологиясының  көмегімен  көптеген  шетелдердің  жоғары  оқу 

орындарынан  қазақстандық  азаматар  қашықтықтан  оқыту  бағдарламасы  көмегімен  білім 

алуда. Сол секілді күнделікті өмірімізде қай сала болсада өз  уақытымызды үнемдеп, тиімді 

пайдалануға үлкен мүмкіндік жасалынған. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР: 



1. 

http://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=3&id=5 

2. 

19.09.2015  Қазнет  желісін  пайдаланушыларға  талдау  жүргізу  http://til-



audit.kz/posts/15  

3. 


Қазақстан  Республикасы  Статистика  агенттігінің  2012  жылғы  2  тоқсандағы 

жедел деректеріне сәйкес. 

4. 

https://www.beeline.kz/kz/info_pages/info_page1     



5. 

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1300000464 



6. 

http://medialaw.asia/document/-1010      



 

жүктеу 95,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау