|
Қазақстан Республикасының еңбек құқығы
|
бет | 21/21 | Дата | 16.01.2022 | өлшемі | 45,35 Kb. | | #32623 |
| Құқық негіздері. 4-тақырыпЕңбек құқығы
|
|
Еңбек ақы төлеу
|
|
Еңбек дауы
|
|
Еңбек жағдайлары
|
|
Еңбек қатынастары
|
|
Еңбек қауіпсіздігі
|
|
Еңбек міндеттері
|
|
Еңбек өтілі
|
|
Еңбек тәртібі
|
|
Еңбек шарты
|
|
Жалақы
|
|
Жұмыс беруші
|
|
Жұмыс уақыты
|
|
Келісім шарт
|
|
Зейнетақылар
|
|
2-тапсырма: Жағдайларды талқылаңдар.
Ағылшын тілінің мұғалімі Ким А. шарт негізінде сабақ үлгермейтін оқушылармен ағылшын тілінде жеке жұмыс істейді.
Олардың қатынастары қандай құқық нормаларымен реттеледі? А.Кимнің оқушылармен қатынастары еңбек құқығының нормаларымен реттеле ме?
Әкесі – Вячеслав Ивченко жеке көлігімен адам тасымалдайды. Шешесі-Светлана Ивченко өз танабында өсірілетін көкөністерді базарда сатумен айналысады. Отбасында төрт бала бар. Ұлы – Виктор Ивченко мемлекеттік емес жоғары оқу орнының студенті. Қызы – Виктория Ивченко мектепте тарих пәнінің мұғалімі. Қызы – Елена Ивченко және оның күйеуі Кан Евгений азық-түлік дүкенінде сатушы болып жұмыс істейді. Қызы – Екатерина Ивченко, үй шаруашылығымен айналысады, бір жасар қызын тәрбиелейді.
Қазақстан Республикасының еңбек заңы олардың қайсысына тарайды?
Кәсіпорын қызметкеріНиколаев жұмысқа бірнеше рет кешігіп келді. Николаевтың жоғары біліктілігін ескере отырып, жұмыс беруші тәртіптік жаза қолданбады, жазбаша түсініктеме сұрамады, ауызша ескертумен ғана шектелді. Ақыры соңғы рет жұмысқа үш сағат кешігіп келуіне байланысты жұмыс беруші жеке еңбек шартын бұзғаны үшін біржақты тәртіп орнатып, Николаевты жұмыстан шығарды.
Жұмыс берушінің іс-әрекеті заңды ма? «Еңбек туралы» Заң бойынша жұмыс беруші қандай әрекет істеуге тиіс еді? Қазақстан Республикасы «Еңбек туралы» Заңының 95- бабын пайдаланыңдар.
9-сынып оқушылары Марат пен Денис жазғы демалыс кезінде ақша тапқысы келді. Оларды жүк тасушылыққа жұмысқа алды.
Жұмыс берушінің шешімі дұрыс па? Еңбек заңын бұзудың қандай мысалдарын атай аласыңдар?
16 жастағы Алмат құрылысқа көмекші жұмысшы боп тұрақты жұмысқаорналасты. Құрылысты белгілі мерзімде аяқтау қажет болды. Алматты түнгі уақытта жұмысқа шығуға міндеттеді. Ол одан бас тартты, жұмыстан шығарылды. Кәмелетке толған жоқсың деп оған еңбек кітапшасын бермеді.
Қандай заң бұзушылықты атай аласыңдар? Алмат өз құқығын қалай қорғай алады?
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|