Тәртіп ережелері Квэрнердің барлық оперативтік бөлімшелерінің



жүктеу 143,03 Kb.
Pdf просмотр
Дата28.11.2017
өлшемі143,03 Kb.
#2203


тәртіп ережелері


Квэрнердің барлық оперативтік бөлімшелерінің 

өзара бөліскен жалпы құндылықтары бәрімізді 

күнделікті жұмыста бағыттап отыратын 

компас болып табылады. Біздің мақсатымыз - 

жұмысымыздың өз құндылықтарымызға, барлық 

сәйкес заңдарға және ережелерге, жоғары 

сенімділікпен қоғам талаптарына сай орындалуын 

қамтамасыз ету. 

Квэрнер өзі секілді жоғары стандарттарды 

ұстанатын серіктестермен, жеткізушілермен және 

қосалқы мердігерлермен қызмет етеді. 

Квэрнер не сәйкес заңдардың, ережелердің, не 

осы тәртіп ережелерінің бұзылғанын құптамайды. 

Қызметкер ретінде бұзушылықтар жөнінде хабардар 

ету – Сіздің жауапкершілігіңіз және міндетіңіз.  

Біздің беделіміз бен бизнес болашағымыз 

жұмысымызды тәртіп ережелеріне сәйкес 

орындауымызға байланысты. Осы ережелерді 

мұқият оқуыңыз сұралады!

 

 



 

 

Ян Арве Хауган,  

Президент және Бас директор

KVÆRNER

Президент және Бас 

директордың жолдауы

Квэрнер - бүкіл әлем бойынша жұмыс атқарып жатқан 

халықаралық компания. Біздің тәртіп ережелеріміздің мақсаты - 

Квэрнердың тәртіп стандарттарын барлық жерде, барлық жұмыс 

түрлері бойынша  қорытындылау.

2



тәртіп ережелері  

дегеніміз не?

Ереженің мақсаты не?

Квэрнер және біздің 

серіктестеріміз, жеткізушілер 

мен қосалқы мердігерлер 

тәртіп ережелері Квэрнердің жетекші 

құжаттарының ішінде  1-дәрежелі 

құжат болып саналады. Компанияның 

барлық саясаттары тәртіп ережелерімен 

сәйкестікте болуы қажет.

Квэрнер компаниясының саяси жүйесі 

басқару мен корпоративтік этикадан 

бастап жобаны іске асыруға дейінгі кең 

диапазонды саясатты құрайды (Барлық 

саясаттарды Квэрнер ішкі корпоративтік 

торынан қараңыз). Әр саясаттың ішінде 

соған қатысты процедуралар бар. 

Әртүрлі саясаттар Квэрнерде жұмыс 

жасауға қосымша және жан-жақты 

нұсқаулар береді. 

Квэрнер компаниясының әр қызметкері  

тәртіп ережелерімен және өз 

жұмыстарына қатысты саясаттармен 

таныс болуы керек және олардың 

талаптарына сәйкес қызмет атқаруы 

қажет. Кейбір саясаттарды, мысалы 

«Корпоративтік этика саясаты» және 

«Қызметкерлерге қатысты саясатты» 

барлық қызметкерлер оқуы керек. 

тікелей бастықтар өз қызметкерлерінің 

қандай саясаттарды мұқият оқу 

керектігін білетіндігіне көз жеткізуі қажет.  

тәртіп ережелерінің мақсаты - 

Квэрнердің тәртіп стандарттарын барлық 

жерде, барлық жұмыс түрлері бойынша  

қорытындылау. 

Квэрнерде жұмыс жасайтын барлық 

қызметкерлер осы Ережемен таныс 

болуы керек. тәртіп ережелерін бұзу 

немесе басқаларды бұзуға итермелеу 

тәртіптік шараларды қолданудан бастап 

еңбек келісім-шартын бұзуға дейін 

апаруы мүмкін (тәртіптік шаралар 

бөлімін қараңыз).

Квэрнер өз серіктестерін, жеткізушілер 

мен қосалқы мердігерлерді басқару, 

адам құқығы, қоғамдық әсер және 

қоршаған ортаны қорғау сияқты 

салаларға қатысты заңдарға сәйкес 

жұмыс жасауға шақырады. Квэрнер 

Жеткізушілер мен Қосалқы мердігерлер 

декларациясына этика, қоғам және 

қоршаған орта бойынша критерийлер 

қосады, оларға барлық жеткізушілер 

мен қосалқы мердігерлер қол қояды.  

Квэрнер жеткізушілер мен қосалқы 

мердігерлерінің жұмысын бақылауды 

өз жауапкершілігі деп санайды, сондай-

ақ бизнес серіктестерінің жұмыс 

атқаруының этикалық жағынан күмән 

болған жағдайда, тез арада сәйкес 

жою шараларын қолданады (Жеткізуші 

мен қосалқы мердігер Декларациясын 

қараңыз 

www.kvaerner.com). 

Серіктестерге қатысты корпоративтік 

этикаға байланысты саясаттар өзара 

келісім бойынша қарастырылады.

 

3



ДЕҚОҚ-қа бағытталған ой жүйесі

Нәтижеге қол жеткізу

тапсырыс берушіге қарай бағыт алу

Қызметкерлер мен ұжымдар

Практикалық басшылық

Ашық және тіке диалог 

Квэрнер компаниясының 

құндылықтары:  

Біздің тарихымыздан негіз алатын 

және БҰҰ ғаламдық шарты, Есеп 

беру бойынша ғаламдық бастама 

және Экономикалық серіктестік және 

даму организациясының қағидаттары 

сияқты халықаралық нормалары 

тарапынан ынталандырумен қоса 

Квэрнер құндылықтары корпоративтік 

жауапкершілік қағидаттарының негізін 

құрайды. (Квэрнердің сыртқы және ішкі 

корпоративтік торынан қараңыз).   

тәртіп ережелері Квэрнер 

компаниясының корпоративтік 

жауапкершілік қағидаттарын құрайтын 

алты салаға бөлінеді:

Келесі бөлімдерде осы алты саланың 

негізгі элементтері сипатталады. 

Басқа ұйымдардағыдай құндылықтар 

біздің арамызда, серіктестерімізде, 

мердігерлеріміз бен қоғамымызда 

сенімділікті орнатудың бірден-бір жолы. 

Квэрнердің барлық жұмысы жалпы 

құндылықтармен тығыз байланысты, 

яғни біздің саясаттарымыздың, 

жұмыстарымыздың және, ең бастысы, 

тәртібіміздің компасы саналады. 

Адамдарға қамқорлық

Беделге көңіл бөлу

Қоршаған ортаны қорғау

Қоғамға көңіл бөлу

Жеке мәліметтерге қол 

сұғылмаушылықты қамтамасыз ету

Сапаға көңіл бөлу

Квэрнер компаниясының мақсаты - құндылықтарымыз арқылы әлем 

бойынша сұранысқа ие Жобалау, Материалдық-техникалық қамтамасыз 

ету және Құрылыс жобаларын іске асыру. 



Жалпы құндылықтар

Жалпы құндылықтар



4


Корпоративтік этика саясаты мен 

қағидаттарын қараңыз). БҰҰ Әлемдік 

адам құқығы декларациясында 

сипатталатын бизнеске байланысты 

ең маңызды адам құқығы мәселелері 

мыналар:


Адамдарға қамқорлық

Бір мақсатқа ұмтылған білікті және 

ынталы қызметкерлер - Квэрнердің 

жетістіктерінің негізгі кепілі. Квэрнердің 

үлкен жетістіктерінің бәріне ұжымдасып 

күш салудың арқасында  қол 

жеткізілді. Сондай-ақ менің және 

Сіздің қабілеттілігіңіз бен ынтаңызға 

байланысты. Жақсы нәтижелерді беру 

жоғары білікті қызметкерлерсіз мүмкін 

емес.  

Дүние жүзі бойынша әртүрлі 



мәдениеттің, діннің және этникалық 

топтардың өкілдері болып келетін 

бірнеше мыңдаған қызметкерлермен 

жұмыс жасай отырып, Квэрнер әр 

қызметкердің өз әлеуетін іске асыруына, 

оның денсаулығы мен қауыпсіздігіне көп 

көңіл бөледі. Квэрнер компаниясы өз 

қызметкерлерінің адам құқығын қорғауға 

бар күшін салады. 

Квэрнер қызметкерлермен қарым-

қатынасты құндылықтар мен 

Қызметкерлерге қатысты саясатты 

негізге ала отырып реттейды 

(Қызметкерлерге қатысты саясатты 

Квэрнер ішкі корпоративтік торынан 

қараңыз). Бұл мынаны білдіреді:



Адам құқығы:  

Квэрнер өз жұмысын БҰҰ Әлемдік 

адам құқығы декларациясында 

(1948)  көрсетілген негізгі адам 

құқықтарына сәйкес жүргізеді, ол діни, 

саяси, мәдени, экономикалық және 

әлеуметтік құқықтар бойынша негізгі 

қағидаттарды айқындайды. (Квэрнер 

АСА және Норвегиялық кәсіподақтар 

конфедерациясы мен Халықаралық 

металлистер федерациясы 

енгізген шекті келісімде көрсетілген 



Сөз еркіндігі: Квэрнердің барлық 

қызметкерлері өз ойларын және 

қауіптерін білдіруге құқылы, 

мысалы еңбек жағдайына қатысты 

мәселелерді ашық айта алады.  

Кәсіподақтар құру және ұжымдық 

келісім-шарт жасау бостандығы: 

Квэрнердің барлық қызметкерлері 

кәсіподақтың мүшесі болуға 

немесе одан бас тартуға, ұжымдық 

келісім-шартқа қосылуға құқылы. 

Бұл құқықтарға тыйым салынған 

елдерде, жұмысшыларға өз жұмыс 

жағдайларына ықпал ету мүмкіндігін 

беру үшін Квэрнер басқа жолдар 

іздейді. 



Еңбек нормалары: Квэрнер 

Халықаралық еңбек ұйымының сегіз 

негізгі конвенциясын ұстануға бет 

алған. Негізгі мәселелер -  кәсіподақ 

құру бостандығы, ұжымдық келісім-

шарт жасау бостандығы және еріксіз 

еңбекке жол бермеу. Сондай-ақ 

конвенциялар жалақы, жұмыс 

сағаттары, әлеуметтік жеңілдіктер 

және еңбек жағдайларына қатысты 

басты талаптарды қозғайды, және 

де олар сәйкес елдегі заң талаптары 

мен озық тәжірибесі мәнмәтінінде 

қарастырылуы қажет. 



Еріксіз еңбек: Квэрнер еріксіз 

екбекке тартудың қандай да 

болмасын жолдарын құптамайды.

Бала еңбегі: Квэрнер бала еңбегін 

пайдалануды құптамайды және 16 

жастан төмен балаларды еңбекке 

тартпайды. 



Агрессия және дискриминация: 

Квэрнер қызметкерлері агрессия мен 

дискриминация жоқ жерде жұмыс 

жасауға құқылы (Қызметкерлерге 

қатысты саясатты Квэрнер ішкі 

корпоративтік торынан қараңыз). 

Сондықтан Квэрнердің әр қызметкері 

жұмыс бабымен қарым-қатынас 

жасайтын адамдарға сыйластықпен 

және адалдықпен қарауы тиіс. 

Квэрнер компаниясының әр 

қызметкері дін, терінің түсі, жыныс, 

сексуалдық ориентация, жас, ұлт, 

нәсіл немесе қабілетсіздікке қатысты 

дискриминацияларды болдырмауға 

атсалысуы керек.  Квэрнер 

қызметкерлерінің ешқайсысы басқа 

жеке тұлғаны мұқатуға, мазалауға, 

кемсітуге, қорқытуға немесе 

сыйластықсыз қарауға құқығы жоқ.  



5


Денсаулық және қауіпсіздік:  

Квэрнер қызметкерлерінің қауіпті жұмыс 

орнында еңбек етуіне құқы бар (ДЕҚОҚ 

саясатын Квэрнер ішкі корпоративтік 

торынан қараңыз).  

Квэрнер «нөлдік қауіп» концепциясына 

бағытталған, бұл мынаны білдіреді:

      Нөлдік жарақат 

      Нөлдік жұмысқа қатысты ауру

«Нөлдік қауіп» концепциясы әрі 

ұмтылатын мақсат, әрі ойлау жолы 

болып табылады. Осыған жету 

үшін Квэрнер әдістерді, жүйелерді, 

технологиялар мен жолдарды іздеп және 

қолданып келеді. 

Квэрнердің әр қызметкері өзінің және 

басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі 

үшін жауапкершілікті сезіну арқылы 

жұмыс орнының қауіпсіз болуына өз 

үлесін қосуы қажет. Өз тәртібіңізге 

қараңыз және басқаларға зиян 

келтірмеуге ұмтылыңыз.   



Жай ережелер 

Жай ережелер» кітапшасы жұмыс бастар 

алдында 8 басты ережелерді ұстануға 

бағытталған минималды талаптарды 

баяндайды. (ДЕҚОҚ саясатын Квэрнер 

ішкі корпоративтік торынан қараңыз).    



Жай мәдениет 

«Жай мәдениет» Оқиғаны зерттеуге 

және/немесе ережені бұзуға қатысты 

жауапкершілікті тұрақты түрде және 

әділ бағалауды қамтамасыз ету 

мақсатындағы «Жай мәдениет» процесін 

орындау талаптарын сипаттайды 

(ДЕҚОҚ саясатын Квэрнер ішкі 

корпоративтік торынан қараңыз).    

Жұмыс пен жеке өмір арасындағы 

тепе-теңдік:  

Квэрнер жұмыстан тыс уақытта жұмыс 

пен жеке өмір арасында сәйкес тепе-

теңдіктің болуына белсенді атсалысады 

(Қызметкерлерге қатысты саясатты 

Квэрнер ішкі корпоративтік торынан 

қараңыз). Жұмыс пен жеке өмірдің 

арасында тепе-теңдіктің болуы басқа 

жақтарға да жағымды ықпал етеді. 

Квэрнер компаниясының әр бөлімшесі 

қызметкерге де, жұмыс бөлімшесіне де 

ыңғайлы, және де кем дегенде жергілікті 

заңға сәйкес жұмыс тәртібіне қатысты 

әдістерді табуға ұмтылады. Мысалы, 

жұмыстың әртүрлі уақытта басталуы, 

еркін жұмыс уақыты, кеңседен тыс 

жұмыс жасау және «сығымдалған апта». 

Есірткі және ішімдік:  

Жұмыс уақыты кезінде ішімдік пен 

есірткі колдануға тыйым салынады 

(Қызметкерлерге қатысты саясатты 

Квэрнер ішкі корпоративтік торынан 

қараңыз). Бұл компания мүлкімен 

немесе қай жерде болмасын компания 

жұмысымен жүрген  кезде, сонымен 

қатар тапсырыс 

Қарым-қатынас:   

Квэрнер ішкі қарым-қатынасты 

«ашық есік» қағидаты бойынша 

жүргізеді  (Қызметкерлерге қатысты 

саясатты Квэрнер ішкі корпоративтік 

торынан қараңыз). Қызметкерлерге 

өз сұрақтарын, мәселелерін және 

ойларын өз тікелей бастықтарымен 

талқылауларына әрдайым жол ашық, 

ал олар өз алдына осы талқылауларды 

шешу жолдарын қарастырады. 

Мәселелер бұл деңгейде шешілмеген 

жағдайда, жұмыс бөлімшесінің 

ішкі процедураларына сәйкес іске 

асырылады. (Сонымен қатар «Күмән 

туған мезгілде және осы тәртіп 

ережелерінің немесе саясаттарымыздың 

бұзылғаны жөнінде сезіктенсеңіз не істеу 

керек?» деген бөлімдерді қараңыз) 

Жеткізуші мен қосалқы мердігер 

декларациясы:  

Квэрнердің барлық жеткізушілері мен 

қосалқы мердігерлері Жеткізуші және 

Қосалқы мердігер Декларациясына қол 

қоюлары қажет. Бұл құжат адам құқығы, 

соның ішінде еріксіз еңбекке тарту, 

бала еңбегі, кәсіподақ құру бостандығы, 

жұмыс сағаттары мен жалақы, азшылық 

тобының құқықтары, жұмысқа алу 

тәжірибесі және ДЕҚОҚ-қа қатысты 

мәселелерді қамтиды. (Жеткізуші және 

Қосалқы мердігер Декларациясын  



www.kvaerner.com сайтынан қараңыз)

6


Ұлттық, жергілікті және халықаралық 

заңнамалар мен конвенцияларға сәйкес 

жұмыс жасау Квэрнер компаниясында 

міндетті болып табылады, алайда 

корпоративтік этика жай сәйкестіктің 

шеңберінде қалып қоймайды. Квэрнер 

компаниясы адамдардың Квэрнерде 

жұмыс жасайтынын мақтан тұтатындай 

етіп жұмыс жүргізуге аса мән береді. 

Парақорлық, формальдылықты 

жеңілдететін сыйақылар, сыйлықтар, 

өкілдіктік шығыстар және 

шығындарды жабу: 

Квэрнер барлық жұмыстарының  ұлттық 

және халықаралық заңдарға, сәйкес 

елдер мен реттеуші органдардың өз 

жұмысына қатысты  ережелері мен 

тәртіптеріне сай орындалуына бағыт 

алған. Квэрнер компаниясының әр 

қызметкері өз жұмысын әрқашан 

заңды түрде және адамгершілікпен, 

компанияның атына кір келтірмей жүргізуі 

керек. Компанияның мүддесін қорғай 

отырып, Квэрнер қызметкерінің ешқашан  

орынсыз олжаға қол жеткізу үшін 

сыйлықтар немесе басқа да сыйақылар  

ұсынуына немесе алуына болмайды 

(«Корпоративтік этика саясатын Квэрнер 

ішкі корпоративтік торынан қараңыз)

Мүдделер қақтығысы:  

Квэрнердің әр қызметкері компания 

мүддесін қорғай отырып, қақтығыстар 

тудыратын жайттар мен жағдайларды 

болдырмауға қажетті қадамдар жасауы 

қажет («Корпоративтік этика саясатын 

Квэрнер ішкі корпоративтік торынан 

қараңыз).



Бәсекелестік:  

Квэрнер әділ және ашық бәсекелестікті 

ұстанады. Еш жағдайда антимонопольды 

заңдар немесе директиваларды бұзатын 

еркін бәсекелестікті жоятын тәжирибелер 

немесе басқа да іс-әрекеттерге қатысуға 

болмайды (Корпоративтік этика саясатын 

Квэрнер ішкі корпоративтік торынан 

қараңыз).

Құпиялалық:  

Квэрнердің әр қызметкері жұмысына 

байланысты хабардар болатын 

немесе пайда болатын критикалық 

ақпараттарды құпиялылықта сақтауы 

қажет. (Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау 

саясатын Квэрнер ішкі корпоративтік 

торынан қараңыз).



Ақпарат және ақпараттық 

технологиялар (АТ):  

Квэрнердің барлық қызметкерлері 

ақпаратқа немесе жүйеге қолы жеткен 

қағдайда жауапкершілік танытуы қажет, 

сондай-ақ  Квэрнер компаниясының 

тиісті пайдалану стандарттарын біліп, 

ұстануы керек. (Ақпараттық қауіпсіздік 

саясатын Квэрнер. 



Интеллектуалдық меншік (ИМ) 

басқаруы: 

Интеллектуалдық меншікті басқару 

Квэрнердің мердігерлерінің басекелестік 

қабілеттерін арттыруға бағытталған. 

Бұл патент, үлгі патенті, т.б., тіргелген 

ИМ құқықтары арқылы немесе 

шектеулі рұқсат, құпия келісім арқылы 

коммерциялық құпия ретінде қорғалады. 

(технологиялар мен ақпараттық меншікті 

басқару саясатын саясатын Квэрнер ішкі 

корпоративтік торынан қараңыз).

Беделге көңіл бөлу



Мүліктер мен құжаттарды қорғау:  

Квэрнердің әр қызметкері компанияның 

мүлкін, соның ішінде жабдықтарын, 

ғимарат, құжаттары мен технологияларын 

қорғауда өз үлесін қосуы керек. Компания 

мүлкі жеке мақсат үшін қолданылмауы 

тиіс. (технологиялар мен ақпараттық 

меншікті басқару саясатын Квэрнер ішкі 

корпоративтік торынан қараңыз). 

Бұзушылықтар жөнінде хабарлайтын 

тұлғаларды қорғау:  

Квэрнердің саясаттарының потенциалды 

бұзылуы жөнінде арыздардың оңаша 

немесе жасырын түрде берілуіне болады. 

Квэрнер зерттеу процедурасына сәйкес 

әділ және мұқият зерттеу жұмыстарын 

жүргізеді. («Корпоративтік этика саясатын 

Квэрнер ішкі корпоративтік торынан 

қараңыз). (Сонымен қатар «Күмән туған 

мезгілде және осы тәртіп ережелерінің 

немесе саясаттарымыздың бұзылғаны 

жөнінде сезіктенсеңіз не істеу керек?» 

деген бөлімдерді қараңыз).

Жеткізуші мен қосалқы мердігер 

декларациясы:  

Квэрнердің барлық жеткізушілері мен 

қосалқы мердігерлері Жеткізуші және 

Қосалқы мердігер Декларациясына қол 

қоюлары қажет. Бұл құжат адам құқығы, 

соның ішінде еріксіз еңбекке тарту, 

бала еңбегі, кәсіподақ құру бостандығы, 

жұмыс сағаттары мен жалақы, азшылық 

тобының құқықтары, жұмысқа алу 

тәжірибесі және ДЕҚОҚ-қа қатысты 

мәселелерді қамтиды. (Жеткізуші және 

Қосалқы мердігер Декларациясын www.

kvaerner.com сайтынан қараңыз).

7



Қызметкер, жеткізуші, қосалқы мердігер, 

штаттан тыс қызметкер немесе біріккен 

серіктестік қызметкері болған жағдайда 

да Квэрнер компаниясы Сіз туралы жеке 

мәліметтерді біздің жұмысты жасап 

жүрген уақытта және тауарлар немесе 

қызмет көрсету кезінде құпиялылықта 

сақтайды. (Қызметкерлерге қатысты 

саясат және Мәліметті сақтау 

процедураларын Квэрнер ішкі 

корпоративтік торынан қараңыз):

Құпиялылықты сақтау 



Жеке мәліметтерді жинау:  

Квэрнер жеке мәліметтерді жұмыс 

пен қызмет көрсетуді жүргізу және 

өркендету мақсатында жинайды. 

Квэрнер жеке мәліметтерді тек 

оларды белгілі бір мақсатта немесе 

жергілікті заңдарға сәкес сұраныс 

бойынша қолданылады. 



Жеке мәліметті қолдану:  

Квэрнер жеке мәліметтерді 

олардың жиналған мақсатында 

және Квэрнер мәліметтерді қажет 

болған жағдайда ғана сақтайды. 

Жеке мәліметтерге рұқсат шектеулі 

және оларға тек Квэрнердің, 

бақылаудағы филиалдарының және 

еншілес компанияларының арнайы 

рұқсаты бар және мәліметтерді 

жұмысқа қатысты қажет ететін 

қызметкерлеріне беріледі.



Жеке мәліметтерді бөлісу: 

Квэрнер үшінші тараппен жеке 

мәліметтерді бөліспейді, тек қызмет 

көрсетушілерге қызмет көрсету үшін 

қажет болған кезде ғана мәліметтер 

беріледі. Қызмет көрсетушілерге 

қызмет көрсету үшін тек өздеріне 

қажет мәліметті алуларына рұқсат 

етіледі. 

Жеке мәліметті беру:  

Квэрнер біздің компания топтарының 

арасында жеке мәліметтерді беру 

рұқсаты үшін Еуропалық заңнама 

бойынша заңды негізбен қамтамасыз 

ететін Міндетті корпоративтік ережер 

мен нормаларды ұстанады.  

 

Міндетті корпоративтік ережелер 

мен нормалар Қызметкерлерге 

қатысты саясат бойынша жаңа 

Мәліметтерді қорғау процедурасынан, 

қосымшалардан және соған 

қатысты құралдардан тұрады. 

Квэрнердің барлық бөлімшелері 

Негізгі корпоративтік ережелер мен 

нормаларды сыйлауға және ұстануға 

міндетті. (Қызметкерлерге қатысты 

саясатты Квэрнер ішкі корпоративтік 

торынан қараңыз).

Өңдеу кезіндегі қауіпсіздік: 

Квэрнер жеке мәліметтерді аңдаусыз 

немесе  қасақана жоюдан немесе 

зиян келтіруден, өзгертуден, заңсыз 

жариялау немесе қол жетуден 

және басқа да заңсыз өңдеуден 

әсіресе, мәліметті өңдеу жүйе 

арқылы берілетін болған жағдайда,  

сақтау мақсатында техникалық 

және ұйымдастырушылық шаралар 

қолданады.

Үшінші тараптың бенефициарлық 

құқықтары: 

Квэрнер компаниясы әр қызметкеріне 

сол қызметкер бойынша Квэрнерде 

жиналған мәліметтерді алуға 

немесе өзгертуге мұмкіндік береді. 

Егер қызметкер жеке мәліметтерді 

өңдеу бойынша Квэрнер сәйкес 

ережелерді бұзды деп есептесе, 

кез келген уақытта наразылық 

білдіруіне болады. Осындай 

сәйкессіздіктен жапа шеккен 

жағдайда,қызметкер бұл жөнінде 

айтуы тиіс («Күмән туған мезгілде 

және осы тәртіп ережелерінің немесе 

саясаттарымыздың бұзылғаны 

жөнінде сезіктенсеңіз не істеу 

керек?» деген бөлімдерді қараңыз). 

Квэрнер қызметкеріне сонымен қатар 

Квэрнер филиалы бойынша сотқа 

жүгінуіне болады. 



 

8


Барлық мекемелер қоршаған ортаны 

қорғау үшін өз үлестерін қосу қажет. 

Квэрнер мекемесі қоршаған ортаға 

тигізетін әсерін азайтуға үнемі 

жұмыстануда (ДЕҚОҚ саясатын Квэрнер 

ішкі корпоративтік торынан қараңыз).

Қоршаған ортаға тигізетін әсер 

жөнінде есеп беру әдістерін Квэрнер 

мекемесі «Парниктік әсерді тудыратын 

шығарындылардың атмосфераға 

жіберуін қысқарту жөніндегі 

протоколынан» (GHG), және «Есептілік 

жөніндегі ғалами бастамасынан» (GRI) 

алды. Норвегиядағы құрылыс алаңдары 

қоршаған ортаны қорғау бойынша  

ISO 14001 стандарттарына сай келеді. 

Жұмыс сапасын жетілдіруге, 

қызметкерлерді дайындауға және 

оқытуға бағытталған басқарманың 

бастамасы, сонымен қатар ДЕҚОҚ 

бойынша басқару жүйесі қоршаған 

ортаны қорғауға арналаған 

элементтерден тұрады. 

Қоршаған ортаны қорғау



Жеткізуші мен қосалқы мердігер 

декларациясы:  

Квэрнердің барлық жеткізушілері мен 

қосалқы мердігерлері Жеткізуші және 

Қосалқы мердігер Декларациясына қол 

қоюлары қажет. Бұл құжат адам құқығы, 

соның ішінде еріксіз еңбекке тарту, 

бала еңбегі, кәсіподақ құру бостандығы, 

жұмыс сағаттары мен жалақы, азшылық 

тобының құқықтары, жұмысқа алу 

тәжірибесі және ДЕҚОҚ-қа қатысты 

мәселелерді қамтиды. (Жеткізуші және 

Қосалқы мердігер Декларациясын  



www.kvaerner.com сайтынан қараңыз).

9


Қоғамға көңіл бөлу  

Өзара ұтымды жағдай жасау:  

Квэрнер мекемесі жергілікті және жоғары 

дәрежеде қатынасатын қоғамдардың 

маңызды бөлігі болып табылады. 

Квэрнер мекемесі өз тарапынан 

салауатты, қауіпсіз және тұрақты қоғам 

құру арқылы үлес қосатынына сенімді. 

Квэрнер мекемесінің әрбір қызметкерінің 

алдына біздің бизнес әрекеттеріміздің 

қоғамға тигізетін жағымсыз әсерін 

азайту жолдарын іздестіруге және қоғам 

мен біздің бизнесімізге екіжақты пайда 

әкелетін жағдайдарды іздестіруге мақсат 

койылуда. 



 

Демеушілік:  

Барлық демеушілік қарым-қатынастар 

стратегиялық болуы қажет және 

Квэрнер мекемесінің құндылықтарына 

сай келуі керек. Сонымен қатар, 

барлық демеушілік қарым-қатынастар 

”өзара екіжақты пайда” әкелу негізінде 

орнатылуы қажет. Квэрнер діни, саяси 

және басқа да мекемелерге ешқандай 

жағдайда демеушілік әрекетін жүзеге 

асырмайды. 

 

Қайырымдылық қызмет:  

Қайырымдылық қызмет – бұл жергілікті 

қоғамға, кайырымдылық мекемелерге 

және коммерциялық емес ұйымдарға 

әлеуметтік көмек ретінде төленетін ақы. 

Әдетте қайырымдылық және демеушілік 

аясында көрсетілетін көмек білім, 

денсаулық, спорт, мәдениет, үкіметтік 

емес мекемелерге қолдау көрсету және 

басқа да әлеуметтік қамтамасыз ету 

саласында көрсетіледі. Қайырымдылық 

қызмет саяси немесе діни ұйымдарға 

көрсетілмейді.

Қайырымдылық және демеушілік қызмет 

әрқашан заңда көрсетілген нормалар 

мен ережелерге және мекеменің ішкі 

саясатына сай орындалуы қажет 

(Корпоративтік этика саясатын Квэрнер 

ішкі корпоративтік торынан қараңыз).

10



Сапаға көңіл бөлу  

Квэрнер мекемесінің жетістігі 

біздің өнімдеріміз бен көрсететін 

қызметтерімізді тапсырма берушінің 

талаптарына сай орындалуына 

байланысты.

тапсырыс берушімен жақсы қарым-

қатынаста болуы Квэрнер мекемесінің 

беделін жоғарылатады. Соған қол 

жеткізудің жалғыз жолы - құндылықтар 

тізбегінде тұрақты жоғары және 

болжалды сапамен қамтамасыз ету. 

Біз өзіміздің тапсырыс берушілерімізге 

халықаралық дәрежеде жұмысты сапалы 

орындау және уақытында аяқтау арқылы 

танымалмыз.

Квэрнер мекемесінің төменде 

көрсетілген сапаны бақылау бойынша 

7 әдісі ISO 9000:2006 стандартындағы 

әдістер негізінде алынды.Осы 7 

әдіс Квэрнер мекемесінің барлық 

қызметін қамтиды (Сапаны бақылау 

саясатын Квэрнер ішкі корпоративтік 

торынан қараңыз) және сапаға деген 

көзқарасының негізін құрайды:

1

5



7

6

2



3

4

Тапсырыс берушіге назар аудару 

Квэрнер беделінің жақсы болуы 

біздің тапсырыс берушілерімізге 

тәуелді, сондықтан Квэрнер 

құндылықтарының бірі ретінде 

саналатын жолын таңдадық - 

«Жұмыс тапсырушыға бөлінетін 

назарымыз: Жұмыс тапсырушының 

сенімін арттыру - біздің бизнесіміздің 

ең басты мақсаты»

Жетекшілік 

Квэрнер мекемесі ұстамды 

жетекшілікті қамтамасыз ететін 

басқарманың міндеттемелері мен іс-

әрекеттеріне баса назар аударады.

Қызметкерлерді қызықтыру 

Квэрнер мекемедегі барлық 

деңгейдегі қызметкерлерді өз 

жұмыстарына жауапкершілікпен 

қарағаны үшін ынталандырады, 

көтермелейді, тиісінше жұмыс 

сапасын жақсартады. Қызметкердің 

өз жұмысына жауапты болуы үшін 

жұмыс орнында біліктілік қажет және 

қолдау көрсетілуі қажет.

Квэрнер әрбір қызметкердің 

жұмыс орнында сапалы жұмыс 

атқаруға ынтасы мен талпынысын 

мойындайды. Квэрнер мекемесінің 

жұмысты сапалы түрде атқаруы 

жұмыс қызметкерлерін таңдауды, 

аттестациялауды және сыйақы 

тағайындауды да қамтиды.



Жүйелік және іс-жүргізудегі 

тәсілдер 

Квэрнер өз жұмысын орындауда 

бизнестің барлық саласында жоғары 

сапалы стандарттарды қолданады. 

Квэрнердің сапаны бақылау 

тәсілдері бизнес жүргізудің барлық 

процестеріне енгізілген.

Болжам жасау үшін және бизнес 

жүргізу процестерінің сапасын 

қамтамасыз ету үшін Квэрнер  

Жобаны Орындау Үлгісін (ЖОҮ) 

енгізді. Бұл үлгі өнеркәсіп саласында 

танымал стандарттар негізіндегі 

жобаны іске асырудың іс-жүзінде 

қолданылып көрген және ашық 

тәсілдері негізінде енгізілді. (Жобаны 

орындау саясатын Квэрнер ішкі 

корпоративтік торынан қараңыз).   



Жұмыс сапасын тұрақты түрде 

жақсарту 

Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу 

үшін Квэрнердің барлық бөлімдері 

Квэрнер мекемесінің барлық 

қызмет түрлерінің жұмыс сапасын 

жақсартуға бағытталған жетілдіру 

тәсілдерін әрдайым іздеуге және 

енгізуге міндетті. Басты назар 

туындауы мүмкін қауіпті жағдайларға 

аударылуда. Бұл нәтижелі жетілдіру 

жұмыстарын жүргізу үшін қажетті 

алғышарт шаралары болып 

табылады.

Деректерге сүйеніп шешім 

қабылдау  

Белгілі бір шешімге келмес бұрын 

Квэрнер деректерді жинайды.   

Мақсатқа қол жеткізудің жолдарына 

талдау жүргізу үшін және білім мен 

тәжірибені жинау мақсатында жетілу 

мен дамудың бағытын зерттеу 

үшін Квэрнер тиімділіктің маңызды 

көрсеткіштерін қолданады.

Жеткізушілермен өзара тиімді 

қарым-қатынастар   

Квэрнер жоғары стандарттарды 

ұстанатын жеткізушілер мен қосалқы 

мердігерлермен келісімшарттық 

қарым-қатынас орнатады. Біздің 

түпкілікті тұтынушыларымызға 

жеткізетін тауарларымыз бен 

қызметтің дәрежесі біздің 

жеткізушілер мен қосалқы 

мердігерлердің қызмет көрсетудің 

сапалы болуына да байланысты.

11



тәртіп жөніндегі  

жазалар 


Квэрнер осы Кодекстің заңдарын, 

құқықтық нормаларын және ережелерін 

бұзғанын қолдамайды.

Ережелерді бұзу тәртіп жөніндегі жазаға 

әкеліп соқтыру мүмкін. Ережені бұзушы 

тікелей бастықтан немесе Кадрлар 

Бөлімінен ескерту алуы мүмкін, ал 

өрескел бұзушылық үшін жұмыстан 

босатылуы мүмкін. Кейбір бұзушылық 

үшін заңмен қудалануы мүмкін.

Біз бәріміз өзіміз жұмыс жасайтын 

мекемемен мақтаныш еткіміз келеді. 

Біздің тәртібіміз корпоративтік 

мәдениетті айқындайды.

Егер осы тәртіп ережелерінің немесе 

біздің саясатымыздың ережелерін 

бұзғаны жөнінде күдік пайда болған 

кезде қандай іс-әрекет жасау қажет 

екенін білмеген жағдайда не істеу 

керек?


Квэрнер әрбір қызметкері тәртіп 

ережелерін ұстануға және оның 

таратылуына жәрдем көрсетуге, және 

осы тәртіп ережелерінің бұзылғаны 

жөнінде хабарлауға міндетті. Квэрнер 

қызметкерлері әр түрлі мүмкіндіктерді 

қолдана отырып, Кодекстің 

жарамдылығы жөнінде сұрақтарын қоя 

алады және бұзылғаны жөнінде хабар 

бере алады.

Квэрнер мекемесінде әрбір қызметкерді 

Квэрнердің қызмет көрсету саласында 

қалай өзін өзі ұстау жөніндегі 

мәселелерде нақты бағыттай және 

қолдай алатын берік құрылымның 

болғаны өте маңызды. Қызметкерлердің 

өз сұрақтарына жауап таба алатындай 

жағдай жасалуы қажет.

Ережелердің бұзылғаны жөнінде күдік 

пайда болған кезде қызметкер өзінің 

берген хабарлауының кәсіптік деңгейде 

қаралатынына сенімді болу қажет, 

және өз қалауынша жасырын қалуына 

болады. Егер тексеру барысында 

бұзушылықтың болғаны анықталса, 

жете тексеру процедуралары және тиісті 

жазалау шаралары қолданылуы қажет.

Квэрнер қызметкерлердің өздерінің 

тікелей бастығы немесе жоғарғы 

басқарма өкілдеріне сұрақ қою 

және Кодекс ережелерінің бұзылуы 

жөнінде хабарлау мәселелерінде 

көрсеткен белсенділігін қолдайды. 

Квэрнер мекемесінің жоғары және 

орта дәрежедегі бастықтар өздерінің 

ұжымдарының тәртіп жөніндегі 

Кодексіне қатысты мәселелерде қолдау 

көрсетіп, нақты немесе туындауы мүмкін 

бұзушылық байқалған жағдайда керекті 

процедураны дұрыс таңдауға кеңес беруі 

қажет.

Квэрнер мекемесінде сапаны бақылау 



және ішкі өндірістік қауіп бойынша 

бөлім қызметкерлерге барлық сұрақтар 

бойынша тәртіп ережелеріне қатысты 

мәселелерде қолдау көрсетуге 

міндетті. Ішкі өндірістік қауіп бойынша 

бөліміне электрондық байланысқа 

Квэрнер ішкі желісі арқылы шығуға 

болады және туындап отырған 

кез келген сұрақты қоюға болады. 

Қойылған сұрақ жасырын түрде 

қарастырылады. 

compliance@kvaerner.com

Квэрнер мекемесінің «төзбеушілік» 

концепциясына сәйкес парақорлық 

және жемқорлық бойынша кез келген 

туындауы мүмкін бұзушылық жөнінде 

Ішкі өндірістік қауіп бойынша бөліміне 

кідірмей хабар берілуі тиіс. Сонымен 

қатар, қызметкер бұндай жағдай 

туралы атқарушы басқармасының 

мүшелеріне және жасырын түрде 

Квэрнер веб-сайты арқылы Ішкі 

өндірістік қауіп бойынша бөліміне 

хабарлауға болады.

whistleblowing@kvaerner.com

Бұл сілтеме жол Квэрнер мекемесінің 

сыртқы веб-сайтында да орналасқан 

және Квэрнер мекемесінде жұмыс 

істемейтін тұлғалар осы сілтемемен 

қолдана алады. 

тәртіп ережелеріне қатысты хабарлау 

түскен кезде, әрбір қарастырылатын 

жағдайда ішкі және сыртқы 

ресурстарды қолдана отырып, 

тиянақты және әділетті тексеру 

жүргізіледі. тәртіп ережелерінің 

туындауы мүмкін барлық бұзушылық 

тіркелген жағдайларды тексеру 

Квэрнер мекемесінің ішкі тексеру 

процедурасына сәйкес жүргізіледі.     



12


құжаттарға сілтеме

Квэрнер компаниясының барлық 

саясаттарын Квэрнер ішкі 

корпоративтік торынан таба аласыз

Жеткізуші мен қосалқы мердігер 

декларациясын 



www.kvaerner.com 

сайтынан таба аласыз

Квэрнер осы тәртіп ережелерін оқу Сізге 

пайдалы болды әрі ынталандырды деп 

сенеміз.

Кей жағдайларда осы тәртіп ережелері 

Сізге қалай әрекет ету жөнінде 

сұрақтарыңызға жауап береді. Басқа 

жағдайларда мәселелер күрделі болып, 

сол сұрақтар бойынша қосымша 

нұсқаулар қажет болады. 

Белгілі бір жағдайда қалай әрекет 

ету жөнінде екіұштылық болған сәтте 

Квэрнер әр адамға нұсқауларға 

сүйенуге шақырады. Сұрақтар қойып, 

қажетті кеңестер мен нұсқаулар 

алуға қысылмаңыз. Дұрыс жасап 

жатқаныңызға сенімді болғанға дейін 

сұрақ койып отырыңыз. 

Нұсқауларға сүйеніңіз!  



13

@ Наурыз 2012 Квэрнер 

Барлық құқықтары қорғалған 

www.kvaerner.com 

Жүктелгеннен кейін бұл құжат бақыланбайды. 




Қызметкер

Қабылдау және құптау

Мен Квэрнер тәртіп ережелерімен таныс екенімді және барлық уақытта  

соған сәйкес жұмыс жасауға жауапты екенімді құптаймын

тәртіп ережелері * 

*

тәртіп ережелеріне қол қойылып, қол қойылған Еңбек келісім-



шартымен бірге қайтарылуы тиіс. 

Подпись:


Дата:

Имя и фамилия:

№ работника:

Местонахождение:



Ескерту: 

тікелей бастық әр қызметкерінің қолын қойдырып, көшірмесін Кадрлар 

бөліміне жіберуі тиіс. 

14



*

тәртіп ережелеріне қол қойылып, қол қойылған Жұмысқа тарту 

келісім-шартымен бірге қайтарылуы тиіс.

Жобаны іске асыру кезінде сырттан тартылған  

басты мамандықтағы тұлға 

Қабылдау және құптау

Мен Квэрнер тәртіп ережелерімен таныс екенімді және барлық уақытта  

соған сәйкес жұмыс жасауға жауапты екенімді құптаймын

Қолы:

Күні:


Аты-жөні:

Жұмысқа тартушы:

Location:

Ескерту: 

тікелей бастық әр қызметкерінің қолын қойдырып, көшірмесін Кадрлар 

бөліміне жіберуі тиіс. 

тәртіп ережелері*



15

жүктеу 143,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау