Ақша қатынастары «Экономикалық теория негіздері»
Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжі
Щучинск-2020
Оқытушы: Айтжан А.Н.
Мақсаты:
Ақшаның түсінігімен, пайда болу тарихымен, қызметтерімен танысу
Талқылау сұрақтары: - 1. Ақшаның мәні, болу тарихы, түрлері
- 2. Ақшаның қызметтері және әртүрлі теориялары
1. Ақшаның мәні, болу тарихы, түрлері Ақша ақша бүгінгі күні тауарлардың айырбасталуына ғана қызмет көрсететін техникалық құрал ретінде емес, ол жалпылама эквиваленттілік рөлін атқаратын абсолюттік өтімділікке ие ерекше тауар немесе тауарлардың тауары деп саналады.
ақша
ақша
Тарихы Ұзақ жылдар бойы ақша символының қызметін сол кездерде тапшы және құнды болып табылатын тауарлар – мал, аң терісі, шай, темекі, балық, күріш және т.б. атқарды. Аймақаралық және халықаралық байланыстардың біртіндеп кеңеюіне байланысты адам баласы ақша ретінде алтын мен күміс сияқты бағалы металлдарды қолдана бастады. Өйткені олар тасымалдауға жеңіл және сақтауға қолайлы болып табылады.
тауар
тауар
Алтын мен күміс монеталардың параллельді түрде айналыста жүруі биметализм
ал жалғыз металлдың айналыста болуы монометализм деп аталады.
Екі металлдың бірі екіншісінен арзанырақ болды
арзан металл екіншісін ығыстырып шығарады
Мысалы, алтынмен салыстырғанда күмістің құнсыздануы алтын монетаны тауарға айырбастаудың тиімсіздігіне әкелді.
Тауар айналымының өсуі жаңа ақшалардың пайда болуын қажет етті
Сөйтіп, тауар өндірісі мен айырбастың дамуы ақшаның да дамуына алып келді.
Монометаллизм айналыстағы қандай металлдың негізгі болып табылуына байланысты күміс монометаллизм («күміс стандарт») және алтын монометаллизм («алтын стандарт») болып бөлінеді. «Алтын стандарт» алтын монометаллизмнің классикалық нышаны болып табылады.
«Алтын стандарт» - бұл негізгі валютаның рөлін алтын атқаратын, бірақ айналыста оған айырбасталатын ақша белгілері болатын ақша жүйесі. Алтын стандарттың негізгі үш нышаны бар: алтын монеталық, алтын құймалық және алтын девиздік.
Алтын монета стандарты жағдайында қағаз ақшалар белгілі бір көлемде алтыны бар ақшаларға еркін айырбасталады.
Алтын құйма стандарты кезінде ірі сомадағы банкноталар берілген жағдайда ғана құйма түріндегі алтынға айырбасталады (мысалы, Францияда ХХ ғасырдың 20-жылдары 215 мың франкіден кем емес сома 12,7 кг. салмақтағы алтын құймаға сәйкес келді; Англияда 1800 фунт стерлингке 12,4 кг. алтын құйма алуға болатын еді).
Алтын девиз стандарты банкнотаны тікелей алтынға емес, кейіннен алтын құймаларға айырбастайтындай етіп, басқа елдің валютасына айырбастау мүмкіндігін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |