Қазақстан Республикасының еңбек құқығы


Еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шартын тоқтату



жүктеу 45,35 Kb.
бет20/21
Дата16.01.2022
өлшемі45,35 Kb.
#32623
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Құқық негіздері. 4-тақырып

Еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шартын тоқтату. Егер еңбек шартын жасасу талаптарын бұзу еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбаса: 1) медициналық қорытынды негізінде қызметкердің денсаулық жағдайына қайшы келетін жұмысты атқаруға еңбек шарты жасалған; 2) адамды белгілі бір лауазымдарды немесе белгілі бір қызметті атқару құқығынан айырған заңды күшіне енген сот үкімін немесе шешімін бұза отырып жұмысты орындауға еңбек шарты жасалған; 3) белгіленген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алмай немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе алып тастауларды сақтамай, шетелдік азаматтармен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шарты жасалған; 4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жағдайларда еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шарты тоқтатылуға тиіс. 2. Егер қызметкерді оның келісімімен жұмыс берушіде бкар басқа, орындау үшін қызметкерге шектеу қойылмайтын жұмысқа ауыстыру мүмкіндігі болмаса, еңбек кодексінің 61-бабының 1-тармағының 1)-2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын тоқтатуға жол беріледі. Қызметкер басқа жұмысқа ауысуға келісім берген кезде, онымен еңбек шарты жасалады. Еңбек шарты 61-бабының 1-тармағының 1), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тоқтатылған кезде, жұмыс беруші қызметкерге үш айдағы орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді.

Жұмыс беруші – жеке тұлға қайтыс болған жағдайда еңбек шартының тоқтатылуын және уй қызметкерлерімен еңбек шартының тоқтатылуын қоспағанда, еңбек шартының тоқтатылуы жұмыс берушінің актісімен ресімделеді. Жұмыс берушінің актісінде осы Кодекске сәйкес еңбек шартын тоқтатудың негізгі көрсетілуге тиіс. Еңбек кодексінің 61-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыстың соңғы күні еңбек шартының тоқтатылған күні болып табылады. Жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі үш күн мерзімде қызметкерге тапсыылады не оған хабарламалы хатпен жіберіледі.

Жұмыс беруші еңбек шарты тоқтатылған күні қызметкерге еңбек кітапшасын немесе қызметкердің еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты беруге міндетті. Жұмыс беруші қызметкердің талап етуі бойынша өтініш берілген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде оның мамандығын, жұмыс істеген уақытын және жалақы мөлшерін көрсете отырып, анықтаманы, қызметкердің біліктілігі және оның жұмысқа көзқарасы туралы мәліметтерді қамтитын мінездеме-ұсынымды, сондай-ақ Еңбек кодексінде көзделген басқа да құжаттарды беруге міндетті. Жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған, банкроттыққа ұшыраған, жұмыс беруші – жеке тұлға қызметін тоқтатса, жалақы және өзге де төлемдер бойынша жинақталған берешектің мөлшері туралы тиісті түрде ресімделген анықтама беруге міндетті.

Табиғи және климат жағдайларына байланысты бүкәл күнтізбелік жылда емес, алты айдан аспайтын белгілі бір кезең ішінде жұмыс атқаратын қызметкерлер маусымдық қызметкерлер болып танылады. Маусымдық жұмыстармен айналысатын тараптың екінші тарапты бұл туралы бір апта бұрын ескертіп, жеке еңбек шартын өз қалауы бойынша мерзімінен бұрын бұзуға құқығы бар. Маусымдық қызметкерлермен жеке еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасымен, сондай-ақ: 1) жұмыс берушідегі жұмысты өндірістік сипаттағы себептер бойынша екі аптадан астам мерзімге тоқтатқан; 2) дәлелді себепсіз бір жұмыс күн ішінде жұмыс орнында болмаған және еңбекке уақытша жарамсыздығы себепті бір ай бойы жұмыста үздіксіз болмаған жағдайларда жа бұзылуы мүмкін.

Жұмыс беруші – жеке тұлғаларда үй шаруашылығында жұмыс істеуге жеке еңбек шартын жасасқан қызметкерлер үй қызметкерлері деп танылады. Жұмыс берушімен өзінің материалдарымен және өзіндегі немесе жұмыс беруші бөлетін не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, құрал-саймандар мен тетіктерін пайдалана отырып, жұмысты уйінде өз еңбегімен орындау туралы жеке еңбек шартын жасақан адамдар үйде жұмыс істейтін қызметкерлер деп саналады.

Обьектідегі жұмысты орындау мен вахталық поселкедегі ауысым арасындағы демалыс кезеңі күнтізбелік он бес күннен аспауы керек. Жұмыс беруші жекелеген обьектілерде вахтаның ұзақтағын ерекше жағдайларда ұйым қызметкерлерінің өкілдерімен келісім бойынша отыз күнтізбелік күнге дейін белгілей алады.

Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындауға міндетті уақыт жұмыс уақыты болып есептеледі. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Жеке еңбек шарттарында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы азырақ көзделуі мүмкін.

Қызметкердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы: 1) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін – аптасына 24 сағаттан; он алтыдан он сегіз жасқа дейін – аптасына 36 сағаттан аспайтын; 2) ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді. Жұмыс істеу жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен қызметтердің тізімін, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды және ауыр , қауіпті жұмыстардың тізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы жұмыс берушінің актісімен немесе қызметкерлердің өкілдерімен келісе отырып және жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып, жұмыс беруші бекітетін ауысым кестесімен белгіленеді. Өндірісінің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасы енгізу орынсыз ұйымдарда бір күндік демалысы бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 7 сағаттан аспауға, апталық норма 36 сағат болғанда – 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда – 4 сағаттан аспауға тиіс. Бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын еңбек немесе ұжымдық шарттардың талаптарымен жұмыс беруші белгілейді.

Демалыс күндерінде жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда: 1) төтенше жағдайларды немесе дүлей апатты, өндірістік аварияны болғызбау не олардың зардаптарын дереу жою үшін; 2) жазатайым оқиғаларды, мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау және оны тергеу үшін; 3) тұтас алғанда ұйымның немесе оның жеке бөлімщелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі тез орындалуына байланысты болатын шұғыл, алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау үшін жол беріледі. Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы екі еседен төмен болмайтын мөлшерде төленеді. Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде басталуы арасындағы қызметкердің күн сайынғы демалысының ұзақтығы 12 сағаттан кем болмауға тиіс.

1-тапсырма. Термин сөздердің анықтамасын жазыңыз.




жүктеу 45,35 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау