Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік



жүктеу 154,8 Kb.
Дата10.03.2018
өлшемі154,8 Kb.
#12111

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 14.04.2011 23:21:59
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 ж. 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығы

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртібін нығайту және жауапкершілігін арттыру мақсатында, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес қаулы етемін:



1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесі бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолданудың тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 желтоқсандағы № 3279 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 51, 489-құжат) күші жойылған деп танылсын.

3. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы

Президентінің 1999 жылғы

31 желтоқсандағы № 321

Жарлығымен бекітілген



 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік

қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану

Ережесі

 

 

 

 



1. Жалпы ережелер

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің (бұдан әрі - қызметшілер) тәртіптік жауапкершілігі заңдық жауапкершіліктің бір түрі, ол қызметшілерге өздерінің қызметтік міндеттерін атқару үстінде тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жүктеледі.



Қызметшінің тәртіптік теріс қылығы (бұдан әрі - теріс қылық) қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы атқармау кінәсі немесе тиісінше атқармауы, лауазымдық өкілеттігінің шегінен шығуы, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттік қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiн) (бұдан әрі - Ар-намыс кодексi) бұзуы, тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы, сол сияқты Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңында белгіленген мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамауы болып табылады.

Тәртіптік жаза (бұдан әрі - жаза) тәртіптік жауапкершілікке тартылатын қызметшіні қызметке тағайындау және қызметтен босату құқығы бар лауазымды тұлға қолдануы мүмкін тәртіптік жауапкершілік шарасы.

Орталық атқарушы органда, еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметшілерді қоспағанда, орталық атқарушы орган қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін орталық атқарушы орган басшысының келісімі бойынша, орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға, ал орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе көрсетілген лауазымды тұлға болмаған жағдайда - орталық атқарушы органның басшысы шешеді.

Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орталық атқарушы орган қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар шешеді.

Қызметтік тексеру - қызметшінің теріс қылығы туралы материалдар мен мәліметтерді, оның жасалу мән-жайын толық, жан-жақты әрі әділ анықтау мақсатында жинау және тексеру жөнінде атқарылатын қызмет.

Мемлекеттік органның тәртіптік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) теріс қылықтың жасалу мән-жайын жан-жақты, толық әрі әділ бағалау және жаза шарасы жөнінде осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғаға ұсыным енгізу мақсатында теріс қылыққа қатысты фактілерді қызметтік тексеру және зерттеу материалдарын қарау үшін мемлекеттік органда құрылатын тұрақты алқалы орган.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Тәртіптік комиссиясы (бұдан әрі - уәкілетті органның комиссиясы) - мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган)  тәртiптiк жауапкершілiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған, сондай-ақ  Ар-намыс кодексiн бұзуға жол берген С-1, С-2, С-3 , С-4 санаттарындағы қызметшілердің тәртіптік істерін қарау үшін құрылатын тұрақты алқалы орган.

Тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарын және  Ар-намыс кодексiн бұзған В-1 санатындағы қызметшiлерге қатысты тәртiптiк iстердi Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия қарайды (бұдан әрi - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия).

Тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының нормалары мен Ар-намыс кодексiн бұзуға жол берген С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-О-4, С-О-5, С-О-6, С-R-1, С-R-2, С-R-3, С-R-4, С-R-5, санаттарындағы, D және E санаттары топтарындағы қызметшiлерге қатысты тәртiптiк iстердi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптiк кеңестерi қарайды.

Бiр тәртiптiк iстiң аясында материалды жеке өндiрiске бөлместен әр түрлi санаттағы бiрнеше қызметшiлердiң терiс қылықтарын қарау қажет болған жағдайларда, iстi неғұрлым жоғары мәртебеге (санатқа) ие мемлекеттiк қызметшiнiң терiс қылықтары туралы iстердi қарау құқығы бар орган қарайды.



2. Жазаның түрлері мен теріс қылық түрлері

1. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңға сәйкес қызметшілерге теріс қылық жасағаны үшін жазаның мынадай түрлері қолданылуы мүмкін:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту;

4-1) тиiстi өкілеттілік беруден бас тарту;

4-2) мемлекеттiк функцияларды орындаудан босату;

4-3) лауазымын төмендету;

5) атқаратын қызметінен босату.

2. Теріс қылықтар мынадай түрлерге бөлінеді: елеулсіз, елеулі және ауыр.

3. Қызметші алғаш рет немесе бұрын қолданылған жазаны алып тастағаннан кейін жасаған теріс қылық елеусіз теріс қылық болып табылады, ол қызметшіге ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түріндегі жаза қолдануға әкеп соғады, бұған жасалғаны үшін жұмыстан босату көзделген теріс қылық қосылмайды.

4. Қызметшінің ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түріндегі бұрын қолданылған жаза алынып тасталмай тұрып, алты ай ішінде қайталап жасаған теріс қылығы елеулі теріс қылық болып табылады, мұндай теріс қылық жасағаны үшін қызметшіге қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі жаза қолданылады.

5. Жасағаны үшін қолданылып жүрген еңбек заңдарына, мемлекеттік қызмет туралы заңдарға, Қазақстан Республикасының антикоррупциялық заңдарына сәйкес өзге де негіздер бойынша жұмыстан шығару көзделген теріс қылық елеулі теріс қылық болып табылады.

6. Жаза қолданылғанға дейін осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғаның не қызметшінің тікелей бастығының қызметшіге еңбек тәртібін, қызметтік міндеттерін сақтау қажеттігі туралы жазбаша түрде ескерту құқығы болады. Мұндай ескерту кадр қызметіне беріледі және қызметшінің жеке ісінде сақталады. Жазбаша ескерту жаза болып табылмайды.

7. Жазбаша ескерту жасалған қызметшінің жазбаша түсініктеме беру құқығы болады. Мұндай жазбаша түсініктеме кадр қызметіне беріледі және қызметшінің жеке ісінде сақталады. Жазбаша ескерту және түсініктеме кейін қызметтік тексеру жасау және жаза қолдану процесінде қосымша материалдар ретінде пайдаланылуы мүмкін.

8. Жазбаша ескерту мен түсініктеме берілген сәтінен бастап алты ай бойы кадр қызметінде сақталады. Алты ай өткеннен кейін кадр қызметі оларды қызметшінің жеке ісінен алып жояды.

3. Жаза қолдану негіздері мен жағдайлары

9. Қызметшінің теріс қылық жасауы жаза қолдану үшін негіз болып табылады.

10. Жаза жасалған теріс қылықтың ауырлығына, түріне және оны жасаған адамның кінәсінің дәрежесіне сәйкес келуге тиіс.

11. Жазаның түрін айқындаған кезде:

1) теріс қылықтың мазмұны мен сипаты;

2) теріс қылықтың жасалу мән-жайы;

3) жасалған теріс қылық әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін келеңсіз зардаптар;

4) теріс қылық жасаған адамның бұрынғы мінез-құлқы;

5) мемлекеттік қызмет өтілі (стажы);

6) қызметшінің жеке басын сипаттайтын өзге де мән-жайлар жинақтала ескеріледі.

12. Қызметші елеусіз теріс қылық жасаған кезде одан жазбаша түсініктеме талап етіледі. Егер жазбаша түсініктемесінде қызметші осы теріс қылықты жасау фактісімен келіссе, онда осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғаның қызметтік тексеру жүргізбей-ақ ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түріндегі жаза қолдану құқығы болады.

Егер қызметші өзінің жазбаша түсініктемесінде теріс қылық жасау фактісімен келіспесе, онда осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғаның бұйрығы бойынша осы Ережемен айқындалған тәртіпке сәйкес қызметтік тексеру жүргізілуге тиіс.

13. Қызметіне сәйкес еместігі және атқаратын қызметінен босату түріндегі жазалар тек қана жүргізілген қызметтік тексеру нәтижелері және осы Ережемен айқындалған тәртіпке сәйкес Комиссияның тиісті ұсынымы бойынша қолданылады.

14. Өзіне қатысты қызметтік тексеру жүргізілетін қызметшіні осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлға, Комиссияның ұсынымы бойынша, жауапкершілігі жөніндегі мәселе шешілгенге дейін, бірақ он төрт күннен аспайтын мерзімге лауазымдық міндеттерін атқарудан уақытша шеттетуі мүмкін.

15. Бірнеше қызметші бірлесіп теріс қылық жасаған ретте жаза кінәлілердің әрқайсысына жеке қолданылады.

16. Жасалған теріс қылық үшін бір ғана жаза қолданылады.

17. Жаза қолдану теріс қылық жасаған қызметшіні атқармағаны немесе тиісінше атқармағаны үшін жаза қолданылған міндетін атқарудан босатпайды.

18. Қызметшіге жаза қолдану оны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жауапкершілік түрлерінен босатпайды.

19. Қызмтешілер қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда заңдарда белгіленген өзге де жауапкершілікте болады.

4. Қызметтік тексеру жүргізу тәртібі

20. Қызметтік тексеру осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғаның бұйрығымен тағайындалады және осы мемлекеттік органның кадр қызметі (бұдан әрі - кадр қызметі) теріс қылық жасалған күннен немесе ол байқалған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргізеді.



Осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғаның бұйрығы болмаса қызметтік тексерулер жүргізуге жол берілмейді.

Қызметтік тексерулер қызметшінің уақытша еңбекке жарамсыздығы, оның демалыста немесе іссапарда болу кезеңінде тоқтатыла тұрады.

20-1. осы Ереженiң 1 бөлiмiндегi сегізінші абзацта көрсетiлген қызметшiлердiң тәртiптiк терiс қылықтары фактiлерi бойынша қызметтік тексерулер уәкілетті орган басшысының бұйрығымен тағайындалады және осы Ереженің 20-тармағында белгіленген мерзімде және тәртіппен уәкілетті органның лауазымды тұлғалары жүргізеді.

Қажетті жағдайларда уәкілетті орган қызметтік тексеру жүргізуді өз мемлекеттік органының кадр қызметіне тапсыруы мүмкін.

21. Қызметшінің теріс қылық жасауы туралы мәліметтер теріс қылықтың жасалу фактісін дәлелдейтін кез-келген нысанда (азаматтар мен қызметшілердің шағымдары; мемлекеттік органның құрылымдық бөлімше басшылары мен басқа қызметшілердің баянжазбалары, жазбахаттары; прокурордың жауап қайыру актілері;  Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттігінiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия жіберген тәртіптік теріс қылықтар туралы материалдар; қызметтік және өзге де материалдар) болуы мүмкін.

22. Қызметтік тексеру барысында кадр қызметі немесе уәкілетті органның лауазымды тұлғалары теріс қылықтың жасалу мән-жайларына қатысты барлық материалдар мен мәліметтерді және тексерудің өзге де негіздерін жан-жақты әрі толық жинауға және материалдарды Комиссияның қарауына ұсынуға міндетті.

23. Комиссияда теріс қылық жөніндегі материалдар қаралғанға дейін кадр қызметі немесе уәкілетті органның лауазымды тұлғалары қызметшіден жазбаша түсініктеме талап етуге тиіс.

24. Қызметтік тексеру жүргізіліп жатқан қызметшінің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы қызметтік тексеру материалдарын Комиссияның қарауына жіберуге және жаза қолдану туралы шешім қабылдауға кедергі бола алмайды. Мұндай жағдайда кадр қызметінің қызметкері немесе уәкілетті органның лауазымды тұлғалары тиісті акт жасайды.

5. Тәртіптік комиссия құру және жұмысының тәртібі

25. Комиссия осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғаның бұйрығымен тағайындалады және мемлекеттік органның әр түрлі бөлімшелерінің өкілі болып табылатын үш мүшеден тұрады. Комиссия құрамына мүмкіндігінше заңгерлік білімі және осы мамандық бойынша еңбек тәжірибесі бар мемлекеттік қызметшілерді тартқан жөн. Осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлға Комиссия мүшелерінің арасынан Төраға тағайындайды.

25-1. Уәкілетті органның комиссиясы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен тағайындалады, ол комиссияның құрамын айқындайды және осы комиссия мүшелерінің ішінен Төрағаны тағайындайды.

26. Комиссияның хатшысы әрбір жеке жағдайда кадр қызметінің басшысы айқындайтын кадр қызметінің өкілі болып табылады. Комиссия жұмысының барлық материалдары кадр қызметінде сақталады.

27. Өзінің жақын туысы немесе жекжаты болып табылатын қызметшіге байланысты немесе Комиссия мүшесінің нақ осы тексеруге тікелей немесе жанама мүдделілігі болса, Комиссия мүшесінің теріс қылық жөніндегі қызметтік тексеру материалдарын қарауға және фактілерді зерттеуге қатысты құқығы жоқ.

28. Комиссия өз мәжілісінде қызметтік тексеру материалдарын қарайды және теріс қылыққа қатысы бар фактілерді зерттейді. Комиссия қызметтік тексеру жүргізіліп отырған қызметшінің және тексеру жүргізген кадр қызметі немесе уәкілетті орган өкілдерінің түсініктемелерін тыңдауға тиіс. Комиссияның сонымен қатар куәларды тыңдауға және теріс қылыққа қатысы бар кез-келген фактілерді зерттеуге құқығы бар. Мәжіліс өткізілетін күнді Төраға айқындайды және кадр қызметі арқылы басқа мүшелер мен қызметшінің қаперіне жеткізіледі.

29. Ұсынымдарды Комиссия ашық дауыс беру жолымен қабылдайды және осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғаға жібереді. Комиссия мүшелері өз пікірлерін ашық айтуға және дауыс беру кезінде қалыс қалмауға міндетті.

30. Теріс қылық жасалғанын дәлелдейтін фактілер болған ретте Комиссия жаза қолданудың орындылығы мен оның түрі жөнінде басшыға ұсыным енгізеді.

31. Комиссияның ұсынымымен келіспеген жағдайда осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғаның, уәкілетті органның комиссиясы, сондай-ақ және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері шығарған ұсынымдардың жағдайларын қоспағанда,қосымша қызметтік тексеру жүргізуді кадр қызметіне жүктеу құқығы болады.

Қосымша қызметтік тексеру материалдарын өзге құрамдағы Комиссия қарайды.

31-1. Комиссия сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған қызметшілердің қылмыстық ісін қарау жөніндегі өз жұмысында уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасауға және қарау нәтижелері бойынша он күн мерзімде уәкілетті органға тиісті шешімнің көшірмесін және тоқсан сайынғы есептерді беруге міндетті.

6. Шешім шығару және жаза қолдану тәртібі



32. Осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлға мынадай шешімдер қабылдайды: тиісті жаза қолданады; материалдарды қосымша қызметтік тексеруге жібереді немесе жаза қолданбайды.

33. Жазаға тартылған адамды қабылданған шешім жөнінде үш күн мерзімде (қол қойып) мемлекеттік органның кадр қызметі таныстырады.

34. Қызметшіге жаза тиісті мемлекеттік органның мәжілісінде, оның алқасында немесе осы жазаны қолданған осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлға тізімін анықтайтын қызметшілердің қатысуымен жариялануы мүмкін.

35. Жаза қолдану орынсыз болған жағдайда осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлға қызметшіге қатаң тәртіп сақтау қажеттігі жөнінде ескертумен шектелуі мүмкін.

36. Егер қызметтік тексеру нәтижесінде қызметшінің қылмыс белгілері бар іс-әрекетке жол бергені анықталмаса, осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлға немесе уәкілетті органның басшысы алынған материалдарды құқық қорғау органдарына кідіріссіз беруге міндетті.

Қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған не қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда, бірақ, қызметшінің іс-қимылында теріс қылықтың белгісі болса, жаза қылмысты істі қозғаудан бас тарту не оны тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірмей қолданылуы мүмкін.

7. Жаза қолдану мерзімі

37. Тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қолданылады және терiс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешiктiрiлiп қолданыла алмайды.

38. Жаза мынадай жағдайларда қолданылмауы мүмкін:

1) еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңінде;

2) қызметшінің демалыста немесе іссапарда болған кезеңінде;

39. Уақытша еңбекке қабылетсіздік, демалыста, іссапарда болу кезеңі, егер әкімшілікке жасалған теріс қылық жөнінде осы кезеңде немесе оның алдында мәлім болса, жаза қолданудың бір айлық мерзімінің күшін тоқтата тұрады.

8. Жаза қолдану туралы актілер

40. Жаза осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғаның бұйрықтарын, өкімдерін шығару жолымен қолданылады.

41. Жаза қолдану туралы актіде жаза қолданылған адам, жаза қолданылып отырған теріс қылық және жазаның түрі көрсетіледі.

42. Қолданылған жазалар мен ескертулер туралы мәліметтер мен актілер мемлекеттік органның кадр қызметінде қызметшінің қызметтік тізіміне енгізу жолымен есепке алынуға тиіс.

Тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған қызметшілерге осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлға қолданған жазалар туралы мәліметтерді құқықтық статистика және ақпарат жөніндегі уәкілетті органға кадр қызметінің міндетті түрде тапсыруына жатады.

9. Жазаның алынуы

43. Жаза қолданылған күннен бастап алты айдың ішінде қызметшіге жаңа жаза қолданылмаса, онда оған жаза қолданылмаған болып саналады.

44. Егер қызметші жаңа теріс қылық жасамаса және бұл орайда өзін адал қызметкер ретінде көрсетсе, жаза алты ай өткенге дейін алынып тасталуы мүмкін.

45. Қызметші қызметтік міндеттерін тоқтатқан күнге дейін алынбаған жаза осы міндеттер доғарылған күннен бастап алынған болып саналады.

46. Жазаны мерзімінен бұрын оны қолданған осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлға алып тастайды.

Бұл ретте жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін жазаның мерзімінен бұрын алынуы уәкілетті органның келісімі бойынша ғана жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшiн Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссияның ұсынымы бойынша жаза қолданылған жағдайда жазаның мерзiмiнен бұрын алынуы тек оның келiсiмiмен ғана жүргiзiледi.

47. Жазаны мерзімінен бұрын алу үшін жаза қолданылған қызметшінің тікелей басшысы инстанция бойынша тиісті өтініш жасайды.

Осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген жаза қолданған тұлға тиісті өтінішті оны алған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен асырмай қарауға міндетті.

48. Қызметшіден бір мезетте тек бір ғана жаза алынуы мүмкін.

10. Қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту

кезіндегі құқықтық кепілдіктер

49. Теріс қылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған қызметшінің өз өкілі болу құқығы бар.

50. Қызметші міндетті түрде өзін тәртіптік жауапкершілікке тартуға қатысты барлық материалдармен таныстырылуға тиіс.

51. Осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғаның іс-әрекеттерімен немесе шешімдерімен келіспеген жағдайда жауапкершілікке тартылатын қызметші уәкілетті органға немесе сотқа осы іс-әрекеттер мен шешімдер жөнінде жазбаша түрде шағымдануға құқылы.

52. Жаза қолдану туралы шешімге уәкілетті органға шағымдану, қызметші өзіне жаза қолдану туралы актімен танысқан күннен бастап бір ай ішінде жүзеге асырылуы мүмкін.

53. Шағымды үстінен шағым берілген осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғаға қарауға беруге тыйым салынады.

54. Жаза қолдану туралы шешімге шағымдану оның орындалуын кідіртпейді.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 
жүктеу 154,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау