Тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша еңбек шартын тоқтату. Еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мына мәнжайлар бойынша: 1) қызметкер әскери қызметке шақырылған кезде қызметкер тиісті құжатты ұсынған күнен бастап үш күн мерзімінен кешіктірілмей; 2) қызметкер не жұмыс беруші – жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын жазамен сотталған сот үкімі заңды күшіне енген кезде; 3) қызметкер не жұмыс беруші – жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот қызметкерді не жұмыс беруші – жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялаған немесе хабарсыз кетті деп таныған жағдайда; 4) сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған, соның салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі болмайтын жағдайда; 5) бұрын осы жұмысты атұарған қызметкер жұмысына қайта алмаған жағдайда тоқтатылуға тиіс. 2. Сот үкімінің, шешімінің заңды күшіне енген күні немесе қызметкердің қайтыс болған күні Еңбек кодексі 58-бабының 1-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша еңбек шартының тоқтатылған күні болып табылады.
Қызметкер еңбек қатнастарын жалғастырудан бас тартқан кезде қызметкермен еңбек шарты: 1) қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауысудан бас тартқан; 2) еқбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан бас тартқан; 3) жұмыс беруші – заңда тұлға қайта құрылған кезде қызметкер жұмысты далғастырудан бас тартқан; 4) еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өндірістік жарақат алған, кәсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндіріске байланысты емес өзге де зақым келген кезде қызметкер басқа жұмысқа ауысудан бас тартқан жағдайларда тоқтатылуға жатады. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан кезде ғана еңбек шартын тоқтатуға жол беріледі. Қызметкердің уақытша еңбекке қабілетсіз болуы және демалысы кезеңінде еңбек шартын тоқтатуға жол берілмейді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында осындай лауазымдарды атқаратын адамға ақы төленетін өзге лауазымдарда істеуге тыйым салу белгіленген болса, қызметкердің сайланбалы жұмысқа ауысуына немесе лауазымға тағайындалуына байланысты онымен еңбек шарты бұзылады.
Қызметкердің жұмыс берушіні хабардар етуі және қызметкердің жұмысқа сайлану немесе тағайындалу актісі негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |