Қазақстан Республикасының еңбек құқығы


Еңбек – құқықтық қатынастар саласындағы әлеуметтік әріптестік



жүктеу 45,35 Kb.
бет2/21
Дата16.01.2022
өлшемі45,35 Kb.
#32623
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Құқық негіздері. 4-тақырып

Еңбек – құқықтық қатынастар саласындағы әлеуметтік әріптестік.

Әлеуметтік әріптестік дегеніміз атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің мүдделерін келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған қатынастар мен тетіктер жүйесі. Әлеусеттік әріптестік әріптестер арасындағы жасалатын өзара келісім арқылы жүзеге асрылады. Келісім (бас), салалық (тарифтік), аймақтық – республикалық, салалық және аймақтық деңгейде қызметкерлердің еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік кепілдіктерін белгілеу мазмұнын және тараптардың олар бойынша міндеттемелерін анықтайтын, әлеуметтік әріптестер арасында жасалатын құқықтық акт.

Қазақстан Республиксындағы әлеметтік әріптестік мындай негізгі міндеттерді шешуге бағытталған: 1) әлеуметтік және еңбек қатынастарын және соларға байланысты экономикалық қатынастардың реттеудің тиімді тетігін жасау; 2) қоғамдағы барлық жіктердің мүдделерін объективті түрде ескеру негізінде әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 3) қызметкерлердің еңбек құқықтары кепілдіктерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, олардың әлеметтік қорғалуын жүзеге асыру; 4) барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестер арасындағы консультациялар мен келіссөздер процессіне жәрдемдесу; 5) ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарды шешуге жәрдемдесу.



Әлеметтік әріптестік мынандай қағидаттарға негізделеді: 1) тараптар өкілдерінің өкілеттілігі; 2) тараптардың тең құқықтығы; 3) талқылау үшін енгізілетін мәселелер тізбесін тандау еркіндігі; 4) міндеттемелер қабылдаудың еріктілігі және тараптардың оларды орындауға міндеттілігі; 5) тарапттардың мүдделерін құрметтеу; 6) әлеуметтік әріптестердің ҚР-ның зандарын, ҚР –ның халақаралық шарттары мен міндеттемелер сақтауы; 7) тараптардың, олардың өкілдерінің келісім бойынша қабылданған міндеттемелерді өздерінің кінәсінен орындамағаны үшін жауаптылығы болып табылады.

Әлеуметтік әріптестік тараптардың өзара іс-қимылы нысанында әлеуметтік әріптестіктің: 1) республикалық; 2)салалық деңгейде; 3) аймақтық (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейдегі органдары арқылы қамтамасыз етіледі.

Әлеметтік әріптестікті республикалық деңгейде Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үш жақты комиссия ( бұдан әрі – республикалық коммисия) қамтамасыз етеді. Республикалық комиссия әлеметтік әріптестердіңимүдделерін үйлестіруді тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. ҚР Үкіметінің, қызметкерлердің республикалық бірлестіктерінің және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері республикалық комиссияның қатысушылары болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметтің, қызметкерлердің республикалық бірлестіктерінің және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері республикалық комиссияның қатысушылары болып табылады.

Әлеуметтік әріптестікті салалық деңгейде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялар (бұдан әрі – салалық комиссия) қамтамасыз етеді. Салалық комиссия әлеуметтік әріптестер мүдделерін үйлестіруді тиісті шешімдермен ресімделетін консультатциялар мен келіссөздер жүргізу жолымен қамтамасыз ету жөнінде тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Тиісті атқарушы органдардың өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері салалық комиссиялардың қатысушылары болып табылады.

Әлеуметтік әріптестікті аймақтық деңгейде әлеуметтік әріптестікпен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялар (бұдан әрі – аймақтық комиссия ) қамтамасыз етеді. Аймақтық комиссия әлеуметтік әріптестер мүдделерін үйлестіруді тиісті келісімдермен және шешімдермен ресімделетін консультациялар және келіссөздержүргізу жолымен қамтамасыз ету жөнінде тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Жергілікті атқарушы органдардың тиісті өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері аймақтық комиссиялардың қатысушылары болып табылады.

Республикалық деңгейде Қазастан Республикасының Үкіметі жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері және қызметкерлердің республикалық бірлестіктері арасында Бас келісім жасалады. Бас келісім – Қазастан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері және қызметкерлердің республикалық бірлестіктері өздерінің құзіреті шегінде жасайтын, аймақтық және салалық келісімдер мен ұжымдықшарттар жасау кезінде ескерілетін, республикадағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын және солармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің жалпы қағидаттарын белгілейтін құқықтық акт.



Салалық деңгейде тиісті атқарушы органдар және жұмыс берушілер мен қызметкерлердің уәкілетті өкілдері арасында салалық келісімдер жасалады. Салалық келісім – ақы төлеу нормалары мен еңбекке байланысты басқада мәселелерді, өзара міндеттемелерді, сондай-ақ нақты сала қызметкерлері үшін әлеметтік кепілдіктермен жеңілдіктерді айқындайтын, барлық талаптар (әріптестер) үшін міндетті болатын және аймақтық келісімдер мен ұжымдық шарттарды жасау кезінде ескерілетін, әріптестік тараптары жасап, жазбаша шарт түрінде ресімдетейтін құқықтық акт.

Аймақтық деңгейде жергілікті атқарушы органдар, жұмыс берушілер, қызметкерлер бірлестіктері арасында аймақтық (облыстық, қаалалық, аудандық) келісімдер жасалады. Аймақтық келісім – аумақтық ерекшеліктерге байланысты еңбек жағдайларын, әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді белгілейтін, келісім тараптары әкімшілік - аумақтық бөліністер деңгейінде жасайтын, барлық тараптар үшін міндетті болатын және ұжымдық шарттарды жасау кезінде ескерілетін, жазбаша шарт түрінде рәсімделетін құқықтық акт.


жүктеу 45,35 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау