Тәрбие сағатының тақырыбы: «"Жасөспірімнің құқықтары мен міндеттері»
Мақсаты: Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түсініктерін қалыптастыру.Өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі тәрбие сағатымызды мынандай сұрақпен бастағым келіп отыр:
— Балалар «Есім алуға» құқықтарың бар ма? Қалай ойлайсыңдар?
«Есім» ойынын ойнайық. Қазір біз әрқайсымыз тізбек бойынша өз есімімізге сын есім қосып айтайық.Яғни сын есім де, есім де бірдей әріптен басталуы қажет. Мысалы: Намысты-Нұргүлмін.
Ал жақсы,сендердің есімдерің бар және таныстырып шықтық,сендердің есімдерің солай аталатынын енді қалай дәлелдейсіңдер?
Дұрыс, балалар!
Туу туралы куәлік – бұл сендердің алғашқы құжаттарың. Ал онда тағы не туралы жазылған? Кім біледі?
Онда,сендер Қазақстан Республикасының азаматы екендерің жазылған.
Яғни, адам баласы туғаннан бастап мемлекеттің қарамағында қорғауда болады екен. Ол дегеніміз әрқайсымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді.
Ендеше, бүгінгі біз сабағымыз қандай тақырыпта болмақ?
Дұрыс айтасыңдар,біздің бүгінгі тақырыбымыз «Менің құқықтарым» деп аталады.
Балалардың құқықтары қайда жазылған? Оны кім бекітеді? Ендеше сендерге қысқаша айтып өтейін.
Шағын – дәріс «Сендердің құқықтарың туралы Конвенция»
Қазақстан Республикасының Конституциясында — Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», — деп баян етілген.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдиениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі – адам құқығының мәдениеті. Адам құқықтары туралы ақпаратпен жүйелі қамтамасыз етудің қажеттілігі маңызды екенін ескерсек, онда бұл салада адам құқығы мәдениетін қалыптастыруда маңызды құралдың бірі – білім беру ұжымдары десек қателеспейміз.
20 қараша – бұл дүниежүзілік балалардың құқығын қорғау күні. Бұл күні « Балалар құқығы» туралы халықаралық Конвенциясы қабылданған. Барлық дүние жүзіндегі балалардың құқықтары арнайы «Балалар құқығы туралы»
Конвенцияда жазылған.Бұл құжат 1989 жылы 20-қарашада БҰҰ-да қабылданды.Бұл
ұйым екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылды. Екінші дүниежүзілік соғыс
миллиондаған адамдардың өмірін қиды,яғни,олардың өмір сүру құқығын шектеді.Сол
себепті осындай соғыстардың болдырмау мақсатында барлық дүниежүзіндегі
халықтар БҰҰ-на бірікті.
Өкінішке орай, дүние жүзінде әлі де қауіп-қатерлер жиі болып тұрады.Мысалы: соғыстар,терактілер,қылмыстар,апаттар,аштық,аурулар…Тіпті үлкен, мықты адамдардың өзі осындай қатерлерге қарсы тұра алмай жатады. Сондықтан ең қорғансыз болып табылатын балалар.Олар тіпті күнделікті өмірде үлкендердің қолдауы мен қарауын қажет етеді.Сол себепті балаларды қорғау үшін «Балаларды қорғау туралы» Конвенция қабылданды. Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау. Бұл БҰҰ дүниежүзілік балаларына арналған Конвенцияны басшылыққа ала отырып, біздің елімізде де «Бала құқықтары туралы» заң бар. Ол 2002 жылы 8 тамызда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасындағы «Бала құқықтары туралы» заңына қол қойды. Ең бастысы әр азаматтың негізгі құқығы – ол өмір сүру құқығы.
Достарыңызбен бөлісу: |