Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы



жүктеу 5,79 Mb.
Pdf просмотр
бет90/102
Дата29.01.2020
өлшемі5,79 Mb.
#27579
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   102

302 
 
жылда  біздің  өмір  салтымыз:  жұмыс,  тұрмыс,  демалыс,  баспана,  адами 
қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын 
болуымыз  керек.  Үшіншіден,  бұл  –  өзгелердің  тәжірибесін  алып,  ең  озық 
жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава  – Жапония 
мен  Қытайдың  бүгінгі  келбеті  –  осы  мүмкіндіктерді  тиімді  пайдаланудың 
нағыз  үлгісі.  «Өзімдікі  ғана  таңсық,  өзгенікі  –  қаңсық»  деп  кері  тартпай, 
ашық  болу,  басқалардың  ең  озық  жетістіктерін  қабылдай  білу,  бұл  –  та-
быстың  кілті,  әрі  ашық  зерденің  басты  көрсеткіштерінің  бірі.[1]
 
Дәлелдеу сатысы. Мектеп тынысы. 
  
 
Ана тілі, салт дәстүр  т.б. іс тәжірибеден. 
Қорытынды 
        К.Д. Ушинский: «Тәрбиелеудің басты міндетін адамгершілік әсер етуден 
құрайды»,-  десе,  дана  Абай:  «Ақпейіл  және  ықыласты  жүрек  адамды 
жетелеуі  тиісті,сонда  ғана  оның  еңбегі  және  табыстылығы  ерекше  мәнге  ие 
болады.  Адам  болып  дүниеге  келу  жеңіл,  бірақ  адам  болу  қиын»,-  деген 


303 
 
болатын.  Тәрбиенің  маңыздылығы  сондай,  біздің  болашақ  ұрпағымыз 
тәрбиеден  ғана   рухани  байлық  алып,  тәрбие  арқылы  ғана  Адам  болып 
қалыптасады. 
           Елбасы:  «Мағжанның  жүрек  тебірентерлік  мөп-мөлдір  асыл  лирикасы, 
Мұхтардың  көркем  прозасы,  Шоқанның  барша  әлемді  таңқалдырған 
жаңалықтары,  ұлы  Абайдың  түпсіз  терең  философиялық  толғаулары 
сияқты  осынша  мол  рухани  қазына  әрбір  адамның  ішкі  жан  дүниесін 
байытып, 
сана-сезімін 
шарықтата 
көтеретініне 
күмән 
келтіре 
алмаймыз» дейді. 
       Халықтың  тілі-халықтың  жаны,  тамыры,  ойы,  өрісі.  Қазақтың  ұлтшыл 
ақыны М.Шаханов: 
      «Қай тілмен ақса перзенттік түйсік өрісің, 
       Сол тілдің гүлі, сол тілдің қайраткерісің, 
       Бар кезде таным, таныту өрлейді. 
       Тек баба тіліңді дамыта бермейді, 
       Өзге  тілдегі  жеңісің»  деген  жыр  жолдары  біздің  жоғарыда  айтылған 
пікірлеріміздің дәлелі болады. 
       Пайдаланған әдебиеттер: 
1. 
Н.Назарбаев 
«Болашаққа 
бағдар: 
рухани 
жаңғыру»
 
 https://egemen.kz/article/nursultan-nazarbaev-bolashaqqa-baghdar-rukhani-
zhanhghyru 
2. 
 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Алматы – 2008ж.  
 
 
ОҚУ ҮРДІСІНДЕ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН БІЛІМ 
БЕРУ МАЗМҰНЫ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 
 
Сырттанова Айнаш Токтархановна, 
директордың оқу-тәрбие 


304 
 
ісі жөніндегі  орынбасары, 
 «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, 
Павлодар қаласы 
 
Түйін 
 
Бұл баяндамада «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын оқу -тәрбие үрдісінде 
жүзеге асыру жолдары қарастырылған. Қоғамдық -гуманитарлық пәндердің 
мазмұнын жаңарту жағдайында аталған идеяның мектеп тәжірибесіне енгізу 
маңыздылығы көрсетілген.  
Summary 
 
The report provides for the ways of implementing the national idea 
"Mangilik Yel" in the educational process. In the context of updating the content of 
public-humanitarian disciplines, it is important to introduce this idea into school 
practice. 
 
Елбасының  Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 
болашақ»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  «Мәңгілік  Ел  –  ата-
бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. 
Ол  арман  әлем  елдерімен  терезесі  тең  қатынас  құратын,  әлем  картасынан 
ойып  тұрып  орын  алатын  тәуелсіз  мемлекет  атану  еді.  Біз  бұл  армандарды 
ақиқатқа  айналдырдық.  Мәңгілік  елдің  іргесін  қаладық.  Біз  үшін 
болашағымызға  бағдар  етіп  ұлтты  ұйыстыра  ұлы  мақсаттарға  жетелейтін 
идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Қазақ елінің ұлттық идеясы – «Мәңгілік 
Ел», – деді Президент Н.Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай 
сақтау  арқылы  Мәңгілік  ел  бола  алатынымызды  атап  өтті.  Мәңгілік  Елді 
өнегелі  ұрпақ  қана  мәнді  ете  алады.  Олай  болса,  білімді  ұрпақ  тәрбиелеуге 
баса назар аудару қажет[1]. 
 Ендеше, «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын білім беру үрдісіне  
енгізу маңыздылығы зор екендігі баршамызға аян. Елбасы білім мен тәрбиені 
қатар  жүргізуді  жиі  айтып  отырады.  Бүгінгі  таңда  «Мәңгілік  Ел»  идеясын 


305 
 
іске  асыру,  ұлттық  құндылықтарды  тұлғалық  қасиетке,  қазақстандық 
мектепте  білім  мен  тәрбие  жұмыстарын  ұштастыру  мәселелерін 
қарастырудың алар орны ерекше. 
Әлеуметтік 
маңызы 
зор 
құндылықтың 
мән-мағынасын 
ұғындыру,баланың  санасына,  сезіміне,  түйсігіне,  мінез-құлқына  әсер 
ететіндей дәрежеде жеткізу ұстаздық шеберлікті талап етеді.  
Білім  берудің  негізгі  басты  мақсаты  мен  нәтижелілігі  -  білім  алумен 
бірге,  біліктілік  дағдыларына  қол  жеткізе  отырып,  заман  талабына  сай 
ұлттық  құндылықтарды  бойына  дарытқан,  өз  Отанының  партиоты,  жан-
жақты  дамыған  білімді,  өз  ісіне  және  өзгенің  ісіне  әділ  баға  беретін, 
функционалдық  сауаттылығы  қалыптасқан  жеке  тұлға  қалыптастыру  болып 
табылады.  
Бізді  ойландыратын  тағы  бір  жайт  -  тіл  мәселесі.  Мәңгілік  елдің  7 
басты  құндылықтарының  бірі  –  тарихтың,  мәдениет  пен  тілдің  ортақтығы. 
Елбасымыз  да  тілді  дау  -  дамайдың  төркініне  емес,  даму  мен  өркендеудің 
негізіне,  ұлттың  ұйытқысына  айналдыру  -  баршамыздың  парызымыз 
екендігін бәрімізге де тағы бір мәрте тиянақты ұғындырды деп ойлаймын.  
Елбасымыз  тілдердің үштұғырлылығын міндеттей отырып: «Қазақстан 
халқы  бүкіл  әлемде  үш  тілді  білетін  мәдениетті  ел  ретінде  танылуы  тиіс. 
Бұлар қазақ тілі  – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және 
ағылшын  тілі  –  жаһандық  экономикаға  ойдағыдай  кірігу  тілі»  деген 
болатын[2].  Осыған  орай,  үлкен  жауапкершілік  жүктеліп  отырған  білім 
ордасында    жаңашылдықпен  жұмыс  жасауға  тура  келеді.  Мектебімізде 
көптілдік  білім  беру  бағытындағы  эксперимент  негізінде    8  сыныпта  орыс 
тілі орыс мектебінің бағдарламасы бойынша оқытылды. Өткен оқу жылының 
тағы  да  бір  ерекшелігі    химия  пәні  8м  сыныбында,  физика  пәні  8д 
сыныбында,  биология  пәні  8г  сыныбында,  информатика  7г  сыныбында 
ағылшын тілінде оқытылды. Ал дүние жүзі тарихы пәні 7м сыныбында орыс 
тілінде  жүргізілді.  Мектепте  шетел  тілі  меңгерудің  жалпыеуропалық 
деңгейіне  сәйкес  оқытылады.  Бұл  жаңа  жүйенің  енгізілуінің  ерекшелігі- 


жүктеу 5,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау