Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы



жүктеу 5,79 Mb.
Pdf просмотр
бет93/102
Дата29.01.2020
өлшемі5,79 Mb.
#27579
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   102

313 
 

 
Сіздің ойыңызша іс-тәжірибеде не дұрыс болды? 

 
Сіздің ойыңызша іс-тәжірибеде не дұрыс болмады? 

 
Ұсыныс, пікіріңіз 
Сауалнама  маған  бағдарламаны  әрі  қарай  жетілдіруге  септігін  тигізді. 
Алғашқы  сұраққа  барлық  мұғалімдер  мұғалім-оқушы,  оқушы  –  мұғалім 
арасында өзгеріс байқағандығын көрсетті (Сурет 1). 
 
Сурет 1. Мұғалім А-нің сауалнамада жазған жауабы. 
Мұғалімдірдің 
сауалнамаларының 
қорытындысы 
бойынша 
оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылығы  пайда  болғанын,  өз  бетінше 
даму әрекеті жүріп жатқаны байқалады. Мұғалімдер де басқалардың пікірін 
тыңдап,  өз  ойларын  еркін  жеткізуді  үйренді.  Сауалнама  арқылы 
мұғалімдердің  ойларын  жинақтауға,  талдау  жасап  және  келесі  қадамдарды 
жоспарлауға мүмкіндік алдым.  
Мұғалімдер оқушылармен жақсы қарым-қатынас орнағанын  күнделікті 
сабақтан  кейін  рефлексия  жасаудың  нәтижесінен  де  байқаған.  Сонымен 
қатар, мұғалімдердің басым бөлігі топтық жұмыстардың жақсы нәтиже беріп 
жатқанын сөз етті.  
Дегенімен,  кейбір  мұғалімдердің  пікірі  бойынша  сабақтың  өтілу 
барысында  оқушылар  мұғалімді  әлі  де  басты  рөлде  көретіні  белгілі  болды. 
Сонымен  қатар,  мұғалімдердерге  оқушыларды  тыңдау  қажет  екендігіне 
әдеттену оңай емес болды және өздерінің сабағының барысын бақылау және 
келесі сабақты соған сай жоспарлауда қиындық тудырды. Семинардан кейін 
алынған  кері  байланыс  парақтарынан  мұғалімдердің  күнделікті  сабақты 
дайындауда уақыттың жетпейтіндігі белгілі болды. Сонымен қатар, бақылау 
негізінде  мен  мұғалімдердің  рефлексиясы  сабақтың  мазмұнына  емес, 


314 
 
әдістерін  саралауға  бағытталып  жатқанын  байқадым.  Сондықтан  келесі 
әрекетте осы мәселелерді шешуге бағыттау қажет болды.  
Келесі қадам 
Жоғарыда  аталған  кедергілерді  шешу  мақсатымен  мен  мұғалімдердің 
өз  әрекеттеріне  есеп  беру  дағдысын  арттыру  мақсатында  әр  түрлі  әдістерді 
қолдандым.  Бағдарламаны  жүргізу  барысында  мен  қатысушылардың 
орындаған  жұмыстарын  жүйелі  түрде  талдап  отырдым  (Сурет  2). 
Қатысушылардың өз жұмыстарына рефлексия жасату өте тиімді әдіс болды, 
яғни сабақтың соңында тәжірибедегі іс-әрекетінің «дұрысы» мен «бұрысын» 
көріп, ой елегінен өткізіп, өзінің жаңа қабілеттерін меңгеруіне, шеберлігінің 
артуына жол ашылғандығы байқалды.  
 
Сурет 2. 
Қатысушылардың өз өздерін 
бағалауы. 
Сонымен 
қатар, арнайы жетелеуші сұрақтар 
мұғалімдерге өз мақсат-міндеттірін анықтауға көмек берді. Мысалы, мұғалім 
А-ға «осы сабақты сіз қайтадан өтер болсаңыз, қай жерін өзгертер едіңіз?»,- 
деп  сұрақ  қойғанымда,  ол  өзінің  сұрақ  қою  деңгейінің  Блум  таксономиясы 
бойынша    білу,  түсіну,  кей  жағдайда  қолдану  деңгейінде  болатын  айтты. 
Осылай  мұғалім  өз  -  өзіне  рефлексия  жасау  арқылы  сұрақ  қоюдың 
маңыздылығын түсінді.  
Бағдарлама  соңында  сауалнама  сұрақтарын  өзгертіп  қатысушылардан 
қайтадан  алдым.  Себебі,  сауалнама  сұрақтарына  кейбір  қатысушылардан 
нақты жауап алу есебінен:  

 
Мұғалім-оқушы және оқушы – мұғалім қатынастарында өзгерістер 
болды ма?  

 
Қазіргі оқыту алдыңғы оқытудан ажыратыла ма? 

 
Сіздің іс-тәжірибеңізде не дұрыс болып жатыр? 

 
Сіздің іс-тәжірибеңізде не дұрыс болмай жатыр? 


315 
 
Мұғалім  В  сауалнамадағы  жауабында  «белсенді  баланың»  пайда 
болғанын  жазыпты.  Белсенді  әдіс-тәсілдер  арқылы  оқушылардың  «қатып 
қалған пряник болмағаны» ұнады деп жазған. Мұғалім В күнделікті сабағына 
рефлексия жасау арқылы іс-тәжірибесін жетілдіруде жұмыс жасап жатқанын 
байқауға  болады.  Осылай  рефлексивті  емес  мұғалімнен  рефлексивті 
мұғалімге 
айналды. 
Дегенмен, 
сауалнамадағы 
жауаптарға 
қарап, 
мұғалімдердің  курстан  кейін  де  рефлексияны  дағдыға  айналдырып, 
күнделікті  рефлексияны  жасау  үшін  өзін-өзі  реттеу  дағдыларын  әлі  де 
қалыптастыруы қажет екенін түсіндім.  
Содан  кейін,  қатысушы  мұғалімдерге  өздерінің  сабақ  жоспарларын 
ұсынылған  критерийлер  бойынша  бағалауды  ұсындым.  Мұғалім  С 
бағдарламаның  басында  өзін-өзі  шәкіл  бойынша  жоғары  бағалады.  Алайда, 
бағдарламаның  соңында  топпен  сабақ  жоспарын  талдай  келе,  бірінші 
бағалауға  қарағанда  өзін  төмен  бағалады.  Себебін  сұрағанда,  сабақтың 
мақсаты  нақты  емес,  сондықтан  ойын  өзгерткенін  айтты.  Ал,  мұғалім  Д 
рефлексия жасай білудің маңызы жөнінде былай деп көрсетті:  
 Мұғалімнің  өзіндік  дамуында   кері  байланыс,  кәсіби  рефлексия- 
манызды  екендігі  сөзсіз.  Қазіргі  кезде  қоғам  дарынды,  қабілетті 
адамдарды қажет етеді. Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру саласында 
мектеп  жұмысының  дамуының  ең  басты  фактор  болып  отыр.  Әр 
мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер 
жөніндегі  мағлұматтарды,  жаңа  әдіс-тәсілдерді  дер  кезінде 
қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. 
«Білім 
алу 
мен 
ынтымақтасудағы 
ұстаз 
көшбасшылығы» 
бағдарламасына қатысу барысында мен жобамның мақстына жетуде туындап 
отырған  кедергілерді  анықтап,  одан  шығу  жолдарын  таптым.  Соның  бір 
мысалы,  мұғалім  А-ның  сабағына  қатысып,  мұғалімнің  және  оның 
оқушыларының  жасаған  рефлексияларына  куә  болдым.  Мұғалім  А 
оқушының кері байланысын есепке алып, келесі сабағында соны негізге ала 
отырып  сабағын  жоспарлады.  Сонымен  қатар,  аталмыш  мұғалім  өзін–өзі 


жүктеу 5,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау