306
оқытудың соңғы нәтижесіне бағытталғандығында, яғни, белгілі бір оқыту
деңгейіне мақсатталып, нәтижеге жету. Әр пән мұғалімі жоғары санатты,
авторлық бағдарлама бойынша жұмыс істеді.
Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған.
Елбасымыз
«Мәңгілік Ел» ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050»
стратегиясының түп қазығы етіп алды. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев:
«Мектептерде бүкілқазақстандық құндылықтар ретінде «Мәңгілік Ел»
идеясы оқу бағдарламасына енуі керек», - деп атап өткен болатын. Осыған
байланысты, білім беру ұйымдарында Қазақстанның тұтас ұлтты
ұйыстырушы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қазақстандық патриотизм мен азаматтық
жауапкершілік, құрмет көрсету, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық,
ашықтық, өмір бойы білім алу тәрізді құндылықтар арқылы жүзеге асыру
мақсатында мектебімізде 28 қараша мен 5 желтоқсан аралығында «Мәңгілік
Ел» тақырыбымен байланыстырылған сабақтар панорамасы өткізілді.
Мұғалімдер өздерінің сабақтарында 7 құндылықты қалай жүзеге
асыратындықтарын көрсетіп, сабақтар өткізді. Атап айтқанда, 5-
сыныптаАқселеу Сейдімбектің «Әйел ана» шығармасын «Мәңгілік ел»
идеясымен байланыстырып болжау жасады. Бұл сабақта оқушыларға
Елбасының тақырыбы өшірілген сөзі ұсынылды. Тапсырма «Елбасынан хат»
деп аталды. Осы сөздерді Күншуақ елінің мақсатымен байланыстырып беру
тапсырылды. «Біз ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы
болғанын білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең тұратын, __________
мемлекет атану еді. Ол Ол арман бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды
ақиқатқа айналдырдық. _______ елдің іргесін қаладық. Біз үшін ұлы
мақсаттарға жетелейтін идея бір бар. Сол идея арқылы біз еліміздің жүрегі,
тәуелсіздігіміздің тірегі ешқашан тозбайтын __________ тұрғыздық.
Қазақтың өшпейтін__________ ұрпақтың _________ болашағын баянды
етуге арналады. Ендігі ұрпақ - ________ қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ
307
елінің ұлттық идеясы - __________» Н.Ә.Назарбаев. Осыдан кейін барып
Елбасының мақсатын кейіпкерлер мақсатымен үндестірді.Жұмыс «SMS
хаттар» әдісін конструкциялау арқылы жүзеге асты. Сабақтың өн бойында
«Мәңгілік Ел» патриоттық акциясымен байланыс болды.
6-сыныпта өткен қазақ тілі сабағында «Сан есімнің мағыналық
түрлерін қайталау» тақырыбын «Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана»
құндылығымен байланыстырды. Сабақ беру үрдісінде «Мәңгілік Ел»
құндылықтарын жүзеге асыратын, тәуелсіздік жылдарында салынған
республикамыздың танымал архитектура ескерткіштерінің түрлерін көрсетті.
Соған қатысты тапсырмалар орындалды. Сабақтың тәрбиелік мәні өте зор
болды.
Қазақстан тарихы сабағында халықтың алдыңғы қатарлы дәстүрлерін
нақты мысалдармен ашып көрсету, көрнекі қайраткерлердің де, қарапайым
халық өкілдерінің де тарихтағы, халық алдындағы қызметін, еңбегін көрсету,
туған өлке материалдарын тиімді пайдалану, Отансүйгіштік сияқты тамаша
қасиеттерді өркендетуге байланысты мемлекет пен үкімет тарапынан
қабылданған құжаттарды пайдалану жұмыстары жүргізілді. Сабақта
ағымдағы жылдары болып жатқан басты қоғамдық-саяси, әлеуметтік-
экономикалық,
мәдени саладағы маңызды жаңалықтарды, жетістіктерімізді
кеңінен әңгімелеп, пікірталас, зерттеу, жобалау әдістерін қолданып өткізу
оқушының танымдық қабілетімен өз тарихына деген қызығушылығын
арттырады.
Жас жеткіншектерді отансүйгіштікке тәрбиелеу - бүгінгі әлемнің күрделі
тынысында негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Отаншылдық – сонау
ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім. Көп ұлтты
Қазақстан үшін отан сүйгіштік сезімнің рухани саладағы тату-тәтті тірлік,
азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттік материалдық негізін нығайтуға да
тікелей ықпалы бар. Отансүйгіштік рух – қазақ елінің әлемдік өркениетті
елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға
мүмкіндік беретін бірден-бір күш.
308
«Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру барша қазақстандықтарға, әсіресе,
бүгінгі және келешек ұрпаққа үлкен сын, зор мәртебелі іс болмақ. Бұл үшін
төмендегі құндылықтарды орындауымыз керек: бірінші – ата-анасын
қадірлейтін, Отанын сүйетін бала тәрбиелеу, екінші – қазақ тілін, тарихын,
мәдениетін, салт-дәстүрін білетін, оны дамытатын ұрпақ тәрбиелеу, үшінші –
халықтар достығын қастерлейтін, ел бірлігін сақтайтын ұл-қыз өсіру.Ата-
баба рухы, туған ел, ана тілі – бұл қазақ үшін көздің ағы мен қарасындай
қасиетті ұғымдар. Жас жеткіншектерді осындай құдіретті сезімге –
отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында мектебімізде көптеген тәрбиелік іс-
шаралар өткізілді.«Мен –өз Отанымның ұланымын», «Ешкім де, ештеңе де
ұмытылмайды», «Мәңгілік Ел-бұл тарих, Мәдениет пен Тіл бірлігі» сынып
сағаттары, «Мен және менің отбасым» атты спорттық ойындар, «Мен
бақытты баламын»суреттер көрмесі және Республикалық «Ұлы дала Елі-
Тәуелсіздіктің 25 негізгі шыңы», облыстық «Мәңгілік Ел» шығармалар
сайыстары
оқушылардың
елін,
жерін
сүйіп
өсуге
негізделіп
жүргізілді.Егемен еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін
жастарымыз білімді, жан-жақты, дарынды да қабілетті болуы шарт. Жас
жеткіншектердің
ешкімге
ұқсамайтын
даралығын,
шеберлігін,
шығармашылығын дамыту, оны жарыққа шығару жолында оқушыларымыз
облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарда белсене қатысып,
жүлделі орындарға ие болды.
Қорыта айтқанда, Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» идеясының негізінде
жастарымызды отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жүргізіліп жатқан
игілікті істер жалғасын табуда. Жас ұрпақты ойлы да іскер, жігерлі де батыл,
өзіне-өзі сенімді, интеллектуалды деңгейі биік, жан-жақты азамат ретінде
қалыптастыруда жалпы ұстаздар қауымының қызметі өлшеусіз.
Сөз соңында «Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен
кіріссеңіз сөз жоқ, жеңіске жетесіздер» деген Қаныш Сәтбаевтың сөзімен
аяқтағым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |