309
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.Астана.2010ж.
2.
Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы «Қазақстан дамуының жаңа кезеңі. Ішкі және
сыртқысаясатымыздағы аса маңызды 30 серпіндібағыт». Астана, 2007 жыл.
3.
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауы. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде,
бір болашақ. Астана, 2014 жыл.
4.
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша әдістемелік
құрал. Астана, 2016 жыл.
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ІС-ТӘЖІРИБЕСІН РЕФЛЕКСИЯ АРҚЫЛЫ
ЖЕТІЛДІРУ
Тамабекова Саулет Махатовна
информатика пәні мұғалімі,
мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру
жөніндегі мектеп тренері
Ерекше дарынды балаларға арналған
мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты,
Тараз қаласы
Абстракт
Целью моей программы является проблема профессиональной
рефлексии учителя как способности занять исследовательскую позицию по
отношению к своей деятельности. Здесь также рассматривается
психологическое содержание феномена рефлексии, её механизм, роль и
место в деятельности учителя.
Summary
310
The purpose of my program is the problem of professional reflection of the
teacher as the ability to take a research position in relation to activities.Here its too,
the psychological content of the phenomenon of reflection, its mechanism, role and
place in the activities of the teacher.
Түйін
Менің кәсіби мәселем 2016-2017 оқу жылы мектепте мұғалімдірдің
біліктілігін жетілдіру мақсатымен «Тәжірибедегі рефлексия» атты
бағдарламаны (бұдан әрі - бағдарлама) жүргізу барысында туындады.
Мұғалімдердің іс-тәжірибесіндегі рефлексиясын дамытудың маңызы
жөнінде Бизяева (2014) “Мұғалім неліктен рефлексивті болу керек?” атты
мақаласында “жаңа рөлдерді мұғалімнің рефлексивті ойлау қабілеті бар
болғанда ғана іске асыру мүмкін” деген тұжырымға келеді. Яғни, мұғалім
сабақтағы әрекеттері мен шешімдеріне рефлексия жасай алмай, оның іс -
тәжірибесін жетілдіру қиынға соғады. Сол себептен, менің дамыту жобамның
мақсаты рефлексивті мұғалім қалыптастыруға бағытталды.
Кәсіби мәселе
Менің кәсіби мәселем 2016-2017 оқу жылы мектепте мұғалімдірдің
біліктілігін жетілдіру мақсатымен «Тәжірибедегі рефлексия» атты
бағдарламаны (бұдан әрі - бағдарлама) жүргізу барысында туындады.
Мұғалімдердің іс-тәжірибесіндегі рефлексиясын дамытудың маңызы
жөнінде Бизяева (2014) “Мұғалім неліктен рефлексивті болу керек?” атты
мақаласында “жаңа рөлдерді мұғалімнің рефлексивті ойлау қабілеті бар
болғанда ғана іске асыру мүмкін” деген тұжырымға келеді. Яғни, мұғалім
сабақтағы әрекеттері мен шешімдеріне рефлексия жасай алмай, оның іс -
тәжірибесін жетілдіру қиынға соғады. Сол себептен, менің дамыту жобамның
мақсаты рефлексивті мұғалім қалыптастыру болды.
Мұғалім рефлексиясы
Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруда педагогикалық рефлексияның
алатын орны ерекше, себебі мұғалімнің өз ісіне басқаның көзімен қарауы,
311
оның өз қателігін өзі көріп, өзі түсінуге, өзін-өзі бағалауға, түзетуге,
жетілдіруге үйренеді. Яғни, рефлексия белгілі бір салалар бойынша ойды
жүйелеп, оның мән-мағынасын түсінуге жетелейді. Сол себепті, сабақ
барысында мұғалім де, оқушы да рефлексия жасауы керек. Өз іс-әрекетін
зерттеу арқылы мұғалім өзінің іс-тәжірибелерін түсінуге (анализдеуге),
өзгеріс енгізу арқылы жетілдіруге және “оқыту мен оқу туралы аналитикалық
тұрғыдан қалай ойлауды бастауға болатынын түсінуге көмек береді” (Wilson,
2016:686).
Сухобская мен Кулюткин (2009:62) мұғалімнің шығармашылығын
дамытудың қысқаша формуласын «тәжірибе + сол тәжірибенің рефлексиясы
= даму» түрінде ұсынады. Олар бұл үрдерісті сипаттай отырып, оның
мұғалімнің кәсіби әрекетінің өн бойында мына төмендегідей жағдайда
байқалатындығы айтылады:
біріншіден – мұғалімнің оқушының ойын, сезімдері мен іс –
қимылдарын түсіну бағытындағы әрекеттесуінде;
екіншіден – оқушылардың жас ерекшеліктері, даму мүмкіндіктерін
ескере отырып оқыту үрдісінің мақсаттарын анықтау мен жобалауда;
үшіншіден – оның өз әрекетін, сол әрекеттің субьектісі ретіндегі өзін
талдауда. Тек сонда ғана мұғалімнің педагогикалық әрекетінде
шығармашылыққа жол ашылады.
Бизяеваның
(2014:
83)
пікірінше
мұғалімнің
рефлексияға
мұқтаждығының бір себебі – оның барынша ұзақ уақыт бойы тиімді кәсіпқой
болып қала беру талпынысы. Өйткені өз тәжірибесін ұдайы талдап, терең
ойластыру арқылы ғана мұғалім кертартпалықтан, нәтижесінде өз кәсібінен
жалығудан аулақ болады. Рефлексия мұғалімді «автопилот» күйінен
шығарып, әдеттегі орынды болып саналатын жағдайларды қайта сезінуге,
өзгерістер туралы ойлануға итермелейді.
Жалпы дамыту жобамды Гиббстің (1988) рефлексиялау моделіне
негіздей отырып жүргіздім.
312
Сурет 1. Гиббстің рефлексиялық моделі
Бағдарламаның барысы
Мен жетекшілік еткен бағадарламаға Педагогикалық шеберлік
орталығы ұсынатын кәсіби даму бағдарламаларына қатыспаған мектебіміздің
15 мұғалімі: жас мамандар мен тәлімгерлер қатысты. Бағдарламаға қатысушы
ұстаздар тобын құруда алғашқы кедергілермен кездестім. Біздің мектепте
барлығы 41 мұғалім, олардың 80 пайызы деңгейлік курстан өткен. Сол
себептен, 15 мұғалімнен тұратын топ құру үшін тәлімгерлерді де тартуға
тура келді.
Бағдарламаны 1 ай жүргізгеннен кейін мұғалімдерден сауалнама алуды
жөн көрдім. Сауалнама мұғалімдердің ұстанымдарын түсіну және
бағдарламаның тиімділігі жөнінде кері байланыс алу мақсатында
қолданылды. Сауалнама сұрақтарын Садықованың (2006) «Әрекетті
зерттеу мен кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктері» мақаласына сүйене
отырып құрастырдым:
Мұғалім-оқушы және оқушы – мұғалім қатынастарында өзгерістер
болды ма?
Қазіргі оқыту алдыңғы оқытудан ажыратыла ма?
Талдау
Осы жағдайды қалай
түсінесіз? Қалайша
ретке келтірер едіңіз?
Қорытынды
Осы тәжірибеден не
үйрендіңіз?
Іс-қимыл жоспары
Бағдарламаны
қайтадан өтсеңіз, нені
өзгертер едіңіз?
Бағамдау
Осы тәжірибенің
жақсы және жаман
жақтары қандай?
Сипаттама
Не орын алды?
Достарыңызбен бөлісу: |