298
ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕГІ
РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ
Сулейменова Галия Ермекбаевна,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Талгарбаева Света Журсинбековна,
бастауыш сынып мұғалімі
үш тілде оқытатын мамандандырылған
дарынды балаларға арналған мектебі,
Тараз қаласы
Аннотация
Автор статьи предлагает пути повышения духовного и нравственного
воспитания в образовательном процессе современной школы.
Summary
The author of the article suggests ways of increasing spiritual and moral education
in the educational process of the modern school.
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін,
тілін, білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін
шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
«Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды
сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.
Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен
жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын
қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де
ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.
299
Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық
дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей
өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына
айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр
ала алмаса, ол адасуға бастайды.
Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін
қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.
Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың
шаңына көміліп қала береді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған осындай
кестелі сөз, кесек ойлары ел аузында жүр. [1]
Бұл жұмыста оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу,
болашағына жол сілтеу бағытында жүргізілген іс тәжірибелеріміздің
жолдары баяндалады.
Мақсаты:
Білімдік дағдыны қалыптастыра отырып, рухани сауаттылығын,
адамгершілік қасиеттерін шыңдау. Әр ортада жас ұрпақтың жан-
жақтылығын жетілдіру, толеранттылыққа баулу. Жасөспірімдердің ой-
санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке,
бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Міндеті:
1.
Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты, білімді, сауаттылығы
жетілген тұлға даярлау;
2.
Тәрбие тұжырымдамасы бойынша тұлғаның рухани-адамгершілік
қасиеттерін қалыптастыруда білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін
күшейту;
3.
Заманауи мектептің оқу-тәрбие үдерісінде рухани-адамгершілік
тәрбиенің маңызын арттыру.
Мағынаны ашу сатысы :
300
«Әке, бір сағат уақытыңызды сатып алайыншы» бейнеролигін
экраннан көрсету. «Рухани-адамгершілік тәрбиенің адам факторының
қалыптасуына әсері» бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, проблеманы
шешу жолдарын постерға түсіреді, түсіндіреді, тыңдайды.
Анықтама сатысы. Гуманизм – адам өмірінің рухани негіздерін
құрайды,
ойластырады,
болжайды
және
адамзат
құндылығын
қалыптастырады. «Адам жолында екі түрлі, бір-біріне қарама –қарсы ағыстар
бар. Бір ағыс қаталдыққа жетелесе, екіншісі – мейірімге талпынады» деген
Леккидің сөзінде үлкен мән бар. Рух – адам бойындағы күш-қуат. Ол қуат
барлық жақсы қасиеттермен бірге жасайтын игі істердін қайнар көзі. Рухани
бай адамның бойында ғана гуманистік қасиеттер болады. В.Г.Белинский:
«Тәрбие – ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» десе,
Д.И.Менделеев: «Тәрбиесіз білім –есуастың қолындағы қылыштай» деген
болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз
тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып
қалыптасады.
Шығармашылық саты. Тренинг. «Артығын тап» ойыны:
Шарты: Қалташалардағы сөздердің арасынан артық сөзді табу.
1/Махаббат, мейірім, әке, адалдық,достық.
2/Дарынды, ана, талантты, шығармашыл, өнерлі.
3/Білім, білік, дағды, қабілет, бала.
Ассоциация құру «Әке, ана, бала» нені құрайды? Отбасы дегеніміз не?
-Отбасы дегенді қалай түсінеміз?
Анықтама сатысы. Отбасы - адам баласының алтын діңгегі.
Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер
жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса
қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» ұлы
ақын Абай атамыз айтқан екен. Ал адамды сүю адам танудан басталады.
Адам тану – адамзат арасындағы қарым – қатынас мейірімнен басталады. Ал
301
адамға деген сүйіспеншілік, мейірімділік, қайырымдылық – ең әуелі әркімнің
отбасынан басталады.
Зерттеушілік сатысы. «Заманауи мектептің оқу-тәрбие үдерісіндегі
рухани-адамгершілік тәрбиеге ата-ананың үлесі» тақырыбы төңірегінде
ойларын сызбаға салады, байланыстырады, түйіндейді. Флипчарттарын
қорғайды
Анықтама сатысы. Қазіргі таңда елімізде болып жатқан әлеуметтік,
экономикалық, саяси, мәдени жаңалықтарға байланысты оқу үрдісін ұлттық
сипатта ұйымдастыру – заман талабы. Әр халықтың өзіне тән дәстүрі, оның
білім беру мәдениеті осы оқу — тәрбие үрдісіне тікелей қатысты. Қазақ
халқы – өзінің бай тарихи мұрасын, өнері мен тілін, салт – дәстүрін, әдеп –
ғұрпын, рухани – адамгершілік тағылымдарын ұрпағына мұра етіп
қалдырған. Сондықтан оқу – тәрбие үрдісінде қолданылатын әдіс- тәсілдер,
деректер ұлттық психология ерекшіліктерін ескере отырып, жаңа тұрпатты
жаңғырудағы жаңалықтармен ата-ананың көзқарасын байланыстыру қажет.
Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан,
бұқаралық сана-сезімнің «от басы, ошақ қасы» аясында қалуынан туын-
дайды. Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған
тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан
ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш
дәлелдеуді қажет етпейтіндей. Еуропалық Одақтың 400 миллионнан астам
тұрғыны ана тілдері – неміс, француз, испан, итальян немесе басқа да
тілдерді сыйламай ма? Әлде 100 миллиондаған қытай мен индонезиялықтар,
малайлар ағылшын тілін еріккеннен үйреніп жатыр ма? Бұл – бәзбіреулердің
әншейін қалауы емес, жаһандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің басты
шарты. Бірақ, мәселе бұған да тіреліп тұрған жоқ. Сананың ашықтығы
зерденің үш ерекшелігін білдіреді. Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер
шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып
жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол жаңа технологияның
ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он
Достарыңызбен бөлісу: |