Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы



жүктеу 5,79 Mb.
Pdf просмотр
бет18/102
Дата29.01.2020
өлшемі5,79 Mb.
#27579
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   102

60 
 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ 
АСЫРУДА МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ МАҢЫЗЫ 
 
Андирова Венера Темиржановна,  
орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 
 педагогика ғылымдарының магистрі 
үш тілде оқытатын  
№ 21 орта мектеп-гимназиясы
Базаргалиева Баян Темиржановна, 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  
дарынды жасөспірімдерге арналған  
Ақтөбе облыстық мамандандырылған  
«Білім-инновация» лицей-интернаты  
 
 
Резюме  
Обновление  содержания  образования  –  одна  из  главных  задач 
современного  общего  образования  в  Казахстане.  Наряду  с  предметными 
знаниями  ставится  вопрос  о  формировании  универсальных  способов 
мышления и деятельности учащихся.  В данной статье описана взаимосвязь 
личностного  и  профессионального  саморазвития.  Основным  критерием  в 
определении  уровня  профессионализма  учителя  указана  способность  занять 
исследовательскую  позицию  по  отношению  к  своей  практической 
деятельности и к самому себе. 
 
Summary 
Updating of maintenance of education - one of main tasks of modern general  
education  in  Kazakhstan.  Along  with  subject  knowledge  a  question  is  put  about 
forming of universal ways of thinking and of activity of students.     


61 
 
This  article  describes  the  relationship  of  personal  and  professional 
development  and  self-development.  These  terms  and  conditions  in  detail. 
Discussed the criteria for "readiness adequately meet every professional situation, 
be prepared for re-training in a rapidly changing environment." The main criterion 
in determining the level of professionalism of teachers indicated the ability to take 
a research position in relation to their practice and to himself. 
 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан  халқына  «Қазақстанның  үшінші 
жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік»  атты  жолдауында:  «Болашақта 
ұлттың  табысты  болуы  оның  табиғи  байлығымен  емес,  адамдарының 
бәсекелік  қабілетімен  айқындалады.  Сондықтан  әрбір  қазақстандық  сол 
арқылы  тұтас  ұлт  ХХІ  ғасырға  лайықты  қасиеттерге  ие  болуы  керек. 
Мысалы,   компьютерлік  сауаттылық,  шет  тілдерін  білу,  мәдени  ашықтық 
сияқты  факторлар  әркімнің  алға  басуына  сөзсіз  қажетті  алғышарттардың 
санатында», - деген болатын.  
Дүниежүзілік  экономикалық  форум  ХХІ  ғасырдағы  табысты  адамның 
білімі  мен  іскерлігінің  он  алты  түрін  –  командадағы  жұмыс  дағдылары, 
көшбасшылық  қасиет,  бастамашылық,  IT  құзыреттілік,  қаржылық  және 
азаматтық сауаттылық және т.б. – атап өткен.  
 
Кемел  ел  келешегі  -  жас  ұрпаққа  сапалы,  бәсекеге  қабілетті,  өнегелі 
тәрбие  мен  білім  беру,  оқушылардың  мектепте  алған  білімін  өмірлік 
жағдаяттарда  қолдану  дағдыларын  қалыптастыру  -  бүгінгі  күннің  басты 
талабы. Әр оқушыны оқыту, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен 
және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. 
 
       Оқушылардың  мектепте  табысты  оқуы  ғана  емес,  өмірде  де  табысты 
болуы   мұғалімнің   қабілетіне,  оның  құзыреттілігіне  байланысты.  Мұғалім 
оқушылар  үшін  қандай  да  бір  пән  бойынша  білім  беретін  жан  ғана  емес, 
сондай-ақ  олардың  оқудағы  еңбегін  қызықты,  тиімді  ұйымдастыра   алатын, 
оларға  үлгі  болатын  ерекше  тұлға  болуы  керек.  Жаңа  заман  мұғалімнен 
күнделікті  оқушылармен   қарым-қатынас  барысында  әрбір  жағдаят  үстінде 


62 
 
ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын 
талап  етіп отыр. Қазіргі заманның мұғалімі   жаңашыл, икемді, өзгерісті тез 
қабылдай  алатын,  жан-жақты,  жаңа  педагогикалық  инновациялық 
технологияларды меңгерген болуы керек. 
 
Білім  берудегі  жаңғырту  мен  инновациялық  үрдістердің  жалғасуына 
 ықпал  етудің  маңызды  факторының  бірі  -  мұғалімнің  кәсіби  шеберлігі. 
Солай  бола  тұра  «кәсіби  шебер»  түсінігіне   пәндік,  дидактикалық, 
әдістемелік,  психология-педагогикалық  білім  мен  дағды  ғана  емес, 
педагогтің жеке тұлғалық әлеуеті, кәсіби құндылықтары да жатады.  
 
Білім  мазмұнын  жаңарту  тікелей  шығармашылық  ізденістегі 
мұғалімнің  кәсіби  шеберлігіне  байланысты.  «Мұғалім  көп  әдісті  білуге 
тырысуы  керек.  Оны  өзіне  сүйеніш,  қолғабыс  нәрсе  есебінде  қолдануы 
керек», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім 
беру  мәселесі  сол  қоғам  мүддесіне  сай  болуы  керек.  Өз  ісінің  шебері  ғана 
жоғары  жетістіктерге  жетеді.  Қазіргі  таңда  пәнді  жақсы,  терең  білетін, 
күнделікті  сабақтағы  тақырыпты  толық  қамтитын,  оны  оқушыға  жеткізе 
алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі 
және  ғылыми  жетілдірілген  әдіс-амалдарын,  құралдарын  еркін  меңгеретін, 
оқушылардың  пәнге  қызығушылығын  арттыра  отырып  дарындылығын 
дамытудағы  іздену-зерттеу  бағытындағы  тапсырмалар  жүйесін  ұсыну  өмір 
талабы.  Білім  беру  бағдарламасының  негізгі  мақсаты  -білім  мазмұнының 
жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-
тәсілдері мен  әр құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. 
 
Жаңартылған  білім  берудің  маңыздылығы  –  оқушы  тұлғасының 
үйлесімді қолайлы білім  беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, 
зерттеу  жұмыстарын  жүргізу,  тәжірибе  жасау,  АҚТ-ны  қолдану, 
коммуникативті  қарым-қатынасқа  түсу,  жеке,  жұппен,  топта  жұмыс  жасай 
білу.  Жаңа  білім  беру  бағдарламасы  сыни  тұрғыдан  ойлауға, 
шығармашылықты  қолдана  білуді  және  оны  тиімді  жүзеге  асыру  үшін 
қажетті  тиімді  оқыту  әдіс-тәсілдерді  (бірлескен  оқу,  модельдеу,  бағалау 


жүктеу 5,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау