Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы



жүктеу 5,79 Mb.
Pdf просмотр
бет17/102
Дата29.01.2020
өлшемі5,79 Mb.
#27579
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   102

56 
 
орнады.  "Who  is  faster"    кім  жылдам  деген  тәсілмен  сұрақтар  қойып,  жауап 
берді. Оқушылар сабақты қорытындылай келе тест тапсырды. Тест Zipgrade 
әдісімен  тексеріп,  уақытты  үнемдедім.  Оқушылар    бағалау  парағын 
толтырды.  Сабақ  барысында  А,  В,  С  деңгейдегі  және  дарынды,  көшбасшы 
оқушылар анықталынып, кейбір тапсырмаларды орындауда үлгермей қалған 
оқушылармен қосымша жұмыс жасау керектігін түсіндім. 
 
Үй тапсырмасын сұрауда «ZipGrade» әдісімен өткен тақырыпты 
тексеріп, бағалау 
 
Келесі  сабақ  тақырыбы:  «Тері  аурулары.  Паразиттік  саңырауқұлақтар 
тудыратын  тері  аурулары.  Қышыма  қотыр  ауруы  т.б..  Жылу  реттелуде 
терінің  рөлі.  Теріні  шынықтыру».  Сабақтың  мақсаты:  терінің  және  киімнің 
гигиена  білімдерін  толықтыру  мен  оқушылардың  сөйлеу,  есте    сақтау 
қабілеттерін дамыту, биология пәніне деген қызығушылығын арттыру. 
Үй тапсырмасын «Who will take a millione?» ойын түрінде сұрап алдым. 
Worksheet парақтарымен жеке-жеке тапсырмалар берілді. Жаңа сабақты миға 
шабуыл  әдісімен  бастадым.  Жалпы  гигиена  және  тері  аурулары  неден 
туындайтыны  туралы  2  минуттық  видео  көрсеттім  және  bilimland  сайтынан 
тері  туралы  мәліметтер,  жаңа  сөздерді  өздеріне  түртіп  алу  әдісі  арқылы 
жазып алды. Видеода көрсетілген қосымша мәліметтер бойынша 2-3 оқушы 
жаңа  тақырыпқа  қатысты  ой  бөлісті.  Мен  топтарға  постер  дайындауға 
тапсырмалар  бердім.  1-топ:  identify  the  diseases  of  skin;  2-топ:  identify  the 


57 
 
causes  disorders  of  skin;  3-топ:  ways  of  prevention  and  treatment  of  diseases 
тақырыпшалар бойынша постер жасап, қорғады. 
 
 
Оқушылар топтық жұмыс жасау кезінде 
 
 
 
 
 
Оқушылар постер қорғау кезінде 
Сабақ барысында топтағы оқушылардың  іс-әрекетін көруге болады, топ 
ішіндегі  кейбір  оқушылардың  берілген  тапсырмаға  белсене  қатысып 
отыруын, өз  беттерімен  жаңа  материалды  меңгерулерін,  жұпта  және  топ 
ішінде  талқылауын  бақыладым.  Топтағы  әрбір  оқушы  мәтінді  жеке  түсініп 
оқып,  дәптерге  таныс  емес  сөздерді  түртіп  алды.  Содан  кейін  пікірлерін 
жұппен, топпен бөлісіп отырды. Ойларын топтың ішінде ортаға салды. Осы 
тұрғыда  жұппен  жұмыс  жасау  оң  нәтижесін  берді. Оқуды  оқушылар  жүзеге 
асырды.  Үдеріске  өздері  қатысты.  Сабақта  оқушылар  белсенділік  танытып, 
соның  ішінде  көшбасшылық  көрініс  тапты.  Кейінгі  сабақтарымда  оқытуда 
бірінші баланың өзін-өзі реттелуіне жағдай жасадым. Оқушыларға деңгейлік 


58 
 
тапсырмалар  беру  арқылы  оқуға  деген  қызығушылығын  арттырдым. 
Оқушылар сабақтың қорытынды бөлімінде шығармашылықпен жұмыс жасап 
постер  тақырыптары    бойынша  біршама  жаңа  тақырып  бойынша  өздеріңің 
білім-дағдыларын  көрсетті.  Оқушылар  бірін-бірі  бағалауда  бір  бірлерімен 
келіспеймін,  келісемін  деп  пікір  талас  тудырмады,  себебі  бір-бірлерін 
ынталандыру сөздері арқылы (сен суперсің, керемет, бриллиантсың) бағалап 
отырды,  және  менің  бағалауымда  осы  іс-әрекеттер  арқылы  көрініс  тауып 
жатты.  Кері  байланыс  алынып,  ішкі  уәждарынан  ескере  отырып,  ертеңгі 
сабақта нені? қалай? қайтіп? оқытып үйрету керектігін түсіндім. 
Менің  түйгенім: Ағылшынша  еркін  сөйлеуіне  өзіммен  бірге  айтылуын 
қайталату және тақырыпқа сай видео көрсету, яғни оқушылар видеодан көру, 
есіту  арқылы  сөздердің  дыбысталуына  мән  бергендігі,  оқушылардың 
пікірлерінің  құндылығы,  топта  жұмыс  жасағанда  бір-бірімен  тығыз  қарым 
қатынаста  диалог  орнайтындығы.  Бұл  ойым  кейінгі  іс-тәжірибемде  үнемі 
қолданыс табатынына сенімдімін. 
Қорытындылай  келе  жаңа  материалды  түсінудегі  кемшіліктерді 
оқушылардың қосымша жауаптарының сапасына қарап анықтау. Осы басты 
қағидаларды  ескере  отырып  баламен  етене  еңбек  етсек  тиісті  нәтижесін 
аламыз  деп  ойлаймын.  Қазіргі  дамып  келе  жатқан  және  даму  үстіндегі 
еліміздің болашағы жастар. Озық технологиялар мен ғылым саласы әлемдік 
деңгейдегі  қарым  қатынасты  талап  етеді.  Бұл  турасында  нақты  айтатын 
болсақ  –  ағылшын  тілін  білу  басты  міндет.  Үш  тілдің  тұғырлығы 
бағдарламасының оқушыларға тағы бір көмегі – шет елдердегі жоғарғы білім 
ордаларына  оқуға,  шетелдік  азаматтармен  еркін  қарым  –  қатынас  жасауға 
үлкен  мүмкіндік  береді.    Көптілді  оқыту  –  жас  ұрпақтың  білім  кеңістігінде 
еркін самғауына жол ашатындығына мүлтіксіз сенімім зор. 
         Елбасымыздың  ұсынған  стратегиялық  жоспарларын  назарымызда 
жинақтап, тәртіппен жұмыла отырып орындағанымыз жөн. Біздің алға қарай 
жылжуымыздың  басты  шарты  –  біздің  қоғамымыздың  алға  қойған 


59 
 
мақсаттарға  қол  жеткізудегі  біртұтастығы,  ортақ  міндеттерді  орындау.  Біз 
мұғалім мамандығын беделді және абыройлы атқаруымыз тиіс. 
                                                                                                                  
Пайдаланылған әдебиетер: 
1.  Педагогика,  Астана – 2010.Ш.Құрманалина, Б.Мұқанова, Ә.Ғалымова, Р. 
Ильясова 
2.  Иновациялық педагогикалық технологиялар,  Алматы – 2006. Қ.Сарбасова. 
3.  Интернет  ресурстарынан қосымша материалдар. Білімділер порталы. 
4.  Назарбаев  Н.Ә.  «  Қазақстан  халқының  әл-ауқатын  арттыру-  мемлекттік 
саясаттың басты мақсаты» / Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 6 
ақпан, 2008 жыл. 
5.  Рысбаева  Г.К.  «Шетел  тілін  білу-жас  ұрпақтың  бәсекеге  қабілеттігінің 
кепілі», « Мектептегі шет тілі» журналы 2012, № 3, 3-6 б. 
6.  Мұғалімге  арналған  нұсқаулық,  (2012).    «Назарбаев    зияткерлік  мектебі»  
ДББҰ. 
7.  Ақпараттық 
коммуникативті 
технология. 
Интерактивті 
сабақтарды 
ұйымдастырудың  әдістемесі.  Мерсер  Н  және  Твиннер  А.    Британ  бастауыш 
мектептерінде  интерактивті  тақталардың  педагогикалық  практикасын 
зерттеу.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 5,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау