Шығыс қазақстан облысы білім басқармасы қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты»



жүктеу 495,55 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі495,55 Kb.
#5530

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің



«Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ҰБТ-ға даярлауға және өткізуге арналған нұсқаулық

Петропавл, 2015
ҰБТ-ға дайындау туралы жадынама
ҰБТ-ға сапалы дайындау бойынша негізгі бағыттар мен ұсыныстар
ҰБТ жалпы білім беретін мектеп оқушыларының және түлектерінің білім сапасын бірыңғай бағалау материалдары арқылы мемлекеттік аттестациядан өткізуді жүзеге асыруға көмектеседі. Түлектердің оқу жетістіктерін бағалау және білім беру мекемесінің шынайы рейтингін анықтау үшін бақылау жүргізіледі. Алайда күтілген нәтиже мен алынған ҰБТ нәтижесінің айырмашылығы білім бөлімдерінің жұмыс жүйесінің төмендеуін, осыған орай білім сапасын арттыруда жасалған жұмыстардың жеткіліксіз екендігін көрсетеді.

Емтихан материалдарының құпиялылығы сақталатындықтан оқу жоспары бойынша пәндерден неліктен төмен дәреже көрсеткендігін анықтау қиындық тудырады да, орта мектептердің педагог қызметкерлері кінәлі болып табылады.

Сондықтан ҰБТ нәтижесіне бәрінен бұрын педагогтардың сапалық құрамы, жүргізілетін жұмыс жүйесі, таңдаған пән бойынша уақытылы бағытталған жұмыс, жекелеп оқыту технологиясын тиімді қолдану және білім беру үрдісінде оқушының қызығушылығын қалыптастыру әсер етеді.

Мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру бойынша жұмыс жасағанда пәнді жүргізу әдісіне уақыт талабына сай көңіл аудару қажет: білімді, өздігінен ойланатын, пәнді таңдағанда бағытталуға қабілетті жекелеп оқыту әдісін қолдануды күшейту тестілеу технологиясы сияқты маңызды.

Мемлекеттік тексеруге дайындалу - бұл педагогтардың кәсіби құзіреттілігі және пәндерді әр буындар бойынша сәйкестендіре жүргізуі, жалпы педагогикалық ұжымның жоспарлы және жүйелі қызметін ҰБТ-ға дайындалу технологиясын жоспарлы түрде орта буыннан бастау.

ҰБТ-ға дайындау барысында білім беру ұйымының материалдық және ғылыми- әдістемелік қамтамасыз етілуі ерекше орын алады.


Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау бойынша қызметті жоспарлау барысы төмендегі кезеңдерден тұрады:
І. Диагностиалық кезең:

1. Жеке тақырыптар бойынша «төмендеуді» анықтау мақсатында сынама тестерінің қорытындысын талдау.

2. Әр аптадағы жекеше жұмыс:

А)пән бойынша кеңес беру;

Б)әңгімелесу

І І.Практикалық кезең:

А) тест жинақтарымен жұмыс

Б)электрондық тесттермен жұмыс

В)таңдау курсы және факультатив бойынша жекелеген сабақтарға баруы;

Г) сынама ҰБТ таспыруы
І І І. Бақылау кезеңі.

А) тақырыптар бойынша бақылау тесті

Б)түзету жұмыстарын жүргізу

Үш деңгей бойынша оқушылармен қажетті жұмыстар жүргізіледі: дарынды балалармен,



  • орташа

  • екпінділермен;

  • оқушыларды психологиялық күйзеліс жағдайынан шығару;

  • оқушыларды ҰБТ комиссиясына апелляциялық тексеруге беру формасымен таныстыру;


ҰБТ-ға даярлаудың сапасын жетілдіру тенденциясы.

Оқытушылардың ҰБТ-ға дайындау сапасын арттырудағы өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу және талқылау (әңгімелесу, дөңгелек үстел, мектептің әдістемелік бірлестігінің отырысы, семинарлар және.т.б.)



  • ҰБТ-ға дайындау жүйесіне инновациялық технологияны енгізу және іс-тәжірибе алмасу.

  • ҰБТ-ға жеке-дара дайындау сапасын жоғарылату жүйесін үлгілеу бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлеу. ҰБТ-ға дайындық сапасына бақылауды іске асыру және пәндерді оқытудағы нақты аспектілерін реттейтін жадынама әзірлеу және апробациядан өткізу.

  • Даярлауға бағытталған, оқу курстарын әзірлеу.

  • Пәндер бойынша ҰБТ-ға даярлаудың проблемалары бойынша оқу материалдарын қалыптастыру.

  • Пән мұғалімдеріне ақпараттық қолдау жасау.

Ұйымдастыру жұмысының нәтижелілігіне және сапасына талдау жасау, жоғарғы буын оқушыларын, яғни мектеп бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестацияға даярлау бойынша білім беру ұйымдарының жұмысында қалыптасқан бағыттар туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Білім бөлімімен бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысына әсер ететін, ұстап тұратын факторлардың шеңбері анықталды:



  • Сабақ уақытында бағдарлама материалдарын қайталауды тиімсіз ұйымдастыру;

  • Мұғалімдердің қызметіндегі өнімді әдістемелік оқытудың басымдылығы;

  • Қойылған бағаның әділетсіздігі;

  • ҰБТ-ға даярлау кезінде оқушыларға дифференциалды қатынас, оқушымен жекеше жұмыстың жеткілікті ұйымдастырылмауы;

  • Үлгерімі төмен және дарынды балалармен жұмыста мұғалімдердің ғылыми-теориялық білім деңгейінің жеткіліксіздігі;

  • Оқушылардың белгілі бір категориясында ББД қалыптасу деңгейінің, оқу әрекеті тәсілдерінің жеткіліксіздігі;

  • Педагогттардың аналитикалық мәдениетінің әлсіздігі;

  • «Үздік куәлік» және «Алтын белгі» жалпы орта білім беру аттестатын алуға үміткерді бірыңғай ұлттық тестке даярлау бойынша педагогтардың жекеше жұмыстарының жеткіліксіздігі;

Білім беру мекемелеріндегі төмен сапа көрсетуінің себебі болып табылатын:

  • Оқуға оңды көзқарастағы оқушылармен жұмыс нәтижесінің жоқтығы;

  • Мұғалімдердің оқушы білімін объективті бағаламауынан сапа көрсеткішінің жоғарылауы;

  • Оқушылармен жекеше жұмыс ұйымдастырудың жеткіліксіздігі.



ҰБТ тапсыру сапасын арттыруға кедергі келтіретін факторлар

  1. Әдістемелік бірлестік аясында және жеке педагогтардың ҰБТ-ны болжау-талдау қызметінің әлсіздігі, мұғалімдердің аналитикалық мәдениет деңгейінің жетіспеушілігі;

  2. Мұғалімдердің үлгерімі төмен және дарынды балалармен жұмыста педагогика және психология бойынша ғылыми-теориялық білім деңгейінің жеткіліксіздігі, жекеше жүйенің болмауы;

  3. Оқыту формасы және өнімді әдістерді меңгеруі;

  4. Оқыту үрдісінде педагогикалық инновациялық технологияны қолдануда тиімділігінің жеткіліксіз деңгейі және ҰБТ-ға даярлау үрдісінің техникалық және ақпараттың жағынан нашар қамтамасыз етілуі;

  5. Әр мұғалімнің өзін-өзі үздіксіз жетілдіру, өздігінен жүзеге асыруға ынтасының жеткіліксіздігі;

  6. ҰБТ-ны өткізу және ұйымдардағы психологиялық қолдаудың әлсіздігі;


Тест тапсырмаларын құруға арналған әдістемелік талаптар

ҚР БҒМ талаптарына сәйкес тест тапсырмалары аралық мемлекеттік бақылау үшін келесі критерийлерге жауап беруі тиіс:

- тапсырма жабық түрде болуы тиіс.

- тапсырма лексикалық және стилистикалық жағынан сауатты түрде құрылуы тиіс;

- тапсырманың мазмұны шынайылық және ғылымилық талаптарға және оқу бағдарламасына, білім беру стандартына сәйкес болуы тиіс.

- нұсқалардың дұрыс жауаптары талас туғызбауы тиіс (жалпы орта білім беретін мектептері үшін ҚР БҒМ рұқсат берген оқулықтар бойынша жасалуы тиіс).

- сұрақта толық аяқталған бір мағына болуы, тапсырманың сұрағында негізгі сұрақпен байланысы аз кіріспе фразалар, қайталаулар және мәліметтер болмауы керек.

- тапсырма оқылған материалдар бойынша тест тапсырушының пікірін анықтау үшін емес, материалды меңгеру деңгейін бағалауы қажет.

- тапсырма бірыңғай стильде құрылуы қажет, (жауап қойылған сұрақтың логикалық аяқталуы болуы тиіс).

- тапсырма сұрағының мағынасы бірыңғай талапқа бірден-бір жауапты таңдау болуы тиіс.

Тест тапсырмасының сұрағындағы ақпарат жеткілікті болуы, бірақ артық болмауы тиіс.
Тапсырмалар жаңа ғылыми-статистикалық материалдарды есепке ала отырып құрылуы, жауаптың дұрыс нұсқасындағы даталар мен цифрлар ешқандай күмән тудырмауы және ҚР БҒМ жалпы білім беретін мектептер үшін ұсынған оқулықтан алынуы керек.
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау бойынша ұсыныстар
1. Оқу жылының басынан бастап бірнеше жылғы тест жинақтарының базасын пайдалана отырып, тақырыптарды қайталауды ұйымдастыру.

2. Жаңа тақырыпты оқытуды және бекітуді тест жинақтарының базасын өтіліп отырған тақырыпқа сәйкес пайдалана отырып жүргізу.

3. Күрделілігі жоғары тапсырмаларды мұғаліммен бірге талқылау.
Қандай-да бір нәрсеге дайын болу деп- нақты бір әрекетті орындауға мүмкіндік беретін игерілген білім, дағды, іскерлік, сапалардың кешенін түсінеміз.

Оқушылардың емтиханды ҰБТ түрінде тапсыруға дайындығын келесідей құрамды бөліктерге жіктеуге болады:


- ақпараттық дайындық (емтихандағы мінез-құлық ережелері, бланктерді толтыру тәртібі туралы хабардарлық және т.б.);
- пәндік дайындық немесе мазмұндық дайындық (белгілі бір пән бойынша дайындық, тест тапсырмаларын шешу дағдысының болуы);
- психологиялық дайындық (дайындық жағдайы-«бел буу», белгілі бір мінез-құлыққа іштей бел буушылық, мақсаткерлік іс-әрекетке бағыттылық, емтихан тапсыру сәтіндегі табысты әрекет үшін тұлғаның мүмкіншіліктерін бейімдеу және белсендіру).

Берілген компаненттерге бағыттала отырып, ҰБТ-ға дайындықтың өзекті мәселелеріне мыналарды жатқызамыз:

- оқушыларды ҰБТ-ға дайындау бойынша ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру;

- білім сапасының мониторингі;

- психологиялық дайындық.


  1. ҰБТ және ОЖСБ бойынша нормативті-құқықтық құжаттар

* ҰБТ бойынша құжаттар;

* ҚР БҒМ, ШҚО ББ, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бұйрықтары;

* Мектеп бойынша ішкі бұйрықтар;

* Жоспарлар (директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, психолог, сынып жетекшісі );

* Кеңес беру кестесі;

* ҰБТ-ны өткізу ережесі;

* Баллдарды аудару шкаласы;

* Оқушылардың ҰБТ-ның мәліметтер базасына қажетті құжаттары.


2. Мониторинг

    • Өткен жылғы ҰБТ-ның қорытындысы бойынша мұғалім мен оқушының көрсеткіш рейтингісі

    • Сыныпқа мінездеме

    • Оқушылардың сауалнама қорытындысы ( таңдау пәні, таңдау мамандығы т.б.)

    • Байқау тестілеудің өткізілу кестесі

    • Әр бақылау тестілеудің кейін аралық тесттің қорытындысы және ұсыныстар

    • Байқау тест қорытындысы бойынша әрбір оқушының пәндерден даму деңгейінің динамикалық өзгерісін сызып , саралап отыру


3. «ҰБТ-ға дайындық» мұғалімнің жеке ұсыныс папкасы.


    • ҰБТ өткізу жолдары

    • Пән бойынша сыныпқа мінездеме

    • Жұмыс жоспары

    • Кеңес беру кестесі

    • Кеңеск е келген оқушылардың тіркеу журналы

    • Аралық тесттің қорытындысы бойынша элементтік талдау және тақырыптық тест, күрделілігіне қарай тесттер жиынтығы;

стандартты емес, бағдарламадан тыс сұрақтардың жауаптары;

оқушылардың ҰБТ-ға дайындау мен өткізудің әдіс-тәсілдері (кеңес беру, жекелей жұмыс, арнайы тапсырма жұмыстары т.б.);


4. ҰБТ-ға дайындық бұрышының мазмұны

  • Ағымдағы жылдың ҰБТ-ға өткізу ережесі

  • ҰБТ-ға дайындық жөніңдегі мектептің жұмыс жоспары

  • Мұғалім меноқушылардың өткен жылғы қорытынды рейтингісі

  • Кеңес беру кестесі

  • Алдын-ала алынған тестілеу кестесі мен қорытындылары

  • Психолог кеңестері

  • Оқушыға арналған ҰБТ-ға дайындалу бойынша ұсыныстар

  • Ата-аналарға арналған ҰБТ-ға дайындалу бойынша ұсыныстар



Тестілеуді өткізу жайында кеңестер:

1. Тестілеуге бір күн қалғанда ештеңе істемеуге тырыс . Егер сен бірдеңені оқымасан, тырысып қажеті жоқ. . Дем ал, көңіл көтер және алда тұрған тестілеу жайында ұмытуға тырыс.

2.Тестілеу алдында міндетті түрде ұйқынды қандырып ал.

3. Міне,сен аудитория есігінің алдындасың. Сабыр сақта! «Бәрі жақсы болады! Менің қолымнан келеді» деп ішіңнен бірнеше рет қайтала.

4. Өз-өзіңді ретке келтір. Ойыңды жинақта.

5. Аудиторияға «Менің қолымнан келеді» деген оймен батыл кір.

6. Ыңғайлы отыр, арқаңды тік ұста. Өзіңнің қалғандарынан биік, ақылды және сенің қолыңнан бәрі келетіндігі жайында ойла. Өз-өзіңді сабырлы ұста. Басына келген ойларды кері итерме, ондай кезде керісінеше толқуың көбейеді. Аяғында саусақтарыңды алақандарыңа жұмып ал.

7.Толқудан арылу үшін келесі жаттығуларды жаса:

-жайласып отыр;

-мұрын арқылы терең дем ал (4-6секунд)

-деміңді ұста(2-3секунд)

8.Сұрақтарың болып ,ойыңды бөлмеу үшін тест парағын толтыру жайындағы айтылып жатқандарды мұқият тыңда.Саған бәрін үсіндіреді: бланкты қалай толтыру керек, қандай әріптермен және қалай жазу керек, мектебіңнің коды және т.б.

9.Сені қоршағандар жайында ұмыт. Сен үшін қазір тек сағат, тест және жауап толтыру бланкысы ғана бар. Тездет бірақ асықпа. Тапсырманы мұқият аяғына дейін оқы. Асығыстың әсерінен тапсырманың басын оқып аяғын өзің аяқтай салғандықтан қате кетеді.

10.Барлық сұрақтарды қарап шық. Өзің нақты білетін сұрақтардан баста. Сонда ғана сен сабырға келіп жұмыс ритміне кірісесің. Барлық тесттарда сен нақты білетін сұрақтар бар, тек қана ойыңды жинақта.

11.Жаңа сұраққа келгенде алдындағы сұрақ жайында ұмыт, себебі тесттардағы сұрақтар бір-бірімен байланысты бола бермейді.

12.Қарастырып отырған сұрағыңдағы сенің ойыңша

13. егер сен жауап берген жауабыңа күмәнданып отырсаң саған таңдау жасау қиын. Өзіңнің ішкі түйісігіңе сен.

14.Жұмысыңды тексеру үшін уақыт қалдыр себебі сен байқасай қалған қателіктер болуы мүмкін.

15. Барлық тапсырмаларды орындауға тырыс, бірақ, есіңде болсын, іс жүзінде бұл мүмкін емес. Анығында тесттік тапсырмалардың қиындығы максималға жетеді,ал жақсы баға алу үшін тапсырмалардың 70% орындау керек.
Тестілеу кезінде өзін-өзі қалай ұстау керек:

Киім тым ашық болмау керек. Тым ашық түстерден алшақ болыңыз, ондай түсті киімдер тестілеу кезінде қарым-қатынасқа түсетін адамдарда және сізде қарсы эмоциялар тудыруы мүмкін. Әрқашан өз сезімдеріңді бақылауда ұстауды ұмытпа. Артық ештеңе болмасын! Ал тестілеуден кейін – қалағаныңды істе!


Сұрақтарың болып ,ойыңды бөлмеу үшін тест парағын толтыру жайындағы айтылып жатқандарды мұқият тыңда.Саған бәрін үсіндіреді: бланкты қалай толтыру керек, қандай әріптермен және қалай жазу керек, мектебіңнің коды және т.б.Аса мұқият бол!!! Сен қалай тыңдасаң жауабыңның дұрыстығы соған байланысты.

Жауап бланкысын баспа әріптермен толтырасын. Кейбір әріптердің қалай жазылатынына назар аудар. саған тестирования бастауының алдында Мәліметтер бөлігі кодпен жазылатын формасын айтады.

Бланктағы түзетулер болдырмау керек.

Толтыру бланкысындағы кейбір өзгерістер болса, сізге міндетті түрде айтады.

Жауап парағын алған кезде сен оз берген жауабыңмен танысып шығуға құқылысың. Егер келіспесең, тестілеуден кейін 3 күн өтпей аппеляцияға бересің.

Тестілеуді көп табысты орындау үшін тапсырмаларға көзіңді бір жүгіртіп шық.

Егер жауапты білмесең қалдырып кет, қайтып келіп ойланарсың.

Егер уақытқа үлгермей қалсан, өз ішкі түйісігіңе сен де осы болады-ау деп белгілеп шық.

Сені қоршағандар жайында ұмыт. Сен үшін қазір тек сағат, тест және жауап толтыру бланкысы ғана бар. Тездет, бірақ асықпа. Тапсырманы мұқият аяғына дейін оқы.Уақыт тығыздығы сенің жауабыңа әсер етпеу керек. Сұрақты мұқият оқы. Жауап беру үшін екінші рет қайталап оқы/ қателік жібермеу үшін/.

Барлық сұрақтарды қарап шық. Өзің нақты білетін сұрақтардан баста. Сонда ғана сен сабырға келіп жұмыс ритміне кірісесің. Оңайынан баста

Қалдырып кет! Қиын және түсініксіз сұрақтарды қалдырып кетуді үйрен. Есіңде болсын

Барлық тесттерде сен нақты білетін сұрақтар бар, тек қана ойыңды жинақта.Бір сұраққа қадалып отырып, қалғанына уақыт жетпей қалды деп балл жинай алмай қалу ақымақтық.

Сұрақты мұқият оқы. Асығыстың әсерінен тапсырманың басын оқып аяғын өзің аяқтай салғандықтан қате кетеді.Бұл ең оңай сұрақтан қателік жіберудің әдісі.

Жаңа сұраққа келгенде алдындағы сұрақ жайында ұмыт, себебі тесттердеғі сұрақтар бір-бірімен байланысты бола бермейді. Ереже бойынша алдыңғы сұрақта пайдаланған білімің келесіне көмектеспейді тек кедергі жасайды.



Ата-аналарға: балаларға емтиханға даярлыққа қалай көмектессе болады.

1.Баланың емтиханда алатын балл санына қобалжымаңыз және емтиханнан шыққан соң баланы сынап мін тақпаңыз. Балаңызға балл санының мүмкіндіктерінің өлшеуіші емес екендігін айтып, санасына жеткізіңіз.

2. Емтихан алдында балаңыздың қобалжуын арттырмаңыз – бұл оның тест нәтижелеріне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Балаға қобалжу ата- аналарынан беріледі, егер үлкендер жауапты сәтте өздерін сабырлы ұстай алмаса, онда бала өзінің жас ерекшелігіне байланысты күйзеліске ұшырауы мүмкін.

3. Балаңызға қолдау көрсетіңіз, бәрі жақсы болады дегенге сендіріңіз.

4. Өзіне сенімділігін арттырыңыз, бала сәтсіздіктен қорқады.
5. Баланың денсаулығына көңіл бөліңіз, сізден басқа оның денсаулығының нашарлағанын ешкім байқамайды. Шамадан тыс шаршауына жол бермеңіз.

6. Баланың дайындық режімін қадағалаңыз, дайындық арасында демалыстың қажет екенін түсіндіріңіз.

7. Үйде дайындалуға қажетті жағдайларды , орынды дайындаңыз. Басқалардың бөгет жасамауын қадағалаңыз.

8. Тамақтануына назар салыңыз: ой еңбегімен айналысқанда құнарлы, витаминге бай тағамдар болуы керек. Балық, ірімшік, жаңғақ және т.б мидың жұмысын жақсартады.

9. Балаға дайындық уақытын әр күнге бөлуге көмектесіңіз.

10. Баланы емтиханға дайындалу тәсілімен таныстырыңыз. Қысқаша кестелер, жазбалар оқып отырған материалыңды еске жақсы сақтауға көмектеседі. Негізгі формулаларды қағазға жазып, жазу үстелінің үсіңгі жағына, төсектің басына іліп қоюға болады.

11. Әр сабақтан әртүрлі нұсқалы тесттерді дайындаңыз. Бұл баланың тестпен жұмыс істеп үйренуіне қажет.

12. Тестпен жұмыс кезінде уақытты мөлшерлеп,тиімді пайдалану әдісіне үйретіңіз. Бұл баланың қобалжымай, өзіне сенімін арттырады.

13. Емтиханның алдында баланың толыққанды демалуына жағдай жасаңыз, ол демалып, дұрыс ұйықтауы керек.

Ең бастысы: баланың қобалжуын басып, дайындыққа қажетті жағдай жасаңыз.



Құрметті түлектер!

Жаттығыңыз!

Неғұрлым көп тест шешсеңіз, соғұрлым тәжірбие жинайсыз. Қазір көптеген тесттер жинағы жауаптарымен сатылады. Мұндағы тапсырмалар нақты тестте де кездесуі мүмкін. Көптеген тапсырмалар бір – біріне ұқсас, тек сандарынан айырмашылық жасайды.



Асығыңыз!

Тестті ез шешіп үйренуге жаттығыңыз. Тапсырмаларды орындағанда жылдамдығыңды арттырып отырыңыз.



Кейінге қалдыр!

Түсінбеген ,қиын сұрақтарыңызды тастап кет. Оған уақытыңды кетірме.



Дәл табу!

Егер сенде дұрыс деп тапқан жауабың болмаса, көзіңді бірнеше секундқа жұмып,ештеңені ойламауға тырыс. Бірінші басыңа қандай жауап келеді, соны белгіле. Негізі ішкі түйсік жақсы нәрсе.



Шығарыңыз!

Кейбір тестті шеше отырып, жауаптың сәйкес келмейтінін байқасаңыз, сол тақырыпқа келмейтінін сызып отырып дұрыс жауапты табуға болады.



Бір тапсырма туралы ғана ойла!

Кез келген тапсырманы орындағандабір нәрсені ғана ойлауға тырыс. Сәтсіздікке қобалжымаңыз, әлі де уақыт бар.



Тапсырманы аяғына дейін оқыңыз!

Тапсырманың бастапқы екі сөзін оқып бұрын кездескен сұрақ екен деп көпшілік оқушы қате жібереді. Мұндайды болдырмау үшін тапсырманы аяғына дейін байыппен оқып шығыңыз!



Қайғырмаңыз! Егер сіз тестті шешіп үлгермесеңіз, қайғырмаңыз. Мүмкін сіздің балыңыз кейбір балаға қолжетімсіз болады.

Екі кезең.

Тестті шешу екі кезеңнен тұрады. Бірінші, өзің білетін сұрақтарды шешу. Екінші, білмеген сұрағыңа қайта орал!



ҰБТ-ға қалай дайындалу керек?
«Уақытты босқа кетірме» Сен білетін материалды қоя тұр да қиындарынан бастап оқы. Содан кейін қалған уақыттың бөлігінде білетініңді қайта бір қарап шығып біліміңді бекітіп ал.

«Уақытты тиімді пайдалан». Жаңа және қиын материалды миың тыныққан соң барып оқы.

Бір нәрсені есте сақтау үшін берілген материалды жатар алдында кешке бір қарап шық та таңертең кайта бір қарап шық.

Нәтижелі есте сақтау үшін барлық әдістерді пайдалану керек: дауыстап та, көзбен де тиіпті қимыл іс әрекеттермен де байланыстырып оқып көру керек. Әрқайсысына өз әдісін тауып алуға болады.

«Ойша жоспар». Тақырыпқа жоспар құрып оқу жаттағаннан әлдеқайда тиімді. Дайындық кезінде әрқалай оқуға болады. Егер емтихан ауызша болса онда топпен дайындалған жақсы, егер жазбаша болса сұрақтармен жұмыс істеу пайдалы.

Әрқашан денсаулығыңды бағала. Денсаулықтан маңызды ештеңе жоқ. Әрқашан уақытында тамақтан. Таза ауада серуендеуді ұмытпа. Жақсылап дем алу керек, ұйқыңды қандыр. Ешқашан емтихан алдында түнге дейін отырмаңыз.

Міне,сен аудитория есігінің алдындасың. Сабыр сақта! «Бәрі жақсы болады! Менің қолымнан келеді» деп ішіңнен бірнеше рет қайтала. Дем алуды ұмытпа,жайласып отыр,мұрын арқылы терең дем ал (4-6секунд),деміңді ұста(2-3секунд).
Оқу процесінде ұлттық бірыңғай тестке жүйелі даярлау тәжірибеден
Мектеп бітірушілерді ұлттық бірыңғай тестке даярлау мақсаты :

- сөйлеу, қарым-қатынас мәдениеті , ғылыми-зерттеушілік дағдылары қалыптасқан



  • базалық білімнің жоғары деңгейімен қаруланған, білімін өмірде шығармашылықпен қолдана білетін

  • ақпаратты құралдар арқылы білім кеңістігіне шығатын, қажетті білім алу дағдысы қалыптасқан

  • өзін-өзі жетілдіруге қабідетті, өз бетінше білімін тереңдету тәсілін меңгерген, білімін саналы саралай білетін

  • әлеуметтік, азаматтық белсенділігі, құзырлылығы, танымдық іс-әрекеті, өмірлік адамгершілік айқындамалары жоғары

  • салауатты өмір салты, дене тәрбиесіне саналы көзқарас, қиындықтар жеңу дағдысы, құқықтық санасы,адамгершілік, дүниетанымдық көзқарасы жетілген

  • денсаулығын нығайта білетін, кез-келген ортаға бейімделгіш, өз Отанын сүйетін түлек - лицей бітіруші түлек тұлғасын даярлау


2015-2016 оқу жылында Бірыңғай Ұлттық тестілеуіне дайындық жұмыстарының іс-шаралар жоспары.


Іске асу мерзімі

Бағдарлама кезеңдері

Өзара іс - әрекет

I.Дайындық кезеңі

Тамыз -

Қыркүйек



  • Материалдар дайындау.

  • Сынып тәрбиешілерімен әңгімелесу.

  • Бағдарлама бойынша жоспар дайындау.


Педагог-психолог



II. Ақпараттық – диагностикалық кезең

Қыркүйек- қазан




  • Сынып тәрбиешілеріне жыл көлемінде «Оқушыларды

  • моральді психологоиялық қолдау» бағдарламасы бойынша жұмыс құрлымы жайлы ақпарат беру

  • Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру барысында кездесетін кедергілер туралы ақпарат беру.

  • Түлектердің тұлғалық ерекшеліктері туралы ақпарат беру

  • Тұлға қасиеттерін диагностикалау.

  • Республика көлеміндегі және шетелдік жоғарғы оқу орындары туралы ақпарат беру, мамандықтармен таныстыру



Тәрбиеші


Педагог-психолог

III. Талдау кезеңі

Қазан




  • Диагностиканың нәтижелерін өңдеу және талдау

  • Әр оқушының тұлғалық ерекшелігі бойынша мәселені талқылау, оқушымен жұмыс




Педагог-психолог

Оқушылар


IV. Жалпылаушы кезең

қараша – желтоқсан



  • Оқушыларда кездескен қиындықтарды анықтап, ҰБТ ұстанантын стратегияларды анықтау.

  • Тұлғаның өзіне сенмділігін арттыруға ықпал ету

  • Оқушыларға, ата – аналарына ҰБТ мәселесі бойынша кеңес беру.

Педагог-психолог

оқушылар


Тәрбиеші

Ата - ана



V. Қорытынды кезең нәтижелілік талдауы

Сәуір - мамыр



  • Өз мазасыздығын, қорқынышын жеңе білген, психологиялық денсаулығы жақсы, өмірлік стрестік жағдайларға қарсы тұра алатын тұлға қалыптастыру.

  • Бағдарлама бойынша жұмыстың қорытындысы бойынша «дөңгелек үстел» психологтың, тәрбиешілердің, әкімшіліктіңқатысуымен.



Тәрбиеші


Әкімшілік

Педагог-психолог



Мектеп бойынша 15-20 күнде бір рет арнайы кесте бойынша кезекшілер тағайындала отырылып, байқау тест алынады. Қорытындысы пән мұғалімі- оқу ісі меңгерушісі, пән мұғалімдері – оқушы,оқушы - оқу ісі меңгерушісі бағытында талданып,кеткен кемшілік, білімнен кеткен олқылықтар сараланып, ары қарай меңгерілмеген тақырыптарды арнайы кстк бойынша жетілдіруге бағыт-бағдар беріледі. Мектеп бітірушілердің көпшілігі берілген уақытта үлгірмедік деген уажды көп айтатындықтан , әр пәнге кететін уақытты есептеу мақсатында байқау тест алып , сараладық. Төменде бір үлгісін беріп отырмын.


  • ҰБТ кезінде мектеп бітіруші:

  • Сұрақ-кітапшалары таратылғаннан кейін, олардағы беттердің санын түгендеу керек;

  • Мұқият болу керек! Тестілеу басталарда емтихан материалдарымен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде қажетті мағлұматты хабарланады;

  • Тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережесін сақтауы тиіс! Егер Сіз аудиториядағы ҰБТ-ны ұйымдастырушыға сұрақ қойғыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз (орныңыздан айқайлап сұрамаңыз). Сұрақтарыңыз тапсырма мазмұнына байланысты болмауы керек, сіздің емтихан материалдарымен жұмысқа байланысты сұрақтарыңызға ғана жауап беріледі;

  • Ойын жинақтауы тиіс! Бланктің қызметтік секторларын толтырып, өзіңізге түсініксіз жағдайларды анықтап болғаннан кейін, айналадағылар туралы ұмытып, ойыңызды жинақтауға тырысыңыз. Сіз үшін тапсырма мазмұны мен тестті орындауға жұмсалатын шектеулі уақыт қана маңызды болуы тиіс;

  • Қорықпау керек! Уақыттың қатаң шектеулері сіздің жауаптарыңыздың сапасына әсер етпеуі керек! Жауаптарыңызды енгізбес бұрын, сізден не талап етілетіндігін дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізіңіз;

  • Тапсырманы соңына дейін оқып шығу керек! Асығыстық сіздің тапсырма шартын алғашқы сөздерінен-ақ түсінуге тырысуыңызға және соңын өз қиялыңыз бойынша аяқтауға әкеліп соқпауы тиіс;

  • Тексеруі тиіс! Өз жұмысыңызды тексеріп шығу үшін, тым болмаса, жауаптарыңызға тез көз жүгіртіп шығып, көрінген қателеріңізді байқауға міндетті түрде уақыт қалдырыңыз.

    • Назарыңызда болсын! Сіздің тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда нақтылы тапсырма бойынша апелляцияға өтініш беруге құқыңыз бар.

МЕКТЕП БІТІРУШІНІҢ ЖАДЫНАМАСЫ
Ұлттық бірыңғай тестілеу

1. Өтініш беру уақыты

  • ҰБТ-ға қатысуға өтінішті мектеп бітіруші 2016 жылдың 10 наурызынан 25 сәуіріне дейін өзі білім алып жатқан білім беру мекемесінде бере алады.

  • Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:

  • жеке басын куәландыратын құжат.

  • 2 фотосурет (3х4 өлшемді)

  • Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін мектеп бітірушіге:

  • мектеп бітірушінің тіркелгендігі жөнінде анықтама;

  • тестілеуге кіруге рұқсаттама беріледі.


2. ҰБТ-ны өткізу тәртібі

  • ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және ЖОО-ға қабылдаудың Тпптік ережесіне сай таңдаған мамандыққа байланысты таңдау пәні бойынша өткізіледі.

  • ҰБТ бойынша мектеп бітірушінің таңдау пәндері: география, физика, биология, химия, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі.

  • Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті.

  • ҰБТ жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шығуы мүмкін емес.

ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.

  • Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25.

  • ҰБТ-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен бағаланады.


3. Емтихан мерзімі

  • Тестілеу ҰБТӨП-те 1 маусымнан 10 маусымға дейін жүргізіледі.

4. Емтихан уақыты

  • ҰБТ-ның басталу уақыты – сағат 09.00.

  • ҰБТ-ға бөлінетін уақыт – 3,5 астрономиялық сағат.

  • Алғашқы және соңғы сағаттарда аудиториядан шығуға тыйым салынады.

5. Апелляция

  • Бітіруші тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтінішті тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13-ке дейін тек өзі беруі керек және өтініш апелляциялық комиссиямен бір тәулік мерзімінде қаралады.

  • Өтініш беруші өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және ҰБТ-ға кіруге рұқсаттамасын әкелуі керек.


6.Аттестатқа бағалар қою

  • Балдарды аттестаттың бағаларына ауыстыру шкалаға сәйкес жүргізіледі

р/с

Пән

2 (қанағаттанарлықсыз)

3

(қанағат)

4

(жақсы.)

5

(үздік.)

1

Қазақ тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

2

Орыс тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

3

Қазақстан тарихы

0-3

4-13

14-20

21-25

4

Математика

0-3

4-11

12-19

20-25

5

Физика

0-3

4-11

12-19

20-25

6

Химия

0-3

4-11

12-19

20-25

7

Биология

0-3

4-13

14-20

21-25

8

География

0-3

4-13

14-20

21-25

9

Дүниежүзі тарихы

0-3

4-13

14-20

21-25

10

Қазақ әдебиеті

0-3

4-13

14-20

21-25

11

Орыс әдебиеті

0-3

4-13

14-20

21-25

12

Ағылшын тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

13

Неміс тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

14

Француз тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

15

Орыс мектептеріне арналған қазақ тілі

0-3

4-11

12-17

18-25

16

Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі

0-3

4-11

12-17

18-25


7. Сертификаттың қолданыс мерзімі

  • ҰБТ тапсырған бітірушілерге беріледі:

          • ҰБТ-ның нәтижесі туралы сертификат.

  • Сертификаттың жарамдылық мерзімі - 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

8.Білім беру гранты

  • Білім беру гранттарын тағайындау конкурсы кезінде тек қана қазақ тілі немесе орыс тілінің (оқыту тілі), Қазақстан тарихының, математика және таңдау пәнінің балдары ескеріледі.

  • Конкурсқа қатысу үшін 50 балдан төмен жинамау керек («Жалпы медицина» мамандықтарына – 55 балл), соның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан), ал қалған ҰБТ пәндерінен (оның ішінде қазақ мектептерінде оқытылатын орыс тілі мен орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілінен) 4 балдан төмен болмауы керек.

  • Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді ЖОО-ның қабылдау комиссиялары 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылдайды.

  • Шығармашылық емтиханды 2-7 шілде аралығында өздері таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссияларында тапсырады.

  • Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау 23 – 31 шілде аралығында жүргізіледі.

  • Конкурс 1 – 10 тамыз аралығында өткізіледі.



НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!


  • Бітіруші ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктіне рұқсаттамада көрсетілген күні өзімен бірге келесі құжаттарды алып келу керек:

  • ҰБТ-ға кіруге рұқсаттама;

  • жеке басын куәландыратын құжат;

  • қара сиялы қалам;

  • ҰБТ кезінде бітірушіге тыйым салынады:

  • сөйлесуге;

  • орнынан тұруға және орын ауыстыруға;

  • кез-келген материалдар және заттармен алмасуға;

  • ұялы байланыс телефондарын немесе басқа да ұтқыр байланыс құралдарын, фото және видеоаппараттарын, портативті жеке компьютерлерін (ноутбуктар және жеке қалта компьютерлерін, т.б.) қолдануға және алып кіруге;

  • анықтамалық материалдарды шпаргалкаларды қолдануға;

  • Тестілеу кезінде ереже бұзушылықтардың алдын алу үшін және тестіленушілерді қорғау мақсатында, тестілеуге кіргізу кезінде барлығы металіздегіштердің көмегімен тексеруден өтеді.

  • Бітіруші аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзғанда және тыйым салынған заттарды қолданған жағдайда Министрлік өкілі шешімімен бітіруші қайта тапсыру құқығынсыз аудиториядан шығарылады және оның тест нәтижелері жойылады.

  • Тәуелсіз бақылаушылар ретінде, балалары тест тапсырмайтын ата-аналардың аудиторияларға кіруге құқылары бар.

  • ҰБТ кезінде бақылаушыларға тыйым салынады:

  • сөйлесуге;

  • ҰБТӨП-ке ұялы байланыс телефондарын немесе ұтқыр байланыс құралдарын, фото және видеоаппараттарын, портативті жеке компьютерлерін (ноутбуктар, жеке қалта компьютерлерін, т.б) әкелуге;

ҰБТӨП-те тестілеу уақыты кезінде көрсетілген материалдарды және құралдарды пайдалануға тыйым салынады

  • Емтихан кезінде ҰБТӨП-те жүруге;


АТА-АНАЛАР ӨКІЛІНІҢ ЖАДЫНАМАСЫ

Ұлттық бірыңғай тестілеу

1. 2016 жылғы қорытынды аттестаттау

  • Жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау:

    • ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ);

    • жалпы білім беретін пәндер бойынша қорытынды емтихандар нысанында өткізіледі.

  • ҰБТ-ға :

      • орта білімнен кейін немесе жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсуге тілек білдіргендер;

      • жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер;

      • жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер;

      • үстіміздегі жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері қатысады.

        • Дәстүрлі түрде қорытынды аттестаттаудан:

        • ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілер;

  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық ғылыми жобалар жарысы мен олимпиадалардың қатысушылары, жалпы орта білім беретін ұйымдардың халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелдерде білім алған оқушылары, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың және жалпы білім беретін мектептерде ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің бітірушілері, денсаулығына байланысты ҰБТ-ға қатыспаған бітірушілер өтеді.


2. ҰБТ-ны өткізу тәртібі

  • ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және ЖОО-ға қабылдаудың Типтік ережесіне сай таңдаған мамандыққа байланысты таңдау пәні бойынша өткізіледі.

  • ҰБТ бойынша мектеп бітірушінің таңдау пәндері: география, физика, биология, химия, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі.

  • Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін таңдау пәні ерікті.

  • ҰБТ жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шығуы мүмкін емес.

ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.

  • Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25.

  • ҰБТ-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен бағаланады.


3. Өтініш беру уақыты

  • ҰБТ-ға қатысуға өтінішті мектеп бітіруші 2016 жылдың 10 наурызынан 25 сәуіріне дейін өзі білім алып жатқан білім беру мекемесінде бере алады.

  • Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:

  • жеке басын куәландыратын құжат;

  • 2 фотосурет (3х4 өлшемді).

  • Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін мектеп бітірушіге:

  • Мектеп бітірушінің тіркелгендігі жөнінде анықтама;

  • Тестілеуге кіруге рұқсаттама беріледі.


4. Емтихан мерзімі

  • Тестілеу ҰБТӨП-те 1 маусымнан 10 маусымға дейін жүргізіледі.

5. Емтихан уақыты

  • ҰБТ-ның басталу уақыты – сағат 09.00.

  • ҰБТ-ға бөлінетін уақыт – 3,5 астрономиялық сағат.

6. Апелляция

  • Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беру тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13-ке дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір тәулік мерзімінде қарайды.

  • Өтініш беруші өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және ҰБТ-ға кіруге рұқсаттамасын әкелуі керек.

7. Аттестатқа бағалар қою

  • Балдарды аттестаттың бағаларына ауыстыру шкалаға сәйкес жүргізіледі




р/с

Пән

2

(қана

ғ-сыз)

3

(қана

ғ-лық)

4

(жақсы)

5

(үз

дік)

1

Қазақ тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

2

Орыс тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

3

Қазақстан тарихы

0-3

4-13

14-20

21-25

4

Математика

0-3

4-11

12-19

20-25

5

Физика

0-3

4-11

12-19

20-25

6

Химия

0-3

4-11

12-19

20-25

7

Биология

0-3

4-13

14-20

21-25

8

География

0-3

4-13

14-20

21-25

9

Дүниежүзі тарихы

0-3

4-13

14-20

21-25

10

Қазақ әдебиеті


0-3

4-13

14-20

21-25

11

Орыс әдебиеті

0-3

4-13

14-20

21-25

12

Ағылшын тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

13

Неміс тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

14

Француз тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

15

Орыс мектептеріне арналған қазақ тілі

0-3

4-11

12-17

18-25

16

Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі

0-3

4-11

12-17

18-25


8. Сертификаттың қолданыс мерзімі

  • ҰБТ тапсырған бітірушілерге:

          • ҰБТ-ның нәтижесі туралы сертификат беріледі.

          • Сертификаттың қолданыс мерзімі - 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін


9. Білім беру гранты

  • Білім беру гранттарын тағайындау конкурсы кезінде тек қана қазақ тілі немесе орыс тілінің (оқыту тілі), Қазақстан тарихының, математика және таңдау пәнінің балдары ескеріледі.

  • Конкурсқа қатысу үшін 50 балдан төмен жинамау керек («Жалпы медицина» мамандықтары үшін – 55 балл), соның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан), ал қалған ҰБТ пәндерінен (оның ішінде қазақ мектептерінде оқытылатын орыс тілі мен орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілінен) 4 балдан төмен болмауы керек.

  • Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді ЖОО-ның қабылдау комиссиялары 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылдайды.

  • Шығармашылық емтиханды 2-7 шілде аралығында өздері таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссияларында тапсырады.

  • Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау 23 – 31 шілде аралығында жүргізіледі.

  • Конкурс 1 – 10 тамыз аралығында өткізіледі.



жүктеу 495,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау