52
беруді үйрендім. Барлық нәрсеге сыни көзқараспен жан-жақты ой елегінен
өткізе отырып шешім қабылдау қажет екенін түсіндім.
Анатомиялық мазмұндағы сабақтарды ағылшын тілінде өткізу
барысында деңгейлік курс бойынша әдіс тәсілдерді қолданып, биология
ағылшын тілі пәнінен 8 «А» сыныбының анатомиялық оқу курсы бойынша
жүргіздім. Бағдарламаның негізі – жеті модульді сабақтарымда толық қамти
отырып, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модуліне басымдық беріп
жоспарларымды құрастырдым және дәл солай етіп өткізуге өзім жағынан,
оқушы жағынан барлық мүмкіндіктер жасап, сабақты мақсатты, нәтижелі
өткізуге тырыстым. Жаңа технологияларды сабақта пайдалану, жеті модульді
қолдану, оның ішінде оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытатын
түрлі стратегияларын көбірек пайдаландым. АКТ, диалогты оқытуды,
дарынды баламен жұмысты және басқа модульдерді пайдаланып, білім
сапасын арттыруымызға болатындығын байқадым.
Анатомиялық мазмұндағы сабақтардың орта мерзімді жоспарды 8
сыныптағы Human biology пәні бойынша «Excretory systems» (зәр шығару
жүйесі) және «Integumantary systems» (Сыртқы жабын жүйесі) тарауы
бойынша жоспар құрдым.
Тәжірибе жүргізу барысында көптеген жаңа әдіс – тәсілдерді қолданып,
сол арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып,
сыни тұрғыдан ойлануын дамытуға және биология ағылшын тілі пәнін не
үшін оқып жатқандығын ұғынуға негіздедім.
Анатомиялық мазмұндағы сабақтардан Eхcretory system. The members of
the urination: the core of the kidneys, urinary bladder, urinary whiten. Construction
of the kidneys. Nephron. The formation of urine. The role of the kidneys in
maintaining the stability of the internal environment. Renal regulation. Сабақтың
мақсаты: Зәр шығару мүшелері: бүйрек, несеп ағар, қуық, зәр шығару өзегі.
Бүйректің құрылысы. Нефрондар. Зәр түзілу, олардың құрылысы мен
қызметімен таныстыру. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру үшін
53
«Шаттық шеңбері» бойынша оқушылар бір-біріне ағылшынша жақсы
тілектер айтты.
«Шаттық шеңбері» оқушылар бір -біріне жақсы тілектер айтуда.
Сабақта оқушыларды топқа «Қызыл», «Сары», «Жасыл», «Ақ» қағаз
қиындылары арқылы бөлдім. Үй тапсырмасын пысықтауда «Миға шабуыл»
әдісі негізінде сұрақтар қойылды және тақырыпқа қатысты термин сөздердің
ағылшыншасын сұрап алдым. Сұрақтарға жауап бере отырып, өткен
тақырыпты естеріне түсіріп, диалогтық қарым-қатынасқа түсті.
Жаңа сабақты бастағанда интербелсенді тақтадан зәр шығару
мүшелері: бүйрек, несеп ағар, қуық, зәр шығару өзегі, бүйректің құрылысы
мен нефрондар, зәр түзілу туралы видео және слайд көрсеттім. «Суреттеу»
стратегиясы бойынша топтық жұмыс жасаттым. Семантикалық карта
толтыру арқылы сабақты қаншалықты түсінгендерін байқадым және жұптық
жұмыс негізінде бағалады. «Кім жылдам» ойыны арқылы сабақты
қорытындылап, «БЖӘ» әдісі іске асты.
Жаңа тақырыпты меңгерту үшін «6 ойлау қалпағы» әдісі бойынша
топтық жұмыс ұйымдастырылды. Бұл кезеңде 6 топ өздеріне тиісті
міндеттерін бөліп, топтық жұмыс жасады. Ақ қалпақ – бүйректің атқаратын
қызметі туралы баяндады, қара қалпақ – даттады, сары қалпақ – бүйрекке
қатысты 5 жолды өлең құрастырды, қызыл қалпақ – бүйрексіз адам өмір сүре
алмайды деп эмоциясын көрсетті, жасыл қалпақ –құптайды, көк қалпақ –
54
бағалады. Сабақта табыс критерийлері бойынша топ басшысы өзінің топ
мүшелерін бағалады. Кері байланыс жасауда, яғни сыни тұрғысынан ойлау
(Think Critically) сұрақтарын қойдым. Мысалы: Explain how the kidneys filter
blood and form urine. How do you think kidney size will vary between species of
mammals? Оқушылар берілген сұрақтар төңірегінде өз ойларын жазды және
келесі сабақта тағы нені білгісі келетіндігін атап көрсетті.
Ал, екінші сабақтың тақырыбы: Терінің тосқауылдық рөлі. Терінің
құрылысы: эпидермис, нағыз тері (дерма), майлы шел қабаты, олардың
қызметі. Тері туындылары: шаш және тырнақтар. Терінің типтері. Тері
күтімі. Мен бұл сабағымды Блум таксономиясы бойынша жоспарладым:
білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау кезеңдері қамтылды.
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс –тәсілдермен өтілген сабақтың нәтижесінде
оқушы қалай оқу керектігін үйрене отырып, оқушы бойына білім, дағды,
талапты қалыптастырады. Топқа бөлу, топ ережесін сақтау, өзін- өзі бағалау,
өзгені тыңдау, өзгемен ой бөлісу арқылы жұмыстың өз деңгейінде
жүргізілгенін байқадым. Оқушылар өз ойларын анық жеткізді, қорытынды
шығаруға машықтанды, терең білім алуда диалогқа түсіп, сабаққа ынтасы
артты, АКТ-ны тиімді пайдалану жұмыс жасауға ынталандырды. Тіл
байлығын, шығармашылық қабілетін дамытты, ағылшынша сөздік қорын
молайып, ізденуге үйренді. Тақырыпты өмірмен байланыстыра білді.
55
Миға шабуыл әдісімен үй тапсырмасын сұрауда сұрақтарға жауап бере
отырып, өткен тақырыпты естеріне алды және диалогтық қарым-қатынасқа
түсті.
Оқушылар үйде орындап келген зертханалық жұмысты жұптасып
тексеріп, бірін-бірі бағалады. Әр жаңа сабағымды бастағанда тақырыпқа
байланысты танымдық видео көрсетемін. Өйткені оқушылар видео көру
арқылы биологиялық терминдердің ағылшынша айтылуын, мағынасын
түсінеді, есте сақтау және ойлау қабілетін дамытады. Интербелсенді тақтада
берілген мәліметті тыңдап, дәптерлеріне түртіп алды.
Алған теориялық білімін практикада қолдануда топтар (анатомиктер,
физиологтар, дерматологтар) берілген тақырыптар бойынша постер қорғады.
Әр топ тақырып бойынша зерттеушілік әңгіме жүргізіп, топта ақылдасып,
ортақ бір шешімге келіп, постер жасады. Бұл кезеңде оқушылар өздерінің
жұмыстарын дескрипторлар бойынша топ мүшелері және бірін-бірі
бағалады.
Жаңа сабақты бекіту кезінде оқушылар сабақта алған білімдерін шыңдау
үшін 3 топқа тақырыптық сұрақтар бердім. Олар: 1 топ- “Anatomics” -identify
the diseases of skin, 2 топ - “physiologists”- identify the causes disorders of skin,
3 топ - “dermatologists” ways of prevention and treatment of diseases.
Оқушылар постер қорғап өз пікірлерін білдірді. Өздерін еркін ұстап топтар
бір-біріне сұрақтар қойды. Топтар арасында диалогтық қарым-қатынас
Достарыңызбен бөлісу: |