Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы



жүктеу 5,79 Mb.
Pdf просмотр
бет14/102
Дата29.01.2020
өлшемі5,79 Mb.
#27579
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   102

46 
 
d seem, to the most ordinary things are the saintfeelings. A teacher every parent ai
ms to be also, in factalready in family bases of education, his mutual relationsand u
nderstanding of the surrounding world, are laid on achild, societies in that he. 
 
Мен  ұстаз  болғаныма  мақтанамын.  Өйткені  ұстаз  –  мақтан  тұтар 
мамандық.  Менің  ойымша, ұстаз  бойындағы  білім  мен  сауаттылықты 
үйлестіре  отырып,  әрбір  шәкіртіне  жеке  тұлға  деп  қарап,  адал  жүрегін 
ұсынса, өз ісін жан тәнімен сүйіп істесе, нағыз ұстаз болмақ. Жақсы ұстаз — 
бұл  қай  кезде  де  ең  алдымен  кәсіби  деңгейі  жоғары,  интеллектуалдық, 
шығармашылық  деңгейі  мол  тұлға.  Ұстаз  шәкірттерге  оқытудың 
жаңатехнологияларын  өмірге  ендіруге  дайын,  оқу-тәрбие  ісіне  шынайы 
жанашырлық  танытатын  қоғамның  ең  озық  мамандықтардың  бірі  деп 
есептеймін және солай болмақ. 
«Ұстазы  жақсының  ұстамы  жақсы»  деген  сөз  де  орынды  айтылған. 
Баланың  бойындағы  шынайы  білім,  біліктілік  дағдылары,  мінез-қалпы, 
шарапаттылығы  жақсы  ұстаздан  қалыптасатын  әдет  деп  есептеймін.  Бүгінгі 
күні ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оларды 
дүниежүзілік  білім,  ақпарат,  экономика  кеңістігіне  шығуға  тәрбиелеуі  тиіс. 
Мұғалім  әлемдік  білім  беру  жүйесінен  мол  ақпарат  алып  отырса,  оның 
шәкіртке  берген  білімі  нәрлі  болады,кәсіби  деңгейі  өседі,әлеуметтік  беделі 
артады.  Демек,оқушының  санасына  кәсіби  даярлығы  мол  мұғалімнің  ілімі 
ғұмырлық сақталады.Өзім әр сабағымда шәкірттеріме әсерлі үнмен, асықпай, 
мәнерлеп  сөйлеп,  сөзіммен  әрбір  оқушыға  деген  қамқорлығымды,  аналық 
сезімімді  дана  ойымды  ыстық  лебізімді  сезіңдіргім  келеді.  Сонымен  қатар 
шәкірттің  жан  дүниесін  түсініп,  оларды  ренжітпей,  өздерінің  қателігін 
сездіре білу – бұл шеберлі  ұстазға тән қасиет деп санаймын. 
ХХІ  ғасыр  есігін  ашқан  қазіргі  таңда  мектепте,  ұстаздарға  үлкен 
талаптар қойылуда. Ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр, тек өз ісіне берілген 
жаңалықты  жатсынбай  қабылдайтын  ұлттық  қасиетіміздің  асылдарын 
асқақтата отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің 


47 
 
лайықты тұлғасы деуге болады. Менің өмірлік ұстанымым – «Мұғалім–мәңгі 
нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақыл дәнін сеуіп, нұр 
құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.» Мен бүгінгі таңда өз мамандығым 
бойынша 19 жыл еңбек етіп келемін. Бұл аз ба, көп пе, бірақ мен үшін биік 
мақсаттарға  жетудегі  ізденістер  мен  ұмытылмас  қызықты  жылдар.  Менің 
өзіме  қояр  талабым,  мақсатым  жоғары.  ХХІ    ғасыр  – бұл ақпараттық  қоғам 
дәуірі,  технологиялық  мәдениет  дәуірі.  Жаңа  технологияны  меңгеру 
мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани,  қалыптасуына 
әсерін  тигізеді,  әрі  өзін  -  өзі  дамытып,  оқу  -  тәрбие  үрдісін  тиімді 
ұйымдастыруына  көмектеседі.  Қазіргі  заман  мұғалімі  жаңа  технологияны 
меңгеріп, қолданыста кең пайдалана білуі керек. Жаңа ғасыр мұғалімі шәкірт 
алдында  терең  білім,  жан-жақты  білікті  тұлғасымен  дараланып  қадірленуі 
тиіс. Қазіргі заманда оқушыларға сапалы, өмірде қолданылатын білім беруде 
мұғалімнің  жауапкершілігі  өте  маңызды.  Осындай  білімге  қол  жеткізуде 
мұғалім  өзі  де  өте  білімді,  білім  беру  технологиялары  саласында  мықты 
дағдыларды  игерген,  жаңа  технологияларды  жетік  пайдалану  білетін  және 
нақты  әдістер  мен  стратегияларды  қалай,  қай  жағдайда  қолдану  қажеттігі 
туралы  білімді  болуы  қажет.Қазақстан  Республикасының   «Білім  туралы» 
заңына  сәйкес  «Әр  баланың  жек  қабілетіне  қарай  интеллектуалдық  дамуы, 
жеке  адамның  дарындылығын,  талантын,қабілетін  дамыту»   сияқты  өзекті 
мәселелер қойылып отыр. Өйткені, ғылым және техниканы, өндірісті әлемдік 
деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, 
жоғары дайындығы бар білікті маман қажет.  
Менің  кәсіби  бағытым.  Халқымыздың  рухани  көсемі  Ахмет 
Байтұрсынов:  «Мұғалім  әдісті  көп  білуге  тырысу  керек.  Оларды  өзіне 
сүйеніш,  қолғабыс  нәрсе  есебінде  қолдануы  керек»  -  дегендей  оқу-тәрбие 
үрдісінде ұйымдастыруда нәтижелі әдістерді көп пайдаланған дұрыс. Әр күн 
сабақтарымды  қызғылықты  етіп  өткізу  үшін  үнемі  ізденістемін.  Кембридж 
курсын  бітіріп  келген  мұғалімдердің  сабақтарына  жиі  қатысып,  жаңа  әдіс  – 
тәсілдерді 
үйренуге 
тырысамын. 
Оқушылардың 
да 
сабаққа 


48 
 
қызығушылықтарын  арттыру  үшін  сыни  тұрғысынан  ойлау  әдісін 
қолданамын.Бұл  әдіс  оқушылардың  еркін,  өзіндік  ойларын  жеткізе  білетін 
ынталы,  сенімді,  сыни  пікір-көзқарастарын  қалыптастырады.  Ынтымақтаса 
жұмыс  істей  отырып,  оқушылар  бір  нәтижеге  жету  үшін  топпен  жұмыс 
ережелерін  сақтаудың  маңыздылығын  сезінеді.  Өз-өздерін  реттеулері  мен 
көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастайды. 
Алдағы  уақыттағы  жоспарым  логикалық  ойлау  қабілеттері  жақсы 
дамыған,  шығармашылыққа  бағыттау,  жеткен  жетістіктерді  тоқтатпай   
оқушыларымды ғылыми жоба сайыстарына шыңдай беремін. Соның бірі  11-
сынып  оқушылары  Ризабек  Болатхан  Республикалық  ғылыми  жаба 
сайысында  «1916  жылығы  көтеріліс  кезіндегі  Ақмола  өнірі»  деген 
тақырыпты  жақсы  қорғап  сертификатты  иемденсе,  ал    Атымтай  Кулжиян 
«Ұлттық  құндылықтар  және  Хиджаб  »  деген  тақырыпта  I  дәрежелі 
дипломмен марапатталды.  
11 сынып оқушысы Тулебаева Дана Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық 
қазақ-түрік  университетінде  өткізілген  Республикалық  «Ясауи»  пәндік 
олимпиадасында III орынди иеленіп грант ұтып алды. 
  
Соныммен 
қатар 
облыстық 
жалпы 
пән 
олимпиадасында 
оқушыларымды қатыстырып, 11-сынып оқушылары құқық неізінен Болатхан 
Ризабеков  қатысып  III  жүлделі  орын,  ал  Төлеген  Нуржан  Қазақстан 
тарихынан    I  жүлделі  орын  иеленіп,  республикалық  олимпиадаға  қатысып 
сертификатқа ие болды.  
9-сынып  оқушылары  Хамидолла  Алтынбек,  Сабыр  Ерасыл  V  Халықаралық 
қашықтық  пән  олипиадасына  Қазақстан  тарихынан  қатысып    Қазақстан 
тарихынан  I  дәрежелі  дипломмен  мараптталды.              . 
       Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы 
оқыту  үрдісін  жетілдіру,  оқушының  танымдық  қабілетін  дамыту,  саналы 
деңгейге көтеру – бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау 
арқылы  өзін-өзі  таныған,  ақыл-ойын  жан-жақты  дамытқан  “Мендік”  пікірі 


жүктеу 5,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау