практикалық қызметке бірден алмасуы екенін дәлелдеп отыр.Осы кезеңде мұғалім арнайы
теориялық жәнепсихологиялық-педагогикалық дайындығын сақтауы ғана емес,сонымен
бірге оны практикада тікелей қолданып,дамытып,тереңдетуі де маңызды.Жас мұғалімдер
мектебі осы маңызды мәселені шешуі мүмкін.
Мұғалімнің
немесе
әдістемелік
бірлестіктердің
ғылыми-педагогикалық
конференциялары,педагогикалық оқылымдары,шығармашылық есептері әдістемелік
жұмыстардың қорытынды түрлері болып табылады.Олар белгілі уақыт кезеңінде немесе
жұмыстың
аяқталуы
кезеңінің
қорытындылары
бойынша
ӛткізіледі.Хабарландыру,баяндамалар авторлары ӛз әріптестеріне зерттеу жұмысының
нәтижелері жӛнінде ақпарат береді.Қатысушы мұғалімдер ӛз жұмыстарының нәтижелерін
әріптестерінің жұмыстарымен салыстыра алады,ұсынылған әдістер мен тәсілдердің
тиімділігінекӛздерін жеткізеді.Мектеп директорының ғылыми жұмыс жӛніндегі
орынбасары қызметі бар мектептерде бұл жұмыс ерекше жетістіктерге және нақты
нәтижелерге қол жеткізеді.Қорытынды ғылыми-практикалық конференциялар мен
педагогикалық оқылымдар басқа мектеп мұғалімдерін,қоғамдастықтықтар және
педагогикалық ғылымдар ӛкілдерін шақырып,мерекілік жағдайда зерттеу және
әдістемелік жұмыстарының жетістіктері үшін қатысушы мұғалімдерді құттықтайды.
Әдістемелік жұмысты ұйыдастыруда оны жаңа және ескі,қазіргі және бұрынғы
түрлерге бӛлуге болмайды,ӛйткені олардың тиімділігі жек,топтық немесе ұжымдық
қажеттілік пен мүмкіндікке байланысты.Осындай әдіс сыртқы коньюктуралық
шығармашылық түрдің сыртқы тиімділігіне де,жаңалыққа сенімсіздікпен қараудан да
сақтайды.
Негізгі әдебиеті:
1.Құлмағамбетова Б. Айтжанова П, т.б. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –Алматы, 2000
2.Нұржан Ж. Қазақ тілін оқыту технологиясы. –Алматы, 2003
3.Новые педагогические и информационные технологии в системе образования / Под.ред.
Е.Полат. М.:Издательскиий центр «Академия», 2000.272 б.
4. Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. Алматы, 2004. – 218-б
Қосымша әдебиеті:
1. Балақаев М., Әміров Р. Қазақ тілі. 3-сынып. –Алматы, 1983
2. Асқарбаева А., Ботабаева Ұ. Ана тілі. 1-класс. –Алматы, 1986
3. Асқарбаева А., Ботабаева Ұ. Ана тілі. 1-класс. –Алматы, 1986
№ 5 . Тақырыбы: Педагогикалық технологиялардың белгілері мен қасиеттері
Дәріс тезисі:
Қарастырылатын мәселелер: 1. Педагогикалық технологиялардың белгілері
2. Мақсаттылық белгісі
3. Нәтижелігі және қолдануға жарамдылығы.
4. Педагогикалық технологияның ерекшелігі
5 Педагогикалық бағалау, педагогикалық талап.
Педагогикалық
технологиялардың белгілері:
мақсаттылығы, диагностикалық
құралдарының болуы, педагогикалық үрдісті жоспарлауға мүмкіндік беретін оқытушы
мен оқушы іс-әрекеті мен үрдістерді талдайтын құралдардың болуы.
Осыған сәйкес педагогикалық технологиялардың тӛмендегідей қасиеттері мен сипаттары
болады: біртұтастылық, тиімділік, нәтижелілік, кез-келген мектептің нақты жағдайында
қолдануға жарамдылық.
Мақсаттылық белгісі – оқушыны оқытуда, оның жеке тұлғасын дамытуда белгілі бір
технологияны қолдана отырып қандай нәтижелерге жетуге болатанын нұсқайды. Талдау
құралдары мұғалімге ӛз қызметін және оқушының ӛзін-ӛзі дамытуы мен тәрбиелеуі және
олардың нәтижелерін бағалай алуы қажет.
Педагогикалық технологияның келесі белгілер тобы
– оқытушы мен оқушы
қызметтерінің ӛзара қарым-қатынасын реттейтін, бір жүйеге келтіретін
заңдылықтар. Кӛп жағдайда, мұғалім түрлі талаптарды, әдістемелік нұсқауларды есепке
алады да, оқушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын назардан тыс қалдырады.
Мұндай жағдайда мұғалімге ӛз мақсатына жетуге ешқандай технология кӛмектесе
алмайды.
Мұғалімнің қызметі (оның мақсаты, қажеттіліктері мен мотиві, іс-қимылдары т.с.с)
оқушының қызметі мен іс – әрекетіне сәйкес келуі шарт. Тек осы негізде ғана мұғалім
педагогикалық ықпал құралдарын таңдап, оларды ісмке асыра алады.
Аталған белгілер педагогикалық технологияның қасиеттерін анықтайды.
Технология тұтас болуы қажет – бұл технология барлық аталған белгілерге жауап беруі
тиіс деген сӛз. Мұғалімдер жасап шығарған авторлық технологиялар тұтастық принципіне
сай емес; яғни, мұғалім ойлап тапқан бір ғана жетістікке кӛңіл бӛлінеді де, технологияның
басқа да белгілері ұмыт қалады.
Педагогикалық технологияның келесі бір маңызды қасиеті - оптималдылық.
«Оптималдылық» термині (латын тіліне аударғанда «optimus» - «ең жақсы» дегенді
білдіреді) – белгілі бір шарттар мен міндеттерге ең сәйкес, тиімдісі дегенді білдіреді. Ю.К
Бабанский педагогикалық үрдістің тиімділігінің бірнеше критерийлерін бӛліп кӛрсеткен
еді. Егер, педагогикалық технология сол критерийлерді қолдана отырып тӛмендегідей
шарттарды орындаса неғұрлым тиімдірек болар еді:
- егер оның қолданылуы әрбір оқушының ең жақын даму зонасында білімділігін,
тәрбиелілігін және дамуын қамтамасыз етсе;
- егер оның қолданылуы оқушы мен оқытушының ғылыми негізделген уақыт
мӛлшерінен артпаса, яғни, білім беру стандарттарымен және мектеп ережесімен
айқындалған уақыт ішінде мүмкін боларлық «maximum» нәтижелерді бере алса.
Технологияның келесі бір маңызды қасиеттері – нәтижелігі және қолдануға
жарамдылығы.
Бір технологияның екіншісінен айырмасы – оны қолданудың нәтижесінде оқушының
дамуында, тәрбиесінде, білім алуында байқалатын жағымды ӛзгерістер. Нәтижелік
дегеніміз осы.
Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз – дидактика да, тәрбие теориясы да
немесе оқыту мен тәрбиелеудің әдістемесі де емес. Педагогикалық технологияның
ерекшелігі – осы технология негізінде құрылған педагогикалық үрдіс белгіленгени
мақсатқа жетуді кепілдеуі шарт. Технологияның екінші ерекшелігі – оқытушы мен
оқушының ӛзара қарым-қатынастарының реттілігінде. Бұл қасиет дидактикада, тәрбие
мен оқыту теорияларында немесе әдістерінде жоқ.
Педагогикалық технологияның негізгі элементтері: педагогикалық қарым-қатынас,
бағалау, талап, конфликт және ақпараттық талап ету.
Педагогикалық қарым-қатынас 3 функция атқарады.
- Баланың қарым-қатынаста «ашықтығы» - оған мектепте, сыныпта сабақта қолайлы
жағдайлар туғызу кӛзделген;
- Педагогикалық қарым-қатынаста балаға деген жанашырлық – мұғалімнің баламен
тығыз іс-әрекеті нәтижесінде туындайды;
- Педагогикалық қарым-қатынаста баланы кӛтермелеу саясаты.
Педагогикалық бағалау дегеніміз – баланың тұтас жеке тұлғасын емес, оның дәл осы
сәттегі мінез-құлқын бағалау. Жалпы бағалау дегеніміз, бір нәрсенің деңгейін, қасиетін,
дәрежесін белгілеу.
Педагогикалық бағалау функцияларына – баланың қоршаған дүниеге деген жағымды
кӛзқарасын тәрбиелеу, осы жолдағы ұмтылыстарын қолпаштап отыру т.б жатады. Бұл істе