Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет10/31
Дата28.12.2019
өлшемі0,85 Mb.
#25314
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31

әр  баланың  ӛз  алдына  қайталанбас  ерекше  тұлға  екенін  үнемі  есте  ұстау  қажет. 

Педагогикалық бағалаудың түрлері – қолпапштау, қолдау, қолдамау, мақтау, материалдық 

қолдау, жазалау, ескерту жасау, сӛгу т.б. 

  Педагогикалық  талап  –  бұл  тәрбие  үрдісінде  баладан  әлеуметтік  –  мәдени  қарым-

қатынас  мен  мінез-құлық  нормаларын  талап  ету.  Адамның  басқаларға,  қоршаған  ортаға 

деген  қарым-қатынасы  субъективті  еркін  жағдайда,  оның  ӛмір  тәжірибесі  нәтижесінде 

қалыптасады.  Педагогтың  міндеті  –  бала  позициясының  неғұрлым  жағымды  жағынан 

қалыптасуы. Белгілі бір жас кезеңіне сәйкес талаптар ӛою үшін міндетті түрде әр баланың 

психикалық ерекшелігін негізгн алу қажет. 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.Смирнов С.А. Технология как средств обучения второго поколения. – Москва, 2005 

2. Бітібаева Қ .Әдебиетті  оқытудың инновациялық технологиясы. -Ӛскемен, 2002 

3.  Сарбасова  Қ.  Инновациялық  педагогикалық  технологиялар:  Оқу  құралы.  Алматы: 

«Атлас баспасы - 2001», 2006. – 176 бет 

4.    ҚР  Жалпы  орта  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті    стандарттары.    Жалпы 

бастауыш білім. – Алматы, 2006 

4.Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. Алматы, 2004. – 218-б.  

5.  Қабдықайырұлы  Қ.,  Монахов  В.М.  Оқытудың  педагогикалық  жаңа  технологиясы  –

Алматы,  Ы.Алтынсарин  атындағы  Қазақтың  білім  академиясының  Республикалық  баспа 

кабинеті, 1999 ж. 149 бет. 

 

№  6.  Тақырыбы:  Білім үрдісіндегі технология  мен әдістеменің ӛзара байланысы 

Қаралатын мәселелер:  

1. Технология  мен әдістеменің ӛзара байланысы 

2.  Технологияның анықтаушы критерийлері 

  

        АҚШ  пен  Батыс  Европада  XX  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  оқу  процесінің 

технологиясын  жасау  бағытындағы  ізденістер  белсенді  түрде  жүргізіле  бастады.  1940-

1950 жылдары оқыту үрдісіне техникалық құралдардың енуіне байланысты «білім берудің 

технологиясы»  термині  кеңінен  қолданыла  бастады.  Кейінірек,  50-60  жылдары  түрлі 

техникалық  құралдарды  қолдану  әдістері  жӛніндегі  еңбектердің  ықпалымен 

«педагогикалық технология» деп атала бастады. 60- жылдардың ортасында технологиялық 

әдіс  шет  елдерде  баспасӛз  беттерінде  және  халықаралық  конференцияда  кеңінен 

талқылана  бастады.  Бұл  істе  негізгі  екі  бағыт  кӛзге  түсті.  Біріншісі,  бұрынғыша 

техногиялық  әдісті  техникалық  ӛқралдарды  қолданумен  байланыстырса,  екіншісінің 

кӛлемінде оқу процесінің ӛзін ұйымдастырудағы технологиялық әдістер дами бастады да 

«оқытудың технологиясы» деген термині пайда болды. 

  60-жылдардың  аяғы,  70-жылдардың  бас  кезінде  кӛптеген  елдерде  оқытудың   

технологиясын  жасау,  дамыту  жұмыстарымен  айналысатын  мекемелер  жұмыс  жасай 

бастады.  Дегенмен,  оқыту  үрдісі  білім  беру  үрдісінің  бір  ғана  бӛлігі  болып 

табылатындықтан  «оқыту  технологиясы»  терминінің  мағыналық  аясы  ӛте  тар.  Мұндай 

кемшілік 

«тәрбиенің  технологиясы», 

«дамыту  технологиясы», 

«қалыптастыру 

технологиясы» ұғымдарына да тән.  

  Қазіргі  батыстағы  педагогикалық  әдебиеттерде  білім  беру  саласындағы  технологияны 

белгілеу  үшін    «an  educational  technology»  ұғымы  қолданылады,  оны  дәстүр  бойынша 

«білім беру технологиясы» деп аударып жүрміз. Осы ұғым ғана аясы мейлінше кең, білім 

берудің  түрлі  салалрында    қолданылатын  кез  келген  технологияны  сипаттай  алады. 

Сондықтан  «білім  беру  технологиясы»  терминін  бүкіл  білім  беру  жүйесін 

технологияландыру  заңдылықтарын  зерттейтін  ғылыми  пәнге  қатысты  қолданса  дұрыс 

болар  еді.    Бірақ  әзірше  бұл  термин  кӛп  жағдайда  тек  мектептегі  оқу  үрдісі  тӛңірегін 

сипаттауда ғана қолданылып жүр.  




  Сондықтан,  бұдан  әрі  қарай  «білім  беру  технологиясы»  ұғымын    -  мұғалімдер  мен 

оқушылардың  білім  берудің  жоспарланған  мақсаттарына  бағытталып  арнайы 

ұйымдастырылған ӛзара қарым – қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз. 

  Білім  берудің  технологиясына  –  оқытудың  техникалық  құралдары,  білім  беруде 

қолданылатын  ақпараттық  технологиялар,  қашықтықтан  оқыту  да  жатады.  Әрбір  нақты 

жағдайда  білім  беру  технологиясының  белгілі  бір  түрі  туралы  сӛз  болады,  сондықтан, 

оларды  жеке  қарастырған  кезде  түрлік  ерекшелігін  атап кӛрсетуге  тиіспіз.  Бұл  ережеден 

тыс  тұрған  тек  «педагогикалық  технология»  ұғымы  ғана.  Бұл  бұрын  оқу  үрдісінің 

«педагогикалық үрдіс» деп аталуына байланысты. Кей жағдайда бұл екі ұғымды синоним 

ретінде қолдануға болар еді. Бірақ, әлемдік терминологияның бірегейленуіне байланысты 

«білім беру технологиясы» ұғымына тоқталуға тиіспіз.  

  Сырт  кӛзге  оқу  үрдісіндегі  әдістемелік  және  технологиялық  әдіс-  тәсілдерде  қарама  – 

қайшылық  жоқ.  Себебі,  «оқытудың  әдістемесі»  ұғымы  «білім  беру  технологиясы» 

ұғымынан әлдеқайда кең. 

  Әдетте,  әдістеменің  пәні  –  білім  берудің  мақсатын,  мазмұнын,  оқу  үрдісін  

ұйымдастырудың  әдістерін,  түрлерін,  құралдары  мен  тәсілдерін  қамтитын  әдістемелік 

жүйе деп саналады. Дәлірек айтсақ, әдістеме негізгі үш сұраққа жауап беруге тырысады: 

не  үшін,  неге  және  қалай  оқыту  керек?  Ал,  технолог  болса,  мақсат  белгілі  болып,  оған 

жетудің  нақты  іс-әрекетін,  жолдарын  анықтауға  келген  кезде  ғана  іске  кіріседі. 

Сондықтан, технология, негізінен, триаданың үшінші сұрағына жауап береді.  

  Бұл жағдай тӛмендегіше сипатталар еді: 

  Бір  қарағанда,  технологиялық  әдіс  жеке  әдістемелер  ішінде  де  дами  алар  еді  деген  ой 

туады.  Бірақ,  әдістемелік  және  технологиялық  амалдардың  мақсаттық  ұстанымдары 

әртүрлі.  

   Әдістеме  сен  технологияда  қолданылатын  оқу  процесін  сипаттайтын  тілдік  құрал  оқу 

үрдісін диагностикалау жатады. 

  Технологияның анықтаушы критерийлері: 

 

Концептуалдық.  Әрбір  педагогикалық  технология  оқу  мақсаттарына  жетудің 



философиялық,  психологиялық,  дидактикалық  және  әлеуметтік  –  педагогикалық 

негіздері белгіленген нақты ғылыми концепцияға сүйену қажет. 

 

Жүйелілік.  Педагогикалық  технология  әрбір  бӛлігі  ӛзара  тығыз  байланыста 



болатын үрдітстің тұтастық логикасымен қамтамасыз етілуі тиіс. 

 

Технология  басқарылуы  тиіс,  яғни,  мақсат  қою,  жоспарлар  құру,  оқу  үрдісін 



жобалау, әрбір этапқа сай диагностика, нәтижелерді түзету мүмкіндігін беретін әдіс 

– тәсілдердің кӛп варианттылығы. 

 

Тиімділік.  Қазіргі  заманғы  технологиялар  нәтижелігі  жағынан  да,  оған  кететін 



шығындар  жағынан  да  тиімді  болып,  белгілі  бір  оқыту  стандарттарына  жетуге 

кепілдік бере алуы қажет 

 

Технологияның қайта қалпына келтірілуі. Бұл критерий белгілі бір технологияның 



басқа мекемеде, басқа субъектілермен жүргізіле алу мүмкіндігін меңзейді. 

      Пайдаланылған әдебиеттер

1.  Абай атындағы ҚазҰПУ, «Педагогика»журналы, №6 // Алматы, 2003ж 

2.  Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. «Биология, 8сынып. Алматы, «Атамұра»,2004ж 

3.  «Қазақстан мектебі»журналы, №10/2007,№1/2007,№2/2007 

4.  «Мектеп»журналы,№11,2009ж 

5.  Қазақстан  және  ТМД  елдеріндегі  білім  беруді  ақпараттандырудың  IV 

Халықаралық форумның ғылыми мақалалар жинағы: Алматы,2008ж 

 



жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау