таңдауды,жаңа идеяларды технолгияларды,отандық және шетелдік баспаның,ЖОО (ВУЗ)
жұмысының тәжірибелік материалдарының тұжырымдамаларына талдау жасайды.
Енгізу қызметін басқару мұндай жұмысқа автордың ӛзін қатыстыруды жоққа
шығармайды,керісінше бұл оның жеке шығармашылық мүмкіндіктерін барынша қолдау
және ынталандыруға жағдай жасайды.Сӛйтіп мектеп жағдайында педагогикалық
инновацияларды жасаушылар мен таратушылардың күш-жігері бірігеді.
Инновациялық процестерді зерттеудің диагностикалық әдісі мыналарды к-кӛздейді:
-Мұғалімдердің педагогика қызметіндегі нақты қиыншылықтарды жеңу негізінде
қалыптасқан кәсіби педагогикалық мүдделерін қажеттіліктерін құнды бағдарын жүйелі
зерттеу;
-Мұғалімдердің
мүдделері
мен
қажеттілігін
қанағаттандыруға
бағытталған
жолдарды,тұжырымдамаларды,озық педагогикалық тәжірибе технологияларын зерттеу;
-Педагогикалық инновацияларды енгізу және игеру түрлерін мұғалімнің тұлғалық
ерекшеліктеріне
сәйкес
таңдау
(кӛрініс,сипаттау,ашық
сабақтар,әдебиетті
зерттеу,баяндама дайындау,эксперименттік жұмысқа қатысу ).
Педагогикалық инновацияны диагностикалық зерттеу жӛніндегі практикалық жұмыс
ӛзіне бірқатар кезеңдерді қамтиды.Бірінші кезеңде мұғалімдердерге сауалнама
жүргізіледі,сауалнамалды сараптайды,жеке әңгімелесу процесінде сауалнама мәліметтері
тексеріліп,нақтыланады,диагностикалық мәліметтерді талдайды.Екінші кезеңде бірінші
кезеңнің нақты мәліметтерін ескере отырып,жоспарлайды және кәсіби педагогикалық
біліктілігін жетілдірудің жұмыс жоспары жүзеге асырады.Мектептің әдістемелік
жұмысы,пәндік -әдістемелік комиссияның жұмысы,мұғалімнің жеке әдістемелік
жұмысы,диагностика материалдары жоспарлаудың негізіне алынады.Үшінші кезеңде
жұмыстың қорытындысы және диагностикалық қайталау жүргізіледі.Сол кезеңнің
мақсатымұғалімнің
қызметін,жұмыстың
соңғы
және
аралық
нәтижелерін
анықтауға,педагогикалық ұжымның ішінде болған ӛзгерістерді талдауға әдістемелік
бірлестіктер мен сараптаушылардың жұмысын бағалауға және талдауға бағыттаудан
тұрады.
Диагностикалық әдіс мұғалімдердің біліктілігін арттыру жұмысын жаңаша құруға
мүмкін беретін жұмыс нәтижесінің баянды болуына ықпал ететінін тәжірибе кӛрсетіп
отыр.Бірақ басқа бір жағдайды да ескеру маңызды,яғни диагностикалық әдістемені
табысты
қолдану
инновациялық
қызметтің
бағыттылығына,педагогикалық
шығармашылық пен бастаманың дамуына байланысты маңызды.
Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық
мәдениетінің даму түрлері.
Мұғалімнің кәсіби дайындығы педагогикалық оқу орнында аяқталмайды, ол кәсіби
қызметтінің барлық кезеңі бойында жалғасады.Мұғалімнің кәсәби білімінің үздіксіздігі
оның шығармашылық қабілеті дамуының,оның қызметінің интегративті элементі және
жек педагогикалық тәжірибесінің әрдайым дамуының алғы шарты болып табылады.Егер
тұлға қызметінің белсенді субъектісінің ұстанымын ұстаса,егер практикалық жеке
тәжірибе әлеуметтік және тәжірибе әлеуметтік және кәсіби тәжірибелермен түсіндірілсе
және жалғасса,егер педагогикалық ұжымда жеке шығармашылық кәсіби ізденістер
ынталандырылса,мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің ӛсуі едәуір
қарқынды ӛтеді.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру жоспарына сәйкес мұғалімдер біліктілікті
жетілдіру және білім беру қызметкерлерін қайта даярлау институтында немесе
педагогикалық білім беру мекемелеріндегі арнайы факультативтерде бес жылда бір рет
арнаулы оқудан ӛтеді.Мұғалімдердің арнайы институтта және педагогикалық оқу
орындарында алған білімдерііс жүзінде мектептегі зерделеу мен тексеруде тиянақтылауды
қажет ететінін тәжірибе корсетіп отыр.Бұл жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған
әдістемелік жұмыс жүйесі кӛмекке келеді.
Әдістемелік жұмыс педагогикалық қызметтің инновацииялық ортаны құруға қажетті
ұйымдастырушылық негіз болып табылады.Әдістемелік жұмыс даралау және саралау
принциптері
жағдайында,ғылыми-әдістемелік
даярлықты
жетілдіру
жӛніндегі
мұғалімдердің мәселелерін айтарлықтай дәрежеде қанағаттандыра алады.Әдістемелік
жұмысты саралау негізінде ұйымдастыру объективті және субъективті алғышарттармен
түсіндіріледі.Ең алдымен,мұғалімдердің ӛмірлік және кәсіби мақсатын,құндылық
бағдарын, тәжірибесі мен кәсіби деңгейін ескеру қажет.Сондай-ақ ғылыми әдістемелік
даярлықты жетілдіру жӛніндегі жұмыста мұғалімдердің қисынды ой ерекшеліктерін,яғни
бағалау дәлелін кӛрсету,ӛзінің кәсіби ӛсуіне деген кӛзқарасын ескеру қажет.Маңыздысы
мектептің әдістемелік қызметіндегі дәстүрлер,жақсы тәжірибелердің дамуы және
сақталуы болып табылады. Мұның бәрі директордың оқу-тәрбие жұмысы жӛніндегі
орынбасарының
басқару
және
басшылық
жасау
объектісі
болып
табылады,әдетте,мектепте бұл жұмысты оқу ісінің меңгерушісі басқарады. Мектепте
методикалық жұмыс,егер оның міндеттерін,мазмұнын,бағыттылық негіздерін мектеп
басшысы және оның орынбасары ғана емес,мұғалімдер де дәл және айқын түсінсе,тиімді
болады.Жалпы түрде мектептегі әдістемелік жұмыстың міндеттерін мына негізде
тұжырымдауға болады:
- мектептің педагогикалық ұжымның қызметіндегі жүйелік оқуда,жалпылауда және
педагогикалық ғылымның жетістіктерін енгізу жұмысындағы педагогикалық тәжірибені
таратуда кӛрінетін инновациялық бағыттылықты қалыптастыру;
- мұғалімдердің психикалық-педагогикалық даярлығын және теориялық деңгейін арттыру;
- жаңа білім беру бағдарламаларын және мемлекттік білім беру стандарттарындағы
ӛзгерісті,оқу жоспарларының нұсқаларын зерделеу жӛніндегі жұмысты ұйымдастыру;
-оқыту мен тәрбиелеуді жаңа педагогикалық технологияларымен,түрлермен және
әдістерімен байыту;
- жаңа нормативті құжаттарды,нұсқау-әдістемелік материалдарды оқып-үйрену жұмысын
ұйымдастыру;
- диагностикалық дараланған және сараланған негіде мұғалімдерге ғылыми әдістемелік
кӛмек кӛрсету ( жас мұғалімдерге;пән мұғалімдеріне;сынып жетекшілеріне және
тәрбиешілерге;педагогикалық жұмыста белгілі бір қиындық кӛретін мұғалімдерге;әр түрлі
педагогикалық стажы бар мұғалімдерге;педагогикалық білімі жоқ мұғалімдерге және
басқаларға);
- ӛз бетінше педагогикалық білім алуды ұйымдастыруда мұғалімдерге кеңес беріп,кӛмек
кӛрсету;
- кәсіби педагогикалық мәдениеттің жалпы деңгейін кӛтеру;
Мұғалімнің әдістемелік жұмысының мазмұнын,мұғалім қызметінің анағұрлым тән
мінездемесі ретіндегі кәсіби-педагогикалық мәдениетін оның құрамдас бӛліктері:жалпы
мәдени құраушылық,методологиялық және зерттеулік мәдениет;кәсіби-адамгершілік
мәдениет пен қарым-қатынас мәдениеті,дидактикалық және тәрбиелік мәдениет арқылы
анықтау орынды. Әдістемелік жұмыстың мазмұны кәсіби-педагогикалық мәдениетті
қалыптастырудың әр бағыттарымен нақтыланады және бұл ұзақ уақыт бойы зерттеу пәні
болуы мүмкін.
Мұғалімдердің педагогикалық,инновациялық қызметке қатысуы,түптеп келгенде,жеке
педагогикалық жүйенің,педагогикалық қызметтің ӛзіндік әдісінің әдісінің қалыптасуына
мүмкіндік береді.Мектептегі әдістемелік жұмыс мұғалімнің нақты тұлғалығына қатысты
проблемаларды шешуге,оның кәсіби ӛсуіне,мектептің педагогикалық ұжымы үшін
де,солай жалпы педаго-гикалық ұйым үшін де маңызды педагогикалық құндылықтарды
бекітуге мүмкіндік береді.
Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың мектеп типіне,орналасқан жеріне ондағы
мұғалімдермен оқушылардың санына байланысты елеулі айырмашылығы болуы мүмкін
.Бұл жағдайда 50-ден 100-ге дейінгі оқушылары және 10-12 мұғалімі бар шағын
комплектілі ауылдық орта мектепте пайда болады.Ауылдық мектептер жұмысының
тәжірибесі мұғалімдердің мұндай мектептердің қандай да бір үлкен ауылдық мектептің
базасында шағын әдістемелік бірлестіктерге бірлесуінің дұрыстығын кӛрсетеді.