№
|
Ұсыныстар/ескертулер
|
Орындалу барысы
а.ж. 1 қаңтарға дейін
|
|
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 277 толық кешенді орта мектепті 476 жаңа модификациялық кабинеттермен жабдықтау бойынша «Менің мектебім» жобаларын іске асыруды аяқтау туралы
|
Білім басқармасы, кәсіпкерлік басқармасы жергілікті атқарушы органдармен, жабдықтар мен жиһаз өнімдерін жеткізушілермен бірлесіп, «Менің мектебім» бағдарламасы аясында облыстың 277 мектебінің 476 кабинеті үшін жиhаз және оқу жабдықтарын жеткізуді жүзеге асырды. Кабинеттерді жабдықтау жеткізу кестесінде белгіленген мерзімде 100% аяқталды.
Бүгінгі күні облыстың толық кешенді орта мектептерінде «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» АҚ стандарттары бойынша жабдықталған 476 жаңа модификациялық кабинет, оның ішінде 66 физика кабинеті, 53 химия кабинеті, 85 биология және 272 робототехника кабинеті бар.
Орындалды.
|
|
«Өскемен қаласы Үлбі өзені арқылы өтетін көпірдің қолданыстағы конструкциялары шегінде жүру бөлігін кеңейту» жобалау-сметалық құжаттамасын аяқтау туралы
|
Қазіргі уақытта «ДСУ-11» ЖШС мердігер ұйымы «ШҚО Өскемен қаласы Үлбі өзені арқылы көпірдің бұрыңғы конструкциясы шегінде жүргінші бөлігін кеңейту» нысанында жұмыстарды аяқтады.
Орындалды.
|
|
Өскемен қаласының 20 тұрғын ықшам ауданында су құбыры жүйелерінің құрылысын аяқтау туралы
|
Сумен жабдықтау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге ««НКО» ЖШС мердігерлік ұйымымен келісімшарт жасалған.
Құрылыс құны 689,3 млн.теңгені құрайды.
Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, нысан пайдалануға берілді.
Орындалды.
|
|
Жалпы ұзындығы 38 шақырым «Семей-Қайнар» республикалық маңызы бар автомобиль жолының бөлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы
|
Жол жөндеу жұмыстарының алдын ала жоспарына сәйкес, 2018 жылы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ құны 1 млрд.теңгеден астам жалпы ұзындығы 38 км жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлаған. Қарастырылған қаражат кейіннен ағымдағы жөндеуге және күтіп ұстауға қайта бағдарланды.
Ащысу өзені арқылы өтетін 111 км-дегі апатты көпірді күрделі жөндеуге 2018 жылғы 5 желтоқсандағы №01-0478/18 мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жөндеу жұмыстарының басталуы – 2019 жыл.
Жолды ұстау шеңберінде 63,9 мың м2 шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Келесідей жұмыс түрлері жүргізілді:
- кедір-бұдыр негізді өңдеу (КНӨ) – 8-28 км;
- 267-284 км қиыршық тасты төсемдерді жөндеу, жалпы алаңы - 119 мың м2;
- учаскенің жол белгілерін ауыстыру - 8-284 км;
- жүру бөлігін белгілеу – 95 км;
- жиектерді жоспарлау 324 км/өту орындалды.
Шұңқырларды жөндеу «ҚазАвтоЖол» ЖШС-нің 3 ДЭУ күшімен жүргізілді.
Орындалды.
|
|
2018 жылы облыстық бюджеттен қажетті мамандықтар, соның ішінде педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында оқу үшін 400 мемлекеттік білім гранттарын бөлу туралы
|
2018 жылы облыстық бюджеттен 400 мемлекеттік білім гранты, оның ішінде 219 орын облыс мектептері үшін педогог кадрлар даярлауға, 76 орын техникалық және технологиялық бағыттағы кадрлар даярлауға, 24 орын денсаулық сақтау саласына кадрлар даярлауға, 38 орын өнер және басқа салаларға кадрлар даярлауға бөлінді.
2018 жылы алғаш рет өңірге қажет мамандықтар бойынша республиканың ЖОО-да 46 орын көлемінде жоғары білімді кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды. 2018 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білікті кадрларды даярлауға барлығы 446 бюджеттік орын бөлінді.
Орындалды
|
|
Археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары шеңберінде, Зайсан ауданының Қаратал ауылы маңында 7 кіші обаларға археологиялық зерттеулер жүргізу туралы
|
Зайсан ауданы, Қаратал ауылы маңындағы қорғандарға «2016-2018 жылдар аралығындағы Шығыс Қазақстан облысының археология саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасы» аясында профессор, тарих ғылымдарының докторы А.Т.Төлеубаевтың жетекшілігімен зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, профессор, тарих ғылымдарының докторы А.Т.Төлеубаевтың сол жерлерге жүргізген магнитті-резонансты томографтық зерттеу жұмыстарынан кейін және тарихи артефактілерді табу ықтималдығының төмендігіне байланысты археологиялық жұмыстар Тарбағатай ауданы Айнабұлақ жеріне ауыстырылды.
«2016-2018 жылдар аралығындағы Шығыс Қазақстан облысының археология саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасы» аясында профессор, тарих ғылымдарының докторы Е.З.Самашевтің жетекшілігімен Елеке Сазы-2 некрополында б.з.д VIII-VIIғғ. Сақ элитасының өкілі бозбаланың сүйектері, тарақ, моншақ, киім-кешекке арналған әшекей алтын бұйым артефактілер табылды.
Орындалды
|