«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 2014 жылдың



жүктеу 29,86 Kb.
Дата31.05.2018
өлшемі29,86 Kb.
#18602
түріБағдарламасы


«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 2014 жылдың

1 қыркүйекке жүзеге асырылуы.

1. І бағыт бойынша ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту бойынша 3 жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: Арал қаласындағы №220 орта мектебіне күрделі жөндеу, Шижаға елді мекеніндегі №57 орта мектебі күрделі жөндеу және Мойнақ елді мекені мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бағдарламаға қатысушы 19 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланса, бүгінгі күнге 19 адам толық орналасты (пайыз 100).

Сонымен қатар Сексеуіл кентінде 4 жоба іске асырылуда. Атап айтқанда: № 87 мектепке күрделі жөндеу - 12 адамды жұмыспен қамту, №29 «Жауқазын» балабақшасына күрделі жөндеу - 11 адамды жұмыспен қамту және №177 мектепке ағымдағы жөндеу - 7 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық білім бөлімі арқылы тендер жеңімпаздары анықталып, жөндеу жұмыстарын бастауда. Сексеуіл кентінің автомобил жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге тендер жарияланды. Барлық 7 жоба бойынша бағдарламаға қатысушы 56 адам жұмысқа орналастыру басталуда.



2. ІІ бағыт. Арал ауданы бойынша шағын несиелендіруге бөлінген қаржы көлемі 367,1 млн теңге, игерілгені 367,1 млн.т., нақты несие алғаны -150 адам, (оның ішінде 2013 жылдың қалдық қаржысы 25 млн.теңгені - 13 адам алды) Кәсіпкерлік негіздері курсы «Parasat ConsuIting» ЖШС-і оқыту мекемесі арқылы жоспарланған қатысушы саны 120, нақты қатысушы саны 120 адам толық курсты аяқтап, сертификат алды.

3.1. ІІІ бағыт. Арал ауданы бойынша қайта даярлау курстарына (шаштараз-10, аспазшы-15, электродәнекерлеуші-10, қайық моторисі-20) бөлінген қаржы 8,078 млн теңге, қатысушы жоспар 50, нақты қатысушы 55 адам. Қайта даярлау курстарын бітірген шаштараз-10, қайық моторисі-19, аспазшы-6, элекрогазбендәнекерлеуші-2. Барлығы 37 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

3.2. Біліктілігін арттыруға (бухгалтер-15, оператор ЭВМ-10, аспазшы-11) бөлінген қаржы 4,386 млн.теңге, қатысушы саны жоспар 35 адам, нақты орындалғаны 36. Біліктілік курстарын бітірген аспазшы-1, бухгалтер-5, оператор ЭВМ-4, барлығы 10 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

3.3 10 айлық кәсіптік даярлау курсына оқытудың қаржысы қыркүйек айына жоспарланып, қазіргі таңда аудан көлемінде қажет етілетін мамандықтартарға ниет білдіруші 100 адамға облыс, аудан көлеміндегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына жолдама берілді.

Кәсіптік даярлау курстарын бітірген соң жұмыс берушілермен жасалған келісімшарт негізінде мамандықтарына сәйкес тұрақты жұмысқа жолданатын болады.

3.4 Әлеуметтік жұмыс орындарына қаралған қаржы 24,957 млн теңге (игерілгені 17,607 млн теңге) 70,5 пайызды құраса, қатысушы жоспар бойынша 110 (нақты қатысушы 190) 173 пайызға орындалып, 73 мекемемен келісім шарт жасалып, 26 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Оның ішінде 2013 жылы – 22 адам.

3.5 Жастар тәжірибесіне қаралған қаржы 20,020 млн теңге (игерілгені 19,796) 98,9 пайызды құраса, жоспар бойынша қатысушы 100 (нақты қатысушы 165) 165 пайызға орындалып, 63 мекемемен келісім шарт жасалып, 54 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Оның ішінде 2013 жылы – 28 адам.

Мүмкіндігі шекеулі азаматтардан 8 айда бағдарламаға 23 адам қатысты.



Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілік арттыру курстарына - 11 адам жолданып, оқу бітірген -4 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Әлеуметтік жұмыстарға - 9 адам, жастар тәжірибесіне - 1 адам, кәсіпкерлік негіздерінде оқыған -1 адам және өз кәсібін ашуға несие алған -1 адам.
жүктеу 29,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау