мен шаш ауруларының,
венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің;
мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін басқа да
аурулардың болуы болып табылады;
2) мыналардың:
жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде жүріп-тұру функцияларының
өрескел бұзылуының (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре
алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін) болуы;
ауыр және күрделі дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің;
жіті психотикалық симптоматиканың болмауымен, жарыместігінің немесе психикалық кемістігінің
өрескел көрінуімен сипатталатын психикалық аурулардың созылмалы түрлері;
жарыместік белгілері бар бас-ми жарақаттары;
жарыместік белгілері бар бас мидың жұқпалы және басқа да органикалық аурулары
(энцефалиттер, туберкулезді менингиттер, менингоэнцефалиттер, ми сифилисі және бас мидың
басқа да инфекциялық және органикалық аурулары);
айқын білінетін жарыместік белгілері бар тұрақты алкоголизм;
айқын білінетін психомоторлық мазасыздығы жоқ және есінің өзгеру жай-күйінің ұзақ немесе
қайталанатын жарыместік белгілері бар қан-тамыр және сенильдік;
жарыместік белгілері мен айына төрт реттен артық емес тырыспа және эквиваленттері бар
эпилепсияның түрлі нысандары салдарынан жартылай стационарлық үлгіде арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсетуге мұқтаж он сегіз жастан асқан адамдардың.
Он сегіз жастан асқан адамдардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуына медициналық
қарсы көрсеткіштер:
жіті және қатты сатыдағы психикалық аурулардың;
созылмалы психикалық аурудың асқыну жағдайының;
айқын білінетін психотикалық симптоматикамен, қызығушылығы мен мінез-құлқының өрескел
бұзылушылықтарымен сипатталатын, қамқорлық көрсетілетін адамның өзіне және
айналасындағыларға қауіпті психикалық аурулардың, атап айтқанда: мамандандырылған
медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ұстамалы түрдегі немесе жиі өршімелі
немесе аурудың жиі декомпенсациялы қайталамасы бар прогредиендті өтетін кез келген
психикалық аурулардың;
эпилепсия және басқа этиологиядағы жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға,
эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім тырыспалы синдромның;
тұрақты алкоголизмнің, нашақорлықтың, тұрақты алкоголизмнен немесе нашақорлықтың кез
келген түрлерінен асқынған басқа да психикалық аурулардың;
айқын білінетін түрлі генездегі депрессиялық және қияли жай-күйлердің, созылмалы реактивті
жай-күйлердің;
айқын білінетін психопатқа ұқсас синдромдардың, эксплозивті, параноидті, паранояльдік,
қояншық ауруларының;
ауру процесінің белсенді сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялардың, жұқпалы тері
мен шаш ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің;
мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін басқа да
аурулардың болуы болып табылады.
3) жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж тірек-қимыл
аппараты бұзылған мүгедектердің, оның ішінде бір жарым жастан ТҚА бұзылған балалардың (бұдан
әрі – ТҚА бұзылған мүгедектер мен балалар).
ТҚА бұзылған мүгедектер мен балалардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуына
медициналық қарсы көрсеткіштер:
психикалық аурулардың;
ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің;
жиі эпилептиформалық ұстамалардың (айына бес реттен артық);
мінез-құлықтың психоұқсас бұзылушылықтарының;
қайтымсыз гидроцефалияның;
нашақорлық пен жіті психотикалық симптоматикалы алкоголизмнің;
мінез-құлықтың психоұқсас түрлерінің болуы және (немесе) интеллектуалды-мнестикалық
қабілетінің зақымдануы;
ауру процесінің белсенді сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялардың, жұқпалы тері
мен шаш ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің;
мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін басқа да
аурулардың болуы болып табылады;
4) мүгедектердің және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 9-бабының 1-тармағында
белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының
жай-күйіне байланысты жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге
мұқтаж қарттардың тәуліктің күндізгі уақытында (күніне төрттен он сағатқа дейін), қажетіне қарай
басқа қаладан келген қызмет алушылардың түнде болуын қамтамасыз ете отырып, арнаулы
әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған.
Мүгедектер мен қарттардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуына:
ауру процесі белсенді сатыдағы туберкулездің;
психикалық аурулардың (соматикалық ауру кезіндегі невроздарды, неврозға ұқсас жай-күйлерді,
ақыл-ес кемшіндігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (2-3 айда бір
реттен артық емес) этиологиясы әртүрлі тырыспалы синдромдарды қоспағанда);
карантиндік инфекциялардың, тері мен шаш жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың,
ЖИТС-тің, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажет ететін
аурулардың болуы медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады.
6. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйым заңды тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі
болып табылады, оны құрылтайшы құрады және өз қызметін құрылтай құжаттарына, Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
7. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар:
1) күндіз болу бөлімшелері (орталықтары);
2) мүгедектерге және (немесе) мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы;
3) мүгедектер мен қарттарға арналған аумақтық орталық;
4) күндіз болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған өзге ұйымдар түрінде