асқан адамдар үшін – заңды өкілдерінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршысының,
қорғаншысының), жақын туысының жазбаша өтінішінің негізінде рұқсат етіледі.
52. Арнаулы әлеуметтік қызметтер бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызмет алушылар
болмаған уақытта стационарлық үлгідегі ұйым басшысының тиісті бұйрығымен олар үлестен
шығарылады.
53. Қызмет алушыларды одан әрі оңалту үшін басқа ұйымға бір жылға дейінгі мерзімге жіберу
туралы шешімді қабылдаушы тараптың қызмет алушыларды ұстау және оларға қажетті күтімді
қамтамасыз ету туралы жазбаша міндеттемесі болған кезде стационарлық үлгідегі ұйым
тәртіпаралық комиссияның қорытындысын есепке ала отырып, стационарлық үлгідегі ұйым
әкімшілігі қабылдайды.
54. Он сегіз жасқа толған балалар, оның ішінде ТҚА бұзылған балалар медициналық ұйымның және
медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының қорытындыларына сәйкес қарттар мен
мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік ұйымға, психоневрологиялық
медициналық-әлеуметтік ұйымға ауыстырылады не үйіне шығарылады.
55. Стационарлық үлгідегі ұйымда тұруға медициналық қарсы көрсеткіштері болған кезде қызмет
алушылар мамандандырылған медициналық ұйымға стационарлық емдеуге ауыстырылады.
56. Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қызмет алушыларды бір өңірде орналасқан
стационарлық үлгідегі ұйымнан елдің өзге өңірінде орналасқан стационарлық үлгідегі ұйымға
ауыстыру, тиісті өңірлердің уәкілетті органдарымен келісім бойынша жүзеге асырылады.
57. Бала он алты жасқа толғанда стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігі оның жеке куәлігін
ресімдеуді қамтамасыз етеді.
58. Қарттар мен мүгедектер:
1) ішкі тәртіп ережесін тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның ішінде есірткі заттарын,
спиртті ішімдіктерді әкелген және қабылдаған, тауарлық-материалдық құндылықтарды және өзге
мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы әрекеттер жасаған жағдайда;
2) мүгедектер мен қарттар соттың шешімі бойынша спиртті ішімдікке салынудың немесе есірткі
заттарын қолданудың салдарынан әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған жағдайда.
Әрекет қабілеттілігінің шектелуі соттың шешімі бойынша жойылған жағдайда адам жалпы негізде
қайта қабылданады;
3) қызмет алушы стационарлық үлгідегі ұйым аумағынан өз бетімен шығып кеткен және екі
тәуліктен астам уақыт бойы болмаған жағдайларда шығарылуға жатады.
Стационарлық үлгідегі ұйым аумағынан шығып кеткен адам осы стандарттың 3-бөліміне сәйкес
жалпы негізде қайта қабылдануы мүмкін, ал маңызды себептер бойынша ол жөнінде хабардар
етуге мүмкіндігі болмаған адам дереу қайта қабылданады.
59. 58-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша стационарлық үлгідегі
ұйымнан шығарып жіберілген қызмет алушылар осы стандарттың 3-бөлімінде көзделген тәртіппен,
алайда олар шығарып жіберілгеннен кейін бір күнтізбелік жыл өткен соң ғана стационарлық
үлгідегі ұйымға қабылданады.
60. Қызмет алушыларды шығару (шығарып жіберу), уақытша шығару, басқа стационарлық үлгідегі
ұйымға ауыстыру стационарлық үлгідегі ұйым басшысы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте, міндетті түрде шығару немесе ауыстыру эпикризі, стационарлық үлгідегі ұйым
мамандарының ұсынымдары ресімделеді, олар мүгедектер мен қарттардың қолына не қызмет
алушыларды қабылдайтын тарапқа беріледі.
61. Шығару, уақытша шығару немесе басқа стационарлық үлгідегі ұйымға ауыстыру кезінде қызмет
алушыларға жеке және маусым бойынша өзіне бекітілген киімі мен аяқ киімі, стационарлық үлгідегі
ұйымда сақталған құнды заттары (құжаттары) беріледі.
8. Стационарлық үлгідегі ұйымды басқару
62. Стационарлық үлгідегі ұйымды уәкілетті орган немесе құрылтайшы лауазымға тағайындайтын
және босататын басшы басқарады.
63. Стационарлық үлгідегі ұйым персоналының штат санын уәкілетті орган не құрылтайшы
қажеттіліктер мен бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, осы стандартқа 3-қосымшада көзделген
көлемнен кем емес көлемде бекітеді.
64. Стационарлық үлгідегі ұйымда қарттар мен мүгедектер қатарынан мәдени-тұрмыстық комиссия
(МТК) құрылады, оны төрағасы басқарады, стационарлық үлгідегі ұйым басшысы бекітетін Мәдени-
тұрмыстық комиссия туралы ереже негізінде әрекет етеді.
65. Стационарлық үлгідегі ұйымда шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ол стационарлық
үлгідегі ұйым басшысында сақталады және қызмет алушылар мен келушілердің бірінші талабы
бойынша беріледі.
66. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы апта сайын, ал
уәкілетті орган ай сайын қарайды.
67. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды және жеке
тұлғалардан қаражат аудару үшін стационарлық үлгідегі ұйымның демеушілік, қайырымдылық және
өзге де шоттары болады.
________________________
Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына
1-қосымша
Нысан
Жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік
ұйымның басшысы
__________________________________________________________________
(Жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік ұйым
басшысының Т.А.Ә.)
Жеке басын куәландыратын құжаттың № ______ ________ ___ жылы берілді
Тіркелген жері ____________________________________________________
Тұратын жері______________________________________________________
Туған жері ________________________________________________________
Туған күні «___» _________ ____ жыл
Жәрдемақының түрі мен мөлшері ____________________________________
Мүгедектік санаты _________________________________________________