«Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына
АҚПАРАТ
Ауданда 2003 жылдан бастап Діни кеңестермен байланыстар жөніндегі кеңес құрылып, барлық 10 ауылдық округтерде 5 адамнан тұратын дін істері жөнінде Кеңестер және 11 адамнан тұратын «Ақылдастар алқалары» құрылып, тұрғындармен жұмыс жүргізілуде.
Жылдың басында дін мәселелері бойынша ақпараттық- түсіндіру тобының құрамы мен жұмыс жоспары бекітілді.
Аудан аумағында 16 діни бірлестіктер тіркелген, олар: 12 мұсылман мешіттері, 2 православиеліқ бірлестіктер (Өскемен және Семей Епархиясы «Канонерка ауылының Успенский Приходы», Өскемен және Семей Епархиясы «Бесқарағай ауылының Свято-Троицкий Приходы»), «Інжілдік Христиан Баптистердің шіркеуі» және «Агапе» Інжілдік Христиан шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі бар. Ауданда 15 діни ғимараттар бар, арнайы діни оқу орындары жоқ.
2017 жылдың 4 айында аудан аумағында 20 әртүрлі іс-шаралар өткізіліп, қатысушылар саны 600 адамды құрады. Олардың ішінде діни экстремизм терроризм және деструктивті ағымдар мәселелерін талқылау жөнінде дөңгелек үстелдер, мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің біріккен отырыстары, діни мерекелер (Ораза айты, Құрбан айты, Мәуліт мерекесі, Пасха, Рождество) және т.б. іс-шаралар. Бұл іс-шараларға мекемелер, ұйымдар, діни бірлестіктер және аудан тұрғындары белсенді қатысады. Дөңгелек үстел барысында баспа өнімдері ( буклеттер, парақшалар, кітапшалар, брошюралар) таратылады және ШҚО дін істері бойынша басқармасымен ұсынылған бейнематериалдар көрсетіледі.
Ауданда АТТ - ның діни бірлестіктермен, құқық қорғау органдарымен, құзіретті органдармен, және БАҚ өзара байланыс жасалып, бірқатар іс- шаралар өткізіледі.
Кеңестің және атқарушы органдардың бастамасымен ауылдық округ әкімдерімен ауыл имамдарымен бірлескен отырыстар өткізіледі.
Бірлескен отырыстардың барысында әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға материалдық көмек көрсету бойынша қайырымдылық акциялары өткізіледі.
Сонымен қатар, жыл сайын ауыл имамдарының есептері қаралады.
Аудандық «Бесқарағай тынысы» газетінде «Дін-имандылық негізі» айдарында дәстүрлі емес, деструктивтік ағымдарға жол бермеу жөнінде және Ислам мен православие туралы ой-пікірлер, діни бірлестіктер басшылары мен қоғам өкілдерінің мақалалары жарияланады. Ағымдағы жылдың басынан 8 мақала, әлеуметтік желілерде 48 материал жарияланды. Ауданның аумағында тоталитарлық секталар жоқ, діни сипаттағы басылымдар шығарылмайды, тек қалаушылар арасында мешіттерде мерзімді «Ислам нұры» мен «Ислам және өркениет» газеттері таратылады. Аудандық «Бесқарағай тынысы» газетінде теріс діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсетін «Қауырт желі 114» жөнінде ақпарат жарияланды.
Ауданда теріс ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының сенім телефоны мен электрондық мекен-жайы көрсетілген 10 баннер, аудан бойынша дін мәселесі тақырыбына 45 баннер орнатылған.
9-шы сынып оқушыларына аптасына 1 сағат Дінтану сабағы беріледі. Сабақты Өскемен және Семей қалаларында орналасқан орталықтарда біліктілігін арттырған тарих пәнінің мұғалімдері береді.
2017 жылғы наурыз - мамыр айларында облыстық дін зерттеу орталығынан және Семей қаласының дін зерттеу орталығынан арнайы мамандар келіп, осы таблиғи жамағат ұстанушылармен кездесті. Және де ауданның 15 ауылында 12 кездесу өткізіліп, 250 адам қамтылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесі жағымды: аудандағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, миссионерлік әрекет және теріс ағымдарға түскендер жоқ, құзыретті органдарының жұмысы заңнаманың негізінде атқарылып жатыр.
Шығыс Қазақстан облысының талдау және болжау институты жасаған зерттеуде Бесқарағай ауданы дін саласындағы жағдайлардың көрсеткіштері бойынша «әлеуметтік шиеленістің төмен деңгейіндегі аймағы» деп бағаланды.
Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі басшысының міндетін атқарушы А. Калтаева
Достарыңызбен бөлісу: |