Іс-әрекеттің жетекші түрі негізінде жасалған психикалық дамудың кезеңдерге бөлу /Д. Б. Эльконин, М. И. Лисина



жүктеу 19,31 Kb.
Дата08.11.2023
өлшемі19,31 Kb.
#44152
СОӨЖ №4 баяндама 1


СОӨЖ
Тақырып:Іс-әрекеттің жетекші түрі негізінде жасалған психикалық дамудың кезеңдерге бөлу /Д.Б.Эльконин, М.И.Лисина
Баяндама
Жас кезеңдері негізі даму заңдылықтарымен анықталады.Отандық психологтар бала дамуының әрқайсының өзіндік ерекшелігін, кезеңнің әлеуметтік даму жағдайы және жетекші іс-әрекет түсініктерімен анықтайды.Әлеуметтік даму жағдайы Л.С. Выготскиймен анықталған. «Дамудың ішкі процестері мен сыртқы жағдай үйлесімділігі, ол әр жас кезеңіне тән және сол жас кезеңіне тең психикалық даму динамикасымен шарттасады және жаңа сапалық өзіндік психологиялық жаңалық, яғни соңында байланысты».Жетекші әрекет түсінігі А.Н.Леонтьев еңбектерінде ашылған. Әрбір жас кезіне сәйкес іс-әрекет түрі сәйкес келеді, ол баланың жеке басының дамуына және қалыптасуына, рның танымдық мүмкіндіктеріне әсер етеді.Психологиялық – педагогикалық ғылымның тереңдетіліп дамуына байланысты, жас кезеңдері де зеттелуде. Бұған Д.Б. Элькониннің еңбектері дәлел бола алады.
Д.Б. Элькониннің жас кезеңдері мына кестеде көрсетіледі:
Нәрестелік жас туғаннан кейін -1 жас. жетекші әрекеті –эмоциональды қарым-қатынас. Бұл жастағы маңызды жаңалық (жетістік) қарым-қатынасқа деген қажеттілік басқа адаммен.
Сәбилік кезең 1-3 жас. Жетекші әрекеті – заттық әрекет. Жетістік сөйлеудің дамуы және көрнекі әрекеттік ойлаудың дамуы.
Мектептегі жасқа дейінгі кезең-3-7 жас. Жетекші әрекеті – рольдік ойын. Жетістігі –қоғамдық маңызы, қоғам бағалы іс-әрекетке ұмтылу.
Бастауыш сынып оқушысы-7-14 жас. Жетекші әрекеті – оқу. өз процесінде ес қалыптасады., сыртқы әлемнің заттарын меңгереді. Бұл жастың жетістігі болып психикалық құбылыстардың ырықтылығы, ішкі әрекет жоспары, рефлекция алынады.
Жеткіншілік жас 11-15 жас. Жетекші әрекеті қоғамда пайдалы іс-әрекет жүйесіндегі қарым-қатынас (оқу, қоғамдық –ұйымдастыру, еңбек т.б.) бұл процесте жеткіншек әртүрлі жағдайдағы қарым қатынас дағдыларын меңгереді. Маңызды жетістіктері болып өзін-өзі бағалаудың қалып, қоршаған адам. Сын көзбен қарау «ересек болуға ұмтылу және ұжым өмірінің нормаларына бағына білу іскерлігі мен дербестігінің қалыптасуы.
Балғын жастық шақ 15-17 жас. Жетекші әрекет - кәсіптік оқу, жетістігі: оқу процесінде дүниетанымы, кәсіби қызығушылығын, өзіндік санасы, арман, мұраты қалыптасады.
Бұл классификация жас кезеңдерінің өзгеру механизмін ашуға, диалетикалық материалистік ілгеріге сүйене отырып дамудың қозғаушы күштерінің, яғни жаңа қажеттіліктер мен (оларды бұрынғыша) ескі мүмкіндіктерді қанағаттандыру арасындағы қайшылықтар күресін түсінуше мүмкіндік береді.
Жас кезеңдері (Д.Б. Эльконин бойынша).
Жас кезеңі.

Жетекші әрекет.

Танымдық іс-әрекет неге бағытталған.

Психиканың қай сферасы басым дамиды.

Жетістігі (жаңалығы).

Нәрестелік кезең.(ту-ғаннан – 1 жас)

Эмоционал-ды қарым-қатынас.

Қатынасты тануға бағытталған.

Жеке бастық (қажеттілік- мотивациялық)

Қарым-қатынасқа деген қажеттілік.

Сәбилік кезең. (1-3 жас)

Заттық іс-әрекет.

Затты тануға.

Танымдық процестер.

Сөйлеу және көрнекі әрекеттік ойлау.

Мектеп жасына дейін кезең (3-7 жас)

Рольдік ойын.

Қатынасты тануға.

Жеке бастық (қажеттілік- мотивациялық)

Қоғамдық – маңызды және қоғамдық – бағалы іс-әрекет.

Бастауыш сынып оқушыла-ры.

Оқу.


Алғашқы ғылымды тануға.

Интеллектуал-ды танымдық.

Әрекеттің ішкі жоспары. өзін-өзі бақылау. Рефлексия.

Жеткін-шек жас (11-15 жас).

Оқу процесіндегі қарым-қатынас іс-әрекеті, ұйымдасқан еңбек іс-әрекеті.

Әр түрлі ситуациядағы қатынас жүйесін тану.

Жеке бастық (қажеттілік- мотивациялық)

«Үлкен болуға» ұмтылу, ұжым өмірінің нормаларына бағыну.

Жастар кезеңі (15-17 жас).

Кәсіптік оқу.

Мамандықты тануға.

Танымдық.

Дүниетаным кәсіптік қызығушылық.
Мұнда, жас - нақты психикалық дамудың уақытпен шектелген сатысы. Ол физиологиялық және психикалық өзгерістер заңдылықтарының жиынтығы мен жалпы адамның жеке даму айырмашылықтарымен байланысты еместігімен сипатталады. Жас психологиялық ерекшеліктерінің нақты тарихи жағдайларымен шарттасқан бұлар тұқым қуалаушылық әрекет ерекшелігі индивидуалдылықтың қарым – қатынасы.
Дамудың қозғаушы күштері – жеке бас өз өмірінде ішкі қайшылықтардың әсері негізінде дамиды. Олар жеке бастың қоршаған ортамен байланысына оның жетістіктерімен сәтсіздіктеріне қоғаммен индивидтің тепе – теңдігінің бұзылуына байланысты. Дамушы жеке бас жаңаша өмір сүру жағдайына қоғамдық маңызды әрекетке қарай ұмтылады. Осы мақсатты жүзеге асыруда өз дамуының жаңа қайнар көздерін табады.

Дамудың әлеуметтік жағдайы - әр жас кезеннің өзіне ғана тән және сол кезендегі психикалық дамуға әсер ететін сыртқы жағдай. Әр жастағы баланның өмірі , олардың өздеріне өмір мазмұнына толы. Қоршаған адамдармен өзара қарым – қатынасы белгілі бір жас кезендегі жетекші әрекет. Сонымен қатар әр жас кезенде бала орындайтын белгілі бір міндеттер және бала орындауға тиісті міндеттер болады.

Дағдарыс - Бір жастан екінші жас кезеніңе өту кезінде психикада өзгеріс болып даму секірмелі сипатта болады. Дамудың жас дағдарыстары кейбір жалпы ерекшеліктермен сипатталады.

Жетекші әрекет – адамдардың белгілі бір жас кезеңдерде пайда болатын және қалыптасатын негізгі психикалық жетістіктерді анықтайтын әрекет.

Жетістіктер – белгілі бір жас кезеңде ғана пайда болатын, сол кезеңді басқа кезеңдерден ажыратуға көмектесетінің психикалық процесстермен жеке бастағы сапалы өзгерістер.

Жас кезеңдер негізгі даму заңдылықтарымен анықталады. Нәрестелік кезеңде, нәресте анасынан бөлініп басқа жағдайға түседі,бала үшін бұл бөтен жағдайға бейімделуге тұқым қуалаушылық арқылы бекітілген механизмдер көмектеседі. Бала өмірінің бір айының соныңда І шартты рефлекстер п.б. Есту анализаторы бала өмірінің екі – үш аптасында пайда болады, қатты дыбыс М: жабылған есік бала қимылын тоқтатуға әкеледі,ол үндемейді. Кейінірек 3 – 4 аптада баланың бұл реакциясы адам дауысына п.б. Бала ашық затқа көз тоқтатып қарайды.

Нәрестелік кезең өмірі бала үшін әлсіз және үлкендердің көмегін қажет етеді. Бала өмірге келгеннен кейін анасынан дене жағынан оқшаланғанмен, бірақ оған биологиялық жағынан тәуелді, байланысты. Бала өте қарқынды өседі оның бойы өмірінің І жылында 1,5 есеге өссе, ал салмағы 2 есе артады.

Баланың дене дамуындағы негізгі өзгешеліктер баланың танымдық процессіне әсерін тигізеді. Әсіресе бұл қабылдаудың дамуынан байқалады және қол қимылдарының дамуымен анықталады. Нәрестелік кезеннің алғашқы этаптарында байқалған көру бұл әрі қарай жетіле түседі. Балалар өз қабылдауында көбінесе өз назарларын тек сызықтардан гөрі қисық, ирек сызықтарға аударып тез қабылдайды. Баланың қимылы мен әрекеті өте күрделі және бір – бірімен байланысты. Бұл қимылдармен әрекеттер қабылдаудың тұтастығымен байланысты. Бала қолының қимылдауы бұл затқа бағытталуы. Баланың танымдық дамуы ес механизмдерінің қалыптасуына жол ашады, ол қарапайым ес процессінің түрлерінен тұрады. Нәрестелік кезеңде бала жаңа әсерлерді бейнелермен салыстырады, егер балаларға жаңа қуыршақты көрсетсеңіз, ол біраз уақыт оған қарайды. Келесі күні бала қуыршақты таниды. Өмірінің І жылының сонында бала үлкендердің сөзінің 10 – 20 сөзін түсінеді және оны өз сөзінде бірнеше рет қайталайды үлкендердің сөздерінің арасында өз сөзінің ішіндегі мағынасы жағынан және айтылуы жағынан ұқсас сөздерді бала бірнешерет қайталайды. Алғашқы сөздердің пайда болуына байланысты баланың психикалық дамуында жаңа этап басталады.

Нәрестелік кезеңнен сәбилік кезеңге өту арасындағы өтпелі кезеңді әдетте бір жастағылардың дағдарыстары деп атайды.

Барлық дағдарыстардың түрі сияқты бұл дербестікпен және аффектілі реакциялардың көрінуімен байланысты. Балада аффектінің көрініс беруі үлкендердің баланы түсінбеуінен оның сөзіне жауап қайтарылмауынан, ым – ишараны түсінбеуінен және оның тілегін орындамауына байланысты баланың жүруіне немесе үйдің ішінде белсенді еңбектеуіне байланысты оның заттармен әрекет жасау шеңбері ұлғаяды. Өтпелі кезеңнің маңызды жаңалығы , баланың өзіндік сөйлеуі, мұны Л.С Выготский автономдық деп атайды. Атономды сөйлеудің бір ерекшелігі оның сөздерінің арасындағы байланыстың әр түрлілігі. Сөйлемнің сөздері бір – бірімен байланыссыз және олар бір – біріне үстеу түрінде ауысады. Балалардың автономды сөйлеуі фонетикалық және семантикалық жағынан үлкендердің сөйлеуінен айырмашылығы болғанымен, бірақта баланың қасында үнемі болатын үлкендер үшін бұл сөздердің мағынасы өте маңызды.



Жас кезеннің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады деген оймен жас өспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр келкі болып өтеді. Жас өспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғни индивидтік-психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.
Дене күшінің дамуы. Балаң жастық – адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу плюс-минус 13 ай), жігіттерде 17 мен 18-дің арасы. Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе алып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір түрлерінде балаң жастық – ең көп жетістіктерге жететін кезең. Адамның психологиялық дамуында екі негізгі факторлардың ролі маңызды орын алады.Биологиялық фактор – табиғи тұқымқуалаушылық.Әлеуметтік фактор - өмір шарты, орта. Осы факторларлардың өзара қарым – қатынасы биогенетикалық және социогенетикалық теорияларының өкілдерімен әр – алуан қарастырылады.Сонымен әр жас кезеніне тән және сол жас кезенге тән психикалық даму динамикасымен шарттасады және жаңа сапалық өзіндік психологиялық жаңалық соңында байланысады.
жүктеу 19,31 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау