- «Жас конструктор»
- үйірмесі
- Жалпы қауіпсіздік талаптары:
- 1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал - жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады. 2. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды 3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды. 4. Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды 5. Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК - де жұмыс істеуге тыйым салынады 6. Үстелге, ДК - дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс 7. Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды 8. Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
- 9. Жұмыс орнындағы приборларды, материалдарды, құралдарды мұғалімнің нұсқауы бойынша орналастырыңдар.
- 10. Жұмыс орнына қажетсіз заттарды қоймаңдар. 11. Жұмысқа кірісер алдында мақсаты мен нұсқауларын мұқият оқыңдар. 12. Электр тізбегін құрастыру, жалғау, монтаждау және электр приборларды ремонттау ток көзі ажыратылған кезде жасалуы керек. 13. Ток көзіндегі және тізбек бөлігіндегі кернеудің бар екенін прибормен тексеріңдер. 14. Бақылау және өлшеуді орындағанда, ашық сымға жоламаңдар. 15. Шыныдан жасалған приборлармен жұмыс істегенде, сақ болған жөн. 16. Жұмыс соңында алдымен ток көзін үзу керек, содан тізбекті жинау керек.
- I – бөлім: «Физикалық жұмбақтар».
- Физика пәніне қатысты ортақ жұмбақтар екі топқа бірдей беріледі.
- Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай.
- II – бөлім: Айналамыз физика (өмірмен байланысты сұрақтар)
- Әр дұрыс жауап 3 ұпай.
- 1.Сұрақ: Шөпті басып, жапырып кетіп едіңдер, ол қайта көтеріліп кетіпті, неге? Жауап: Серпімділік құбылысы 2.Сұрақ: Судан шыққанда жануарлар сілкінеді. Олардың судан сілкініп құрғатылуы физиканың қандай заңына негізделген Жауабы: Инерция заңы 3.Сұрақ: Неге судан шыққан балықты қолда ұстау қиын? Жауап: Өйткені балықтың денесі үйкелісті азайтатын сілекейлі қабықшамен қапталған. Сыртқы шырыш қабығы үйкелісті азайтады да, балықты қолға ұстап тұру қиын болады 4. Cұрақ: Басқан жерде із қалар Айтқан жерде сөз қаларЖауап: Қысым заңдылығы 5.Сұрақ: Оқу шеберханасында саймандарды қайрау кезінде қандай физикалық құбылыс пен заңдылық қолданылады? Жауап: Қысым және қатты денелер арасындағы үйкеліс 6.Сұрақ: Адамның шашын, қасын мұртын қырау шалатыны неліктен? Жауап: Тыныс алғанда шыққан бу суық нәрсемен кездескенде конденсаяцияланады. 7.Сұрақ: Сорпа ыстық екен, ағаш қасықтарының бар ма, ауыз күймегенге сол жақсы, неге? Жауап: Ағаш жылуды нашар өткізеді. 8.Сұрақ: Балалар, міне орманды аралап келесіңдер, айнала жайқалған гүлдер, гүлден –гүлге қонған көбелек, ызылдаған ара, масалар ұшып жүр. Гүлдердің жұпар иісі аңқып тұр.Бұл не құбылыс? Жауап: Диффузия. 9.Сұрақ: Саусақ бірікпей, ине бірікпейді Жауап: Үйкеліс құбылысы 10.Сұрақ: Терлеп, ыстықтап кетіп едім, суу үшін қолымды бетімен желпіп едім, суынып қалдым ғой, неге? Жауап: Бетімізді желпігенде ауаның қозғалысы терді кептіру процесін жылдамдатады да кебу үшін энергия бет терісінен алынатындықтан, беттің ішкі энергиясы азайып суынады. 11.Сұрақ Төбесіне жүк қойып көтеріп келе жатқан адамның пішіні сымбатты болып көрінеді. Неліктен? Жауап: Ауырлық центріне сәйкес тепе-теңдік сақталады 12. Сұрақ. Суда бағдарын жоғалтқан жүзгіш төмен мен жоғарыны қалай ажыратады?
- Жауап: ауа көпіршіктерінің қозғалысын байқау арқылы.
- ІV - бөлім: «Иә» немесе «жоқ»
- Әр дұрыс жауап 2 ұпай.
- 1. Аттас зарядтар бір - бірімен тартылады ма? (жоқ) 2. Заттар үш күйде болады ма? (иә) 3. Желді күні асфальт беті тез кебеді ме? (иә) 4. Жолдың өлшем бірлігі секунд па? (жоқ) 5. Ом заңын ашқан ғалым Ампер ме? (жоқ) 6. Жылдамдық бірлігі м/с (иә) 7. Температураны өлшейтін құрал динамометр ме? (жоқ) 8. Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия. (иә) 9. Уақытты сағатпен өлшейді ме? (иә) 10. Газға немесе сұйыққа түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Паскаль заңы ма? (иә) 1. Молекулалар заттың ұсақ бөлшегі ме? (иә) 2. Судың тығыздығы 1000кг/м3 - қа тең.(иә) 3. Қуаттың өлшем бірлігі вольт па? (жоқ) 4. Барометр атмосфералық қысымды өлшейді ме? (иә) 5. Өзінің пішіні мен көлемін сақтау қатты денеге тән қасиет.(иә) 6. Дененің жерге тартылуы үйкеліс күші ме? (жоқ) 7. Мензуркамен сұйық көлемі өлшенеді ме? (иә) 8. Сұйықтың қатты күйге айналуы кристалдану ма? (иә) 9. P=pgһ қысымның формуласы ма? (иә) 10. Жұмыстың өлшем бірлігі Ватт.(жоқ)
- III - бөлім: «Кім көп формула біледі?»
- Екі топтың топ басшылары формула жазады. 2 минут уақыт беріледі.
- Көп формула жазған топқа 5ұпай беріледі.
- V– бөлім: Қызықты тәжірибелер
- Ең қызықты тәжірбиеге 5 ұпай.
- VІ– бөлім: Қорытынды бөлім
- / физикалық термин сөздермен мадақтау/
Достарыңызбен бөлісу: |