ЖОБА
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу мен пайдалану кезінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары» № 1593 қаулысына өзгерістерді енгізу туралы
201_ жылы «__» _________ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қарсы барлау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу мен пайдалану кезінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары» № 1593 Қаулысына келесі өзгерістерді енгізу:
қағидалар тақырыбы келесі редакциясында жазылсын:
«Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізу үшін функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтар мен техникалық құралдарды енгізу мен пайдалану кезінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары»;
1-тармақ келесі редакциясында жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізу үшін функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтар мен техникалық құралдарды енгізу мен пайдалану кезінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту»;
Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізу үшін функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтар мен техникалық құралдарды енгізу мен пайдалану кезінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын жаңа редакциясында осы қаулысының қосымшасына сәйкес жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
201__ жылы «__» _______
№ ____ қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылы 23 желтоқсандағы
№ 1593 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізу үшін функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтар мен техникалық құралдарды енгізу мен пайдалану кезінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары
2. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу үшін функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтар мен техникалық құралдарды енгізу мен пайдалану кезінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын (бұдан әрі – ЖІІ, ҚБІ) техникалық жүргізу үшін функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтар мен техникалық құралдарды енгізу және пайдалану кезінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын органдардың және ұйымдардың өзара іс-қимыл жасауының бірыңғай тәртібін айқындайды.
2. «Қауіпсіздіктің жалпы талаптары, жедел іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде телекоммуникациялық жабдыққа қойылатын функционалдық және техникалық талаптар» техникалық регламентіне сәйкес ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтарда ЖІ, ҚБІ жүргізу қамтамасыз етіледі.
3. ЖІ, ҚБІ ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы тараптардың мүдделерін өзара сақтау, байланыс құпияны қамтамасыз ету және заңдалық қағидаларына негізделеді.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) ЖІІ функциялары бар телекоммуникация жабдығының иелері (бұдан әрі - жабдықтар иелері) - ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізу үшін функциялары бар жабдықтарында орнатылған байланыс және (немесе) телекоммуникация желілерінің операторлары;
2) сәйкестікті растау жөніндегі органдар (бұдан әрі - СРО) - сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлғалар.
5. Байланыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасының орындалуын, оның ішінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу мақсатында байланыс құралдары мен желілеріне қойылатын талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары (бұдан әрі - ұлттық қауіпсіздік органдары):
1) ЖІ, ҚБІ техникалық өткізу жөніндегі телекоммуникациялық жабдықтардың функцияларын қолданып жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүзеге асырады;
2) ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізу үшін функциясы бар телекоммуникациялық жабдықтарды жұмыс орнынан басқаруды, оның ішінде, жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүргізетін мемлекеттік органдардың мүдделері үшін абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа (бұдан әрі - АҚА) қол жетімділікті қамтамасыз етеді, осы мақсаттардағы ұйымдық және техникалық мәселелерді шешеді;
3) техникалық ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізу үшін телекоммуникациялық жабдықтың қызметін бақылайды және санкцияланбаған қол жетімділікті шектеу жөніндегі талаптарды орындайды;
4) ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізу үшін функциялы телекоммуникациялық жабдықты сертификаттауды жүргізуді қадағалауды жүзеге асырады;
5) ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізу үшін функциясы бар телекоммуникациялық жабдықтарының иелерін байланыс туралы заңнаманы орындауын тексеруді байланыс саласындағы уәкілетті органға жүгіну арқылы бастамашылық етеді;
6) СРО техникалық реттеу саласындағы заңнаманы орындауын тексеруді техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға жүгіну арқылы бастамашылық етеді.
7. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ЖІ, ҚБІ өткізу саласында аккредиттелген СРО ақпараттарды уәкілетті орган мен байланыс операторларына ұсынады.
8. Жабдықтар иелері қамтамасыз етеді:
1) ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізу саласында техникалық регламенттер және ұлттық стандарттар талаптардың орындауын;
2) ЖІ, ҚБІ ұйымдастыру және техникалық өткізу бойынша белгіленген нормативтік талаптардың орындауын;
3) ЖІ, ҚБІ техникалық өткізу үшін телекоммуникация желілерінің қажетті аппараттық (коммутациялық), бағдарламалық, каналдық және техникалық ресурстарын;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа ұлттық қауіпсіздік органдарының қол жеткізуін;
5) байланыстың техникалық арналарына ұлттық қауіпсіздік органдарын қосуды, қажет болған жағдайда арналардың қайта жасақталуын;
6) техникалық және ұйымдық шаралармен телекоммуникация желісінің барлық абоненттерін жеке тіркеуді және сәйкестендіруді;
7) ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізу үшін функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтарды пайдалануды, әзірлеуді және пайдалану ережелерін сақтауды;
8) байланыс объектілерінде орналасқан ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізу үшін функциясы бар телекоммуникациялық жабдықтарды сақтауды, электрмен қамтамасыз етуді, жерге тұйықтауды, климаттық жағдайларды қоса отырып, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларды жасауды;
9) рұқсат берілмеген қол жетімділікке шектеулер және мәліметтердің бүтіндігі жөніндегі шаралардың сақталуымен ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізу үшін қызметі бар телекоммуникациялық жабдықтарды пайдалануды қамтамасыз етеді;
10) ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізу үшін функциясы бар телекоммуникациялық жабдықтарының үздіксіз жұмыс істеуін;
11) ЖІ, ҚБІ техникалық өткізу функциясы бар телекоммуникациялық жабдықтарына қызметтік ақпараттың, соның ішінде телекоммуникациялық желілері өзгерген кезінде (жабдықтар мен абоненттік нөмірлерін қосу, өзгерту, жою) ақпараттың уақытылы түсуін қамтамасыз етеді;
12) ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесі хабарласқан кезінде ЖІ, ҚБІ техникалық өткізу функциясы бар телекоммуникациялық жабдықтарында пайда болған жарамсыздықты жоюды қамтамасыз етеді.
9. Жабдықтар иелері ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізу үшін ұлттық қауіпсіздік органдарының техникалық құралдарын қосу үшін телекоммуникация желілерінде қамтамасыз етеді:
1) байланыс арналары мен бағыттарына қосу үшін техникалық шарттарды;
2) байланыс арналары мен бағыттарды күйге келтіру (қайта қосу);
3) қосылатын жабдықты пайдалану үшін шарттары, соның ішінде кепілді және үздіксіз электр қуат көзі, тұйықтау, климат шарттары;
4) телекоммуникация желілер объектілерінде орналасқан, қосылған техникалық құралдарын сақтау және оған рұқсат берілмеген қол жетімділікке шектеу.
10. СРО келесі міндеттерді орындайды:
1) телекоммуникация желілерінде ЖІ, ҚБІ функциясы бар техникалық жүргізу үшін телекоммуникациялық жабдығына сәйкестікті міндетті түрде нақтылау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
2) ЖІ, ҚБІ өткізуге арналған техникалық мүмкіндіктері бар тестілік өлшеу аспаптарын сатып алу, пайдалану және сақтау тәртібін ұлттық қауіпсіздік органдарымен келіседі;
3) ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесінің талап ету бойынша ЖІ, ҚБІ функциясы бар телекоммуникациялық жабдықтарға берілген сертификаттар туралы ақпаратты ұсынады;
4) ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізу үшін функциясы бар телекоммуникациялық жабдығына сынақтарды өткізеді.
2. ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізу үшін функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтарды енгізу және пайдалану кезінде мемлекеттік органдар және ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
11. Ұлттық қауіпсіздік органдарынан өзара іс-қимылды ұлттық қауіпсіздік органдарының бірінші басшысымен анықталатын уәкілетті бөлімшелері жүзеге асырады.
12. ЖІ, ҚБІ жүргізу үшін функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтар мен техникалық құралдарды енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау мақсатында жабдықтың иесі және ұлттық қауіпсіздік органдары арасында байланыс объектілерінде өзара іс-қимыл туралы екіжақты келісім жасалады.
Келісім жабдық иесінің басшысымен және ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесімен қол қойылады.
13. Келісімдерде келесі мәселелер белгіленеді:
1) құпиялылық;
2) қажетті ақпаратты беру;
3) бөлмелерді, байланыс арналарды және бағыттарды беру;
4) жабдықтарды орналастыру үшін орындар және кабельдерді салу үшін жолдар бөлу;
5) АҚА-ға қол жетімділікті жүзеге асыру тәртібі:
6) ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті өкілдері үшін байланыс объектілеріне қол жетімділік;
7) ЖІ, ҚБІ техникалық өткізу бөлігінде телекоммуникациялық жабдықтарды пайдалану кезіндегі өзара іс-қимылды регламенттеу;
8) ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізу үшін функциясы бар телекоммуникациялық жабдықтарды пайдалану және сақтау жағдайларын қамтамасыз ету, оған техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру.
14. ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізу үшін функциясы бар телекоммуникациялық жабдықтың таңдауы Қазақстан Республикасы аумағында осы жабдығына техникалық қолдауды қамтамасыз ету мүмкіншілігі бар ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізу саласында техникалық регламент және ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес оның өндірушісінде немесе жеткізушіде сертификаттың бар болуын ескере отырып жабдықтар иелерімен жүзеге асырылады.
15. Жабдықтың иелері ұлттық қауіпсіздік органдарының талаптары бойынша ұсынады:
1) электр жабдықтау, тұйықтау және қажетті климат шарттарды қамтамасыз етуімен жабдықты орналастыру үшін байланыс объектілерінде қызметтік бөлмелерді және (немесе) алаңдарды;
2) кабельдік коммуникацияларды салу үшін жолды, байланыс арналары мен бағыттарын;
3) жоспарланған пайдалануға енгізу қызметтеріне тестілік қосуды және байланыс желісінде әрбір коммутациялық жабдығында қолданыстағы барлық байланыс қызметтерімен үштен кем емес тестілік сәйкестендіргішті (абоненттік нөмір, логин).
16. Жаңа байланыс құралдарды (қызметтер) пайдалануға енгізу, жетілдіру немесе байланыс құралдарды (қызметтер) пайдаланудан шығару, қолданыстағы байланыс сұлбаларын өзгертуі байланыс операторымен әзірленген ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісімі бойынша байланыс операторының телекоммуникациялық желісінде ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізу үшін функциясы бар телекоммуникациялық жабдықтарды енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі (бұдан әрі - Жоспар).
Жоспар ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жасалады және екі данада құрылып, бірінші данасын байланыс операторы ұлттық қауіпсіздік органдарына ұсынады, екінші данасы байланыс операторында сақталады.
17. Жоспар келесі іс-шараларды көздейді:
1) байланыс операторларының телекоммуникация желісінде ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізуін қамтамасыз ету;
2) абоненттер (клиенттер) және оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы деректер базасын құрайтын ақпараттарды уақтылы жаңарту;
3) байланыс операторының абоненттері туралы деректер базасына қол жеткізу тәртібі;
4) коммутациялық жабдықтарға ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізу үшін функциясы бар телекоммуникациялық жабдықтарды сатып алу және орнатудың жаңа жобаларын іске асыру;
5) ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізу үшін функцияларымен жаңа жабдықтарын тұрақты пайдалануға енгізу, тәжірибе ретіндегі пайдалануды жүргізу, ұлттық қауіпсіздік органдары анықтаған кемшіліктерді жою;
6) қолданыстағы коммутациялық, желілік, көліктік жабдығын жетілдіру;
7) жабдықтарға техникалық қызмет кезеңдігін, қолда бар телекоммуникация желісін кеңейту.
18. ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізу үшін функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтарын тұрақты пайдалануға енгізуге дейін ұлттық қауіпсіздік органдарымен оның тәжірибелі пайдалану жүзеге асырылады.
Тәжірибелі пайдалану ұзақтығы жабдықтың ерекшелігіне тәуелді және 90 тәуліктен аспау керек.
Тәжірибелі пайдалану нәтижелері актімен ресімделіп, онда ұзақтылығы, өткізу шарттары мен тәртібі, сынақтардың нәтижелері және тұрақты пайдалануға өнімді пайдалануға алу мақсаттылығы туралы шешімдері көрсетіледі.
Акт ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшелердің басшыларымен және жабдықтың иелерімен қол қойылады. Тәжірибелі пайдаланудың оң нәтижелерінде акт ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізу үшін функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтарын тұрақты пайдалануға енгізу үшін негіздеме болып табылады.
19. Жабдықтардың иелері техникалық құралдарды орнатуға қатысатын тұлғалардың санына шек қою, сондай-ақ ЖІ, ҚБІ жүргізуде ұйымдастыру және техникалық әдістерді ашуға жол бермеу шараларын қабылдайды.
20. ЖІ, ҚБІ техникалық жүргізу үшін функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтар мен техникалық құралдар ұлттық қауіпсіздік органдарының байланыс арналары мен бағыттарына қосылу нүктелері арқылы байланыс операторларымен және (немесе) байланыс желісінің иелерімен қосылады.
Қосылу нүктелерін ұлттық қауіпсіздік органдары анықтайды.
21. Жабдықтардың иелері АҚА деректер базасындағы ақпаратты уақытында жаңартады.
22. Телекоммуникация желілері ауысқан, жаңа жабдықтарды орнатылған, арналар сыйымдылығы кеңейтілген кездерде жабдықтардың иелері ЖІ, ҚБІ жүргізуді ұйымдастыруға қажетті өзгерістерді қамтамасыз етеді.
23. ЖІ, ҚБІ жүргізетін техникалық функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеу жүргізуді жабдықтың иелері жабдықты жеткізіп берушілермен бірлесіп, байланыс операторларымен жасалған шарттар шеңберінде қамтамасыз етеді.
24. Апат болғанда, ЖІ, ҚБІ функциясы бар телекоммуникациялық жабдықтардың жұмыс істеу режимі бұзылған жағдайда жабдықтардың иелері анықталған бұзушылықтарды жою үшін кідіртпей шараларды қабылдайды.
25. ЖІ, ҚБІ функциясы бар телекоммуникациялық жабдықтарда және осы функциямен байланысты басқа жабдықтарда ақаулар табылғанда, апат туындаған кезде жабдықтың иелері комиссиялық тергеу жұмыстарын жүргізеді, оның барысында жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру үшін шараларды қолдайды.
26. ЖІ, ҚБІ функциясы бар телекоммуникациялық жабдықтарды пайдаланудан шығару және оның ақпаратты жинау және сақтау құралдарын кәдеге жарату ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісімі бойынша жабдықтың иелерімен жүзеге асырылады. Сонымен бірге, ақпаратты жинау және сақтау құралдары жабдықтың иелерімен физикалық жою арқылы кәдеге жаратады.
Жабдықтың иелері ақпаратты жинау және сақтау құралдарын кәдеге жарату нәтижелері бойынша жою актісі құрылып, бір данасы ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесіне жолданады.
27. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын органдар:
1) ұлттық қауіпсіздік органдармен телекоммуникациялық желілерінде ЖІ, ҚБІ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі барлық мәселелер бойынша бірлесіп іс-қимыл жасайды;
2) телекоммуникациялық жабдықты пайдалану барысында туындаған ақаулар туралы ұлттық қауіпсіздік органды хабардар етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |