ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
БӘЙДІБЕК АУДАНЫ
Мыңбұлақ жалпы орта мектебі
ТАҚЫРЫБЫ: В және Ф дыбыстары
мен әріптері
Бастауыш сынып-даярлык тобына
ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНЫҢ
ЖЕТЕКШІСІ: Бакирова Айнур
МӘДЕНИЕТ АУЫЛЫ
Тақырыбы: В және Ф дыбыстары мен әріптері
Мақсаты:
а) В, Ф дыбыстары мен әріптерінің таңбасымен таныстыру. Оқушыларға В, Ф әріптерінің жазылуы мен оқылуын меңгерту.
ә) Сауатты жазуға, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету.
б) Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздігін байыту, жалпы ой-өрісін дамыту.
Түрі: Аралас ұйымдастырылған іс-әрекет.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Балаларды түгелдеу.
ә) Оқу-құралдарын түгендеу.
б) Зейіндерін ұйымдастырылған іс-әрекетке аудару.
2. Өткен ұйымдастырылған іс-әрекетті пысықтау.
Тәрбиеші: Балалар, біз өткен ұйымдастырылған іс-әрекетте қандай дыбыспен және әріппен таныстық?
Балалар: Х, Һ дыбысымен және әрпімен таныстық.
Тәрбиеші: Қане, Х, Һ дыбысын қарастырып, сөздер ойлап табайық.
Балалар: хат, Хамит, айдаһар, қаһар.
3. Жаңа ұйымдастырылған іс-әрекетті түсіндіру.
Тәрбиеші: Қане, балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Соны шешіп көрелік.
Тәрбиеші: Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай-салаға қашады.
Ағаш басы бүршік жарып,
Гүл бәйшешек ашады.
Балалар, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Көктемде.
Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мерзімі?
Балалар: Көктем.
Тәрбиеші: Көктем айларын атаңдаршы.
Балалар: Наурыз, сәуір, мамыр.
Тәрбиеші: Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетімізде В,Ф дыбысымен танысамыз. Алдымен дыбыс деген не? Соған тоқталып өтейік. Біз дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз. Дыбыстар екіге бөлінеді: дауысты және дауыссыз. Бүгінгі өтетін дыбысымыз В ұяң дауыссыз дыбыс, Ф қатаң дауыссыз дыбыс. Балалар, осы өтіп жатқан дыбыстармен байланысты жұмбақ жасырамын, сендер шешіңдер.
Тәрбиеші: Бір атым бар,
Құлын болып тумаған,
Құнан болып өспеген.
Балалар: Велосипед.
Тәрбиеші: Бір құлағы сөйлесе,
Бір құлағы тыңдайды.
Білсең айтшы ендеше,
Жұрт не дейді мұндайды?
Балалар: Телефон.
Тәрбиеші: Қане, балалар, мына тақтада В,Ф дыбысының баспа және жазба түрі ілініп тұр. Ендеше біз, алдымен ауада жазып көрейік.
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі өтіп жатқан В,Ф әріптерінің бір-бірінен айтылуында да, жазылуында да айырмашылық бар.
Тәрбиеші: Ал, балалар, кім В,Ф дыбысы мен әрпіне байланысты екі-үш буыннан тұратын сөздер тауып айтады?
Балалар: Ва-гон,
Вок-зал,
Фон-тан,
Фут-бол,
Фо-то.
Тәрбиеші: Балалар, осы айтылған В,Ф дыбысына айтылған сөздерді суреттерге қарап атап өтейік.
Балалар: вагон, вокзал, фонтан, футбол, фото.
Тәрбиеші: Балалар, қазір біз «Жалғасын тап» ойынын ойнайық. В,Ф дыбыстарына байланысты сөздердің алғашқы буынын мен айтамын. Ал сендер жалғасын тауып, сөздерді толықтырасыңдар.
Тәрбиеші: Фут-
Балалар: бол.
Тәрбиеші: Вок-
Балалар: зал.
Тәрбиеші: Теле-
Балалар: фон.
Тәрбиеші: Ва-
Балалар: гон.
Тәрбиеші: Енді, осы сөздерді буынға бөліп айтайық.
Балалар: Фут-бол, теле-фон, вок-зал, ва-гон.
Тақтамен жұмыс.
В, в және Ф, ф дыбысын, әрпін жазып көрсету.
Дәптермен жұмыс.
Тәрбиеші: Қазір дәптерді ашып, үлгіге қарап үзік сызықтарды қосып, В, Ф әріптерінің жазба түрін жазамыз.
Тәрбиеші: Енді, осы дыбыстарға байланысты жұмбақтар шешіп көрейік.
Егіз алма ерігіп,
Шықпақ қазық басына.
Тұрып қалды бірігіп,
Сол қазықтың басына.
Балалар: В.
Тәрбиеші: Иілген ұршық,
Қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп?
Балалар: Ф.
Тәрбиеші: Енді балалар, жаңағы сөздердің кейбіріне дыбыстық талдау жасайық.
1. Вагон – 5 дыбыс, 5 әріп, 2 буын, 2 дауысты дыбыс, 3 дауыссыз дыбыс.
2. Телефон – 7 дыбыс, 5 әріп, 3 буын, 3 дауысты дыбыс, 4 дауыссыз дыбыс.
Қорытынды.
Тәрбиеші: Ал, балалар, біз қандай әріптермен таныстық?
Балалар: В, Ф дыбыстары мен әріптері.
Тәрбиеші: В, Ф дыбыстары қандай дыбыстар қатарына жатады?
Балалар: Дауыссыз дыбыстар.
Ойын: «Орамал тастамақ».
Тәрбиеші: В, Ф дыбыстарына байланысты сөздер ойланып отырыңдар. Бұл ойында әдеттегідей орамал тастаған уақытта сөздер айтуға дайындалып тұрасыңдар. Кім көп сөз сөздер естеріне сақтағанын білетін боламыз.
Белсенділік танытқан балаларды мадақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |