Мысырда (Египетте) жазу материалы ретінде папирус ӛсімдігі пайдаланылған. Папирус
сабағын жіңішкелеп тіліп отырып жасалған таспаларды бір-біріне тығыздап
жабыстырып, керекті кӛлемде текшелер жасаған, сонан соң оларды бірінің үстіне бірі
айқұш-ұйқыш қойылады да, жаншылады. Шыққан беттерді біріне бірін желімдеп бума
(свиток) жасайды. Папирусқа египеттер иероглифпен жазса, гре,ктер мен римдер жеке
дыбыстарды бейнелейтін әріп ойлап тапты. Ертедегі заман қолжазбасының басқа бір
түрін кодекс деп атайды. Арнайы тақтаға балауыз жағылып, үшкір таяқша – стиломен
таңба түсірілген. Жаңағы папирус орамындай емес, кодекс беттері бірінің үстіне бірі
қойылады. Сӛзі кӛбейген папирус жуандаса, кодекс кітап сияқты қалыңдай түседі.
Буманы жазып, қайта орап отырудан гӛрі, кодексті оқу әлдеқайда жеңіл, қолайлы.
Кодексте алғаш рет титул парағы қолданылды. Латын тілінде бұл сӛз тақырып деген
мағынаны білдіреді. Біздің заманымызға дейінгі екінші ғасырда Кіші Азияның Пергем
қаласында жазу-сызуға мал терісін илеп ӛңдеуден жасалған жарғақты пайдалана
бастаған. Бұл материалды пергамент деп атап кеткен. Ежелгі Русс жазу материалы
етіп берестаны – қайың қабығын пайдаланған. Үндістанда апльма жапырақтарына
жазған. Қазіргі жазу-сызу материалы қағаз тұңғыш рет біздің заманымыздың II
ғасырында ӛндіріле бастады. 105 жылы қытай шебері Цай Лунь ӛсімдік талшықтарын
сүзгіде қалдырып, суспензия жасаған. Қағазды сол суспензиядан ӛндіруді ойлап
тапқан. Қытайлар қағаз ӛндіру тәсілін құпияда ұстаған. Еуропада қағаз ӛндірісі он
үшінші ғасырда ғана негізгі жазу материалына айналады.
Қазіргі қазақ алфавиті
Қазақ халқының жазу тарихы кӛне түркі жазуынан басталған деуге болады. Ал
әріптік жазуға дейін сурет жазуы қолданылғанын еліміздегі тау-тастардағы түрлі суреттер
арқылы дәлелдеушілер бар.Түркі жазуында дауысты, дауыссыз дыбыстардың әрпі болған,
кейбір әріптер екі дауыссыз дыбысты белгілеген. Әріптер жуан, жіңішке дыбыстарды
ажыратқан. Әріптер белгілі жүйеде қолданылған.Түркі халықтары кейін араб әліпбиін
қолданып жазған, бұл жазу мұсылман дінінің таралуымен бірге келген. Араб жазуын түркі
халықтары, оның ішінде қазақ халқы ұзақ уақыт қолданған. Алғаш араб әліпбиіндегі
әріптер түгел қолданылған, тек 1926 жылы А. Байтұрсынов оған реформа жасап, ондағы
артық әріптерді шығарып тастап, жазуды кӛп жеңілдеткен. 1926 жылдан бастап 1940
жылға дейін қазақ халқы латын әліпбиінде жазып келіп, кейін кириллицаға (1940 жылдан
бастап) кӛшті.
Рет-ретімен орналасқан әріптердің жиынтығы алфавит деп аталды. Ӛте-мӛте кең
тараған алфавит – латын алфавиті мен орыс алфавиті. Әзербайжан, қазақ , қырғыз ,
қарақалпақ, ӛзбек, түрікмен, татар, т.б. түркі тілінде сӛйлейтін халықтардың алфавиті
20 жылдардың аяғына дейін араб графикасына негізделген алфавит болды. Араб
алфавитінде ұқсас әріптердің кӛп болуы және ондай әріптердің бірінен екіншісі
қосалқы белгілер арқылы ажыратылуы, бір әріптің сӛз басында, ортасында және
соңында келуіне орай түрліше таңбалануы, дауысты дыбыстарды таңбалаудағы
әріптердің жетіспеушілігі т.б. қиындықтар туындады. 1926 жылы Баку қаласында
тюркологиялық бірінші съезд болып, съезд араб алфавитінен латын алфавитіне кӛшуді
жақтап шешім қабылдады. 1928 жылы желтоқсанда Қазақстан Атқару Комитетінің IY
сессиясы латын алфавитіне негізделген жаңа алфавитті қазақтың мемлекеттік алфавиті
деп санау жӛнінде қаулы шығарды. Латын алфавиті араб алфавитіне қарағанда
әлдеқайда прогрестік рӛл атқарды. Бұл алфавиттің құрамында 29 әріп болды. Латын
графикасы негізіндегі алфавит сауатсыздықты қысқа мерзім ішінде жойды. Алайда
латын алфавитіндегі әріптердің жетіспеушілігі мен емледегі қиындықтар орыс
графикасына негізделген алфавитке кӛшу мәселесін тудырды. Қазақ ССР Жоғары
Советінің Y сессиясы 1940 жылы 10 қарашада жаңа алфавит пен емле жобасын бекітті.
Орыс графикасына негізделген жаңа алфавитке орыс алфавитіндегі әріптер түгел
алынды, кириллицада жоқ, бірақ қазақ тілінде бар 9 дауысты, дауыссыз дыбыстар
енгізілді.
Практикалық сабақ №1. Жазуға үйрету пәнінің білімділік, тәрбиелік, дамытушылық
міндеттері.
Сабақта қарастырылатын мәселелер:
1. 1-сынып оқушыларының графикалық және каллиграфиялық жазу дағдысын
қалыптастырудың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері.
2.Жаттығу жұмыстары.
Сұрақтар.1.Сауат ашу кезінде дыбысты әріппен таңбалай білуге үйрету қалай аталады?
2. Сауат ашу кезінде жазуға қандай талаптар қойылады?
3.Жазба жұмыста жазуға қандай ережелерді ескеріп отыруы тиіс?
4.Әдемі жазу оқушыны қалай тәрбиелейді?
5.Оқушылардың кӛркем жазуын қалыптастыруда мұғалім қандай 3 нәрсені басшылыққа
алуы тиіс?
6.Алғашқы аптада оқушы қандай жаттығулар орындалады?
7.Ол жаттығуларды жаздырудың мақсаты неде?
8.Әліппе кезінде әр әріпке неше сағат бӛлінген?
9.1-сабақта оқушы нені жазуға үйретеді?
10. 2-сабақта оқушы нені жазуға үйретеді?
11. Оқушының қандай физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек?
1-тапсырма. №1 жазу дәптеріінің 6-7 беттеріндегі жаттығуларды жаз.
Әдістемелік нұсқау.
Сұрақтараға жауап беру үшін кӛрсетілген әдебиеттерді оқып шық.Сонымен қатар «жас
ерекшелік психологиясын» қарап шығыңыз. 6-7 жастағы балалардың жас ерекшелігінің
қандай болатынын жазыңыз:
6-7 жастағы баланың зейіні
6-7 жастағы баланың тілі
6-7 жастағы баланың ойы
6-7 жастағы баланың қабілеті
Пайдаланылатын әдебиеттер :
1. Жалпы білім беретін мектептің бағдарламасы .А., 1997ж.
2.Желтовская , Соколова .Формирование каллиграфических навыков у младших
школьников .М.,1987 .
3. Меңжанова .Мектепке дейінгі психология.
Екінші модуль .
Дәріс. 1.1. Бірінші сынып оқушыларының жазу дағдысы графикалық-каллиграфиялық
жазу дағдысы екендігі
Балаларды жазуға үйретудің алғашқы сатысының ӛзінде-ақ әр түрлі психикалық
құбылыстар болуы мүмкін. Оқу басында балалардың 60% -ы әр түрлі қиындықтарды
басынан кешіреді, бұл қиындықтардың 90%-ы жазумен байланысты. Жазу – адам
әрекетінің ең күрделі түрі, жазу дегеніміз ауызша сӛз элементтеріне сәйкес
элементтерді қағазға немесе басқа материалға түсіру арқылы жүргізілетін сӛйлеудің
ерекше формасы. Жазу үрдісінде ми қабаты, кӛру, есту сезім мүшелері мен кӛптеген
бұлшық еттері қатысады. Бұл процесс мектепке алғаш келген бала үшін ӛте қиын.
Жазу дағдысы бір мезгілде қалыптасатын ӛте дәл координацияны талап ететін
қозғалыстар болып табылады. Жазуды меңгеру үрдісі күрделі психофизиологиялық
құрылымға ие және есту арқылы талдау, артикуляция, әрбір графикалық элементтің
(әріптің) кӛру-қозғалыс образын қалыптастыруды қажет етеді. Бұл кезде балалар сӛздің
қағаздағы кескіні әріптер- графикалық белгілер туралы ұғымды меңгеріп, әріптердің әр
түрлі жазылу нұсқаларын (баспа, жазу, бас әріптер, кіші әріптер) меңгереді. Балалар
сӛйлеу дыбыстарын қатесіз ажыратып, дұрыс жазып, сәйкес әріптерді тани біледі.
Сонымен қатар бір мезгілде орфографиялық дағдылар да қалыптастырылады, бір
буынның «қалып қоюы» жазу машығының қалыптасу барысын қиындатады. Сондай-ақ
алты жасар баланың қолының бұлшық еттерінің әлі толық жетілмеуі, сүйектерінің әлі