Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 471,11 Kb.
Pdf просмотр
бет13/21
Дата28.01.2020
өлшемі471,11 Kb.
#27547
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

байланыстыратын  кӛлденең  осі  және  кӛздің  негізгі  сызығы  ӛзара,  сондай  –  ақ  партаның 

оқушы  жақ  жиегіне  параллель  болуы  тиіс.  Бұл  талапты  сақтамау  дұрыс  отыру  қалпын, 

келе  –  келе  мүсінді  бұзып,  омыртқа  жотасынның  бір  жағына  қарай  қисаюы  –  сколиозға 

және алыстан кӛрмеушілікке әкеп соғады. 

Кейбір мектеп гигиенашылары қиғаш жазуға қарағанда түзу жазуды неғұрлым деп 

есептейді;  ӛйткені  балаға  түзу  отыру  оңай,  себебі  дәптер  дәл  дененің  алдында  жатады 

және әр жолды жазған сайын жоғары қарай жылжып отырады; жазу үлгісі ммен кӛшіріп 

алатын  материал  дәптерден  жоғарырақ  орналасады:  әріп  штрихтарының  негізгі  сызығы 

кӛздің  негізгі  сызығы  мен  партаның  жиегіне  перпендикуляр  болады;  дәптер  оқушы 

кӛзінен 35 – 40 см қашықтықта жатады. Оның үстіне I – II сынып оқушылары жақсы жазу 

дағдысын әлі меңгермегендіктен, мұндай мүсіннің бұзылуы туады. [10 / 170 – 175 / ] 

Шарикті қаламсап. 

Қазіргі  таңда  жазуға  құралдары  ғылыми  техникалық  прогреске  сай  болу  керек. 

Бүгінде  жазудың  кең  таралған  құралы  шарикті  қаламсап.  Оқушылар  қаламсаппен  жаза 

білу  керек.  Ол  ӛте  қолайлы  және  жеңіл.  Қаламсаппен  жазудың  перомен  жазу  кезіндегі 

орналасуы ӛзгеше болады. Шарикті қаламсап бұрыштан 50 – 55

 0

, перо – 35 – 45 



0

Қаламсапты  үш  саусақпен:  үлкен,  сұқ  саусақ,  бармақпен  ұстаймыз.  Сұқ  саусақ 



бармақпен ортаңғы саусақтын ортасында орналасып, қаламсапты жоғары жағынан ұстап 

тұрады.  Сұқ  саусақ  пен  қаламсап  басының  арақашықтығы  1,5  ,2  см  болу  керек.  Жазу 

барысында  сұқ  саусақпен  сәл  ғана  қысып  ұстау  керек.  Сияның  түсі  кӛк  немесе  кӛкшіл 

болу  керек.  Қызыл  түсті  сияны  мұғалім  ғана  қолданады.  Қызыл  түспен  қатені,  бағаны 

таңбалайды. 

Сабақ  барысында  қаламсапты  ашып,  шашпау  керек.  Әр  түрлі  түсті  сия  тек 

мұғалімде ғана болады. 

Дәптер.  

1 сыныпқа арналған қазіргі дәптерлер екі түзу сызықпен сызылған, кіші әріптің 

биіктігі – 4 мм, бас әріптің биіктігі – 8 мм. 

2 – 3 сыныпқа арналған дәптерлер арақашықтығы 9 мм болатын бір түзу сызықпен 

сызылған. Кіші әріптердің биіктігі – 3 мм, бас әріптің биіктігі – 7 мм. 

Жалпы, кӛркем жазу жаттығулары қазақ тіліне арналған дәптерге жазылуы. Тек 1 

сыныпта арнайы дәптер болады. 1 сыныпқа әріптердің жазу үлгісін мұғалім ӛзі кезіп 

кӛрсетеді.1 – 3 сынып әріптердің жазылу үлгілері әрбір оқушының жазу ерекшеліктеріне 

қарай белгіленеді. 

Жұмыс кӛлемі: 1 сыныпта – 2 жол ( екінші жарты жиындықта ), 2 сыныпта – 3 жол, 

3 сыныпта – 3 – 4жол болуы тиіс. 

Кӛркем жазудан  оқушыларға жеке баға қойылмайды. Алайда әрбір жеке  

оқушының қалай жазғаның елемеу деген сӛз емес. Оқушының әрбір жазба жұмысын 

бағалауы,оның колеграфиялық сапасы мұқият ескеріліп, қазақ тілі бойынша қойылатын 

жалпы ішіне кӛркем жазу бағасы да ескеріледі. 

Жазу жұмысын жақсарту үшін мұғалім оқушы дәптерін жүргізуге қойылатын 

тӛмендегідей біртұтас арнайы талаптарды жүзеге асырады: 

1. Аса ұқыпты, түсінікті етіп жазу. 

2.Дәптердің сыртқы бетіне жазылатын жазулардың біркелкі болуы, оның қандай 

мақсатқа арналғанын кӛрсету (қазақ тіліне арналған дәптер, ана тіліне арналған дәптер 

т.б.), (сынып, мектептің номері мен аты, оқушының фамилиясы мен ӛз атын жазып қою) 

1 – сынып оқушыларына арналған дәптердің сыртына жазылатын жазу үлгісін 

мұғалімнің ӛзі жазаы. 

3. Шетіндегі ашық жолдарды басып жазбау. 

4. 1 – сыныптың қазақ тілі мен математика пәні бойынша бірінші тоқсандағы 

жұмысары. 




1 – сынып екінші жарты жылдықтан бастап, сондай – ақ 1 – 3 сыныптарда жазба 

жұмысының арнаулы мерзімі кӛрсетіледі. Күн аты – араб цифрмен, ай аты жазумен 

беріледі. Цифрлардың соң дефис қойылмайды. 

5. Жаттығу мен есепнӛмерлерін қо, жазба жұмысының қайта орындалғаның ( 

сыныпта, үйде ) кӛрсету. 

6. Азат жолдарды сақтап жазу. 

7.  1 – 3 сыныптарда әрбір жазба жұмысының тексін, жұмыстың датасы мен 

тақырыбы (аты) кӛрсетілген бетте азат жолдан бастап жазу. 

8. Қазақ тілінен орындалатын жұмыстың датасы мен тақырыбы арасына жол 

қалдырмай жазу. Математика  дәптерінде мұндай жағдайларда тек екі тор кӛз тастау 

керек. 

Әр күнде орындалған жұмыстан соң немесе әрбір аяқталған текстен кейін қазақ тілі 



дәптерінде екі жол, математика дәптерінде тӛрт тор кӛз тастап жазу ( бұл – бір жұмыспен 

екінші жұмыстың шекарасын кӛрсету үшін және баға қою үшін керек). 

9. Жазба жұмыстарында жіберілген қателерді тӛмендегідей тәртіппен түзету: қате 

жазылған әріпті не тыныс белгісін кӛлбеу сызықпен сызып тастау керек, қате жазылған 

сӛз бӛлігі мен сӛйлемді жіңішке сызықпен сызу: сызылған таңбалардың орнына керекті 

әріптерді, сӛздерді, сӛйлемдерді жазу; қате жазыл- ғандарды жақшаға алмау. 

10. Барлық түзету сызықтарын ұқыпты етіп қарандашпен, аса қажет жағдайда – 

сызғыш арқылы орындау қажет. Барлық оқушылардың қазақ тілі мен математикаға 

арналған дәптерлері әрбір сабақтан соң тексеріледі. [3. / 112 – 130б/ ] 

Тақта. 

 Сыныптағы  тақта  қара  немесе  күнгірт  жасыл  түске  боялуы  тиіс.  Тақтаның 

қабырғаға жабыстырылып, екі жағы ашылатын болу керек. Міндетті түрде  тақтаның бір 

бӛлігі  дәптердегі  сызықтармен  тепе  –  тең  прапорцияны  сақтай  отырып  сызылуы  тиіс. 

Әсіресе  1  –  2  сыныпта  міндетті  түрде  тақтаның  бір  жағы  жазу  сабағына,  екінші  жағы 

математика сабағына арналып сызылуы керек. Тақтаның ортасына күнделікті күнді жазып 

отырады.  Тақтаның  ортасындағы  жазу  біркелкі  болу  үшін  арнайы  сызықпен  сызылады. 

Мұғалім тақтаға ақ бормен жазады. Бор тақтаны сырып кетпеуі үшін жұмсақ болу керек. 

Кейде  дауысты  немесе  дауыссыз  дыбыстарды  ажырату  үшін  түрлі  –  түсті  борлар 

қолданады.  Мұғалім  тақтаға  жазғанда:  біркелкі,  байланысын  дұрыс  сақтап,  бағытын 

дұрыстап жазу керек. Оқушы мұғалімнің жазуынан әріпті жазу үлгісін кӛруі тиіс. Тазалық 

пен  дұрыс  жазу  барлық  сабақтарда,  сондай  –  ақ  үйге  тапсырма  бергенде  де  сақталуы 

керек. Сабақ ӛту барысында мұғалім оқушыны тақтаға шығарып әріпті жазудағы қолының 

қозғалу бағытын байқап отыру керек. Байқай отырып тақтаға жазумен дәптерге жазудың 

бағыты бірдей емес екенін ескеру қажет. [1. / 28 – 29 б./, 2 /170 – 171 б./ ]  

Айырмашылығы мынада:  

1. Дәптерге жазуда қолдың ұсақ бұлшықеттері жұмыс істейді. Ал, тақтаға жазуды 

қол бұлшықеттерімен қоса иық бұлшықеті де жұмыс істейді. 

2.  дәптерге  жазуда  кӛпнесе  ӛзімізге  қарай  жазамыз  және  әріптің  кӛлбеулігі 

дәптердің  орналасуына  байланыты  жүзеге  асырылады.  Тақтадағы  жазу  оңға  қарай 

жазылады. Бірақ екеуінің нәтижесі бір болуы тиіс.  

Егер  оқушының  дәптердегі  жазуының  тексеру  үшін  мұғалім  әріптің  үлгісіне  кӛз 

бағытымен қараса, тақтадағы жазуды тексеру үшін біраз жер алшақ тұру керек.   

Осы талаптарды орындау негізінде оқушының кӛркем жазу дағдысы қалыптасады. 



Дәріс 1.2. Жазу сауаттылығы мен каллиграфияның байланысы  

        Сауат  ашудың  үшінші  кезеңі – әліппеден  кейінгі  кезең. Әліппеден  кейінгі  кезеңде  

оқыту  міндеттерінің  бірі  –  оқушылардың  сауатты  әрі    кӛркем    жазуын    қалыптастыру, 

сӛздегі  әріптердің ӛзара  жалғастық белгілерін  меңгерте  отырып,  біркелкі  үзбей жазуға  

дағдыландыру, сондай  – ақ  тұтас  сӛздерді, шағын  сӛйлемдерді  кӛшіріп, есту  арқылы  

және  есте  сақтау    арқылы  жазуға    тӛселдіру.  Бұл    кезеңде    жазудыңмынадай    түрлері  

жүргізіледі: кӛшіріп  жазу, ӛздігінен  шығармашылықпен  жазу, кӛркем  жазу. Жазудың  



жүктеу 471,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау