Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту тілі қазақ тілі емес мектептер үшін) Қысқа мерзімді жоспарлар жинағы 8-сынып



жүктеу 7,04 Mb.
Pdf просмотр
бет47/50
Дата17.01.2020
өлшемі7,04 Mb.
#26985
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50

 
 
 
1-тапсырмаСуреттерге қарап, қиял-ғажайып әңгіме, аңыз құрап айт. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
               Мәтінмен жұмыс кезеңі 
 
2-тапсырма. Мәтіндегі түсініксіз сөздердің астын сызып оқы. Сөздердің мағынасын 
сөздіктен қарап көр. 
1-аңыз. 
Темірқазыққа  Құдай  өзінің  аттарын  байлайды.  Темірқазықтың  қасындағы  қос 
жарық  жұлдыз  –  Құдайдың  ақбоз  тұлпарлары  –  Ақбозат  пен  Көкбозат  арқанмен 
Темірқазыққа арқандаулы. Жетіқарақшы түнімен бұл екі атты ұрлаймыз деп торып, аттар 
қозғалмай, қағулы тұрған қазықты айналып, күзетті алдырмай, таң атып кетеді. Шынымен 
байқасаңыз Жетіқарақшы түнімен темірқазықты айналып шығады. 
2-аңыз. 
Ежелден  белгілі  Үшарқар-Таразы  шоқжұлдызы  жөніндегі  бір  аңыз  Маралбай 
есімді  аңшының  тағдырын  суреттейді.  Ол  биік  шың  басындағы  жартаста  тұрған  үш 
арқарға оқ атып барып аяғы сәл тайып кетеді. Алтындалған жалпақ белдігі үшкір тастың 
біріне  оралып  қалады.  Мерген  сол  белдіктен  ұстап  қайта  шығады.  Белдігін  қайта  тағып, 
жоғары қарағанда таудан да биіктей қашып, аспанға шығып кеткен үш арқарды, атылған 
мылтығынан  шыққан  көк  түтінді  көріп  санын  соғады.  Содан  бастап  ол  үш  арқар  түн 
мезгілінде көктен шоқжұлдыз болып көрінетін болыпты. 
3-аңыз. 
Ай  мен  күн.  Өткен  заманда  біреудің  Айсұлу  және  Күнсұлу  деген  екі  қызы 
болыпты.  Екеуі  де  теңдесі  жоқ  сұлу  екен.  Бірінен  бірі  асқан  сұлумын  деп,  бірімен  бірі 
үнемі  ұрысып,  жиі  жиі  жанжалдасып  қалады  екен.  Бір  күні  Күнсұлу  іс  тігіп  отырған 
Айсұлуға тиісіп: - Сенен мен сұлумын! – дейді. Ал Айсұлу болса: - Жоқ, сен сұлу емессің, 
мен  сұлумын!  –  деп  таласады.  Ақыр  аяғында  бұл  талас  үлкен  шатаққа  айналады.  Ыза 
қысып,  әбден  ашуланған  Күнсұлу  өзіне  қарсы  келіп  отырған  Айсұлудың  бетін  тырнап 
алады. Күнсұлу тырнағының дағы Айсұлудың бетіне өшпестей болып тиеді. Міне, содан 
бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал, бейбастықпен қатты 
ұятқа  қалған  Күнсұлу  түн  қараңғылығында  бұғып  жатады  екен.  Содан  бері  Айсұлу  мен 
Күнсұлу біріне-бірі көрінбей, бірінен-бірі жасырынып, аулақтап жүреді екен. 
4-аңыз
Бүркіт шоқжұлдызын да қазақ халқы ерте аңғарған. Бір аңызда аңшы жігіт киелі  
арқарды  атамын  деп  өзі  қапыда  терең  құзға  құлайды.  Сол  замат  томағасы  сыпырылған 
Бүркіт ұшып шығып, қос қанатын жігіттің астына тосады, шама-шарқы келгенше демеп, 
құз  түбіне  жете  бере  тайқып  ұшып,  қайта  көкке  көтеріліп  кетеді.  Жігіт  тасқа  соғылмай, 
қатты құламай аман қалады. Бүркіт жігітті елдегілер қашан тауып, шыңыраудан шығарып 
алғанша  қоян,  құс  әкеліп  тастап  тұрады.  Кейіннен  ол  Бүркіт  әлдекімдердің  оғына 
ұшырайды.  Жігіт  қатты  қайғырады,  жоқ  Бүркітін  көктен  іздейді.  Дәл  соған  ұқсаған 
шоқжұлдызға Бүркіт атын береді. 
О 


 
 
 
Мәтін бойынша тірек сөздерді анықтап, тақырып қой. 
 
 
Тірек сөздер 
Тақырып 
1-мәтін 
 
 
2-мәтін 
 
 
3-мәтін 
 
 
4-мәтін 
 
 
 
3-тапсырма. Аңыздардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыр.  
Тақырыбы: 
 
Мазмұны: 
 
Кейіпкерлері: 
 
 
            
Мәтіннен кейінгі кезең
 
 
4-тапсырма. Аңыздың бірін таңдап, оқиға желісін өз сөзіңізбен өзгертіп, ұсынылған 
кестеге жаз.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
13-БӨЛІМ: ҚАЗАҚСТАН-БАЙҚОҢЫР-ҒАРЫШ 
 
13.1. Сабақтың тақырыбы:  Нұртөре Жүсіп «Қыран қазақ» (үзінді) 
 
Оқу мақсаттары 
8.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде 
деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру. 
Сабақ мақсаттары 
Тыңдалым мазмұнын түсінеді; 
сұрақтарға тыңдалымнан деректер келтіре дәлелді жауап 
береді.  
Құндылықтарды 
дарыту 
Өмір бойы оқу
 
Бастапқы білім 
Аспан денелері туралы халық аңызы 
Тірек сөздер 
Тұңғыш ғарышкер, ғарышқа ұшу, батыр.
 
 
Сабақтың жүргізілу барысы 
Бағалау критерийі 
Дескриптор 
 
Аңыздарды түсініп оқиды 
Аңыздардың ұқсастығы мен 
айырмашылықтарына баға береді. 
Мәтіннен тірек сөздерді тауып жазады, 
тақырып қояды; 
аңыздардың кейіпкерін, мазмұнын
тақырыбын салыстырады. 
Ж 


 
 
 
                  
Мәтіналды жаттығулар 
 
1-тапсырма. «Қайсысы қате?» Тоқтар Әубәкіровтің өміріне қатысты деректердің біреуі 
қате. Ғарышкерге қатысы жоқ тұжырымды тауып көр.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Біріншісі қате болуы мүмкін, себебі... 
 
Екіншісі қате болуы мүмкін, себебі... 
 
Үшіншісі қате болуы мүмкін, себебі... 
 
Төртіншісі қате болуы мүмкін, себебі... 
 
2-тапсырма. Мағыналас сөздерді сәйкестендір.  
 
Бас тарту  
Сыртынан шешім қабылдау 
Тон пішу 
Келісім бермеу 
Тағдырына қол сұғу 
Ашулану 
Бауырына тарту 
Өміріне араласу 
Күйіп-пісу 
Жақын тарту 
 
                  
Мәтінмен жұмыс кезеңі 
 
3-тапсырма. Тыңдалым мазмұны бойынша сұрақтарға мәтіннен дәлелдер келтіріп жауап 
бер. 
1.  Тоқтар Әубәкіров не нәрсеге ашуланды? 
2.  Ғарышкер Елбасымен кездесуде  қандай мәлімдеме жасады? 
3.  Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшу туралы шешіміне қандай сөздер әсер етті? 
4.  Талғат Сүйінбайдың кітабындағы  Елбасы мен Тоқтар Әубәкіров арасындағы 
әңгіменің түйінін өз сөзіңізбен жазыңыз. 
5.  Тоқтардың ғарышқа ұшуы қай кезеңге тұспа-тұс келді? 
 
4-тапсырма. Тыңдалым мәтіні негізінде Тоқтар Әубәкіровтің мінез сипатын бағалап, 
пікір білдір. Пікіріңізге мәтіннен дәлелдер келтір. Айтылым барысында жаңа сөздерді 
орынды қолдан. 
 
БАТЫРЛЫҚ                         жоғары________________________________төмен 
ҚАЙСАРЛЫҚ                      жоғары________________________________төмен 
ОТАНСҮЙГІШТІК              жоғары________________________________төмен 
ТӘУЕКЕЛШІЛ                    жоғары________________________________төмен 
КҮЙГЕЛЕКТІК                    жоғары________________________________төмен 
ӨЗІМШІЛДІК                      жоғары________________________________төмен
 
Т 
 
1991 жылы сәуірдің 2-сінде Кеңес Одағы 
Ғарышкерлер даярлау орталығында 
ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол 
жылы қазанның 2-сінде Байқоңырдан 
«СоюзТМ-13» кемесімен ұшқан. 
 
Президент Тоқтарға ғарышқа ұшу туралы 
қолқа салды. 
 
Оның туған жері Қарағанды облысы, бірақ 
ол барлық Қазақстанды Отаным деп 
санайды. 
 
Ең алғаш ғарышқа ұшуға дайындық кезінде 
денсаулығына байланысты іріктеуден өтпей 
қалды. 
 
 
 
 
Т 


жүктеу 7,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау